295
Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:
-
Шығармашылық белсенділік таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі
қорғалған күйде сезінетін табиғи ынталандыратын орта жасау.
-
Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды
ойнау, шынайы «бірге тұру».
Құмдағы ойындар— баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі.
Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын
орындарды оқыту және
дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі
оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған
өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің
заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Енді, міне, осы қалашығын
әр тәрбиеші өз жұмыс тәжірибесінде қолдана алады, ол үшін қажетті
материалдар мен жабдықтар:
Су өткізбейтін ағаш қорап, түрлі-түсті құм, таза өзен құмы, шағын фигуралар
«коллекциясы» (биіктігі 8 см аспайтын «Киндер-сюрприздан»). Ойыншықтар
жиынтығы:адам кейіпкерлері,жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі,
теңіз
және
т.б.),
көліктер,өсімдіктер,табиғи
заттар,ертегі
кейіпкерлері,
пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, әртүрлі геометриялық
фигуралар.
Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды,
сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық
және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің
ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды
таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында
өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.
Құм терапиясының маңыздылығы:
Бала өзін жайлы, қорғалған күйде
сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта
қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол
түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті,
тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын
дамиды.
Құм терапиясын қолданудағы мақсатым:
1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік
танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы,
түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың
ұсақ моторикаларын дамыту.
3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып,
тәжірибелік
қарым - қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.
4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі
іс - әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды
дамыту, балаларды белсенді іс - әрекетке және зейіннің шоғырлануына
тәрбиелеу.
Құм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:
296
Әңгімелесу
Түрлі – түсті құммен сурет салу
Танымдық ойындар
Коммуникативтік ойындар
Пікірталастар
Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының
кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен
дамыған, олар агрессивті, бір біріне қайырымды болмауы және бір біріне
мейірімділік, шыдамдылық танытпауы комуникативтік дағдыларының
дамуын тоқтады.Біз өзіміздің тобымызда
балалардың сөздік қорлардың
дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз.
Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-
тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір
түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды
қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда
балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі
кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм
балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық
қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге
ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына
жағымды әсерін тигізеді. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға
көмектеседі. Ол ұсақ қол моторикасы пластиканы, координацияны,
танымдық процестерді жақсы дамытады. Сурет салудың мұндай техникасын
да құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады.
Құммен сурет салу тек қана қызықты іс емес, ол балаларға
өз әлемін ашуға
көмектеседі.
Қорытындылай отыра «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав
Юнг «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы
сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы
сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім
жетті.
Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және
тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты
қабылдауға көмектеседі.
Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамыттым:
297
● Шығармашылық
● Танымдық
● Интеллектуалдық
● қарым–қатынас
Құмзар ойындарды, жаттығуларды
пайдалану балалардың эмоциясын,
шығармашылығын,
зейіндерін,
қабілеттерін
дұрыс
көзқарастарын
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін
тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған
міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру
бірлікте шешімін табады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың
дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан -
жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер пайдасы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: