Часть заимствованных, а следовательно и перенесенных обратно слов передается
транскрибированием и транслитерацией. Предложения простые.
Фантастика с ее «холодностью» в проявлении чувств во многом легче для перевода, ведь
времена, когда она была рассчитана только на подготовленного читателя уже прошли.
Технологии настоящего и уровень технической просвещенности позволяют вводить в
произведения всевозможные устройства, не переживая, что читатель останется «за бортом».
Для синтетического фэнтези нужно не только передать общую информацию, но и «отразить
технические нюансы (с привлечением методик, использующихся при переводе научных
текстов), и произвести на читателя соответствующее эмоциональное воздействие, и
воссоздать эстетический эффект образно-выразительных средств оригинала» [9, с. 48]. Стоит
помнить и о функции элементов текста в контексте «авторское – общеязыковое»,
проявляющих индивидуальность писателя. Приближенность выражений к той или иной
стороне позволит выработать переводчику стратегию действий для подбора эквивалентных
единиц. «Художественный текст – высшее проявление авторского начала; работая над ним,
переводчик может и должен направить всё своё внимание на то, чтобы воспроизвести в
переводе максимум черт, характеризующих индивидуальный авторский стиль» [9, с. 48].
Стоит принять в расчет и мнение: «Попытки сохранить ВСЁ - подтекст, надтекст и пр. -
бесплодны. Результатом будет или убогая в литературном плане недоделка» [10] или
перегруженная, плохо воспринимаемая залежь иностранных реалий. Нет пока методики,
которая позволила бы передавать реалии мира произведений фэнтези ИЯ в ПЯ, сохраняя всю
специфику оригинала.
Зачастую при переводе даже одного предложения применяется одновременно несколько
трансформаций. Жанр фэнтези вобрал в себя очень много функциональных и литературных
стилей, что позволяет ему развиваться сразу в нескольких направлениях. Это развитие,
эксперименты авторов, порождают новые и оригинальным способом объединяет старые
переводческие задачи и трудности, создавая новое поле для поиска решений.
222
В зависимости от направленности жанра – техно, мистико-философские, героические,
исторические, научные, эпические, комедийные произведения – подход к переводу будет
меняться.
Разумное использование переводческих трансформаций является ключом к созданию
адекватного, качественного перевода, сохраняющего коммуникативную функцию,
передающего информативное содержание и художественное воздействие.
.......................................
1.
Баканов В. «Дождусь!», 2011 г. [Электронный ресурс]: Школа перевода В. Баканова. Режим
доступа:
http://www.bakanov.org/presentations/5/51
2.
Галиев С. Классификация жанра фэнтези . Произведения Дж. Р. Р. Толкина / Андреевские
Чтения. Литература XX века: итоги и перспективы изучения. – М.: 2010. [Электронный ресурс]:
Проза.ру. Режим доступа:
http://www.proza.ru/2011/08/13/1098
3.
Степновска Т. Фэнтези – переодетая Золушка. Размышления о термине // Русская
словесность в школах Украины. – 2000. – №2. – С.44-48.
4.
Дроздовска И. Фэнтези в России. Попытка обсуждения избранных аспектов перевода прозы
Анджея Сапковского на основе романа Кровь эльфов [Электронный ресурс]: А. Сапковский. Ошибки
перевода. Режим доступа:
http://correctura.narod.ru/sapkowski-names-resume.htm
5.
Сапковский А. Встреча Анжея Сапковского с любителями Фантастики в “Стожарах”
[Электронный
ресурс]:
Миры
Анджея
Сапковского.
Режим
доступа:
http://www.sapkowski.su/modules.php?name=Articles&pa=showarticle&artid=25
6.
Мирам Г.Э. Профессия: переводчик. - К.: Ника-Центр, 1999.-160с
7.
Тимошенкова Т.М., Переверзев В.Ю. О передаче реалий при переводе произведений жанра
“Фэнтези” [Электронный ресурс]: Арда-на-Куличиках/Архивы Минас-Тирита. Режим доступа:
http://www.kulichki.com/tolkien/arhiv/ugolok/vhy.shtml
8.
Ленин В.И. Письмо к Бебелю. Государство и революция [Электронный ресурс]: Библиотека
парапсихолога. Режим доступа:
http://rumagic.com/ru_zar/sci_philosophy/lenin/1/j33.html
9.
Бузаджи Д.М. Векторы смысла. О функциональном подходе к переводу Мосты N3(19)/2008. -
М.: Р.Валент, 2008. - С. 80. С 43-59.
10.
Белов И. (Остогер) Переводчики. Оригинал контратакует [Электронный ресурс]: Форум
Арды-на-Куличках. Режим доступа:
11.
http://www.kulichki.com/tolkien/forum/showthread.php?s=add227b28c61404a36c386890abcaf0b&th
readid=137
Адишева
Замира
Алматы қаласы №119 мектеп-лицей
МƏҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ БАҒДАРЫ
Елбасының биылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауынан экономиканы жан-жақты дамыту, халықтың əл-ауқатын көтере түсу, ден-
саулық сақтау, білім беру мен ғылым салаларын əлемдік стандарттарға жауап беретін дең-
гейге жеткізу, ең бастысы – мемлекеттің еңбек адамына деген қамқорлығына көп көңіл
бөлінетіндігін байқадық. Студенттердің стипендиясы, денсаулық, білім, əлеуметтік қорғау
жəне мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, мүгедектікке жəне асыраушысынан
айрылғандарға төленетін жəрдемақылардың өсетіндігі, ұстаздар еңбекақысының көтерілетіні
туралы айтылғаны баршамызды қуантып тастады.
Индустрияны жоғары деңгейде ұстап тұру үшін инновациялық-индустриялық дамыту
бағдарламасынан ғылымға негізделген экономикалық стратегияға бірте-бірте ауысу жайын
да көтерді. Қазіргі уақытқа дейін ғылымға бөлінген қаражат 0,4 пайыз көлемінде ғана болса,
енді оны 3 пайызға дейін көтеру қажеттігі баса айтылып, экономиканы дамытуда – қазіргі
заман талабына сай жаңа қуат көздерін дамытуға аса мəн берілді. Ғылыми негізде
223
индустрияны дамыту - шағын жəне орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету, аграрлық
секторлардан алынатын өнім көлемін еселеу деген сөз.
Сонымен бірге, Жолдауда мəдениетке қатысты мемлекеттік тұрғыда «Мəдениет туралы
саясаттың тұжырымдамасын» жасау жөнінде Елбасымыз тапсырма берді. Ғалымдарымыз
ұлт руханиятының мəселелерін, тіл, діл, əдебиет, мəдениеттің дамуына игілікті жол ашатын
жақсы тұжырымдамалар жасайды деп ойлаймын.
Соңғы кездері қызу пікірталастарға ұласқан мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталған
Елбасымыз: «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ
тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Тек соңғы 3 жылда
мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім
өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды.
Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп еліміздің рухын
көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады. Расында
патриотизмді ұлттық элитадан - іскерлік, мəдени, саяси саладан бастау қажет.
Қазақстан – 2050 стратегиясы жарияланғанда, қоғамда жеткен жетістіктерге қанағат
тұтсақ, сонша биік мақсаттарды қойып не қажеті бар, оған жете аламыз ба деген сұрақтар
туындады. Елбасының биылғы жолдауында осы сұрақтарға жауап берілді. Жолдауда Елбасы
мұндай мақсатқа жету оңай еместігін атап көрсетті. Дегенмен, еліміздің тəуелсіздік
жылдарында жеткен табыстары: дамудың негізінің қалануы, халқымыздың потенциалының,
еліміздің шикізатқа бай болуының, елде татулық пен тыныштықтың орын алуы бұл мақсатқа
жетуге мүмкіндік беретінін айтты.
Шындығында да соңғы жылдары еліміздің қарқынды дамып келе жатқандығын əр
қайсысымыз сезініп отырмыз. Қыздар университетінде болып жатқан жағымды өзгерістер де
соның айғағы.
Қазақстан – 2050 стратегиясын орындау 7 бесжылдық жоспарға жүктелетіндігі
айқындалды. Əрбір бесжылдыққа нақты экономикалық мақсаттар қойылады. Қазақстан енді
шикізатты сыртқа шығаратын елден, экспорттың 70 % дайын өнімді құрайтын
индустриялық елге айналады. Ғылымға ішкі жалпы өнімнің 3 %-нан төмен емес қаражат
бөлінетін болды. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімді 4.5 есе ұлғайту (13 мың
доллардан 60 мың долларға дейін) көзделіп отыр. Елімізде озық, бəсекеге қабілетті білім
жүйесін қалыптастыру міндеті қойылды.
Мəңгілік Ел – ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, тарих пен мəдениет, тілдің
біртұтастығы мемлекеттегі тұрақтылықтың кепілі болып, əлемдегі ең дамыған отыз елдің
қатарына қосылуға бағыт алған бастама.
Əліпбаев
А.Р., -т.ғ.к., ҚазҰУ доценті,
Шакеева
Б.- ҚазҰУ магистранты.
СИРИЯ МƏСЕЛЕСІНІҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ
Əлемдік, аймақтық қауіпсіздік мəселелеріне қатты алаңдайтын халықаралық
қауымдастық Сириядағы саяси жағдайдан да тыс қала алмайтындықтарын білдірді.
Халықаралық аренадағы беделді ұйымдар соғысты тоқтату мен қақтығысты реттеу
жолдарын ұсынды. 2012 жылдың сəуір айында БҰҰ бақылаушылар тобы Сирияда
орналасты. 8 мамырда Халықтық Кеңесіне алғашқы рет көппартиялардың қатысуымен
сайлау өтті. Нəтижесінде Баас партиясынан жасақталған «Ұлттық бірлік» партиясы жеңіске
жетеді. Елде бітімге келгеніне қарамастан, қақтығыс жалғаса берді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
Сирия басшысының əскери іс-əрекеттерін айыптады. Кофи Аннан қақтығысты реттеуде өз
жоспарын ұсынды. Оның жоспары 6 тармақтан тұрды:
1.
Бүкіл халықтың мүдделерін ескеретін шешім қабылдау;
224
2.
Бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында БҰҰ бақылауымен қарулы қақтығысты
тоқтату;
3.
Қарулы қақтығыс аймақтарына гуманитарлық көмекті еш кедергісіз жіберу жəне екі
сағаттық оқ жаудыруды тоқтату үзілісін бұзбау;
4.
Шерулерге қатысқан адамдарды түрмеден босату;
5.
Сирия басшылары мен оппозиция елдің ішінде тілшілердің еркін жүруіне мүмкіндік
жасау;
6.
Билік басындағылар тарапынан бейбіт шеру мен жиналу еркіндігін құрметтеу.
Бірақ бейбіт жолмен реттеуді ұсынған Кофи Аннанның жоспары іске аспады. БҰҰ Бас
Хатшысы Пан Ги Мун Сирия басшылығы мен оппозицияның мəселені дипломатия арқылы
емес, қарумен шешуге ұмтылысын айыптап, оның ұзаққа созылатын азамат соғысына алып
келетінін айтты [1].
Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы «араб көктемі» деп аталып кеткен саяси-
əлеуметтік дүрбелең халықаралық қатынастардардың жаңа кезеңін белгілегені анық. Тунис,
Египет, Алжир, Марокко, Иордания, Ирак, Судан, Ливан, Бахрейн, Либия мемлекеттерінде
орын алған бұл қақтығыстар аймақтық жəне əлемдік қауіпсіздік мəселесіне де өзіндік əсер
етті. Бірінен соң бірі болған толқулар - бір елдерде бейбіт шеру өткізумен шектелсе, енді
біреулерінде қарулы қақтығысқа дейін барды. Дегенмен, бұл көтерілістерді біріктіретін -
олардың себебі мен мақсаттарының бір арнада болуы:
•
көп жылдар бойы басқарып келген авторитарлы мемлекет басшыларының биліктен
кетуін талап етулері;
•
əлеуметтік-экономикалық мəселелердің шиеленісуі;
•
сыртқы факторлардың əсері;
•
кейбір елдерде жұмыссыздық деңгейінің өсуі, əсіресе, дипломы бар жастардың
жартысынан астамының жұмыссыз болуы [2];
•
əлемдік экономикалық-қаржы дағдарысының əсері жəне т.б.
«Араб көктемінің» халықаралық қатынастарда алған сипаты мен салмағы соншалық, тіпті
2011 жылдың мамырдағы G8 кездесуінің басты тақырыбына айналды. G8 елдері Солтүстік
Африка мен Таяу Шығыс аймағында демократиялық қайта құруға көмек көрсету мақсатында
«Довиль əріптестігін» қабылдаған еді. Бұл бағдарлама бойынша, «араб көктемін» қолдау
мақсатында 40 млрд ақш доллары бөлінуге тиіс болды. Саяси жүйесі ауысқан Египет пен
Туниске 2 жыл ішінде 14 млрд еуро бөлу туралы шешім қабылданды [3]. Форумға
қатысушылар Сириядағы азамат соғысының кең етек алуын айыптай келіп, үкімет тарапынан
бейбіт халыққа қарсы қару қолдануды тоқтатпаған жағдайда, қатаң іс-шаралар
қолданатындығы жөнінде қорытынды декларацияда мəлімдейді.
Жалпы, Сирия мен Либиядағы көтерілістердің өзіндік айырмашылықтары да бар. Либия
көтерілісі сыртқы күштердің (НАТО) ықпалымен шешілген болса, Сириядағы жағдай
əлдеқайда күрделірек. Сириядағы толқуларды «араб көктемінің» жалғасы десе болады.
Сирияның əр түрлі қалаларында болған халық көтерілісі президент Башар Асадтың билігіне
қарсы жүргізіліп отыр. Тунис пен Египеттегі төңкерістердің нəтижелерімен қуаттанған
сириялықтар елу жылдық Баас партиясының кетуін, көппартиялық жүйені енгізуге, сөз
бостандығын беруге, сот жүйесін реформалауды, жемқорлықпен күрес жүргізуді талап етуде.
Көтерілісшілер тарапынан жасалынған қысымның нəтижесінде мемлекет басшысы Башар
Асад бірнеше талаптарды орындауға мəжбүр болды: солтүстік-шығыста орналасқан Эль-
Хасика провинциясында тұратын күрд ұлтына құқықтар беріліп, Хомс провинциясының
губернаторы орыннан босатылды. Сонымен қатар 48 жыл бойы болған елдегі төтенше
жағдай тəртібі жойылды
[
4]. Алайда, халықтық толқулар толастамады. Өкінішке орай, бейбіт
шерулерге қарсы билік тарапынан қолданылған қарулы іс-əрекет, оның азаматтық соғысқа
ұласуына түрткі болды
[
5]. 2011 жылдың жазында көтерілісшілер əскери жасақтарын құрып,
сириялық тұрақты əскерге қарсы шыға бастаған болатын. Соның нəтижесінде қиян-кескі
қақтығыстар бүкіл елді шарпыды. Жылдың соңына таман көтеріліске қатысушылар Сирия
еркін əскеріне бірігіп, ұйымдасқан күшке айналды. Тіпті Идлиб провинциясында уақытша
225
бірнеше қалалар мен ауылдарда өз биліктерін орнатты. Оппозиция күштері Дамаск жəне
Алеппо қалаларында ерекше белсенді болып, азамат соғысының ошағына айналып отыр.
Жалпы айтқанда, Сириядағы ұзаққа созылған азамат соғысында бейбіт халықтан үш мыңдай
адам қаза болған деп есептелінеді. Бұл жөнінде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі мекеме
өкілі Руперт Колвилл хабарлады
[
6]. Қазіргі кезде оның саны тек көбейе түсуде. Этно-діни
айырмашылықтар қақтығыстың негізгі ұйытқысы болуда. Өйткені Сирия халқының
көпшілігі сунит ағымдағы мұсылмандар болса, билік басындағылар – шиит ағымының
мұсылмандары. Екінші себеп – жарты ғасырға созылған шексіз биліктің зардаптары мен
саяси жүйенің тозып бітуі.
БҰҰ жəне Араб Лигасының арнайы уəкілі Кофи Аннанның бейбіт реттеу
бағдарламасының орындалмауы – Сирия мəселесін бейбіт шешу мүмкіндігіне кедергі болып
отыр. Қарулы қақтығыстың қайтадан ушығуына байланысты БҰҰ Сириядағы өз миссиясын
аяқтап, аумақтан шықты.
Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері де бір шешімге келе алмады. 2011 жылдың басында
Сириядағы үкіметке қарсы шерулерді басуда адам құқықтары бұзылғандығы жөнінде арнайы
қарар қабылдағанымен, Ресей мен Қытай Сирия аумағына əскер енгізуге қарсы болды. 2012
жылы 3 тамызында БҰҰ Бас Ассамблеясы сириялық үкіметті айыптайтын қарар қабылдады.
Бұл қарарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қақтығысты шешуге қауқары жоқ деп айыпталды.
Қауіпсіздік Кеңесінің белсенді əрі тиімді шешім қабылдауына мемлекеттердің Сирия
қақтығысына қатысты ұстанымдарының қарама-қайшылығы себеп болып отыр. Еуроодақ
Кеңесі 2012 жылдың 15 маусымында Сирияға 14 тармақтан тұратын санкция жариялады.
Осындай бағдарлама еуропалық мемлекеттерден БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылды. Бірақ
Ресей мен Қытай вето құқығын пайдаланып, Сирияға санкция жүргізу қарарын тоқтатып
қойды. Ресей мен Қытай күшпен саяси жүйенің ауысуына қарсы, сондықтан өздерінің бейбіт
шешу жобасын ұсынып отыр.
Сонымен қатар Батыс елдері қақтығысты реттеу үшін Сирияға əскер енгізуге
дайындығын хабардар етті. Түркия үшін Сирия мəселесі Баас партиясының құқықсыз іс-
əрекеті ғана емес, енді сириялық толқулар елдің шекарасына қауіп төндіруде. Сирияның
артиллериялық оқтарынан Түркия аумағындағы бейбіт халықтар зардап шегуде. Екіншіден,
Түркия үкіметі лаңкестік топтардың қарулы қақтығысты пайдаланып, пайда болған бос
кеңістікті толтыруға тырысатынына өз қобалжуын білдіреді. Үшінші мəселесі –
босқындардың Түркия аумағына көптеп келуі. Сирия қақтығысының басында 24 мыңнан аса
адам Түркияны паналаған. Мəліметтер бойынша, Түркияға күніне 500 босқын келеді екен.
Қазіргі кезде босқындар саны 100000 жетті
[
7]. Түркия БҰҰ-дан босқындарды қамтамасыз
ету үшін көмек сұрады. Босқындар санының артуы Түркия халқының қауіпсіздігі үшін қатер
туғызуы мүмкін деп есептейді. Сондықтан Түркия НАТО мүшесі ретінде жарғысының 5-
тармағы бойынша, Сирияға əскер енгізуді қолдап отыр. Ал Түркия басшыларының осындай
мəлімдемелеріне Башар Асад Израильге əскери күшті жіберетінін айтқан болатын
[8
]. Оны
Иран, «Хезболла» қолдайтынына ешкім де күмəн келтірмейді.
Ал Ресейдің бұл мəселеге ұстанымы керісінше, ол Сирия мəселесі мемлекеттің ішкі
мəселесі деген көзқараста. Сондықтан Сирияға қарсы барлық халықаралық санкциялар
жөніндегі БҰҰ қарарына қарсылық білдіріп отыр. Бұған дейін АҚШ Президенті Барак Обама
Сирия химиялық қару қолданған жағдайда біржақты əскер енгізуге дайын екенін хабарлаған
[
9]. Оған Ресей тарапы қарсылық білдіріп, БҰҰ Жарғысында белгіленген қағидалар сақталу
қажет деп есептейді.
Араб əлемінде де Сирия мəселесіне байланысты бірауыздылық жоқ. Бір жағынан Иран
бастаған топ Сириядағы Башар Асадтың билігін қолдап жатса, екінші жақ Батыс əлемі мен
Түркияны қолдауда. Мысалға, Катар əмірі шейх Хамад бен Халифа Аль Тани Сириядағы
оппозицияны қолдап, қарулы қақтығысты əскер енгізумен шешуді ұсынып отыр.
ИЫҰ-ның Сирия мəселесіндегі алатын орнына келетін болсақ, ИЫҰ Сириядағы
қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Қазақстан Республикасы ИЫҰ СІМК
төрағасы ретінде Сирия мəселесін шешуде билік пен оппозиция арасында өз бітімгершілігін
226
ұсынды. Қазақстан Түркияның оңтүстік ауданы Ақшақалаға Сирия снарядтары түскенін
айыптайды. СІМК төрағасы ретінде Қазақстан аймақтағы шиеленістің ушығып кетпеуі үшін
сабырлылық пен шыдамдылыққа шақырады.
ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы Сирияға əскери араласуды мүлдем
қолдамайды. Себебі Бас хатшының көзқарасы бойынша, Сирияға əскер енгізу – аймақты
тұрақсыздандырып, кең көлемдегі соғысқа алып келуі мүмкін. Сондықтан ИЫҰ мүшелері
мəселені бейбіт жолмен шешуді, əсіресе Кофи Аннанның жоспарын қолдайды.
Сонымен қатар азамат соғысы барысында ИЫҰ мен БҰҰ сарапшылары Хомс, Идлиб,
Дераа сияқты қарулы қақтығыс болып жатқан 15 сириялық қалаларды бақылап шықты.
Миссиялардың міндетіне халыққа гуманитарлық көмек беру жəне болып жатқан оқиға
жөнінде баяндама дайындау еді. Баяндамада Сирия халқынының ауыр жағдайы айқындалып,
1 миллиондай адамға гуманитарлық көмек көрсету қажеттілігі көрініс тапты. Сондықтан
ИЫҰ мүшелері азық-түлік, дəрі-дəрмек сияқты қажетті заттарды қамтитын 70 млн долларды
құрайтын гуманитарлық көмек жіберді.
Маусымда Сирия басшылығы гуманитарлық көмек алуға рұқсат берді. Ең алғашқы көмек
Қызыл Крест ұйымы тарапынан болды. Өрттен орасан зор зардап шеккен Хомс, Дераа,
Идлиб сияқты қалалар көмек алды. БҰҰ мен 36 бейүкіметтік ұйымдар Түркия, Иордания,
Ливан жəне Иракка қашқан босқындарға көмек көрсету мақсатымен 193 млн америкалық
доллар бөлді. Гуманитарлық көмек Ресейден, АҚШ-тан да жіберілді. Ресейден өмір сүруге
қажетті азық-түлік, балаларға арналған тағам, шатыр жəне т.б. жеткізілді. Египет
гуманитарлық көмек ретінде Иорданиядағы сириялық босқындарға медициналық көмек
көрсету үшін далалық госпиталь ұйымдастырды. АҚШ БҰҰ жəне бейүкіметтік ұйымдар
арқылы шамамен 76 млн америкалық доллар бөліп отыр.
Сирия жəне көрші мемлекеттерге көмек көрсетудің негізгі бағыттары мен салалары:
•
$ 27,5 млн Əлемдік азық-түлік бағдарламасына;
•
$ 18,1 млн БҰҰ-ң босқындар мəселесі жөніндегі Жоғарғы Комиссарға;
•
$ 15,1 млн Бейүкіметтік ұйымдарға;
•
$ 8 млн Қызыл Крест Халықаралық Комитетіне;
•
$ 2,75 млн ЮНИСЕФ-ке;
•
$ 500.000 БҰҰ-ң гуманитарық қызметті үйлестіруіне;
•
$ 300.000 БҰҰ-ң гуманитарлық операцияларды қолдау үшін қауіпсіздік жəне қорғау
мəселелері жөніндегі Департаментке бөлінді [10].
Басқа да елдер Сирияның зардап шеккен бейбіт халқына гуманитарлық көмекті белсенді
түрде жіберіп отыр. Бірақ Сириядағы қарулы-қақтығыстың салдарынан гуманитарлық
көмекті жеткізу мүмкіншілігі шектелуде.
Шетелден гуманитарлық көмек үшін шекара ашылғанымен, Сирияда кейбір елшілерді
персона нон-грата деп танып, елден кетуге мəжбүрледі. Əл-Жəзираның мəліметі бойынша,
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Түркия жəне тағы басқа Батыс елдерінің елшілері де Сирия
аумағынан қуылды [11].
Алайда, БҰҰ жəне ИЫҰ тарапынан жүргізілген шаралардың іске аспауы аймақтағы
қауіп-қатердің ушығуына алып келуде. 15 тамызда Меккеде өткен ИЫҰ төтенше саммитінде
Башар Асад билігіне психологиялық, саяси жəне дипломатиялық қысым көрсету мақсатымен
Сирияның мүшелігін уақытша тоқтатты. Сирия мүшелігін тоқтату ұсынысы Сауд Арабия
мен Катар тарапынан жасалынған еді. Бұл шешімге Иран қарсы болды. Сирияның ресми
өкілдері саммитке мүлдем шақырылмады. Бұл қадам Сирия мəселесін толық шешіп қоймаса
да, мұсылман қауымдастығының ұстанымын көрсетеді. Сирияның ИЫҰ-дағы мүшелігін
тоқтату АҚШ тарапынан қолдау тапты. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің өкілі Виктория
Нуланд ИЫҰ-ң бұл қадамы Сирияның одан əрі халықаралық оқшаулануын бекітті деп
хабарлады [12]. Себебі оған дейін Араб Лигасы да Сирия мүшелігін тоқтатқан болатын.
Жалпы Сириядағы азамат соғысы аймақта шиеленісті жағдайды ушықтыра түсті.
Энергетикалық ресурстардың маңыздылығы артқан сайын Таяу Шығыс қақтығысты
аймақтардың біріне айналып, шиеленістер бəсеңдейтін емес. Сондықтан да, барлық
227
мемлекеттер əлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басты мақсат тұтқан
БҰҰ мен ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында бірлесе əрекет жасаған жағдайда ғана
қақтығыстардың кең етек алуын шектеу мүмкіндігіне ие болары айқын.
Сирия мəселесі ең шарықтау шегіне жетіп, АҚШ-та Сирия территориясын аспаннан
бомбалау қызу талқылау үстінде болғанда, бейбіт жолмен шешу ұсынысы Ресей тарапынан
шықты. Ол ұсыныстың негізі -Сириядағы химиялық қаруды халықаралық ұйымдардың
бақылауына беру. Бұл ұсынысты əлемде елдердің көбі қолдады, ең басты Сирияның өзі
қолдап отыр. ИЫҰ өз тарапынан Ресейдің шешімін оң бағалады. Енді халықаралық
қауымдастықтың қолдауын тауып отырғын ұсынысты АҚШ аттап өте алмайды.
.............................................
1.
Сирия
сталкивается
с
мрачной
перспективой
затяжной
гражданской
войны
http://www.un.org/russian/news/fullstorynews.asp?newsID=18021
2.
Мишель Ямин . Весна на «арабской улице ». Анализ причин и противоречий революционного
процесса
http://liva.com.ua/vesna-na-arabskoj-ulicze.html
3.
G8 и "Арабская весна ": Кому - деньги , кому - санкции и суд , а Израилю - границы 1967 года
Достарыңызбен бөлісу: |