Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


Байрон шығармашылығындағы романтизм



Pdf көрінісі
бет104/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Байрон шығармашылығындағы романтизм 
 
Байрон шығармашылығын негізінен шартты түрде екі кезеңге бөліп 
қарастыруға болады. 1807-1816 жылдары ақынның шығармалары классицизм 
бағытында жазылса, 1817-1824 жыдары ол өзін әбден толысқан ақын-романтик 
ретінде көрсетті.
1807 жылы жарық көрген алғашқы туындысы «Бос уақытта» атты өлеңдер 
жинағында жас ақынның еліктеушілік көзқарасы көбірек байқалса, 1812 жылы 
жарыққа шыққан «Чайльд Гарольдтың сапары» дастанында оның өзіндік 
шығармашылық ерекшелігі, қайталанбас көркемдік әдістері толық көрініс 
тапты. Ақын өз дастанында басты кейіпкері Чайльд Гарольдтың
жиһанкездік тарихын баяндай отырып, бүкіл жаңа Еуропаның бүгінгі келбетін 
ашып көрсетеді. Шығарма кейіпкерінің кеме үстінен бақылауы арқылы әр 
түрлі елдердің тыныс-тіршілігін, тұрмыс-салтын таза романтикалық ойлармен, 
әсерлі де көркем сөздермен шебер суреттейді. Бұл лиро-эпикалық поэма тек 
ағылшын оқырмандарын ғана емес, Бүкіл Еуропаның озық ойлы қауымын 
терең әсерге бөлеп, ақын атын әлемге танытты. «Байронның романтикалық 
сарыны тек орыстарға ғана емес, әлем әдебиетіне қатты әсер етті» 
[А.Кеңшілікұлы. «Әлем әдебиетінің әңгімелері», Зерттеулер, эсселер, 
сұхбаттар, Алматы, ЖСШ РПБК «Дәуір», 2019 ж. 269-бет]. 
1811-1812 жылдардағы ішкі және сыртқы күштердің езгісінде қалған қара 
халықтың аянышты хәлі Байронға да қатты әсер етіп, рухани дағдарысқа 
түсірсе де, өршіл ақын жалынды жырларын тоқтатпады. Оның осы кезеңдегі 
жазған шығармалары «шығыстық дастандар» деп аталды. 1813-1816 жылдары 
жазылған бұл поэмалар тобына: «Гяур» , «Абидостық қалыңдық», «Корсар», 
«Лара», «Коринфті қоршау», «Паризина» атты 6 туындысы жатады.
Байронның «шығыстық дастандарынан» қай туындыны алсақ та, басты
кейіпкерлері көбінесе ерекше тағдыры бар, қиындықта қайыспайтын, өмірге 
құштар жандар ретінде суреттелді. Белинскийдің сөзімен айтқанда: «Олар 
барша қоғамдық ортаға ызалы, қашанда қарсы, өзіне ғана сенетін күресшіл 
азаматтар, нағыз тұлғалар». Алайда, осы қайтпас-қайсар романтикалық 
кейіпкерлер махаббат сезіміне келгенде, дәрменсіздік танытып, оп-оңай 
баянсыз махаббаттың құрбанына айналып жатады. Мысалы, «Гяур» 
поэмасында бірін-бірі шын сүйген Гяур мен Лейланың махаббаты, соңында 
Лейланы қызғаншақ, сұм күйеуі Гассанның аңдып жүріп зұлымдықпен өлтіргені 
баяндалса, «Корсар» поэмасында басты кейіпкер, қарақшылар көсемі, 
Медораны құлай сүйген ержүрек, әрі қатал Корсар да Гяурдың кебін киіп,
баянсыз махаббаттың тұтқынына айналады.


275 
Сондай-ақ, өршіл ақынның асқақ гуманизмге толы: «Катуллаға еліктеу», 
«Альбомға», «Афиналық қызға», «Тирзаға», «Басталған махаббат туралы 
сұрауға», «Айырылысу», «Сен жыладың» т.б. лирикалық өлеңдерінде де жаңа 
қоғамдағы бостандық идеясы кеңінен жырланды.
1815 жылдары Байронның «Еврей саздары» атты лирикалық өлеңдер 
топтамасы жарық көрді. Жиырмадан астам туындыдан тұратын бұл жинақ 
Байрон лирикасының шырқау шыңы ретінде бағалананып, ақынның даңқын
бұрынғыдан да асқақтата түсті. Көрнекті сыншы Белинский ақын поэзиясының 
ерекшелігін оның жеке басының қасиеттерімен байланыстырды. «Байрон 
поэзиясында сіздің жаныңызға алдымен әсер ететін, сізді таңғалдыратын
нәрсе-ақынның жеке басының биіктігі, асқан өткірлік пен ой сезімінің 
тереңдігі». [В.Г.Белинский. Шығармалары. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1987 
ж. 119-бет]. Осы жерде ақынның «Бақыттысың» атты керемет өлеңінен үзінді 
келтірсек, артық болмас деп ойлаймын. 
Сен қадалып тұрдың маған үңіліп, 
Көзің қайтты тас жүзіме сүрініп. 
Ішкі күйін, тыныштығын сырттағы,
Қалдың бірақ беттен оқып үлгіріп. 
Өткен өтті, енді өкініп, сұранба, 
Кетті дәурен, жастық шалғай шығанға. 
О, жүрегім, шыдамасаң жарыл тез, 
Сөн, әйтпесе, дыбысыңды шығарма! [Байрон Джорж. «Бақыттысың» Чайльд 
Горольдтың сапары. Қабыл. Теңіз көкжалы. Өлеңдер. Астана:
Аударма, 2005 ж. 491-бет] 
Өршіл ақынның керемет туындыларының бірі-Лермонтов аударған 
«Көңілім менің қараңғы» өлеңін хәкім-ақын Абай да қазақ тілінде сөйлетіп, 
қазақ оқырмандары мен Байронның арасын жақындата түскенін біз жақсы 
білеміз. Осылайша, өршіл ақынының жалынды жырлары қазақ
ақындарының назарын да өзіне аударып, солардың еңбектері арқасында қазақ 
оқырмандары да Байронның шығармаларымен жақынырақ таныса бастады.
30-шы жылдары «Чайльд Гарольдтің» үзінділері және «Шильон 
тұтқыны» қазақшаға аударылып, газет-журналдарда жарияланды. Ал, 1960 
жылы Байронның бір томдық таңдамалы шығармалар жинағын жарық көрді.
Сөйтіп Байронның тамаша лирикалық өлеңдері мен атақты поэмалары «Чайльд 
Гарольд», «Мазепа», «Қола ғасыр», «Шильон тұтқыны», «Минерваның 
қарғысы» және шығыстық дастандары – «Теңіз көкжалы», «Гяур», «Абидос 
қалыңдығы» секілді керемет шығармалары қазақ оқушыларының да жүрегінен 
орын алып, рухани қазынасына айналды.
Қорыта айтқанда, ағылшын әдебиетінде романтизм ағымының негізін 
қалаушылардың бірі, арманы асқақ, өршіл ақын Джордж Байронның 
туындылары да асқақтығымен, нәзіктігімен, көркемдігімен, шынайылығымен 
ерекшеленеді. Оның бүкіл әлем оқырмандарын (оның ішінде қазақ 


276 
оқырмандары да бар) өзіне ынтықтырып, баурап алған туындылары бүгінгі 
күні де (200 жылдай бұрын жазылса да) өзектілігін жоғалтпай, әлем әдебиетінде 
ең құнды дүниелер қатарынан орын алып отыр. Орыстың көрнекті сыншысы 
Белинскийдің сөзімен түйіндесек, «Әрбір ұлы ақынның ұлылығының өзі-оның 
қасіреті мен қуанышы, қоғам өмірімен терең тамырлас болуында. Тап осындай 
өмірі де, шығармасы да тарихи-қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болған 
орасан зор ақын-Байрон». «Байрон лирикасы ашық аспанмен ұштасып жатқан 
жер жаһанымен тең» [Джорж Гордон Байрон «Избранное», Мәскеу, 
«Просвещение» баспасы, 1984 ж. 326-бет] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет