КЛОВИКС 75 препаратын тамақтануға байланыссыз тәулігіне бір рет 75 мг-ден қабылдаған жөн.
КЛОВИКС300 таблеткалары жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы бар науқастарда жүктеме доза ретінде қолдануға арналған.
Халықаралық ұсынымдарда жедел коронарлық синдром туындаған кезде АСҚ 75–325 мг және клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын шұғыл қабылдау қажеттілігі атап көрсетіледі.
Жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромымен зардап шегуші науқастарда:
- ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфаркты): емдеу бір реттік 300 мг жүктеме дозадан басталуы, содан соң тәулігіне бір рет 75 мг дозамен (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75 – 325 мг дозада) жалғасуы тиіс. Ацетилсалицил қышқылының анағұрлым жоғары дозасы қан кетудің жоғары қаупімен ұласуы мүмкін болғандықтан, ацетилсалицил қышқылының 100 мг дозасын жоғарылату ұсынылмайды. Емдеудің ұтымды ұзақтығы шартты түрде белгіленбеген. Клиникалық зеттеулердің деректері сызбаны 12 айға дейін қолдануын растайды, ал ең жоғары пайдасы 3 айдан кейін байқалады.
- ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфаркті: КЛОВИКС препаратын 75 мг тең бір реттік тәуліктік дозада ацетилсалицил қышқылымен және басқа да тромболитиктермен біріктірілімде немесе оларсыз 300 мг жүктемелік дозадан бастап қолданған жөн. 75 жастан асқан науқастарда КЛОВИКС препаратымен емдеуді жүктемелік дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдары біліне бастағаннан-ақ мүмкіндігінше еретерек бастаған дұрыс және кем дегенде төрт апта бойы жалғастыру керек.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- гематома
- мұрыннан қан кету
- асқазан-ішектен қан кету, іш өту, іштің ауыруы, диспепсия
- соғылулар
- пункция орынында қан кету
Кейде
- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия
- бассүйекішілік қан кету (өлімге апарып соққан бірнеше жағдай туралы хабарланған), бас ауыруы, парестезия, бас айналу
- көзге қан құйылуы (конъюнктивальді, окулярлық, ретинальді)
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, іш қату, метеоризм