400
И.Репин атындағы көркемөнер академиясының профессоры, Ресей
Федерациясына еңбегі сіңген өнер қайраткері , Ресей суретшілер одағының
мүшесі, суретші-кескіндемеші И.Рейхет «мен өмірімде суретші боламын
армандаған емеспін, математика факультетін бітіріп соғысқа аттандым. Майдан
даласында суретшімен жолдас болып, сурет салу өнеріне қызығушылығым
содан басталды» деп өзінің бейнелеу өнеріне қалай келгенін естіген
болатынмын. Міне, сондықтан да сурет салуға қабілеті төмен оқушыға
үйретудің қажеті болмас деген түсініктің ғылыми негізі жоқ деп түсінемін.
Бейнелеу өнерін орта білім беру ұйымында толық меңгеріп алуға мүмкіндік бар
екендігін біздің жүргізген ілкімді ізденіс, ғылыми жұмыстарымыз айғақтап
берді. Тілге тиек етер бір жәйт орта білім беру ұйымдарында бейнелеу өнерін
оқыту барысында арнайы кәсіпқой суретшілерді дайындамайды, екіншіден
ондай міндетті мектеп деңгейінде шешуге мүмкіншілік жоқ екендігін естен
шығармауымыз керек. Еліміз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің
дайындық жұмыстары аясында бейнелеу өнерін оқытудың жаңа бағдарламасын
шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда беру ұйымдарында бейнелеу өнері сабағы
пән ретінде жүргізілмей, маңыздылығын жойғаны өкінішті әрине. Көркемдік
тәрбие беруде бейнелеу өнерінің тағы бір басты атқаратын міндеті – ол әрбір
оқушының бойына біткен қабілетін дамыту, қолдау көрсету, өмірде өз жолын
табуға үлкен септігін тигізу.
«Айтпаса сөздің атасы өледі» дегендей үш дүркін Кеңес Одағының батыры,
ұшқыш Иван Кожедуб мектеп қабырғасында білім ала жүріп, бейнелеу өнері
сабағы ықпалының нәтижесін тілге тиек ете кеткен. Сурет салу қабілетінің
жоғары
болуынан,
көру
қабілеті
мен
көз
өлшемдерінің
жақсы
қалыптасқандының нәтижесінде көп көмек тигенін үнемі айта жүретін. Әйгілі
авиконструктор А.С.Яковлев өзінің жазба деректерінде: «Мен тағы бір нәрсе
үшін мектепке дән ризамын, онда сурет салу жақсы жолға қойылған. Сурет
салуға қабілетімді ашқаным, маған болашақтағы өміріме көп көмегін тигізді»
деп естеліктер қалдырғанын тарих беттерінен кездестіресің. Инженер-
конструктор өз ісін алға сүйреуді ойластырған кезде егжей-тегжейлі қағаз
бетіне түсіре білу тиіс екендігі белгілі. Атақты гоеграф А.Половкин
«География және сурет салу» деп үлкен еңбекті өмірге әкелген. Сондықтан да
бейнелеу өнері әрбір адамзаттың сезіміне, қиялына қанат бітіріп, қарқынды
дамып келе жатқан технологияға да пайдасын әкеледі.
Қорыта айтқанда бейнелеу өнерін оқыту тәрбие мен оқытудың тұтастай
бірлігін, педагогикалық құндылығын арттырады. Сурет сала отырып, табиғат
ерекшеліктерін, құбылыстарын терең тани отырып, салған туындысын немесе
заттың формасын жете түсіну арқылы баланың ойлау қабілеті жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: