Бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың, вальпрой қышқылының, барбитураттық препараттардың уыттылығын, оларды ақуыздармен байланыстан ығыстырып шығару есебінен есірткілік анальетиктердің, диабетке қарсы ішке қабылдайтын препараттардың, сульфаниламидтік дәрілердің (оның ішінде ко-тримоксазолдың) трийодтирониннің, дигоксиннің әсерін күшейтеді.
Тікелей емес антикоагулянттармен, тромбоциттер агрегациясын тежегіштермен, тромболитикалық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда қан кетулердің қаупін жоғарылатады.
Бүйректе простагландиндердің түзілуін тежеу есебінен АӨФ тежегіштері тобындағы гипотензиялық дәрілердің, ілмектік және калий сақтағыш диуретиктердің әсерлерін әлсіретеді.
Глюкокортикостероидтар ацетилсалицил қышқылының асқазан шырышына уытты әсерін күшейтеді, ацетисалицил қышқылының клиренсін арттырады және оның қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді.
Литий тұздарымен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы литий иондарының концентрациясын арттырады.
Нефрон өзекшелерінде несеп қышқылының бәсекелес шығарылуына байланысты урикозуриялық дәрілердің әсерін әлсіретеді.
Алкогольдің асқазан-ішек жолдары шырышты қабығына уытты әсерін күшейтеді.