91
Жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бүгінгі күнде де өз өзектілігін
бүгінгі күнде де жоғалтқан жоқ. Шығармада бар жүк Ерғабыл шалдың ішкі жан
таласы, іс-әрекеттері, өзгелермен қарым қатынасы арқылы баяндалады. Әке
арманы жоғарыдағы шығармалар сияқты баласы Сапарбекті тосып отыратын,
оны жақсы көретін әке образына құралған. Әңгімеде ұлттық болмыстан
айрылып, жер жаһанды кезіп, табысты өмір сүріп жүрген жалғыз баласының
өмірі әке үшін мақтаныш емес. Омырауы ашық киініп, орысша сөйлейтін, қазақ
келіндеріне тін биязылықтан таса қалған келіні Томаға да, қазақша сөз
түсінбейтін немересіне де шалдың көңілі толмайды. Ерғабыл шал үшін қара
шаңырақтың түтінін өшірмей, ата-ана алдындағы борышын өтеген бала ғана
мақтаныш. Ауыл адамдарына әңгіме айтып көсіле сөйлеген баласының сөзін
зеки тиып, дастархан басында домыбыра тартқызуы, кетерінде баласын тастап
кетуге қимаған ұлына «Алып кет өзіңмен бірге, оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп
шығар!» деп түнере сөз айтуында да шалдың баласына деген наразылығы сезіліп
отыр. Ерғабыл шал ұлттық болмысты сақтап қалушы тұлға. Тура Улуғбек
Хамдамның «Әке» романындағы иманы мен ата салтын бекем ұстап қалуды
көксеген, тіпті соның жолында өз қызының жанын қиған Полат қарттың бейнесін
ұқсатуға болады. Сонымен қатар, Сапабек әкесі үшін парыз, қарыз деген
ұғымдарды түсінбейтін бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін бала. Жоғарыдағы
кейіпкерлер ұрпақ үшін жан таласса, «Қонақтар» әңгімесінде үмітті ақтамаған
ұрпақ тағдыры суреттеледі.
Екі туындыда да көтерілген тақырып өте ауыр. Өзбек романында қарт әеесі
мен шешесіне ұрпақ силағысы келген, нәзікжанды Севинчтің әкесінен жасырып
балалы болғаны айып болса, «Қонақтар» әңгімесінде заман ағымынан артта
қалғысы келмейтін білім мен іздесінсе талпынған Сапабек орбраздары
суреттеледі. Екі туынды да ұқсас бір жайт бар. Екі перзенттің де ортақ мәселесі,
әкелеріне өз қалауларын, армандарын ашық-айқын айтып жеткізе алмауында.
Сөйлесулерден қашуында немесе сескенуінде. Мүмкін бұған заман ағымы кінәлі
де шығар. Өйткені, ол замандарда адам психологиясын зерттеу болған доқ.
Әркім махаббаттты қалай түсінсе, солай жеткізіп отырды.
Мүмкін, ұрпақ тәрбиесіне келгенде
Достарыңызбен бөлісу: