272
Сонымен, ағылшын әдебиетінде романтизмнің алғашқы соқпағын салған
Вордсворт, Колридж, Саутилар десек, лейкейстік ақындар Роджерс, Блейк,
Мур, Чаттерондар да жаңа бағытты жатырқамай қарсы алып,
туып өскен
жерлерін шабыттана жырлап, қоғамның өзекті мәселелерін де жырға қосты.
Жаңа романтизм бағыты жалпы алғанда әдебиетке жаңа тақырып, жаңа
кейіпкерлер әкеліп, сөз өнерін өзіндік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық
лириканың тақырыптық, идеялық ауқымын кеңейтіп,
романтикалық поэманың
озық үлгілерін туғызды. Романтизім бағытында туған туындылардың
кейіпкерлері негізінен жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін аянбай күресетін,
күшті, жігерлі, намысты жандар ретінде суреттелді. Сондай-ақ, олардың ерекше
қасиеттері мен ерлік істері де әсірелене мақталып, мадақталды. Алайда,
романтизмнің өзіндік артықшылықтарымен қатар осал тұстары да болды. Батыс
романтиктерінің бір тобы жақсы өмірді, баянды
ғұмырды болашақтан іздесе,
ендігі бір тобы өткен кезеңді аңсап, өз шығармаларында ортағасырлық өмірге
қайта оралуды насихаттады. Бірінші топтағылардың ұстанған бағыты-ілгерішіл
немесе революциялық романтизм делінсе, кейінгі топтағылардың бағыты-
кертартпа романтизм делінді. Ілгерішіл романтиктер
өз шығармаларында
арман-мұраты асқақ, өзгелерден биік тұратын ізгі ниетті тұлғаларды арқау етсе,
кертартпа романтиктер мұндай ағартушылық идеяны жақтаудан бас тартып,
тіпті оның қоғамдағы рөлін жоққа шығаруға тырысты. Болашаққа күмәнмен
қарап, өткенді аңсаған олардың шығармаларында өмірден түңілушілік,
тағдырға мойынсұну секілді писсимистік сарынға кеңінен жол берілді. Сол
кезеңде аралдықтар деп аталып кеткен жергілікті
тұрғындарының ішінде билік басындағылар мен бай-шонжарлар ілгерішіл
романтиктерді жек көріп, елден қууға күш салса, әл-ауқаты төмен кедей,
жалшылар арманшыл, өршіл романтиктердің шығармаларынан бойына күш-
қуат алып, болашаққа деген үміт-сенімдері арта түсті.
Дегенмен, 1820 жылдары романтиктердің алдыңғы толқыны өмірден
өткен соң,
ағылшын романтизмі құлдырап, бірте-бірте өзінің ағымдық
қасиетінен біржолата айырылып, басқа әдеби ағымдарға жол берді.
Достарыңызбен бөлісу: