Әдебиеттер
Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. – Астана Е.Ұ.У.2006-191б.
Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. – М., 1973-
182с
401
ӘОЖ 130.2:(574+16)
МӘДЕНИ СҰХБАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Арынғазиева Б.Б. – филос.ғ.к., профессор м.а.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Резюме
Статья посвящена культуре проведения диалога как важнейшего фактора развития
современного общества. В данном случае диалог рассматривается как философский
феномен.
Summary
The article is devoted to culture of dialogue as the most important factor of modern society
development. In this case the dialogue is examined as philosophical phenomenon.
Диалог (сұхбат) сөзінің шыққан тегі – көне грек тілі. Алғашқы мағынасында
диалог – екі адамның сұхбаты деген мазмұнға ие болған. Кейінірек, диалог –
кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде
түсіндірілетін болды. Осы орайда, көне грек философы Сократтың өзін
қоршаған дос-жарандары, шәкірттері тіпті дұшпандарымен пікір-талас ретінде
өткізетін әңгімелесу стилін еске алсақ, онда ешбір кемсіту, мұқату, өзінің
басқалардан ақылының көптігін алға тарту деген жоқ. Бұл әңгімелесу
барысында жасы үлкен немесе лазауымы жоғары адам емес, ойлау қабілеті
жоғары, ақыл-парасаты биік адам құрметке ие болады. Адамдар қарым-
қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын
ұлы күш екендігін аңғарған түңғыш философ Сократ болды.
Адамдардың бірге отырып ізденуінің, сұхбаттаса отырып сұрау салысуының
барысында ғана ақиқатқа, шындыққа қол жеткізуіне болады. Осыны анық ұққан
Сократ өз әңгімелесуін шынайы қарым-қатынасқа, сұхбатқа айналдырды.
Сұхбаттың мүмкіншілігін адам баласының табиғатынан іздестіру керек. Адам
санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен
қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас
оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті,
физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың
диалогтық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын
сана – мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Бәрімізге, мидың
қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос
әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни, біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы
үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке
негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о
бастан (іштен туа) диалогты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса
өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек.
Көпшілікке белгілі, диалог ұғымына философиялық салмақ беріп, оны шынайы
категорияға айналдырған неміс философы М.Бебер (1864-1920) болды. Ол
диалогтың орын алуына мүмкіншілік тудыратын «Сен», «Басқа» концепциясын
философияда түбегейлі орнықтырып барып, диалог мәселесін көтеріп, оның
болмыстық мәнін көрсете білді. «Әлемде болып жатқан оқиғалардың,
402
табиғаттағы орын алған құбылыстардың бәрін де мен – өзіме бағышталған,
өзімнен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай
позицияда ғана диалогта болу мүмкіншілігім бар» [1, 481 б.] – деген М.Бубер
сұхбаттың мынадай үш түрін көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |