Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет146/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

адамзаттық игілік
болып 
табылатындықтан, Ұлы жібек жолы да тіпті өзінің о бастағы экономикалық
сауда-саттық мәнін жойса да әлемдік мәдениеттің бірегей құбылысы деп айта 
аламыз. Бүгінде, ғаламдық мәдени тұтастықтың кең өріс алуы жағдайында 
белгілі бір мәдени жетістіктер дүние жүзіне кеңінен таралуда. Ендеше, біз 
әлемдік гуманистік құндылықтар дамуына жаңа кезеңіне өткенімізді 
мойындауымыз керек. Қазіргі әлемде адамзаттық жаңа рухани бағдарларын 
қалыптастыру, дамудың жаңа жолын іздестіру жүріп жатыр. Осы ізденіс ішінде 
бейбітшілік мәдениеті, келісім және сұхбат – ең тиімді әрі болашағы бар жол 
болып табылады. Егер, неміс ойшылы Иоганн Вольфганг фон Гёте өмірінің 
соңында әрбір ақыл-есі бүтін жан либералшыл болу керек десе, бүгінгі оның 
ойын былай аударуға болар еді: бүгінде кімде кім өзін есінен алжаспағанмын 
деп сезінсе, ол төзімді, бейбітшілік сүйгіш болуы тиіс. Жаңа дүниетанымдық 
бағдардың алғышарттары бүгіннің өзінде жасалу үстінде, ал, олардың қоғамдық 
пікірде орнығуы баршамыздың адамгершілік жауапкершілігіміздің көрсеткіші. 
Өйткені, бізбен және біздің әлемде болып жатқан барлық оқиғалар үшін тек 
біздің өзіміз ғана жауаптымыз. Сонымен бірге, адамдар қауымдастығында 
әртүрлі жаңа байланыс түрлері, ақпаратты сақтау және тарату жолдары пайда 
болып, адамзат тарихы көз алдымызда келелі тарихқа айналып отыр. Бұның өзі 
жағымсыз қырынан белгілі техниканың тартымды тұстарымен тығыз 
байланысты процестер. Бұрынғы жеке дарашыл, өз алдына бөлектенген күйден 
адамзат қай тұсынан алып қарасаң да біртұтас күйге ауысып келеді. Ол 


404 
дегеніміз, адамзаттың сұхбатқа үйренуін талап ететін жай. Сондықтан, тек өз 
құндылықтарың мен мәдениетіңді ғана абсолюттеп, басқаларға мүсіркей қарау 
сынды көзқарастардан, әртүрлі европа-, американо-, африканоцентризмдерден 
айырылу қажет. Осы мәселені Қазақстанда терең зерттеген белгілі философ 
А.Т.Құлсариеваның бағалауы бойынша, «сұхбат» ұғымын заманымыздың ақ 
желкені, туы десек асыра айтпаймыз, өйткені, «сұхбат» сөзі соңғы кезде кең 
пайдаланылып жүр. Ол туралы саяси бағдарламалардан, ғылыми еңбектерден, 
білім беру жайындағы пікір-таластардан және т.б. естиміз. Қазіргі мәдениетте 
сұхбат құбылысы (феномені) қоғамдық-әлеуметтік тәжірибе саласында көп 
назарға ие болып жүр, оның басты себебі, сұхбат сол салада көптеп кездесетін 
мәселелерді оң шешудің құралы болып табылады. Әсіресе бүгінгі қоғамдық 
өмірдің тұрақсыз жағдай-күйінде сұхбат тақырыбы тікелей қақтығыс, жан-
жалдарды (ұлттық, діни, мәдени-өркениеттік) болдырмау әрі алдын алу және 
шешумен тығыз байланысты [3, 81 б.]. Біздің көз алдымызда жалпы мәдени, 
дүниетанымдық парадигманың өзгерісі жүріп жатыр, оны өзіндік бір 
«концептуалды революция» деуге болады. Оның мәні дәстүрлі және 
модернистік пайымдау шегінен шығып, жаңа сұхбаттылық принципін 
қалыптастырумен 
байланысты. 
Сұхбат 
(диалог) 
дегеніміз 
не? 
А.Т.Құлсариеваның анықтамасында, «диалог» сөзі этимологиясы бойынша 
көне грек тілінің «
dialego
» – екі адамның әңгімесі, сұхбаты дегенді білдіретін 
сөзге барып тіреледі. Диалогтың көп түрлі анықтамаларының ішінде оны ой 
алмасу немесе адамдардың өзара бірлескен ой қызметінің тәсілі дегенді де 
ертеден кездестіреміз. Соңғы уақытқа дейін диалог сөзі екі немесе бірнеше 
кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби шығарманың және де драмалық 
әрекеттің құрамдас бөлігі ретіндегі адамдардың сұхбаты деп түсіндіріліп келді. 
Бүгінде бұл сөздің мәні мен мағынасы көп кеңейді. Диалогты кең пайымдау 
арқасында ол адам мәдениетінің даму формасы болып қарастырылады. Бұдан 
лингвистикалық терминнің сол лингвистика саласынан тысқары жатқан 
аймаққа енуін көріп, ұғымның эвристикалық қуатының молшылығын 
байқаймыз. Диалог ұғымының өзі диалогты. Әрбір диалог өз алдына түсіну де, 
араласу да, адам экзистенциясының «тіршілігінің» құбылысы да. Диалогтың 
маңызды қасиеті оның қарым-қатынасқа негізделгендігінде. Қатынасқа түсу – 
шынайы адами құндылық. М.Бахтин айтпақшы, «Адамның өзіндік болмысы 
(ішкі және сыртқы) түгелдей дерлік қарым-қатынастан тұрады. Болу дегеніміз – 
қатынаста болу дегенді түсіндіреді» [4, 312 б.]. Өзінің жанының терең 
түкпірінде қатынасқа ықыласты болып жаратылған адамзат баласы өзін 
толығымен тек араласу, байланысу процесінде ғана жүзеге асырады, яғни, 
бірлесе – тіршілік ету, бірлесе – шығармашылық туындату және т.б. сынды 
бірлік сипатында адам адамдық кейпін ашады. Сұхбат – адамдар қарым-
қатынасының түп тамыры. Сұхбат идеясы қос түрлі саналар кездесуі идеясы, 
қос түрлі мәдени әлемдер байланысы идеясы. Әрбір мәдениет өз алдына бір-бір 
дүние, олар бір-бірімен толық сіңісіп кете алмайды, өйткені, олардың 
әрқайсысы осы әлемде соған ғана «бөліп берілген» өзіндік орнына ие. Диалог 


405 
әлемі, біріншіден, сұхбаттанушы жақтардың біртуарлығына; екіншіден, 
сұхбаттанушылардың өздерінің Болмыстағы бірегей орнының барлығына және 
ол орынды одан басқа ешкімнің баса алмайтындығын білуіне иек артады. 
Диалог тек тепе-тең сұхбатттаушылар позициясы бар жағдайда ғана, өздерінің 
әр түрлігімен маңызды көзқарастар айта алар жағдайда ғана шынайы мүмкін 
болады. 
Қазіргі заман жағдайларында болашақ өркениет жалпыпланеталық болып 
сипатталуы тиіс. Өзгеше айтқанда, «үшінші әлемдегі» кедей, бірақ, ақпаратты 
елдердің тұрғындары бай туысқандарының жағдайымен ұзақ уақыт келіспеуі 
мүмкін және байлар одан сайын бай болатын, ал, кедейлер одан сайын кедей 
болатын әлемдік тәртіпті қайта құруға тырысады. Сонымен бірге, дамымаған 
«елдердің саны орташа айлық жалақысы тұлғаларға жеткіліксіз болып 
табылатын көптеген постсоциалистік мемлекеттермен толған. Осы теорияға 
қатысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мынадай қызық пікір айтқан: «...Қазіргі 
заманның жүрісі «вестернизацияның», сондай-ақ, ымырашылдықтың бүкіл 
әлемдік жеңісін білдірмейді. Бүкіл әлемдік либералдылық моделінің 
схематизмі Батыс Еуропалық және Солтүстік Америкалық өркениеттің бірегей, 
баға жетпес тәжірибесі, оның жеке тұлғаларының көпсанды кездейсоқтарымен, 
ауытқуларымен, шапағаттарымен, тарихи, нақты тәжірибе сияқты емес бір 
уақыттан тыс модель ретінде ұғынылады» [5, 257 б.]. Осы пікірдің 
маңыздылығы: бір-бірімізді дұрыс түсініп, дұрыс көзқараспен қарау үшін ақ 
ниетпен өткізілетін діни-мәдени сұхбат (диалог) керек. А.Т.Құлсариева бұл 
жайлы мынадай өте дұрыс пікір айтқан: «Батыс пен Шығыстың қосарлы ықпал 
аймағында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен діндер сұхбаты 
идеясының берері мол. Сұхбат ықпалы аймағында орналасқан Қазақстанның 
елі үшін сұхбаттылық, адамдар арасындағы сыйластық өмір салты болып 
кеткен. Олар үшін құқықтық та, қара күш те адамдар бірлестігінің негізі бола 
алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар – сұхбатты қалыптастырушы 
сүйіспеншілік, төзімділік, мәміле – келісім болып табылады» [6, 57- 58 бб.]. 
Өмірдің онтологиялық (болмыстық) мінездемесі – оның диалогтығында. Ал, 
диалог тек «Мен» және «Басқа» арасында ғана мүмкін. Бірін-бірі бағалау 
мүмкіншілігі, немесе, құндылық қарым-қатынас тек «Мен» және «Сен», «Мен» 
және «Басқа» болған тұста ғана кездеседі. Өйткені, мен өзімді-өзім бағалай 
алмаймын принципиалды түрде (көздің өзін-өзі көру мүмкіншілігінің жоқтығы 
сияқты). Оның үстіне, ХХІ ғасыр адамзат баласы үшін жойқын пессимистік 
сарынмен басталды. «Мәдениет» пен «өркениет» арасындағы «алшақтық» ұлғая 
түсті. Адамның материалдық және рухани өмірінің формаларының ырғағы, 
амплитудасы бір-біріне сай келмей, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келуге дейін 
барып қалды. Өмірдің барлық формалары қасиетсіздене (десакрализация) 
бастады. Бәрін танып білемін, бәрі менің ақылыма тәуелді деген жерден заңды 
түрде қасиет, аруақ, киелілік, құпия кетуі орынды. Ешқандай мәдениет жалғыз 
басты емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттермен байланыса отырып тіршілік 
етеді, әрі, соның нәтижесінде жетістіктерге жетеді. Дегенмен, мәдениеттің мән-


406 
мағыналарының, идеяларының өз мүмкіншіліктерін пайдаланып бітуінің 
нәтижесінде мәдени деградация, мәдени құлдырау процесі басталады. Бұл 
өмірді ұғыну мен түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет 
береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың 
әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет