407
«Қонақжайлылық» концептісіндегі таңдаған ұстанымымызға сәйкес, оның
мазмұны мен құрылымын шектейміз. З.Д.Попова и А.И.Стернин бұны былайша
түсіндіреді: «Концепт мазмұны концептуалданатын
зат немесе құбылыстың
жекелеген қасиеттерін білдіретін белгілерден түзілген және осы белгілердің
жиынтығы ретінде сипатталады. Концептінің мазмұны іштей өріс принципімен
реттелген – ядро, жақын, алыс және шеткі периферия. Мазмұнның белгілі бір
аймағына жататыны ең алдымен, тиісті концептіні
ұстанушы санасындағы
белгінің ашықтығымен айқындалады. Сипаттама ядродан периферияға
белгілерді олардың ашықтығының төмендеу мөлшеріне байланысты
санамалау арқылы жүзеге асады» [2, 81].
«Концепт құрылымы концепт құрайтын түрлі когнитивті табиғатты базалық
құрылымдық компоненттерден –
сезімтал бейне, ақпараттық мазмұн және
интерпретациялық өрістен тұрады және концептінің осы құрылымдық
компоненттеріне тиесілі когнитивті белгілерді санамалау арқылы сипатталады»
[2, 81].
Демек, «қонақжайлылық» концептісі концептуалды болып табылады және
оның мазмұны мен құрылымын бөлуден тұрады. Бірінші кезең –
мазмұнды
талдау. Ол қарастырылып отырған тілдің лексикалық жүйелерінде ұсынылған
концептінің толық көлемін анықтаудан тұрады.
Концептінің ядросына дәстүрге сай арақатынас орнатушы лексеманың сөздік
дефинициясы жатады. Ондай формалардың біріне көркем мәтін жатады.
Осымен байланысты «қонақжайлылық» концептісінің әлеуметтік лингвомәдени
белгісін толық және жан-жақты ашу үшін көркем мәтін зерттеу нысаны ретінде
алынды. Көркем мәтінде рухани-құнды көзқарастар ғана емес,
адамның жан
дүниесіне қатысты қасиеттер толыққанды бой көрсетеді. Өз кезегінде
«қонақжайлылық» концептісін көркем мәтін аясында талдауды келесі белгілері
бойынша өткізу керек:
1) бірегей лексемалар;
2) қонақжайлылыққа қатысушылардың бір-біріне әдепті, сыпайы қарым-
қатынасы;
3) қонақжайлылық атмосферасын сипаттаушы лексемалар;
4) адам бейнесін сипаттау тәсілдері;
5) қонаққа шақыру әдептері;
6) қонақ күтетін бөлменің сипаттамасы;
7) қонақтарды дәммен сыйлау және күту [3, 10].
Бірегей лексемалар бағытында қарастырылатын объектілер
белгілі бір елдің
немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын
көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек.
Мысалы;
Үзілістен кейін дастарқанға үйеме табақ ет келді. Жеке тарелкаға
салынған
Достарыңызбен бөлісу: