««Саяси –құқықтық ілімдер тарихы»»


Тақырып 6. Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер



бет3/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#35795
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 6. Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер


 

Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Фома Аквинскийдің құқық пен мемлекет туралы ілімдері. Билік мәні және нысандары. Шіркеу билігі мен зайырлы билік арақатынасы. Заң түрлері. Батысевропалық ортағасырлық еретиктер қозғалысының және шаруалар кµтерілісінің саяси және құқықтық идеялары. Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары. Глоссаторлар және постглоссаторлар. Марсилий Падуанскийдің саяси-құқықтық ілімі. Халық билік қайнар кµзі ретінде.

ХІ-ХІ‡ ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар. Ресейде орталықтандырылған мемлекет құру кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. «Москва –үшінші Рим» теориясы.

Эволюциялық даму нәтижесінд қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:

1   Ерте феодалдық кезең  (V—XI ғ.ғ. ) Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси батыраңқылыққа ұшырады.

2   Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. ортасынан — XV ғ. соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі — өкілді монархиялар өмір сүрді.

3   Кейіңгі орта ғасыр (XV ғ. СОҢЫ  XVII ғ. басы) Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болды, абсо-лютті монархиялық билік орнады.



Батыс Европалық орта ғасырлық саяси-құқыктық ойдың басты ерекшелігі оған сол кездегі христиан діні мен рим католиктік шіркеуінің едәуір ықпал етуі болды. Шіркеу орта ғасырлардағы рухани өмір саласына шексіз билік етті. Орта ғасырлық христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының түп тамырын белгіледі, адамдар санасына үстемдік етті

Шіркеу идеологтары мемлекеттін қуаттылығы шіркеудің камқорлығының нәтижесі деп түсіндірді. Осыдан келіп христиан дінінде мемлекеттердің христиан шіркеуіне бағыну міндеттілігі пайда болды. Сол кездсгі саяси-құқықтық ойдын басты мәселелерінің бірі де қоғамдық өмірде қай билік (ұйым) — рухани (шіркеу) немесе азаматтық билік (мемлекет) басымдықка ие болуы керек деген сұрақ төңірегінде болды.

Фома Аквинскийдің айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы қүдайлық сананың жалпы принциптері, универсальды нормалар — мәңгі заңдар тұрады. Мәңгі зандар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі зандар негізінде пайда болған. Табиғи заңдар — мәңгі зандардың адам санасындағы бейнеленуі болып табылады.  Табиғи зандарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) зандары қызмет етеді Оның мақсаты — адамдарды күшпен жәнс қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады. Этика ілімі негізінде Ф Аквинский құқық туралы концепциясын жасады .

Аквинат, сонымен қатар, құл иеленудін сақталуын жақтады, жеке меншік пен әлеуметтік теңсіздікті, қоғамның сословиелікұйымдасуын дәлелдеу арқылы адамдарды оған көнуге шақырды. Аквинский өзі қарастырған мемлекеттік құрылымдағы бесформаның ең дұрысы деп монархияны таңиды. Оның пікірінше. егер монарх тиранға айналса, халық оның билігіне қарсы шығып, оны биліктен тайдыруға құқылы. Бірақ, ол халыктың мемлекет басшысына қарсы шығуын, осы басшының іс-әрекеті шіркеу мүддесіне қайшы келгендс ғана мүмкін деп есептейді.

М. Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірак, М. Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға — төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелсрі, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделерінс ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.

М. Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінін айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айкындайды.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.     Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

2.     История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.     История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.     История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

5.     История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.     История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.     Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция.

8.     Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв.

9.     История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет