565
Әлеуметтік педагог мектепте оқушылардың әлеуметтік және мамандық алуда
өзін-өзі
дамуына жағдай жасайды, педагогтар мен ата-аналардың негізгі
гуманизмдік қағидаларға қарай іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Мектептегі әлеуметтік педагогтsң негізгі нысаны - баланың құқығын қорғау,
баланың дамуына жағдай жасау, жанұя мен мектептің арасындағы байланыс
пен әріптестік қатынасты жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен,
салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылар мен, олардың ата-
аналарымен өзара байланысқа түседі.
Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған
мақсаты бойынша мемлекеттік
басқарушы органдармен, қоғамдық ұжымдармен, 16 жасқа дейінгі, яғни
оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс құрады; білім
беру бөлімінде педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік
өкілдерімен және жанұямен балаларды әлуметтік қорғау қызметтік орындармен
байланыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол
әлеуметтік
педагогтың жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне,
өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.
Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
- табиғилық - айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне
қабілетті;
- мейірімділік - мейірімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға
мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;
- эмпатия - әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған
жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң көзқараспен қарау;
- ақ жарқын - өз ойы мен сезімін ашық айтып,
оны әңгімелесушіге дұрыс
жеткізе білу;
- кішіпейіл - жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қатынаста болу;
- нақтылық - қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары мыналар:
Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:
- шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің
арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;
- білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;
- барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады,
оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі.
Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған - негізделген қағидасы:
- жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;
- мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;
- оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.
Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы:
- баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;
566
- әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру;
Ұқыптылық - сақтық қағидасы:
- қарым-қатынаста ашық қатынас орнату;
- алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу;
- ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы
кәсіпшілік құпияларды сақтау.
Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері
оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай
функцияларды атқарады.
1. Аналитикалық диагностикалық:
- әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық
өмір қызметін үйренеді;
- жасөспірімдер мен баланың девиантты
мінез-құлқының себептерін
қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.
2. Жобалау:
- бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға
процесіне бағдарлау және жобалау;
- тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын
анықтау;
- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп
жоспарлау.
3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді
пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар,
мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;
- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;
- әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар
болу;
- жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-
қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге
жеке тұлғалық және олардың
үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.
4. Коррекциялы :
- балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер
ететін тәрбиенің барлық түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.
Қорыта келе, өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке
тұлғалық қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге
дайындау тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі шарттары болып табылады деуге
болады.
Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды
қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз
қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, БҰҰ «Балалардың
құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да
нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.