Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

cancel мәдениеті 
бізге ауадай қажет те 
шығар. Өйткені әр бір адам өз қалаулары мен армандарын айтып үйрене алуы 
керек. Осы мәселені ХХІ ғасырмен ұштастырсақ, қазір әлеуметтік желіде 
автобуста жастармен қарттардың теке тіресі, бір-бірімен бет жыртысып, боғауыз 
сөз бен қарғыс айтып жатқан видеолары жиі тарап жүр. Бұның басты себебі неде? 
Кінәнің бәрі дұрыс тәрбие бере алмай жүрген үлкендерде ме? 
Ендеше, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көрейік. Ата-бабаларымыз 
ұрпақтарын «Үлкенді сыйла, кішіге ізет көрсет» деп тәрбие берген. Бірақ, заман 
ағымы зымырап, ХХІ ғасыр адамдары өздерінің мүдделерін қорғай білуді, жеке 
шекарасын сақтай білуі және өзгенің де жеке шекарасына өтпеуді үйреніуі керек. 
Ол үшін біздің қоғамда 
cancel 
мәдениетінің дұрыс нұсқасын қалыптастырып, 
оны жақсы жағынан өрбіту керек. Бұл мәдениет онсыз да біздің қоғамда 
бұрыннан бар. Тек оны дұрыс зерттеп, ұғынып, өзгелерге үйрету, бүгінгінің 
иығына жүктелген міндет болып отыр. 


92 
Әдебиеттер: 
1.
https://altyalash.kz/
https://altyalash.kz/2023/02/16/b-lingennen-b-ldirgi-alma/
 
2.
Хамдам У.Ота. – Ташкент: Ешлар матбуоти, 2023. – 206 б. 
3.
Әбдік Т.Әке. Повесть. 
https://kitap.kz/book/tolen-abdikov-tozaq-ake
 
ӘӨЖ 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
Галиева Майра Осеновна педагог-шебер 
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты 
Түйін 
Мақала қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес 
туындаған 
жаңа 
әдіс-тәсілдерді 
көпшілікке 
ұсынады. 
Ұсынылған 
әдістер 
жалпыадамзаттық құндылықтарға бағыттайтындығымен және оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыратындығымен тиімді екендігі дәлелденген. 
Summary 
The article presents to the public the new methods developed in accordance with the 
educational goals of the Kazakh language curriculum. It has been proven that the proposed methods 
are effective in that they focus on universal values and form the functional literacy of students. 
Жаңартылған білім мазмұнының тиімді екендігін дәлелдеу – ұстаздардың 
қолында. Менің мақала жазудағы мақсатым да-оқу мақсаттарына сәйкес 
туындаған жаңа әдіс-тәсілдерімді көпшілікке ұсыну. Ұсынылған әдістердің 
жалпыадамзаттық құндылықтарға бағыттайтындығымен тиімді екенін 
дәлелдеу. 
Білім беру түгелімен қопарыла өзгерген жоқ. Жаңартылған мазмұн. Бұл 
жаңартылған мазмұндағы бағдарлама – оқушының тиімді қарым-қатынас
қабілетін арттыруға, құндылыққа баулуда және коммуникативті дағдылардың 
қалыптасуына, ХХІ ғасыр дағдыларына (сыни ойлау қабілеті, өзара әрекеттесу 
мен қарым-қатынасқа қабілеттілікке және жұмысқа деген шығармашылық 
көзқарас) тұлға қалыптастыруға бағытталып отырған бағдарлама. Және осылай 
мақсатқа бағыттай отырып оқыту арқылы біз алдына мақсат қоя алатын, сол 
мақсатқа қарай дұрыс қарым-қатынас жасай білуге дағдыланған, басқаның 
көзқарасын, пікірін құрметтеуге бейім, алған білімін қолдана алуға 
дағдыланған, сыни ойлауы қалыптасқан, зерделеп, зерттеп, талдай отырып 
оқитын және ғылыми зерттеу дағдылары қалыптасқан шәкірт тәрбиелейміз. 
Қоғам оқушының да, мұғалімнің де функционалды сауатты болуын талап етеді. 
Заманға сәйкес, Блум таксаномиясының танымдық деңгейлері стандартты білім 
ретінде қабылданып отыр. Ал дәстүрлі оқытуда талдау, жинақтау, бағалау 


93 
деңгейлері шығармашылық деңгей ретінде қарастырылатын. Яғни, талап 
жоғары. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы қойылған 
базалық құндылықтар: 1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) 
ашықтық; 6) өмір бойы білім алу ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы арқылы 
игеріледі,-деп көрсетілген. Оқыту барысында жұмыстың нәтижелі, жемісті 
болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне байланысты болады. Оқытуда 
мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады бірінші мәселе - мұғалімнің оқытуы, 
екінші - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі 
оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - 
әңгіме әдісі, кітаппен жүргізетін жұмыс түрі - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының 
жауап беруі - оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады,»-деген қазақ 
педагогикасында ерен еңбегі бар Қ.Бітібаеваның ойы менің ойыммен дөп келді, 
өз іс-тәжірибемдегі ойластырып, атау беріп жүрген әдістерімнің дұрыс екеніне 
сенімді болып сіздерге ұсынып отырмын. Жаңартылған білім беру мазмұнында 
білім стандартында берілген оқу мақсаттарына жету үшін мақсатқа сәйкес әдіс 
таңдап, тапсырмаларды соған лайықтап ұйымдастыру және сол тапсырмаларды 
орындауда дискрипторды жүйелеп беру тәжірибемде өз тиімділігін көрсетіп 
жүр.Дарындылықты жетілдіретін әдістерді аударып-төңкеріп зерттеп жүріп, 
өзім де сабақта нәтижеге бағытталған әдістерді ойластыра бастадым.
Қазақ тілі пәнінен «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында 
сабақ жоспарладым. «7.1.2.1.Әлеуметтік-қоғамдық жаңалықтан автор көзқарасы 
мен көтерілген мәселені талдау» және «7.3.2.1.Жанрлық және стильдік 
ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын 
әңгіме жазу» оқу мақсаттарына жету барысында мынандай әдістер қолдандым. 
Сабақ кезеңдеріне сәйкес, сабақтың басы(ұйымдастыру кезеңі)«Таңғы тілек» 
әдісімен басталды.Бұл әдістің шарты: 
1.Оқушы достарына тілек арнайды 
2.Тілекті білдіруде тілдік құралдар қатыстырылады 
Яғни, оқушы жауап берерде қазақ тілі пәнінен алдыңғы білім мен 
(өтілген«Коммуникативті жағдаятқа сай тілдік құралдарды қолдану» оқу 
мақсатына сәйкес іс-әрекет жасалып) әдебиет сабақтарында меңгерген 
теңеу,метафора сынды тілдік құралдарды қолданатындай жауап айтқызуға 
бағытталады. Мысалы,бір оқушы «Таңғы тілек» әдісімен достарына:Сынып 
арландары, ауырмайтын жол іздесеңдер, әрқашан бірге жүреміз!-деген тілек 
айтты. Мұнда қазақ тілінде өткен «Коммуникативті жағдаятқа сай тілдік 
құралдарды қолдану» оқу мақсатына сәйкес іс-әрекет жасалып, әдебиет 
сабағында өткен «Көксеректің» көшбасшылығы меңзеп айтылды.Ал,алдыңғы 
сабақты пысықтау кезеңінде баланың грамматикалық сауаттылығын әр сабақта 
пысықтап отыру мақсатында «Қима» әдісімен сабақ сұралды. «Қима» әдісінің 
шарты:
1.Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтар беріледі 
2.5 минутта жауап беріп үлгеру тапсырылады 
3.Мұғалім дұрыс жауаптарын ұсынады 


94 
3. Оқушылар академиялық адалдықты сақтап, бірін-бірі тексереді. 
«Қима» әдісіндегі тапсырма мынадай мазмұнда дескрипторымен бірге 
болады: 
1.Демеулік шылаулардың ерекшелігін көрсетіңіз. 
2.Омоним болатын шылауларды жазып, мысалмен дәлелдеңіз. 
3.Дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіздер. 
а)-ақ, -ау,-ай сұраулық демеулік шылаулар 
ә) түгіл, тұрмақ, тұрсын күшейткіш демеулік шылаулар 
б) қой, ғой,-ді, -ті шектеулік демеулік шылаулар 
в) ғана, қана, тек күшейткіш демеулік шылаулар 
г) ма, ме,ба, бе,па,пе болымсыздық демеулік 
шылаулар
ғ) да, де, та, те нақтылық демеулік демеуліктер 
Дескриптор: 
1.Демеулік шылаулардың ерекшелігін біледі (ережесін) 1 ұпай 
2.Омоним болатын шылауларды біледі және мысалмен дәлелдеп жазады 
2ұпай 
3.Демеулік шылау түрлерін дұрыс жауабымен сәйкестендіреді 6 ұпай 
4.Уақыт үнемдейді 1 ұпай 
Дұрыс жауаптарына қарай отырып,оқушылар бірін-бірі ауызша талдап
бағалайды. Бұл әдістің тиімділігі сол – өтілген материалдарды мұғалім 
уақытында, бүкіл сыныптан пысықтап отыруында. Мен бұл сабақта «Қима» 
әдісіне 7 минут бөлдім. Бес минутта тапсырманы орындаса, екі минутта үш 
оқушы жанындағы жұбын бағалады. Жұбының дұрыс жауабы мен қате 
жауабына дәлел ұсынуына қарай бағалаған оқушы да бағаланады. Сонда үй 
тапсырмасын осылай пысықтау арқылы оқушылар ӘТН-ге қатысты оқу 
мақсатымен жұмыс жасады, бірін-бірі бағалау кезінде өз білімдерін қолдана 
білді. Әрине, бұл уақыт 30 оқушыны тексеріп шығуға немесе 30 оқушының бір- 
бірін бағалап тұруына жетпейді. Үлгермеген оқушылардың жұмыстарын сол 
уақытта жинап алып,яғни оқушылар екінші тапсырманы орындап жатқанында 
жылдам тексеріп беруге болады. Бұл әдіс оқушылардың өз беттерінше 
грамматика саласындағы ережелерге, сауаттылығын үнемі арттырып жүруіне 
және білімді қолдану дағдыларының жетілуіне себеп болады.
Ал жаңа сабақта оқу мақсаты «7.1.2.1.Әлеуметтік-қоғамдық жаңалықтан 
автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау» болғандықтан, интернет желісі 
арқылы берілген сілтеме бойынша «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» 
тақырыбында жаңалық тыңдайды. Ал тапсырманы «тыңдалған жаңалықтан
автордың көзқарасы мен көтерілген проблемаға талдау жасаңыз» деп оқу 
мақсатына жетуді ескеріп әзірледім. Осы оқу мақсатына сәйкес, тапсырманы 
орынауға сәйкес әдісті «Проблема. Факті. Көзқарас.» әдісі деп белгіледім. Бұл 
әдістің оқушының тыңдалым дағдысын жетілдірудегі орны ерекше. Дәптерлерін 
үшке бөліп, Проблема\ Факті \ Көзқарас деп жазып қояды. Жаңалықты тыңдап 
отырып бірден проблеманы, фактіні, автор көзқарасын анықтап дәптерге түсіріп 


95 
отырады. Оқушы білу, түсіну, талдау деңгейлерінен 1-тапсырманы орындау 
арқылы өтеді.
Тапсырманы орындау түсінікті, жеңіл, жинақы,нақты болуы үшін 
дескриптор дайындау міндетті. 1-тапсырмаға дескрипторды былай дайындадым: 
1.Жаңалықты мұқият тыңдайды (1 ұпай) 
2. Мәтіннінің мазмұнын түсінеді (1 ұпай)
3. «Проблема.Факті.Көзқарас.» әдісін қолданып, бірден түртіп отырады (2 
ұпай) 
4. Автор көтерген мәселені анықтайды (1 ұпай) 
5. Көтерілген мәселеге қатысты фактіні анықтайды.(1 ұпай)
6. Автор көзқарасын анықтайды (1 ұпай ) 
7. Көтерілген проблемаға қысқаша өз талдауын жасайды.(2 ұпай ) 
8. Дәптерге сауатты жазады (1 ұпай) 
7.3.2.1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш 
құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме жазу деген оқу мақсатына 
мынадай тапсырма дайындалды: «Әліз бала» тақырыбында жанры мен стильдік 
ерекшеліктерін сақтап, шағын әңгіме жазыңыздар. Бұл тапсырманы «ЖСКК» 
(Жанр, Стиль, Композиция, Көркемдеу) әдісімен орындайды. Тапсырманы қалай 
орындайтыны, әдіс қалай орындалатыны дескрипторда көрсетіледі. 
Дескриптор: 
1. Берілген тақырыпқа түсінеді 1 ұпай 
2. Әңгіме жанрының ерекшелігін біледі 1 ұпай 
3. Әңгіменің композициялық құрылымын сақтайды 2 ұпай
4.Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады 2 ұпай 
5.Шағын әңгіме жазады(14 сөйлем)2 ұпай 
6.Сауатты жазады 2 ұпай
Бұл әдіспен жұмыс жасауда қалыптастырылатын дағдылар: функционалдық 
сауаттылығы артады( алдыңғы білімді қолданады), жазылым іс-әрекеті дағдысы 
дамиды, дарындылық қасиеті ашылады. Сабақ соңынды «Пікіріңіз құнды!» 
әдісімен сабақтың құндылығын немесе ұсыныс айтуы нәтиже беріп жүр. 
«Пікіріңіз құнды!» әдісімен кері байланыс жасау алгоритмі: 
1.Сабақтағы 45 минуттағы іс-әрекетті саралайды, ой елегінен өткізеді. 
2.Өз әрекетіне сыни көзбен қарайды 
3.Әріптесінің іс-әрекетіне сыни көзбен қарайды 
4.Мұғалімнің іс-әрекетіне сыни көзбен қарайды 
Проблема 
факті 
көзқарас 
1. 
2. 
Дұрыс тамақтанбау 
Адамдар 
асқазан 
ауыруына шалдығуда 
Тамақтану пирамидасына 
сәйкес 
тамақтану 
керек.Кәсіби 
мамандардан кеңес алып 
отыру керек. 


96 
5. «Апырмай-ә!» деп қалған артықшылықты жазады 
6. «Әттең-ай!» деген ұсынысын жазады.
Үйге: «дұрыс тамақтануға қатысты 5 мақал жаттау» берілді.Ертесіне үй 
тапсырмасын пысықтау барысында мақалды жаттап айтып бере салмай, сабақты 
ұйымдастыру кезеңімен үй тапсырмасын кіріктіре отырып, жаттаған мақалдарын 
қолданып, «Таңғы тілек» айту, «Сабаққа сенімді мақсат қою» әдістерімен 
жалғасын тауып, үздіксіз дамып жатады.(Бұл әдістің ерекшелігі ұйымдастыру 
кезеңімен алдыңғы сабақты кіріктіріп жіберуге болады.Белгілі бір оқу 
мақсаттары да орындалады. Мысалы, Коммуникативті жағдаятқа сай тілдік 
құралдарды қолдану» және «Көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз 
көзқарасын дәлелдеу үшін қолдану») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет