Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет148/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

қойдың басы
 төрде отырған Акбардың алдына тартылған. Ол 
мұндайды өмірі көрмесе керек, қорыққан адамдай үдірейіп, кейін шегініп 


408 
кетті. Лаураны тілмаштыққа пайдаланып, онымен де біраз сөйлесуге тура 
келді.
− Мынау 
қойдың басы
, – деді Ақжан оған түсіндіріп. – 
Біздің халқымыз ең 
құрметті қонағының алдына осылай бас тартады.
− Мен құрметті қонақ емеспін ғой. Бар болғаны біздің жас ханымның 
қызметшісімін. Ондай жағдайда басты ханымның өзі ұстауы керек, – деп 
Акбар оны Лаураның алдына жылжытты
(Қ. Жұмаділов. Атамекен)
Байқап отырғанымыздай, Сирия елінен келген кісі қазақ халқының салт- 
дәстүрінен, қазақ мәдениетінен хабарсыз, оған сәйкес аялық білімі жоқ, сол 
себепті қойдың басы онда дұрыс ассоциация тудырмай отыр. Ол қазақтың 
сыйлы қонағына бас тартатынын да, оны әйел баласына ұсынбайтынын да 
білмейді [4].
Т.Ахтанов романдарында ұлттық дүниетанымды көрсететін тілдік құралдар мол 
қолданылған. Солардың бірі 
– 
ұлттық салт-дәстүрлердің жазушы 
шығармаларындағы тілдік көрінісі болып табылады. Т.Ахтанов романдарында 
қан майданның ортасында да қазақ өнері – ән-күйі ешқашан ұмтылған жоқ 
деген тұжырымдамасымен қатар, жиын-терін болған жерде ұлттық әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрлерді шығарма мазмұнына енгізіп, көркем шығармаларының ұлттық 
нышанын сақтап отырады.
Мысалы, 
«Вагонға қыздар келгесін жауынгерлер тіпті жайдары болып кетті.
− Ал, кәне қонақ кәде беріңіздер! Ән салыңыздар! – деп жармасты Бөрібай 
қыздарға.
− Келмей жатып қонаққа қолқа салған қай атаңнан қалып еді? Алдымен 
қонақтарға сый-құрметін ұсынар болар, − деп Қартбай оны тойтарып, 
Кәрібайға бұрылды.
− Жігітім, кәнекей, сен жол баста. Көрсет өнеріңді осындайда» 
(Қаһарлы 
күндер). 
Жоғарыдағы мәтінде қазақтың «қонақ кәде» салты жайлы ақпарат берілген. 
Бірінші ақпарат – жиынға сырттан кешігіп келген қонақ қыздардан «қонақ 
кәде» сұрауы, екінші ақпарат – қонаққа келісімен қолқа салмайтын қазақ 
дәстүрі, үшіншіден – келген қонаққа алдымен іште отырғандардың сый-құрмет 
көрсетуі. Осы үш түрлі ақпарат жоғарыда берілген шағын мәтінде көрініс 
табады. 
Қонақ бейнесін сипаттау барысында әр халықта ұлттық-мәдени тұрмыстың 
әртүрлі болуына байланысты бірегей лексемалардың қолданылуымен 
ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, қазақтарда қонақ ұлттық киім – шапанымен, 
ағылшын – смокингімен, орыс пимасымен суреттеледі. 
«Қонақжайлылық» концептісінің келесі бір белгісі – қонақ күтетін бөлменің 
сипаттамасы. Қазақ тіліндегі көркем мәтінде «қонақ бөлме» атты лексема жиі 
қолданылады, алайда оның сипаттамасы аз беріледі. Бірақ қонақ бөлмені 
қонақтарға арнап дайындау көрінісі жиі беріледі. Қонақ бөлмені тазалау, жаңа 
көрпелер төсеу, жаңа кілем төсеу, мол тамақ әзірлеу, «алыңыздар, ауыз 
тиіңіздер» деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. 


409 
 Анадай жерге сегіз қанат ақ отау тігіліп, іші кілем, киіз, алаша, көрпе, 
жастық, тұс киізбен безелді
(Ж.Аймауытов. Ақбілек). 
Сыйлы қонақтарына неше түрлі асыл көрпелерді төсеп, бір-бір ақ жастықты 
шынтағына беріпті, Құсайын бай шертиіп, дүниенің тұтқасы бір өзінің 
қолында секілденіп, оқта-санда бір кекіріп, шайын ұрттай түседі 
(Б.Майлин. 
Ауыл). 
Қонақта болғанда, қонақ күткенде халықтың ментальдығы көзге түседі.
Қазақтарда – ұжымшылдық, ағылшындарда – жекелік, орыстарда – 
салыстырмалы жекелік басым болады.
Ағылшын, орыс көркем мәтіндерінде кездесетін әйелдерді жеке бөлмелеріне 
шығарып салу, «қонақтар өз бөлмелеріне тарап кетті, күнін өз бөлмесінде 
құлыптап алып өткізді» сияқты мағынадағы тіркестерді қазақ халқының қонақ 
күту әдебінде жиі кездестіре алмайсыз.
Өз кезегінде қонақжайлылықтың ұлттық санадағы негізгі түсініктеріне 
келесілер жатады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет