- дәрілік препараттың әсер етуші затына немесе компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- жедел патологиялық қан кету, соның ішінде, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы, өңештің ойық жарасы кезіндегі қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде клиникалық нәтижелер жүргізілген жоқ)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Оральді антикоагулянттар: клопидогрелді оральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін.
IIb/IIIа гликопротеині тежегіштері: клопидогрелді науқастар жарақатпен, хирургиялық немесе басқа патологиялық жағдайлармен байланысты қан кетудің жоғары қаупіне бейім болған және IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерін қабылдап жүрген жағдайда сақтықпен қолдану керек.
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ КЛОВИКС препаратынан болған, АДФ индукциялаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуін өзгертпейді, есесіне клопидогрел АСҚ-ның коллаген индукциялаған тромбоциттер агрегациясына әсерін күшейтеді. Дегенмен, АСҚ-ны бір мезгілде тәулігіне екі рет 500 мг-ден қабылдау 1 күн бойы КЛОВИКС препаратын қабылдаудан туындаған қан кету уақытының айтарлықтай ұзаруын тудырған жоқ. КЛОВИКС препараты мен ацетилсалицил қышқылының арасында фармакодинамикалық өзара әрекетесу жүруі мүмкін, бұл қан кету қаупінің артуына алып келеді. Сәйкесінше, бұл препараттарды бір мезгілде қабылдауды сақтықпен жүргізген дұрыс. Осыған қарамастан, КЛОВИКС препараты мен АСҚ бір жылға дейін бірге тағайындалды.
Гепарин: КЛОВИКС препараты гепариннің дозасын өзгертуді қажет еткен жоқ және гепариннің қан ұюына тигізетін әсеріне ықпал еткен жоқ. Гепаринді бір мезгілде қолдану КЛОВИКС препараты туғызған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне әсер еткен жоқ. КЛОВИКС препараты мен гепариннің арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу жүруі мүмкін, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына алып келеді. Сәйкесінше, бұл препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді.
Тромболитикалық дәрілер: клиникалық маңызды қан кетулердің жиілігі тромболитикалық дәрілер мен гепаринді АСҚ-мен бірге қолданғанда байқалған жағдайларға ұқсас болды.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар(ҚҚСП): КЛОВИКС препараты мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан кетулерді ұлғайтты. Алайда, басқа ҚҚСП-мен өзара әрекеттесулерін клиникалық зерттеулер болмағандықтан, қазіргі кезде асқазан-ішек жолынан қан кетулердің жоғары қаупі барлық ҚҚСП үшін тән немесе тән емес екендігі белгісіз. Осылайша, ҚҚСП, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштері мен клопидогрелді тағайындау сақ болуды қажет етеді.
Омепразол, эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбамазепин және хлорамфеникол: Клопидогрелмен бірге қолдану CYP2С19 ферментінің бәсеңдеуіне байланысты, КЛОВИКС препаратының белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының төмендеуіне және оның клиникалық тиімділігінің азаюына алып келеді, соның көмегімен клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденеді. Клопидогрелді бұл препараттармен бір мезгілде қолданудан бас тартқан жөн.