Сапалы эссе жазу ұсыныстары



бет3/9
Дата19.10.2022
өлшемі39,2 Kb.
#153794
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
эссеге керек
қорытынды атт 11.03.21, қорытынды атт 11.03.21, ооп лекция
Тезиске қатысты пікір:

Ерлік жасау – жағдайға сай жүзеге асырылатын адамгершілік қадам. Орын алған оқиғаға, берік шешім мен әрекетті талап ететін тарихи сәттерге енжарлық танытпауға, елеусіз қалдырмауға ықпал етіп, адамның белсенділігін арттыратын ішкі күштердің болатыны анық.

1-аргумент

Жоғарыда ерлік жасаудың қайнар көзін санамалап, ерекше қимыл жасауға әсер ететін ішкі қабілеттерді атап көрсеттім. Ойымды нақтылау мақсатында психология оқулығынан үзінді ұсынамын: «Қабілет – белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуі, яғни адам қасиеттерінің синтезі». Демек, әр адамның бойында қалыптасып, толыса беретін қабілеттер жиынтығы болады және белгілі бір сәттерде өзіндік шешім, әрекетін паш етуіне бастау болады.

Абзацты қорытындылайтын сөйлем:

Міне, сол уақытта, оқиғаның шарықтау шегінде кез келген адам қоғамды елең еткізген, тарихта тіркелген немесе елдің есінде қалатын ерлікті жасай алады.

2- абзац

Тезиске қатысты пікір:

«Ерлік жасау кез келген адамға тән және барлық адамдар ерлік жасай алады» деген пікірге күмән тууы заңды, адамдардың барлығы біркелкі ойламайды ғой.

2-аргумент

«Уикипедия» энциклопедиясында:«Ерлік – бірнеше мағыналы сөз, адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды» дей келе, көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінетін, азаматтық қасиеттердің негізгі көрсеткіші екеніне тоқталады. Осы тұста қарсы пікірлер туындайды: кез келген адам қоғам мүддесін жеке мақсатынан жоғары қоя бермейді; екінің бірі шешім қабылдай алмайды т.б. Қарсы пікірді қабылдау маңызды: біріншіден, сынды батыл қабылдау – ерлік, ал екіншіден, дұрыс пен бұрысты талдап, салыстыру – берік шешім негізі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет