2- тақырыбы: Саясаттанымдық негізгі теориялар
1. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі
2. Саясаттану тарихындағы идеялық-теориялық күрес
3. Саясаттану ғылымындағы теориялар
Саясаттанудың әлеуметтік ақиқат тұрғысындағы атқаратын қызметі. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Атақты ойшылдардың көзқарастары, әлемнің түрлі аймақтары бойынша қарастырылатын әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің тарихи дамуының прогрессивтік кезеңдерінде қалыптасқан саяси ой-пікірлер. Марксизм-ленинизмнің бүгінгі саясаттану іліміндегі көрінісі мен оған берілген саяси баға.
Саясаттану тарихындағы идеялық-теориялық күрес. Мемлекет. Құқық, заң, билік, саясат, бостандық, әділдік және т.б. проблемалар бойынша күрес – идеялық-теориялық күрестің өзекті мәселесі. Буржуазиялық авторлардың саяси идеялық тарихындағы деген көзқарастары, тұжырымдары, позициялары және қазіргі заманғы құндылықтар мен көзқарастарға байланысты ұстанымдары. Бастыстық саясаттану курстарында саяси ғылым қаиғадаларының қарастырылу ерекшеліктері мен мән-жәйі. Ч.Веркердің, Дж.Сэбайдың еңбектеріндегі әділдік, бейбітшілік, қоғамдық, қоғамдық тәртіп жеке адамның құқы және т.б. деген идеялардың қалыптасуы.
Буржуазиялық саясаттану курстарындағы бір жағынан К.Маркстің, Ф.Энгельстің, В.И.Лениннің, екінші жағынан Платон, Арситотель, Руссо, Гегель және басқаларының қарастырылу ерекшеліктері.
3-тақырыбы: Ежелгі дүниенің саяси ой-пікірлері.
1. Ежелгі Шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер
2. Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері
3. Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері
4. Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері
Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің тарихы, қайнар көздері. Көне Шығыс елдері: Мысырдан, Вавилоннан, Үндіден, Қытайдын, Парсыдан және Батыс елдері: Грекия мен Римнен бастау алуы. Саяси ой-аікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орны. Көне жазба ескерткіштері: мысырлық «Ипусердің сөзі», вавилондық Хаммурапи патшаның заңдары, парсылық «Авеста», үнділік «Веды», «Артхашастра» оқулары, қытайлық Конфуцийдің ілімі, гректік «Илиада», «Одиессия» поэмалары – ежелгі саяси идеялар мен ой-пікірлердің деректің негіздері.
Грекиядағы мемлекет-полистердің қала-мемлекеттердің шығуы. Саяси ой-пікірлердің дәуірлерге бөлінуі: Гомер, Гесиод және «Жеті данышпан», Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Арситотель мен эллинизм дәуірінің шығармалары. Эпикур этикасы. Стоицизм ағымының қалыптасуындағы Зенонның рөлі. Полибийдің «40 томдық тарихындағы» мемлекеттің патшалық, тирандық, аристократиялық, олигархиялық, демократиялық, охлократиялық түрлерге ажыратылуы.
Ежелгі Рим: патшалық, респібликалық және императорлық кезеңдердің саяси ой-пікірлері. Луций Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий Антонин ілімдеріндегі мемлкет, заң, билік, адамгершілік идеялары.
4+тақырыбы: Орта ғасырлардағы саяси ілімдер
1. Батыс Еуропаның Феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері
2. Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер
3. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы
Батыс Еуропаның Феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Ерте Феодалдық қоғамдағы, феодаллизмнің гүлденуі және құлдырауы кезеңдеріндегі римкатолик шіркеуі мен зайырлы биліктерінің дамуындағы өзара қатынастары.
Фома Аквинский – «католицизмнің бірден-бір шыншыл Философиясының жасаушы. Плейбейлік шаруа және бюргерлік қала еретиктері. Джон Уиклиф, Ян Гус». «Мыңжылдық патшалық» тұрғысындағы саяси аңсау сарысындағы ойлар.
Араб Шығысы, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси ой-пікірлер. Исламдық саясатты дәріптеушілер Ибн Рушд, Ибн Халдун. Әбу насыр әл-Фарабидің «Тамаша қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» деген трактаттарындағы қоғам, мемлекет мүддесіне орай тұжырымдалған гуманистік идеялар. Әлішер Науаи, Низами Гянджеви, Шота Руставели, Мхитар Гош шығармаларының саясат тарихындағы алатын орны.
5-тақырыбы: Саяси билік-саясаттанудың негізгі проблемасы
1. Саяси биліктің түсінігі, түрлері
2. Саяси биліктің атқаратын қызметі
3. Шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе проблемалары
Саяси биліктің түрлері. Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік тармақтары.
Саяси биліктің қазіргі заманғы сипатының ерекшеліктері. Атқарушы биліктегі әкімшілік қызметінің функциялары: егемендікті жүзеге асыру, экономикалық, байланыс, коммуникация, әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік бағыттарының сипаттамасы.
Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттердің автократиялық, олигархиялық, демократиялық болып, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінуі.
6-тақырыбы:Қоғамның саяси жүйесі
1. Саяси жүйенің мәні мен құрылымы
2. Саяси режим
3. Шетелдік саясаттағы саяси жүйе проблемалары
Саяси жүйе қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тәртібін қамтамасыз ететін, қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, әр салалардың қызметін бақылайтын ұйым мен мекемелердің жиынтығы. Қоғамның саяси жүйесі (ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, институттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым болып табылады.
Қоғамның саяси жүйесі өзінің қалыптасу процесінде идеологияға, құқыққа және моральға кері ықпал жасайды. Бұл қоғамның саяси жүйесінің дербестігін көрсететін жағдай.
Қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық элементтерінің баршасында мазмұны жағынан саяси аспектілері бірдей болып келеді. Осыған байланысты қоғамның саяси ұйымының құрылымдық элементтері тікелей саяси (собственно политические) және тікелей емес саяси (несобственные политические) ұйымдар деп бөлінеді. Тікелей саясиға: мемлекет, саяси партиялар және кейбір қоғамдық бірлестіктер жатады. Тікелей емес саяси бірлестіктерге: саяси қажеттіліктен емес экономикалық немесе басқадай себептермен құрылатын бірлестіктер жатады. Оларға кәсіподақтар, кооперативтер сияқтылар жатады.
Батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі қалай түсіндіріледі? Бірнеше нұсқалар бар. Әрқайсысы өзінің мүддесін көздейді. Мысалы, Дэвид Истон мен Габриэль Алмонд деген саясаттанушылардың бағыты жиі айтылады. Олар саяси жүйені құратындарды жиыстырып қарастыруды ескерген. Ал К.Дойтчтың «Ұлтшылдық және әлеуметтік байланыс», «Басқару нервілері» деген еңбектерінде саясат саласынла теримнологияның атауларын механикалық жолмен енгізуді және кибернетиканың басты қағидаларын енгізуді көздейді. Бұдан басқа Д.Трумэннің «Американ саяси жүйесінің дағдарысы», «Басқарушылық процесі» деген еңбектерінле саяси жүйе теориясы әлеуметтік плюрализмнің негізгі қағидалары мен «қыспаққа алу топтары» теориясына сәйкес жағдайлар қалыптастырылған.
Мұндай теориялардың көптеп қалыптасуы олардың қоғамның саяси жүйесі туралы бір-біріне қарама-қайшы теориялардың жасалғанын көрсетеді.
7-тақырыбы: Мемлекет – саяси жүйенің негізгі буыны
1. Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері
2. Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі
3. Азаматтық қоғам мен Құқықты мемлекет
Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мн ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.
Мемлекеттің белгілері мынандай:
1. Мемлекеттік өкіметті іске асырушы органдар мен мекемелердің ерекше жүйсінің болуы.
2. Мемлекетте белгіленген белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың болуы.
3. Сол мемлекет заңдарының күші жүретін тұтас территорияның болуы.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек, қазір абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталар, әлеуметтік тап, тайпа басшылығы, отбасылық қауым дегендерді білеміз. Діннен ажыратылған (светтік) мемлекеттер типіне қарсы діни мемлекеттер типі бар. Мемлекеттің типі оның мәнінен, істейтін міндеттерінен туындайды. Яғни, мемлекет белгілі бір таптың, не қоғамдық күштің үстемдік ету құралы (механизмінің) әлеуметтік бағыты болып та табылады. Басқарушылықтың монархиялық формасы - мемлекеттік өкімет билігін жүргізетін бір адам - монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында – заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені, онда өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Басқарушылықтың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршілдік, т.б.
Мемлекет құрылысы бойынша унитарлық біртұтас мемлекет және федеративтік заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы – республикалар, штаттар, контондар, т.б., конфедеративтік мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер болып бөлінеді. Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік, рухани, мәдени, экономикалық салалардың жиынтығы.
Құқықты мемлекетте қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұрады. Ол әрбір елдің Конституциясында - негізгі заңында бекітіліп, ал басқа заңдары мен жарлықтарында нұсқа болуы тиіс.
8-тақырыбы: Демократияның саяси институттар жүйесіндегі алатын орны
1. Саяси партиялар деген не?
2. Парламенттік партия туралы
3. Президенттік басқару
Саяси партиялар және олардың жіктелуі. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығаюы.
Қазіргі кезеңнің саяси институттары. Парламенттік партиялардың қызметі мен сын-сипаты. Президенттік басқарудағы саяси институттардың қалыптасу ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасындағы президенттік инститтың енгізілуі, күшті президенттік биліктің қажеттігі, қалыптасуы және болашақтағы көтерілер болмысына берілетін ғылыми болжам мен жалпылама сараптама.
Саяси институттардың тарихи сабақтастығы.
9-тақырыбы: Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері
1. Қазақ-ойшыл, философ халық
2. Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері
3. Қазақстың ойшылдығына қазіргі көзқарас
Қазақ ойшылдығына, шежірешілдігіне, тарихшылдығына ұлттық қасиет тұрғысынан берліген баға.
Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Скиф заманында қазақ даласынан шыққан Анақарсының саяси көзқарасынан туындаған ойлар.
Тоныкөк, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Асан Қайғы, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Шоқан, Абай, Ыбырай мұралары-қазақтың саяси ой-пікірлерінің кемел арналары.
Қазақ ойшылдығына қазіргі көзқарас. Ғылыми-техникалық прогрестің ой-санаға тигізер ықпалы. Қазақ ойшылдығының болашақ болмысына бағытталған болжам мен пайымдаулар.
10-тақырыбы: Қазақтағы ел басқарудың үлгісі
1. Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы туралы
2. Билер институтындағы ұлы тұлғалар
3. Қазақ мемлекетіндегі билер басқарудың сабақтастығы
Ел басқарудың тарих сынынан өткен билердің рөлі мен билер алқасының атқарған қызметі. Үш жүздің атақты кемеңгер билері. Төле бидің, Казыбек бидің, Әйтеке бидің ой-сана сарайынан шыққан асыл мұралары бүгінгі күннің тыныс-тіршілігімен көп жағдайда сабақтас келетіндігі туралы толғаныс. Билер институтындағы аталған ұлы тұлғалардың алатын орны.
Қарапайым халық ортасынан шыққан билер: Едігенің Шоңының, Шорманның Мұсасының, Тұрсынбайдың Боштайының, Сатыбалдының Қазаңқапының, Өскенбайдың Құнанбайының, Естеместің Есенейінің ой-өрісінің, іс-тәжірибелерінің қайталанбас үлгілері.
Қазақ мемлекетіндегі билер басқарудың сабақтастығы Қазақстан Республикасның жер-жерлердегі нақты көріністері мен оның озық тәжірибелері.
11-тақырып.
ХҮІІІғ. аяғы- ХІХғ. басындағы Германиядағы саяси құқықтық ілімдер.
Негізгі әдебиеттер:
1. История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.
2. История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.
3. История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.
4. Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)
5. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.
6. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.
7. Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. – М., 1997.
8. История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).
9. Русская философия права. Антология. СПб.,1999
10. Исаев И.А., Золотухина Н.М. История политических и правовых учений России. Хрестоматия.-М.,2003 (самый полный охват источников за период с XI-XX век, включая публикации советских правоведов-марксистов и представителей русского зарубежья.
11. Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998
12. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Послание Президента страны народу Казахстана: Процветание, безопасность и улучшение благосостояние всех казахстанцев. - Алматы: Білім, 1997.
13. Баишев Ж. Казахстан: этапы государственности (конституционные акты).-Алматы, 1997
14. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы,1996
15. Калишева Н.Х. История политических и правовых учений. Алматы,2000
16. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы,1995
12-тақырып.
Ресейдегі саяси құқықтық ілімдер дамуының тарихы.(ХІХ-ХІХғ. І-жартысы
13-тақырып.
ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ой..
14-тақырып.
ХІХғ. І-жартысындағы Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілімдер тарихы
Негізгі әдебиеттер:
1. История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.
2. История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.
3. История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.
4. Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)
5. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.
6. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.
7. Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. – М., 1997.
8. История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).
9. Русская философия права. Антология. СПб.,1999
10. Исаев И.А., Золотухина Н.М. История политических и правовых учений России. Хрестоматия.-М.,2003 (самый полный охват источников за период с XI-XX век, включая публикации советских правоведов-марксистов и представителей русского зарубежья.
11. Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998
12. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Послание Президента страны народу Казахстана: Процветание, безопасность и улучшение благосостояние всех казахстанцев. - Алматы: Білім, 1997.
13. Баишев Ж. Казахстан: этапы государственности (конституционные акты).-Алматы, 1997
14. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы,1996
15. Калишева Н.Х. История политических и правовых учений. Алматы,2000
16. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы,1995
15-тақырып.
ХХғ. жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі және Қытайдағы, Үндідегі ұлт-азаттық қозғалыстардың идеялары.

4 Курстық жұмыс қарастырмаған
5. Студенттердің өздік жұмысы
5.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
5,2. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
Саяси құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері.
|
Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ойлар.
|
Ежелгі Грециядағы саяси-құқықтық ілімдер.
|
Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер.
|
ҮІ-ХҮғғ. Ортағасырлық дәуіріндегі Шығыс Араб, Орта Азия және Қазақстан мемлекеттеріндегі саяси- құқықтық ілім.
|
Орта ғасырдағы Европаның саяси – құқықтық ілімдері.
|
Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |