Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет79/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1997; 
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. Алматы, 1999. 
Кенжалиев З. Оқыту үдерісінде қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде құқықтық 
тәрбие беру әдістері. Ұлт тағылымы. №4. Алматы, 2010. – Б. 35-38. 
Кошаманова Г.А. О финансовых структурах государственной системы//Сборник научных 
статей МНК «Литературно-научный мир второго учителя мира аль-Фараби». Часть- I. 
Шымкент: ЮКГПУ. – 2020. – С.86-87. 
Галкин А.А., Котов В.Н., Красин Ю.А., Меньшиков С.М. Капитализм сегодня: Парадоксы 
развития. – М.: Мысль – 1989. – 315 с. 
 
ӘОЖ 
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
ОҚМПУ, PhD доктор А.П.Мыңбаева 
 
Резюме 
В статье рассматриваются вопросы благосостояния, труда, творчества, годы 
преподавания, педагогические взгляды общенационального лидера, общественного деятеля 
С. Кожанова. С. Кожанов гордость нашей нацией, который заботился о будущем нашей 
страны. 
 
Summary 


223 
The article deals with issues of well-being, labor, creativity, years of teaching, pedagogical views of 
the national leader, public figure S. Kozhanov. S. Kozhanov is the pride of our nation, who cared 
about the future of our country. 
Ұлтымыздың жанашыры болған қоғам қайраткеріміз, ағартушылық 
қызметпен де айналысқан ұлы тұлға Сұлтанбек Қожанов педагогтік қызметпен 
де айналысты. Қоғамдық-саяси жұмыстармен араласа жүріп, бала болашағы 
үшін алаңдап, ұстаздық қызметке де ден қойды. Осы орайда орта мектеп, 
кәсіптік оқу орындарында басшылық қызметте жүріп аянбай еткен аудармашы, 
публицист, ұстаз болды. Ұстаздық қызметінде ұйымдастырушылық қабілетпен 
көзге түскен жас ғалым, Қазақ-қырғыз институтының іргесін қалады.
Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист Қожанов Сұлтанбек 
1894 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында 
туған. Түркістандағы 4 сыныптық орыс-түзем бастауыш мектепті, 3 сыныптық 
қалалық мектепті, Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Саяси 
қызметін Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құрылған «Кеңес» 
атты астыртын жастар ұйымын құрудан бастаған. 1917 жылы көктемде 
Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге 
«Бірлік туы» газетін шығарды. Түркістан автономиясына қызу қолдаушылық 
танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың 
өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады. Өлкеде кеңестік билік 
тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. 
С.Қожанов жаңа заман амалына сай 1920 жылы коммунистік партия қатарына 
қабылданып, үлкен қызмет баспалдақтарынан өтеді. 1920-1924 жылдары 
Түркістан компартиясы ОК мүшесі, Түркістан орталық атқару комитеті 
төрағасының орынбасары, Түркістан республикасының ішкі істер халық 
комиссары, Халық ағарту халық комиссары, «Ақжол» газетінің редакторы 
болады. «Ақжол» – Түркістанның іргелі елдік газеті болды. Ол «Жаңа өріс» 
газетінен бастау алды. Газет 1920 жылы 7 желтоқсанда жарық көрді. Алғашқы 
редакторы – С.Қожанов қайраткердің беделі мен елшілдігі арқасында аз жылда 
мұнда М. Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, А. Байтасұлы, Б.Сүлейұлы, Т.Шонанұлы, 
Х.Болғанбай т.б. азаматтар топтасты. 1922 жылы Түркістан Алаш 
көшбасшыларының бірі, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 50 жылдық 
мерейтойын лайықты атап өтті. «Шолпан», «Сана» журналдары «Ақжол» 
бағытын ұстанды. Аталған басылымдарда С.Қожанов «Тоқпақ», «Тарпаң», 
«Замандас» деген бүркеншіктермен мақала жазып тұрды. «Ақжолда» шыққан 
Сұлтанбектің «Жақындық па, жалақорлық па?», «Қазақша сауық кеші», «Менің 
жауабым», «О литературном языке и терминологии» атты еңбектерінен 
қаламгерлік пен өткенді танудағы ұстаным, шығармашылдықты бағамдау, 
руханиятты қадірлеу айқын аңғарылады [1].
1921 жылы Халық ағарту комисары болып қызмет атқарған уақытында ұлттық 
мектептерді көбейтуді, ана тілінде білім беретін мекемелерді көбейтуді көздеді. 
Қазіргі таңда С.Қожановтың әлі де зерттелу үстіндегі шығармашылығы 
жайында біршама еңбектенуді қажет етеді. Ұстаздық жұмыстың алдында халық 


224 
комиссарының орынбасары болып та қызмет атқарды. 1921-1922 жылдары 
мектептер ашты. Осы уақыттарда қоғам қайраткері мынадай мәселелерге көңіл 
бөлді: жер мәселесі, оқу-ағарту, ұлт мәселесі. Сол кездегі қоғамдық 
жұмыстармен айналысып жүрген Ғ.Мұратбаев, Е.Кежебеков, С.Мұқанов, 
Ж.Арыстанов, З.Қоңыратбаев сынды жастарды демеп, қол ұшын созып, оқуға 
қабылдады.
С.Қожановтың өзіне тән басты қасиеттерінің үлгі боларлық жағы негізгі 
міндеттерін атқарумен қатар қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен 
байланыстырып отырды. Сонымен қатар А.Байтұрсыновтың мерейлі тойын 
ұйымдастырды, М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 
Осындай сүбелі оқиғалардың куәгері болып көптеген жұмыстар атқарды. Осы 
уақыттарда игі істерін атасақ, бастауыш сыныпқа арналған «Есептану құралы» 
атты оқулығы (1924) мен «Түркістанның Кеңестік Автономиясының он 
жылдығына» атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып жарияланды. 
Қайраткердің еңбектері бүгінгі күнге дейін маңызын жоймай, педагог-
ғалымдарға маңызды деректер ретінде де пайдаланып келеді.
Қазақ халқын ілім-білімге жетектеген Сұлтанбектің халық алдындағы
абыройлы тірлігі шындықты шырылдап айта білуінде, шындықтың ащысы мен 
тұщысының біршамасы білім беру саласына байланысты айтылды. Осы ретте 
С.Қожановтың ойларына, тұжырымдарына тереңнен қарап көрелік. 
Ол өзінің 1921 жылы «Ақ жол» газетінде жарияланған «Қармақшы мектебі» 
(№15.16.01.Тоқпақ) атты шағын ғана мақаласында ағарту саласындағы үлкен 
мәселелерді ортаға салады. Ашылғанына айдан астам уақыт өтсе де «...һешбір 
оқытылған оқу жоқ. Балалар келеді де тоңып-тоңып қайтып кетеді. Мұғалімдер 
болса, биылғы Шымкенттегі қысқа уақыттық курстан оқып шыққан «жігерлі» 
жастарымыз. Бұлардың қолдарындағы куәнамасы мен мұғалім деген аттары 
болмаса, бітірген істері, оқытқан оқулары шамалы» болып отырған мектептің, 
осы мектептің интернатындағы аянышты жағдайды аяусыз әшкерелейді. 
Мақалада аталған кемшіліктерге көз салынып, ол мектептердің де орыс 
мектептері секілді қатарға қосылуын талап етеді. Бұл кезеңде Халық ағарту 
комиссары қызметінде болған тұлғаның аталған мәселелерді жай көтермегені 
белгілі, тиісті шара қолданып, Қармақшы шәкірттерінің білім жолындағы 
кедергілері жойылды.
С.Қожанов ұлттық мектептер ашқан соң, бар күш-жігерін, осы мектептерде 
қалай білім берсек, алған білімдерін іс жүзінде қолданса дегендей, шаруа 
ғылымын үйрететін кәсіби еңбекке баулитын мектептерді ашуды да 
ойластырды. Оқуды ана тілінде жүргізуді міндеттеді. Біз бұдан қазіргі 
жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына XX ғасырдың басында-
ақ ел азаматтары, ұлт жанашырлары идея тастағанын байқаймыз. Яғни, бүгінгі 
таңда білім беру реформасына өзгеріс енгізу бәсекеге педагог даярлауды мақсат 
етті және тұлғаны өмірлік жағдаятқа бейімдеуді қарастырады. С.Қожановтың 
да айтпағы осы мәселе еді. ХХ ғасырдағы көтерілген тақырып әлі де өзекті. 
Дәлелді сөздермен айту үшін мына пікірді келтіруімізге болады: «Жас буын оқи 


225 
да алуы керек. Еңбектен қол үзбеу керек. Жұртқа жалпы еңбекке қатыса 
алатын, бәлкібасшы болып, бірге істесе алатын болып әзірлеуі керек. ...құрғақ 
білім, жатқа алған кітап, жатқа алған тілмен жұмыс бітпейді, жаңа дүние 
жасалмайды, мақсат орындалмайды, іс керек, істей білу керек». Айтпағы алған 
біліміңді іске жарат, нақты дағдыда ұлттық мүддесі үшін қолдана білуің керек 
дегенді [2,161]. Байқағанымыздай, қазіргі білім беру жүйесінде көптеген 
өзгерістер болды. Жоғарыда атап өткеніміздей білім беру мазмұны өзгертіліп, 
теориялық білімді практикамен ұштастырса, өмірде қолданса, алған білімі текке 
кетпесе деген мақсатпен жасалған жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
келеді.
Енді келесі мақала атауларына назар аударсақ. «Келешектің иесі – жастар, 
керектінің үлкені – оқу», «Жас буын – жаңа жұрт жолға түсіңіздер?», «Міндет 
ауырлады, шығу керек», «Ұлт мәселесі – іс мәселесі». Автордың қай еңбегін 
алсақ та сол кезеңдегі стиль мен Қожанов қолтаңбасы айқын көрініп тұр, 
көзбояушылық орнатып жүрген кісілерге қарата отырып, мақалаларымен 
түйрей келе сөзбен соққы беріп отырды. Халық арасында жүрген шала сауатты, 
атқамінерлерге «Ақ жол» газетінде [3] (№236, 2.11.1922) «Тоқпақ» деген 
псевдониммен жарияланған мақала көлемді. «Келесіні сөз қылғанда, келешекке 
әзірленуді сөз қылғанда, кімнің болса да көзде тұтатыны – жас буын»,-деп 
түсінетін автордың айтпақ басты ойы бүгінгі күнді ғана емес келешекті 
ойлайтын қоғамның басты тірегі жас буын деп ойлайды. Алайда сол ел үмітін 
ақтайды деп білетін жас өркеннің жағдайы қаламгердің баяндауынша: 
«басқалардан айырықша тұрмысы жайсыз, тәрбие ісі жөнсіз, барсыз, бассыз, 
оқусыз, білімсіз, һешкімді әзірліксіз қылып отырған қырғыз-қазақ еңбекші-
кедейлерінің жас буыны». Одан әрі аштық апатын тартып жатқан, сандалып 
жұмыссыз жүрген, балалығын байлауда өткізіп жатқан жас буынның 
келешегіне қатты алаңдаушылық білдіреді. Жастар жайын қозғағанда 
Қожановтың тағы бір назар аударған тұсы олардың білім алудағы бағытын да 
баяндап өтеді. Назар салайық: «Қырғыз-қазақ жастары оқу жайына келсек, 
мектеп жағына келсек: талапкер бар да - оқу жоқ, балалар бар да - кітап жоқ,
шәкірттер бар да – молда жоқ». Бұл жазылған ойлар тәуелсіз елімізде де әлі де 
айтылып келе жатқан сыни пікірлер деуге болады. Қаншама мықты қазақ 
жігіттер жұмыс таппай кезекте тұрғаны, босып жүргені, жастықпен бұзықтық 
жасап жүргені қаншама. Бұндай қорлықтан шығатын жолды автор былай деп 
көрсетеді: «...шет жұрттың зорлығынан тапқан құлдықтан құтылу үшін 
жастарды оқыту, тәрбиелеу керек». Құлдыққа түскен қазақтың жас өркеніне 
білім мен тәрбиені қатар беру арқылы бұл азаптан құтылуға болады деп білетін 
Қожановтың да, қазіргі қазақ қоғамының да ойы бір деп білеміз. Бір сөзбен 
айтқанда «Қырғыз-қазақтың сорына тышып келген надандық, білімсіздіктен» 
құтқаратын жол білім беру, бала оқыту екенін ертерек ұқты, жұртшылыққа да 
дер кезінде ескертті, бұл жайтты бүгін де нықтап айтсақ артық болмас. 


226 
А.Байтұрсыновтың «бастауыш сыныпта баланы ана тілімен оқыту керек» деген 
пікірін С.Қожанов қос қолын көтеріп қолдап, бала тек ана тілінде білім алу 
керектігін шегелеп айтты.
«– жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты 
қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек»,-деген өсиеті 
еріксіз еске түсе береді. Болашақты терең ойлаған, жеткіншек тәрбиесіне, білім 
беру саласына бей-жай қарай алмаған оның жоғарыда айтылған ойларын одан 
әрі тереңдете түсетін жазбалары «Қырғыз-қазақ институты һәм мектеп 
мәселесі» деген тақырыппен жарияланған еңбегінде де жалғасын тапқан. 
«Еуропалықтар мектебінде тәрбиеленіп, мұғалімдікке әзірленгендер қала 
тұрмысына жаттығып, қазақ тұрмысына жуыса алмай, үйкүшік ботадай тамды 
айналақтап жүр», бұл да ақиқат шындық, алайда Сұлтанбек Қожанов үміті 
келесі бір шәкірттерде: «Осы кемшіліктің бас емі қырғыз-қазақ институтының 
ішінен табылмақ. ...Ақиреттің тозағы мен намазға айдаудың орнына дүние 
тұрмысы, шаруа талабы жұртшылыққа бас-көз болып, ел ішіне сіңіп, елмен 
бірге жасап, көсемдік қылатын – ұлт мұғалімдері». Ташкент қаласында тұңғыш 
ашылған қырғыз-қазақ институтының түлектері жайында айтылған үміт пен 
сенімге толы қайраткер Қожанов үміті ақталды. Ұлт мұғалімдері жайында 
айтқанда алты алаштың ардақтысы, көзі тірісінде ұлт ұстазы атанған, Сұлтекең 
сынды қайраткердің үлгі-өнеге алған адамы Ұлы педагог Ахмет 
Байтұрсыновтың «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз 
керек», - дейтін аманатына адал болған Қожанов еңбегін бағамдадық. Ол бала 
оқытуды бір күн де назардан тыс қалдырмады. Бала – біздің болашағамыз 
дегенді үнемі есте ұстады. Қазақ поэзиясының падишасы, алаш ұранды 
әдебиеттің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың мұғалім туралы берген бағасы, 
оның қоғамдағы рөлі туралы айтқан пікірі де бүгінгі уақытпен жалғасын 
тапқандай. Сол кездің өзінде «Педагогика» (оның ішінде психология да жан-
жақты қамтылған) атты оқулық жазған ақын: «Еліміздің азғана жылдық ояну 
дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын 
мұғалімдікі» - деп қадап-ақ айтқан қағидасы бар екен. Бас ұстаз Ахаңның, ақын 
Мағжанның ұстаз жайлы айтқан қанатты ойын еске алып жатқан себебіміз, ұлт 
мектебінің жанашыры, жас ұрпаққа білім беруді бәрінен биік қойған 
Қожановтың еңбектері өлшеусіз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті жыл сайынғы халыққа
жасайтын Жолдауларында білім беру, мұғалім мәртебесі жайында да үнемі 
айтып, ескертіп отырады. Елбасының: «Бәрі де мектептен басталады. Біз мұғалім 
мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» (2005) дейтін 
үндеуі өткен ғасыр басында С.Қожанов бар өмірін арнаған ұстаздық өнер мен 
білім беру мәселесінің дәстүр сабақтастығын айқын көрсетіп бергендей.
Қазақстан жаңадан мемлекет болып, ел қатарлы өмір сүре бастаған кездерде 
отаршылдықтың салдарынан бұрындары қолға алынбай келген қыруар 
жұмыстарды басынан бастауына тура келді. Сондай жұмыстардың бірі ұлттық 
оқу-ағарту саласы болатын. Қазақ халқының жұрт қатарлы ел болып, қатарынан 


227 
қалмай, өзгеге құл болмай өмір сүруін қамтамасыз ететін саналы жастарды 
дайындау күн тәртібіне өткір қойылды. Міне, осы бір ұлттық ауқымдағы аса 
маңызды іске қазақ оқығандары түгелдей дерлік атсалысып, өздері атқарып 
жүрген жұмыстарын тоқтата тұрып, мектеп оқулықтарын жазуға кірісті. Ақын 
А.Байтұрсынов «Тіл құралын», «Әдебиеттанытқышты», ақын М.Жұмабаев 
«Педагогиканы», жазушы Ж.Аймауытов «Психологияны», ақын С.Сейфуллин 
«Қазақ 
әдебиетін», 
жазушы 
М.Әуезов 
«Әдебиет 
тарихын», 
теміржолшы М.Тынышбаев пен дәрігер С.Асфендияров «Қазақстан 
тарихын», т.б. жазуға мәжбүр болды. Міне осы кезде арифметика пәнінің 
қажеттілігін өтеу мақсатымен С.Қожанов орта мектепке арналған «Есептану 
құралы» (1924) атты оқулық жазды. С.Қожанов бұл саланы тереңнен игермесе 
де, зерттеуді қажет ететін нақты ғылым математика саласына да қалам 
тербеді. Көлемі 60 беттік оқу құралында ауылда өскен қазақ балаларына 
түсінікті тілмен қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарынан бастап, бастапқы 
математикалық ережелер түсіндірілген. Тілі – қарпайым. 4 амалған кеңінен 
түсінік берген. 
Сұлтанбек Қожановтың орта мектепке арналған «Есептану құралы» 
(1924) атты оқулығының мазмұны жайында толығырақ түсінік бергенді жөн 
санадық. Қазақ білім комиссиясы мақұлдаған, Орта Азия мемлекеттік баспасөз 
тарау мекемесінің бақылау мекемесінің қолдауымен Ташкент қаласында жарық 
көрген оқулық. Бұл оқулық Кеңес дәуіріндегі ана тілімізде жарық көрген 
алғашқы еңбектердің біріне жатады. Осы күнгі жарыққа шығып жатқан 
кітаптардың бәрі, оның ішінде бұл 1-інші бөлім есеп құралы да мінсіз, ешбір 
сыны жоқ деп айта алмаймыз. Бұлардың кемшілігін кеңде отырып, толық 
ажыратып болмайды. Қай жері олқы, қай жері кем екені іс жүзінде сыналмақ, 
жақсы-жаманын ажыратушы – бұл құралдармен қолданушы мұғалім 
жолдастарымыз болмақ»,-деп атап көрсетеді. Кітап негізінен алғанда келесі 
тақырыптар негізінде дайындалған, олардың реті төмендегідей: Санақ. Түрлі 
цифрлар. Қосу амалы. Кеміту амалы. Есеп амалдарының белгілері Һәм 
есептануда қолданылатын басқа белгілер. Көбейту амалы.
Түйіндей келе, ұлт болашағын ойлаған қоғам қайраткері, алты алаштың 
жанашыры С.Қожановтың елі үшін жасаған еңбектерін жас ұрпаққа айтып беру, 
ел алдындағы сол үшін жанын пида еткен ұзақ та мағыналы ұстаздық сапарын 
қазіргі тәуелсіздік таңымен бірге есейіп келе жатқан жас жеткіншектерге үлгі-
өнеге етіп баяндау біздің міндетіміз саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет