««Саяси –құқықтық ілімдер тарихы»»



бет4/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#35795
1   2   3   4   5   6   7

 


Қосымша әдебиеттер:

1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

3.  Давид Р. Основные правовые системы современности.М.,1976

4.  История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

5.  История философии в кратком изложении.М.,1991


Пысықтау сұрақтары:

Тақырып 7. Қайта µрлеу кезеңіндегі Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер


 

Қайта µрлеу дәуірінің саяси және құқықтық ойларына жалпы сипаттама. Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімдері. «Әмірші». Макиавелли мемлекет түсінігі, пайда болуы және нысандары туралы, саясат міндеттері және құралдары туралы. Макиавеллизм.

Германия  мен Батыс Европаның µзге елдеріндегі Жаңғыру дәуіріндегі саяси-құқықтық идеологияның негізгі бағыттары. Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Жан Кальвиннің саяси-құқықтық идеялары.

Контрреформация. Иезуиттер.



Жан Боденнің  мемлекет және құқық туралы ілімі. Мемлекеттік егеменділік теориясы. Х‡І-Х‡ІІ ғасырлардағы европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы. Томас Мордың «Утопиясы» мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы». 

Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н Макиавелли, Ж Боден), екіншісі — католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар (М Лютер, Т Мюнцср, Ж Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялықутопист социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т Mop, T Кампанелла)

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломатжәне тарихшы ретінде де кеңінен танылды.

Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілгсн ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі", 1519 жылы "Әскери өнер туралы",1520 жылы "Флоренция тарихы" және тағы басқа еңбектерін жазады.

Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаналығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетугетырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ОЛ саясат коғамдық өмірдің бөлек саласы болыптабылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдык өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-бірінеұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердін қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күндер арасындагы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардын шешімі өзгерістер мен қайта құрулар.

Макиавеллидің айтуынша, әлемде тендей дөреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік  пен зұлымдық бар, бірақ,олар бір елден екінші елге жылжи отырьш, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде жауыздык пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің жәнс басқа да факторлардың ыкпалымен үнемі озгеріп отырады. Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамаңдыктың жалпы жиынтығы өзгеріссіз калады.

"Макиавеллизм" деген атқа ие болған оның бұл ІЛІМІ саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердін арасыңда кеңінен таралды. Макиавеллидің бүл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар.

Макиавеллидін айтуынша, халықты µзіңе толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі —халықтың билеушіге деген сүйспеншілігі, екіншісі — оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және қолайлы деген мөселеде Макиавелли"сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ал олардың біреуін тандау қажет болғанда, қорқынышты тандау тиімдірек болады" деген қорытыңдыға келеді.

Ол Полибийдің басқарудың  дұрыс формасы — монархия, аристократия, демократиясын және   үш дұрыс  емес   формасы   —  тирания,   олигархия   және охлократияны бөліп қарайды. Онын алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңгы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді. Мемлекет формаларының бұлайша алмасуын Макиавелли күштер арақатынасының нәтижесі деп есептелді.

ХУІ ғасырдьщ І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты — рим-католик шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту жәнемемлекет пен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.

Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және ірі қайраткері немістің діни ғалымы Мартин Лютер болды. БүкілГерманияны дүр сілкіндірген реформацияның саяси-құқықтық және діни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын. Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәні кешіретін грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозгалыстың бастамасын салып берді. Мартин Лютердің саяси-құқықтық жүйедегі көзқарасын жақсы түсіну үшін 1-ден оның XVI ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Реформацияның революциялық лагеріне қарсы болғандығын, 2-ден оның өзінің ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.

М. Лютер ілімінін басты қағидасы — адам сену арқылы ғана Корғаныш таба алады деген тезисі болып табылады. Әрбір сенушiөзінің жасаған әрекеттері үшін құдай алдында өздері ғана жауап береді және бұл кезде дін иелерінің көмегінін қажеті жоқ. Римпапасынан шаруаға дейінгі барлық адам құдай алдында бірдей. М. Лютерлің бұл қағидасы теңдік туралы ерте буржуазиялық ең алғашқы ұсыныс болды. Лютердін айтуынша, құдай жолын ұстану, христиандық өмір салтын кешу әркімнін жан дүниесіне байланысты бейбіт тәртіпке негізделуі тиіс. Ал бұл тәртіп құдай заңдары арқылы емес, ақсүйектік билік мекемелерінің қолдауы арқылы табиғи түрде жүзеге асуы керек.



Адамның ішкі жан-дүние бостандығы мен діни сенімі мемлекет заңынан тысқары болуы тиіс. Мемлекет билеушілері өздерін халықтың билеушісі емес, қызметшісі ретінде сезінуі керек деп есептеді М. Лютер. Бірақ ол мемлекеттің демократиялық құрылымы туралы ойдан аулақ болды. Ол бұқара халықты билеушіге бағынуды жәнс оған қарсы көтеріліс жасамауға шақырды.

Мюнцердін тікелей қатысуымен шыққан "Баптар бойынша жазылған хатта" халықтың қайыршылық жағдайда одан әрі өмірсүруінін мүмкін емес екендігі айтылды. "Осы кезеңге дейін шіркеу мен өкіметтің тарапынан адам айтқысыз ауыртпалық көріп, жапа шеккен халық бас косып толық азаттыкқа жетуі керек". Ал бұл міндеттерді шешу аталған құжатта "Жалпыға пайдалы цринциптердің негізінде өмірді жанартып, қайта құру мақсатымен барлық сезілген халык бас қосып біріккен жағдайда ғана жүзеге асырылады" деп атап көрсетілді.

Реформациялық қозғалыстың көрнекті идеологы және ықпалды қайраткерлерінің бірі Жан Кальвин (1509—1564) болды."Христиан дініндегі өсиет". Бұл шығарманың діңгегі — Құдайдың адам тағдырын алдын-ала белгілеп қоюы туралы догматы еді.

Кальвин бойынша тағдыр жазмышы ешкімнің де жеке әрекетіне байланысты емес және ешкім де өзінін, болашақ тағдырынболжай біле алмайды, ешкім де оны өзгерте алмайды. Оның айтуынша, байлық та, кедеилік те, сәттілік пен сәтсіздік те құдайға шын ниетімен сенуді айқындаитын сынақ болып табылады. Адамдардын барлығы да өзінің әлеуметтік және лауазымдық жағдайына карамай өздерін құдайдың құлымын деп үғынуы тиіс. Және оны аянбай еңбек етіп жақсы нәтижелерімен дәлелдеуге міндетті.

Феодалдық-монархиялық топтарды олардың жасаған зорлык-зомбылығы мен әділетсіздігі үшін сынаған ол, барлық мемлекеттік билікті құдайлық деп жар салды. Кальвиндік идеология тарихта елеулі роль атқарды. Ол Батыс Европадағы алғашқы Нидерландыбуржуазиялык, революциясынын жеңіске жетуіне және елде республиканың орнауына ықпал етті. Кальвиндік идеология негізіндеАнглия мен ІІІотландияда республикалық партиялар құрылды. Реформацияның басқа да идеялық ағымдарымен бірге кальвинизмXVII—XVIII ғасырлардағы буржуазияның саяси-құқықтык көзқарасының негізін дамытуға септігін тигізді.

Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың (156S—1639) "Күн қаласы" шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншіктіжою, өндірісті әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдің қала- мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан тұрады. Бірінші —әскери іс, екіншісі — ғылым, үшіншісі — өндіріс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналық, Сүйіспеншілік) басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте  бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім шығару соның қолында.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв.

8.  Макиавелли Николло. Государь (II principe). (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2001.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Бонташ П.Р., Прозорова Н.С. Томас Мор (Из истории политических и правовых учений) М.,1983

2.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

3.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

4.  Застенкер П.Е. Очерки истории социалистической мысли.М.,1985

5.  История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

6.  История философии в кратком изложении.М.,1991

7.  История социалистических учений. /Сб.статей,М.,1984

8.  Осиновский И.Н. Томас Мор. М.,1981

9.  Толенов Е.И.Макиавелли.М.,1979
Пысықтау сұрақтары:

Тақырып 8. Х‡ІІ-Х‡ІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

өндірістік қоғам қалыптастыру дәуіріндегі ерте тµңкерілістер кезеңіндегі саяси және құқықтық идеологияның жалпы сипаттамасы. Табиғи құқық теориясының жалпы сипаттамасы.



Голландиядағы Х‡ІІ ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер.  Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Табиғи құқық теориясы. Гроций мемлекеттік билік егемендігі, халықаралық құқық, соғыс және бейбітшілік туралы.

Бенедикт (Барух) Спинозаның құқық және мемлекет туралы ілімі. Азаматтардың ажырағысыз құқығы және мемлекеттік билік әрекетінің шегі туралы.

Х‡ІІ ғасырдағы ағылшын тµңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары.

Роялистердің саяси және құқықтық идеялары.

Роберт Филмердің саяси кµзқарастары.

Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері. «Левиафан». Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының ерекшеліктері. Гоббс іліміндегі құқық және заң. Индепенденттердің саяси және құқықтық идеялары. Джон Мильтон  және Олджернон Сидней мемлекеттік егемендік иегері және қайнар кµзі ретіндегі халық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы. Джеймс Гаррингтон меншік пен билік арақатынасы туралы.

Левеллерлердің саяси-құқықтық идеологиясы. Джон Лильберн табиғи құқық туралы. Халық егеменділігінің ажырағысыздығы идеясы.

Джон Локктың либералды саяси және құқықтық ілімінде 1688 жылғы Англиядағы әлеуметтік-саяси келісімді негіздеу.  Адамның ажырағысыз құқықтары. Билікті жіктеу теориясы.



Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың)  ерте буржуазиялық ілімінің негізін қалаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.

Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Олқұқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымына қарай өзгермелі келеді, ал табиғаттан шыққан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтық қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық прин-ципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

Оның айтуынша "мемлекет — ерікті адамдардың жалпы мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылған одағы". Гроций бойынша "құқық күштінің ғана еркі".

Соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлген ол, "барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары" деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлекеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын, ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық,  басқаның дүниесін тартып  алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған "халықаралық құқықтың атасы" деген атақ берді.

Ерте буржуазиялық саяси және құкықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқыктық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Гео-метриялық әдіспен дәлелденген этика".

Спиноза "Діни-саяси толғау" трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды "Екі ақиқат" КОНЦЕПЦИЯСЫНбасшылыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көмегі шамалы деп есептеді. Шындыкты іздеудің бірден-бір жолыСпиноза ілімі бойынша ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді.

Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда катар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттін табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан нсмесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады. Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттін бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр.  Мемлекеттік шарт теориясының басты ерекшелігі, "әркімнің азаматтық қоғамдағы табиғи құқығы токтатылмайды", өйткені,адамдар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы заңдар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен кауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен корқады.

"Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақадам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен ΜЗІНДІК Қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) µздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және МӘҢГІ) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылғанмемлекет деп атайды.

"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк µзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пененбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке ие болуұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.



Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдар ешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке µтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан  туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

Зандылық режимін батыл қабылдаған ол "мемлекетте жоғары билікке кім ие болса да халық келісімі бойынша жариялангантұрақты заңдар арқылы баскаруды" талап етті. Зандар сол кезде "оны бәрі білген және орындағанда ғана" мемлекеттің басты жәнеұлы мақсатына жетуіне мүмкіндік жасайды. Онын бұндай позициясы XVIII—XIX ғасырларда буржуазиялык саяси-құкықтық ойда дамытыла бастаған "құқыктық мемлекет" идеясын алдын-ала анықтаған еді.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II. - М., 1997.

8.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв. Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.  Гоббс Т. Левиафан, или Материя, форма и власть государства церковного и гражданского // Гоббс Т. сочинения: В 2т. Т.2. - М., 1992.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

3.  История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.  История философии в кратком изложении.М.,1991

5.  Лейст О.Э. Учение Спинозы о государстве и праве.М.,1960

Пысықтау сұрақтары:

Тақырып 9. Х‡ІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

Х‡ІІІ ғасырдағы Франциядағы саяси және құқықтық идеологияның басты бағыттары. Ағартушылықтың саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның дамуы.



Вольтердің саяси-құқықтық кµзқарастары.

Шарль Луи Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімі. Заңнама сипатын анықтайтын факторлар. Биліктің бµліну концепциясының ерекшеліктері.

Жан Жак Руссоның саяси және құқықтық ілімдері. Руссо мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы, мәні және нысандары туралы.  Халық егеменділігі теориясы. «Жалпы ерік» және «барлығының еркі» түсініктері.

Утопиялық социализмнің саяси-құқықтық идеялары (Жан Мелье. Морелли. Габриэль Бонно де Мабли).

ұлы Француз тµңкерілісі кезеңіндегі саяси-құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Жирондистердің саяси және құқықтық идеялары. Жан Бриссо. Жан Антуан Кондорсе. Якобиншілердің саяси-құқықтық идеологиясы. Максимильен Робеспьер. Жан Поль Марат. Робеспьер тµңкерілістік және конституциялықүкімет және тµңкерілістік диктатура туралы.

1789 және 1793 жылдардағы Адам және азамат құқықтары декларациясының саяси-құқықтық идеясы. Утопистік коммунизмнің саяси идеологиясы. Гракх Бабеф.



Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге карағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның зандарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың қүқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

Француз ағартушылары өз еңбектерінде коғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам қүндылықтары сияқты сұрақтарга жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылык пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

 Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-қүқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірак оның шығармаларында мемлекет, саясат, кұкық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық кайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзкарастарынан басты ерекшелігі — бостандык, рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар.

Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға төуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды

Шарль Луи Монтескье  француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Олқұкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

Монтескьенің саяси-кұқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндгі заңшығару принциптері мен бұл зандардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың тендігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуіне тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдаршығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мсмлекеттер үшін деспоттык, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялык түрі тиімді деп есептейді.

Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атапкөрсетсді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандьіқты камтамасыз ететін заңдар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын камтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігітуралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекттік құрылыстың бостандығы бар кұрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

Монтескье сонымен бірге саяси бостаңдық ойына келгеннің бөрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заңмен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы іліміннің құрамды бөлігі оның заңдарының әртүрліразрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдашйшылық құқықтармен (діни құқық) шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойьінша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздікадамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттерінен ғана.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды".

Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар менбилеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл билікті Руссо егемендік дсп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігінбілдіреді.

Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялықбасқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқьілы.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II. - М., 1997.

8.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв. Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

10.           Монтескье Ш.Л. О духе законов. - М.., 1999.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

2.  История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

3.  История философии в кратком изложении.М.,1991

4.  Кечекьян С.Ф. Политические и правовые взгляды Монтескье. "Сов. гос. право" 1955, №4, стр.41-46

5.  Кечекьян С.Ф. Ж.Ж. Руссо - великий французский просветитель XVIII века. "Вопросы философии" 1967, N 7, стр.55-67

6.  Казарин А.И. Учение Дидро о государстве и праве.М.,1960

7.  Кузнецов В.Н. Французский материализм XVIII века.М.,1981

 
Пысықтау сұрақтары:





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет