Саудалық атауы


Дәрілермен өзара әрекеттесуі



бет2/10
Дата08.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#190484
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
динара
кризы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • Дәрілермен өзара әрекеттесуі
  • Гепариннің әсерін кейбір антибиотиктер (ішек микрофлорасымен К витаминінің түзілуін төмендетеді), ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және тромбоциттер агрегациясын төмендететін (гепаринмен емдеу аясында науқастардағы гемостаздың негізгі механизмі болып қалатын) басқа дәрілік заттар, тікелей емес антикоагулянттар, өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар күшейтеді. Гистаминге қарсы дәрілік заттар, фенотиазиндер, жүрек гликозидтері, никотин қышқылы, этакрин қышқылы, тетрациклиндер, қастауыш алкалоидтары, никотин, нитроглицерин (көктамыр ішіне енгізу), тироксин, адренокортикотропты гормон, сілтілік амин қышқылдары және полипептидтер, протамин - бәсеңдетеді. Басқа дәрілік заттармен бір еккіште араластыруға болмайды.

Артық дозалануы

  • Артық дозалануы
  • Симптомдары: қан кету белгілері.
  • Емі: гепаринмен артық дозалану туғызған аз қан кетулерде оны қолдануды тоқтату жеткілікті.
  • Аумақты қан кетулерде гепариннің артық мөлшерін протамин сульфатымен (100 ХБ гепаринге 1 мг протамин сульфаты) бейтараптандырады. Гепариннің жылдам шығарылатынын ескерген жөн, егер де протамин сульфаты гепариннің алдыңғы дозасынан кейін 30 минуттан соң тағайындалса, қажетті дозаның жартысын ғана енгізу керек; протамин сульфатының ең жоғарғы дозасы 50 мг құрайды.
  • Гемодиализ тиімсіз.

Саудалық атауы

  • Саудалық атауы
  • Ацетилсалицил қышқылы
  • Халықаралық патенттелмеген атауы
  • Ацетилсалицил қышқылы
  • Дәрілік түрі
  • 500 мг таблеткалар
  • Құрамы
  • Бір таблетканың құрамында
  • белсенді зат: ацетилсалицил қышқылы 500 мг,
  • қосымша заттар: картоп крахмалы, тағамдық лимон қышқылы, тальк, стеарин қышқылы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы.
  • Сипаттамасы
  • Өзіне тән иісі, сызығы, ойығы бар жалпақ цилиндр пішінді, аздап мәрмәрлі ақ түсті таблеткалар.
  • Фармакотерапиялық тобы
  • Анальгетиктер. Басқа да анальгетик-антипиретиктер. Салицил қышқылы мен оның туындылары. Ацетилсалицил қышқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет