Саясаттану политология – гректің «politike» және «logos»


Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады



бет5/6
Дата13.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#168601
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация 1 тақырып Саясаттану

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады.

Әрине КСРОда Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзқарас 20 ғасырдың 80 жылдарында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей

бастады. 1989-І990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады.

Саясаттану – саяси өмір тәжірибесін, объективті саяси шындықты, субъективті саяси іс-әрекетті, саяси ойлау тәсілдерін және саяси процестерді теориялық тұрғыдан жүйелеуді қамтитын сан қырлы ғылым. Яғни, саясаттану – қоғамның саяси өмірін, саяси процестерді, ондағы таптардың, топтардың, ұйымдардың өкімет билігіне қатынасын және осыған байланысты өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Саясаттанудың функциялары.

  • Гносеологиялық (танымдық) - саяси өмірді шынайы бейнелеу, оның объективті байланыстары мен заңдылықтарын ашып көрсету;
  • Аксеологиялық (баға беру) – саяси құбылыстарға талдау жасап, бағалай білу;
  • Саяси әлеуметтендіру - азаматтық қасиеттерді, демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру;
  • Реттеушілік басқару – саяси дамудың үрдiс, бағдарын бақылай отырып, қоғамдық оқиғаларды тиiмдi басқару үшiн нақты мағлұматтар беру;
  • Жетілдіру - саяси өмiрдi ұтымды түрде жаңғыртуға бағыт сiлтеу;
  • Болжау – озық саяси өзгерiстер жасауға бағытталған ғылыми негiзделген алдыңғы қатарлы ұсыныстар.
  • Саясаттанудың санаттары (категориялары).
  • Саясаттанудың категорияларына саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер жүйесi жатады. Олар қатарында көп қолданылатын терминдерге төмендегi категорияларды жатқызуға болады: «саясат», «саяси билiк», «саяси жүйе», «саяси тәртiп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмiр», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендiк», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «iшкi саясат», «сыртқы саясат» және т.б.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет