Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Қағаныңды жойып, (басқаға) бағындың. Бағынғандығың үшін Тәңірі сені өлімші 
етті...
.» жолдар кездеседі [4, 452 б.]. Байқап отырғанымыздай бабаларымыз сол 
кезеңнің өзінде тәуелсіз ел болудағы саяси билікті киелі (Тәңірі сыйы) деп ұғыну, 
билік басындағы билеушіге деген құрметті ғана емес, билеушінің халық үшін 
жауапкершілігін де нақты айтып тұр. Және Қаған лауазымына тек белгілі бір 
билік тайпасының өкілдері ие болу құқығын иемденгені (Түріктердегі Ашина 
тайпасының өкілі) және өзгелер қанша ақылды, батыр болса да қағандыққа 
таласуға болмайтындығы да жазба деректерде сақталған. Бұл деректер 
далалықтардың ел басқару мәдениеті мен дала өркениетінен хабар беріп тұр. 
Оның іздерін кейінгі ортағасырларда қыпшақтарда билік тайпасы ретінде Елбөрі 
тайпасының саналғанынан, кейінгі ортағасырлық тарихта осы дәстүрді Шыңғыс 
ханның «Жосық» заңдарында нақтылануынан байқалады. Қазақ хандарының да 
осы текті әулеттен шыққаны тағы белгілі.
Саяси билік пен билеушілерге қатысты осы мазмұндас ойлар 
Ж.Баласағұнның «Құтты білігі» мен М.Қашқаридің еңбектерінде тіптен мол 
ұшырасады. Мысалы, М.Қашқаридің түріктер туралы айтқанда: «
Мен Тәңірінің 
дәулет ұясын түріктер бұржасында жаратқандығын және ғарышты 
солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп 
атады оларды мемлекетке еге қылды; Заманымыздың хақандарын түріктерден 
шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына 
ұстатты
....»- деп асқақ үнмен жазғаны белгілі. Сонымен қатар ортағасырлық 


133 
түріктердің білім мен өркениетілікте де ешкімге дес бермегенін байқататын және 
«Диуани луғат-ат-түрік» негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің 23-24 
беттерінде орын алған әлемнің картасын атап өтуге болады.
Бұл бір түркі 
азаматының қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы. Әлбетте осыдан 1000 
жыл бұрынғы шарттардағы жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан баға 
берер болсақ, өте жоғары деңгейде әзірленген. Картаның бір түріктің қолынан 
шыққандығының айғағы ретінде мына нәрселерді айтуға болады: Ең әуелі түрік 
қағандарының мекені болған Баласағұн шаһарын жердің кіндігі етіп алып, қалған 
шарлар мен елді мекендерді осы қаланың ыңғайына қарай орналастырылған 
және бағыттар Орхон жазбаларындағыдай ежелгі түркі дәстүрі бойынша 
анықталған. Түркілер мекендеген аймақтардағы шаһарлар мен елді мекендер, 
таулар мен өзендер, көлдер мен теңіздер бүге-шүгесіне дейін анық көрсетіледі. 
Яғни билеушілер ұрпағы ретінде осы еңбекті жазғанда түріктерді, оның ішінде 
өзі айтқандай Хакания жұртын негізгі орталық етіп көрсеткен. Ал қазақ 
халқының фольклорында кездесетін «Аяз би» ертегісінен бастап «ханда 40 
кісінің ақылы бар», «Ел басқару үшін өзіңді басқаруды үйрен» деп келетін 
ойлардың тереңнен бастау алатынын осы еңбектердегі материалдармен танысу 
арқылы тереңдете түсеміз. 
Кез келген ел билеушіні бұзатын жағымпаздық пен қорқақтық екенін 
байқататын түркілік таным іздері де аталған ғалымдардың еңбектерінде 
кездеседі. Өз кезегінде олардың арғы арқаулары жоғарыдағы көне түріктегі 
«Түрікті тәтті сөз бұзады» деген ойлардан, яғни түптеп келгенде халық 
даналығынан шығып жатқаны анық аңғарылады. Осындай сабақтастықты кешегі 
Абай атамыздың: «
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 
Әре етеді ішіне қулық сақтап. 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 
Еңбегіңмен ақылың екі жақтап
....» - деп келетін өлең жолдарынан да 
аңғару қиын емес. 
Әл-Фараби бабамыздың халықтың тағдыры ел билеушілерінің ақылы мен 
парасатына қатысты болса, адамның ақылы мен парасатының көрсеткіші оның 
сөзінен аңғарылатынын ғалымның логика ғылымын өнер деп бағалауы мен «сөз» 
өнеріне аса мән беруі айқындап тұр. Ал халқымыздағы «Өнер алды-қызыл тіл» 
деген қанатты сөздің, «Кісіні киіміне қарап қарсы ал, сөзіне қарап шығарып сал» 
деген нақылдарының сабақтастығы жоқ дей алмаймыз.
Иә, кез келген халықтың рухани қайнарының бастауы тіл. Бұл орайда 
ғұлама ғалым М.Қашқаридің тіл тазалығына баса назар аударғанын айтпай 
кетуге болмас. Ол «ең таза, көркем тілдер қатарына жат парсы тілінің сөздерін 
қоспай сөйлейтіндер мен бөгде салт-дәстүрлерді қабыл алмайтындарды 
жатқызатынын» ашып айтқанының астарлы мағынасында талай-талай танымдық 
мәселелер бар екенін ескеру керек [5, С. 69]. Өйткені, қала халқымен 
араласқандардың тілі екі немесе одан көп тілдердің элементтерінен тұрып «таза 
тіл» бола алмайтынын және кейбір кірме тайпалардың тілі түркіленгенін ашық 
жазған (сонда). Бұдан шығатын қорытынды таза тілге ие халық аз. Түріктерде 
аралас тайпалардан құралған. Дегенмен өзіндік ойлау жүйесі жоқ халық, яғни 


134 
рухани тұтастығын көрсететін негізгі белгілерге ие емес халық біртұтас ел бола 
алмайтынын да ескертіп тұрғандай. Ортағасырлық түріктердің алып империясы 
құрамындағы тайпаларды сипаттап беруде олардың тіліне айрықша тоқталады. 
Өйткені М.Қашқари сол заманның өзінде тілдің елді біріктіруші факторлық 
қызметін жақсы білген. Мысалы, М.Қашқаридің: «....
өз тілі мен жазуы бар 
Хотандықтар сияқты Түбіттердің өз тілі бар. Олардың екеуі де түрікше еркін 
меңгермеген
», «
Көшпенді Жумулдар, сонымен бірге Кай, Йабаку, Татар, 
Йасмилдердің өз тілі бола тұра, түрік тілін жақсы меңгерген
» -і туралы 
мағлұматтарды келтіреді [5, С. 69-70].
М.Қашқари еңбегі түркі тілдес тайпалар ішінен ғалым жинаған өткір 
мақал-мәтелдерге, афоризмдерге өте бай. Шығармада ежелгі түркілердің, сол 
сияқты қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси қатынастары 
көрінетін халық даналығы жинақталған. Халықтың мұндай даналық сөздері 
адамдардың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны мәлім. Зерттеушілер 
пікірінше, ғұлама ғалым өз еңбегінде 260 астам мақал-мәтелді пайдаланған. 
Мақал-мәтел атауы ол кезеңде «сав» терминімен берілген. Халықтың тұрмыс-
тіршілігі, наным-сенімі, өмірлік тәжірибесі, айшықты ойы қысқа да нұсқа 
шұрайлы тілмен бейнеленеді және түркі халықтарының көпшілігіне ортақ болып 
келеді. Және ол мақал-мәтелдердің көтерген тақырыбы да сан алуан. 
«Диуани лұғат ат-түркте» кездесетін осындай мақал-мәтелдерден 
«Әдептің басы тіл», «Інген ыңыранса, бота боздар», «Адам үрленген қап, Ауызы 
ашылса - бос қалар», «Тай өссе, ат тынығар, Ұл өссе, әке тынығар», «Қарияның 
сөзі бекер болмас, Жалғыз шыбық бақша болмас», «Бақыттың белгісі — білім», 
«Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер», «Күздің келуі жазда білінер» деген 
сияқты мысалдардың мазмұнын бүгінгі қазаққа тіптен ұғынықты екені сол 
рухани және тілдік сабақтастықтың айқын белгісі мен дәлелі.
Жалпы алғанда ортағасырлық түркі әлемінде тілге, оның ішінде төл 
түркілік тілдерге қатысты ғылыми еңбектердің жазылуында әл-Фарабидің тіл 
ғылымына байланысты еңбектерінің ықпалы болған жоқ деп айта алмаймыз. Бұл 
орайда сақталған көптеген жазба жәдігерлер арасынан М. Қашқаридің 
энциклопедиялық сипаттағы «Түрік сөздігі» бірінші ойға оралады.
Ұлт руханиятының тағы бір тірегі дін болса, діннің өзі де ұлттық 
идеологиядан тыс бола алмайды. Бұл орайда әл-Фараби өз еңбектерінде Бір 
Алланы мойындайды. Дегенмен адамға таңдау еркіндігі берілгеніне ерекше 
назар аударады. Оның еңбектеріннен діни толлеранттылық іздері анық 
байқалады. Оны біз ғалымның өз еңбектерінде түрлі діндерді салыстыруы мен 
ой еркіндігінің керектігі жайлы пікірлерінен көреміз. Осымен сабақтас ойды 
М.Қашқари де айтқан. М.Қашқаридің пайымдауынша, әлем мәңгі жасайды, ал 
ондағы нақты құбылыстардың басы мен аяғы болады. Оған дүние ешқандай 
сыртқы күштерге бағынбайтын нақты шындық жиынтығы ретінде көрінеді [6, 
99]. 
Ондай сабақтастықтарды Абай Құнанбаевтың «Адамды сүй, Алланың 
химетін сез», «Бірінші Алланы сүй, жаннан тәтті....Адамзаттың бәрін сүй, 
бауырым деп...» деп келетін өлең жолдарымен ортақ танымдық сабақтастықтар 


135 
жатқанын байқамау мүмкін емес.Олай болса бүгінгі жастарға осыларды ғылыми 
талдап түсінерліктей білім мен тұтас санадағы рухани жаңғыру қажет ақ.... 
Өйткені, өткен тарихында қазақ қасиетті дініміз исламның бір ақидасын, бір 
мазғабын ұстанып біртұтастығын сақтап келсе, бүгін жағдай өзгерді. Ал діндегі 
түрлі ағымдардың орнығуы қазақ қоғамының ыдыраушылыққа бастайтын жол 
екенін айтқан ғалымдар да, дін қызметкерлері де, қоғам қайраткерлері де аз емес. 
Мысалы, көрші Қытайда 1,5 млрд. халыққа 4 конфессия ғана болса, бүгінгі саны 
енді ғана 19 млн. құраған халқы бар Қазақстанға 46 конфессияның «артықтығын» 
зиялы қауым талайдан айтып келеді (М.Жолдасбеков). Бұл ойлантатын 
мәселелер.... 
Қорыта айтқанда, әл-Фараби мен М.Қашқари еңбектерінің көне түркілік 
рухани дәстүрлерімен және өзаралық сабақтастықтары анық. Өз кезегінде қазақ 
халқының да рухани мәдениеті мен ұлттық құндылықтарының қалыптасуы мен 
дамуына ол ғұламалардың еңбектеріндегі айтылған даналық ойлардың іздері 
сайрап жатыр. Олар бүгінгі күні Жаңа Қазақстан жағдайында рухани әлемімізді 
дамытуда өзекті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет