***
Ж.Аймауытов шығармашылығында нашар дүние жоқ, бәрі де ұлт
мүддесінен және заман талабынан туған еңбектер, бірақ біздің тақырыбымыз
үшін жазушының «Ақбілек» романы мен «Күнікейдің жазығы» аталатын повесін
салыстыра талдау маңызды. Сонымен бірге бұл екі шығарманың жазылуы
уақыты бір–біріне жақын, «Ақбілек» 1927 жылы жазылса, «Күнікейдің жазығы»
1928-дің соңы 1929-шы жылдың басында жазылды.
«Күнікейдің жазығы» туралы Ж.Аймауытов тақырыбында жазып жүрген
мамандардың арасында қазіргі күні екі түрлі көзқарас бар. Бірі Күнікейді
98
ақтайды. Олардың пікірінше: «кедей қызы Күнікей
–
өз теңдігін қорғаған, жалпы
ескілікке, көшпелі, жадағай тұрмыс тудырған әдет-салтқа қарсы күрескен, сол
қорлық итермелеп ұзатылған адамынан қашып, сүйген жігітінің құшағына
ұмтылған қазақтың кекті қызының» бейнесі. Сыншылардың ұйғарымы
бойынша, «Күнікейдің жазығы» повесінің тақырыбы
–
әйел тағдыры. «Жазушы
қазақ әйелі теңдікке жетіп болған жоқ, оған деген көзқарас өзгермеген, елдің ескі
тұрмысы, ұғымы әлі де қолбайлау болып, аяқты шырмап жатыр деген ойға
тірейді» дегенді екі сыншының бірі жазады. Екіншісі
–
Күнікейді жазғыратын
көзқарас. Ол атастырылған адамын мойындамай, некені бұзып өзгеге берілген,
мораль тұрғысынан сын көтермейтін әйел. Күнікейдің әңгіменің соңында
жалғыздан-жалғыз қараңғы үйде қамалып, аурудан күйзеліп, суықтан тоңып,
аштықтан қатып жатуы да
–
Құдай тағаланың оған берген жазасы-мыс.
Шын мәнінде бұл көзқарастар өте үстірт деп есептейміз. Оның басты
себебі сыншылар ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызын
өздерінің советтік өлшегіштеріне, таразыларына салған.
Енді мына мәселені қарайық. «Күнікейдің жазығы» 1928 жылдың соңында,
1929 жылдың басында «Жаңа әдебиет» журналында үлкен қиындықтармен,
қауіппен жарық көрді. Жазушы өз щығармасын аяқталар-аяқтамаста басылымға
беріп отырғаны ақиқат. Бұл редакцияның қоржынында жатып қалған шығарма
деп айтуға болмайды. Жалпы шығарма аяқталмай қалған дүние, не жазушы
шығарманы аяқтауға асығып, шолақ қайырған.
Мүмкін автордың дәстүрлі қазақ өмірін мысалға ала отырып үлкен
панорама жасау жоспары болған шығар, бірақ саяси оқиғалар оған мүмкіндік
бермегені анық. Сол себептен автор шығарманың негізгі кейіпкерін сол қалпы,
тіпті аттарын да өзгертпей кіргізе салған. Оқиға Ордабай атты байдың ауылында
өрістейді. Ордабай Жүсіпбектің өз ағайыны, Арғын ішінде Сүйіндік, одан Күлік
болып келеді. Повесте «Ноқаң ауылы» деген бар: «Жонның қар суымен шығып,
желкілдеп тұрған бидайық, шалғынын жеймін деп жанталасып күліктен алдымен
Ноқаң ауылы көшеді». Жүсіпбектің «Ноқаң» деп отырғаны
–
Қуан баласы Ноғай
деген ақсақал. Ауқатты, ақылды, тілді адам болса керек. Мәшһүр шежіресінде
«Ноғай ескі законде ат арқасына мінген, бірнеше жыл болыс болған» (4,10 т, 14
б ). Повесте Ордабай, Ноғай аттарымен қатар бірталай өмірде болған шынайы
адамдар толып жатыр, бәрінің де аттары құжаттарда, статистикалық есептерде
аталады (5, с.186-188).
«Күнікейдің жазығында» ойдан жасалған, насаб-намада, статистикалық
мәліметтерде көрсетілмеген бір ғана қаһарман бар. Ол қазақ этнографиясының
әр түрлі көріністерімен көмкерілген, «аққудай сұңқылдаған, күмістей
сыңғырлаған, бұлақтай сылдырлаған, бұлбұлдай құбылған, бұлқындай
жұтынған, жүйкені босатқан, сүйекті шымырлата сорғалатқан, кестедей
нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тәтті, күндей сұлу» Күнікей образы.
99
Жүсіпбек Аймауытов ақ өлең экспрессиясы мен натурализмді, яғни күн,
жел, бұлт, атан түйе, көк бұқа, қос қарлығашты, жалпы Баян мен Қызылтаудың
баурайында қыстап, Шідертіні жайлаған Сүйіндік елінің ортасындағы ауылдың
ішкі тіршілігін негізгі идеяның бүркемесі есебінде пайдаланған.
Негізгі идея автордың «Әй, Күнікей-ай, сен бір жанып тұрған отсың ғой»
деген автордың эпитеттері арасында жүр. Қазақ ауыз әдебиетін білетін адам
Күнікейдің ар жағында Күн астындағы Күнікей қыздың бейнесін бірден көреді.
Жүсіпбектің өзі де ара-тұра «Күнікей түйені тіркеп, тақиясын түзеп киіп, оң
жағына қарағанда Ордабай айналасының барлық шаңырағынан да үлкен,
күлімдеген қызыл жақұт Күн көктің бір өңірін сары алтынға малып, екі түйенің
арасынан абажадай болып адырдан суырылып келе жатыр екен...» немесе
«Күнікейдің жанына майдай жағып, дүние өзіне бола жаралғандай, алтын күн
өзіне бола туғандай көрініп келеді. Күннің мұндай айбынды, сұлу екенін Күнікей
бұрын көрсеші! Мына күн тап өзінің, өз үйінің күні тәрізді. Жып-жылы, жап-
жарық!» деп бұл образды Күнмен байланыстырады (1, 360 б.).
Күнікейде қазақтың еркін, ержүрек, бұла рухы бар. Жүсіпбектің Күнекейі
Мағжанның «Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана
бағынам» дейтін өлең жолдарын еске түсіреді. От болып жану, Күн болып
қазаққа қызмет ету ХХ ғасырдың басындағы аласапыранда қазақ азаматтарының
бәріне де міндет болды. Күнікей тағдыры Алаш туын көтеріп, өз алдымызға ел
боламыз деген, жүрегі қазақ деп соққан, сол үшін өз өмірлерін құрбандыққа
шалған қазақ азаматтарының
тағдыры. Бұл жерде топас, дөкір, нойыс Тұяқ
тағдыр біздің маңдаймызға жазып қойған тоталитарлық жүйе дайындаған
құлдық. Байман
–
қазақтың еркіншілік рухынан қалған бір елес. Күнікей
–
сол
елеске ұмтылған қазақтың жаны.
-Міне, «Күнікейдің жазығы» повесінің бізге айтпақ сыры осы, оны түсіну
үшін ең бастысы біз «Күн астындағы Күнікейді» тануымыз керек.
Жүсіпбекке біз тек өрнекті, ырғақты прозаның негізін салушы ретінде
қарап, оның азаматтығын, ұлтшылдығын, әлеуметішілдігін ескермесек,
жазушының жұмбағын да шеше алмаймыз. Осы тұрғыдан Жүсіпбектің
«Ақбілек» романы да қайта саралауды, қайта бағалауды талап етеді.
«Ақбілек» романының рухы «Күнікейдің жазығынан» бөлек. «Ақбілекте»
патшалық Ресейдің отары болған, одан азамат соғысының қырғыны мен
қорлығынан өткен қазақтың қайта жетіліп, жоғын түгендеп, жаңа заманға
бейімделіп келе жатқан бейнесін көреміз. Мамырбай отағасының сұлу қызы,
ауыл-елдің еркесі, елдің көрнекті жігіті, байдың баласы Бекболаттың атастырған
жары, одан «ақ қашып, қызыл қуғанда» қазақтың өз ішіндегі алауыздығынан
орыстың қолына түсіп қор болған, оған сынбай оқуға ұмтылған, ақыр соңында
білікті бір азаматтың жары болып, өз түтінін түтеткен, өзге қараңғы
ауылдастарын өрге тартқан «Ақбілегі» ХХ ғасыр басындағы шырғалаң
оқиғаларға душар қазақ қызының тағдыры ғана емес, ол қазақ халқының көркем
100
бейнесі. Жүсіпбек бұл шығарманы 1927 жылы жаздың соңында жазды. Бұл
туралы 1927 жылдың 15 қарашасында Жүсіпбектің Мәшһүрге жазған хатында
егжей-тегжейлі баяндалады: «Екі жарым ай болды... бір роман жазып бітірдім.
Өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі екі есе үлкен болады. Бар ойым, ынтам,
рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты,
құрметті, қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын» дейді жазушы. Бұл кезде
Жүсіпбек
Шымкентте
педтехникумға
басшылық
жасады
және
шығармашылығының нағыз тасып-төгіліп тұрған кезі. Қазақ та НЭП заманында
есін жинап, қорасына береке кіре бастаған, жастары жаппай оқуға ұмтылған.
Мен бұл кезеңді басынан өткерген қазақтың талай ақылды қарияларымен
әңгімелестім. 1930-шы жылдардың барлық сойқанын бастан өткерген, аштықта
«Секбірайға» (Севкрай) барып жан сақтаған, халық жауы болып Қараөткелдің
ішкі түрмесінде жатқан, Карлаг, Үркіт (Иркустк) лагерлерін түгендеген ата-анам
да НЭП кезеңін мақтаушы еді. «Ақбілектегі» өршіл рух, халықтың болашағына
деген сенім, жарқыраған әдемі теңеулер де осы әлеуметтік жағдайдың әсері.
Қазақ азаматтарының болашақтан бір жақсылық күтетін уақыты осы. Үміт
сәулесі бар еді. Қазақтың өз билігі өз қолынан кеткенімен, Ресейде оң өзгерістер
болады деген қиял болды. Жүсіпбек Мағжанға 1923 жылы жазған хатында
«Болғанды «болды» деуден болашақты болжау қиын. Әлде болашаққа сендіру,
қараңғы тұманда жылтылдаған сәуле көрсету қиын ба? Қазақтың келешегіне
һеш бір сенім жоқ болса, жоғалатын елге сұлу сөз
–
әдебиет неге керек?» дейді
(2, 58 б.). Сенімді жоғалтпа деп насихат айтады. «Біз сенен дертке дәрмен
болғандай, рух бергендей, ауыр халден шара тауып шыққандай, келешекке,
мәдениетке, игілікке сүйенгендей сөз іздейміз» дейді. Жүсіпбектің Мағжанға
жазған хатында айтылатын
Достарыңызбен бөлісу: |