Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет56/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Тәуелсіздік бәрінен қымбат
» атты 
мақаласында тарихи сана мен қазіргі жағдайдағы тарих ғылымының өзекті 
мәселелеріне қатысты келелі ойлары айтылды. Сол қатарда Президент: «
Алдағы 
төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және 
кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы 
жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа 
болмысын қалыптастыруымыз қажет
»- деп елімізде мемлекеттік деңгейде 
қолға алынып отырған «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстардағы тарихи 
сана мен оны қалыптастырудағы тарих ғылымының рөлін тағы бір нақтылып өтті 
[2]. 
Жалпы тарихта адамзаттық тұлғалық деңгейге бүкіл адамзаттық 
мәдениеттің үлгілерімен таныс және олардың жақсыларын жатсынбай ел 
кәдесіне жарата алғандардың қолы жеткені белгілі. Біздіңше, арғы 
бабаларымыздың «Атаның баласы емес, адамның баласы бол!» дегенде 
ұрпағына осы ойды жеткізуге тырысқан сияқты. Біздің тарихи санамызда ұлы 
даладан шыққан сондай тұлғалардың қатарынан әл-Фараби, әл-Бируни, 
М.Қашқари, М.Х.Дулати, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай мен Әлихан т.б. 
есімдері сақталған. Олардың есімдері мен еңбектері біздерге шамшырақ. Сол 
шамшырақтарға қарай бет алсақ адаспаймыз. 
Біз бұл зерттеу мақаламызға сол бірегей тұлғалар арасында әлемге кең 
танымал әл-Фараби мен Махмұд Қашқари бабаларымыздың еңбектеріндегі 
кездесетін рухани арқауларды нысана еттік. Оның ішінде ғалымдардың саяси, 
әлеуметтік – этикалық бағыттардағы трактаттары мен терең ойларындағы бүгінгі 
жаңару мен жаңғыру үстіндегі Қазақстанға пайдалы тұстары мен бүгінгі күні де 
ұлттық идеологиялық жағынан да, өркениеттілік дамудың жолына түсуде де 
маңызға ие тұстарына тоқталуды мақсат етеміз.
Зерделей қараған кісіге әл - Фарабидің әлеуметтік-этикалық бағыттағы 
трактаттары арасында «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекет 
қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету туралы» сияқты еңбектерінің 
мазмұны терең ғылымилық пен өркениетке бағыттаудың және ол ойларының 


132 
өзінің көне түркілік танымдармен сабақтастық табатын тұстары аз емес. 
Мысалы, ғалым өз еңбектерінде мемлекет пен қоғамның, жалпы адамзаттың 
бақытқа ұмтылуындағы ғылым, өркениеттіліктің, мемлекет пен оны 
басқарушылардың жалпы қоғамның бақытты болуындағы орны мен рөлін ашық 
айтып алға тартады («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»). Әл-
Фараби саяси биліктің иелері елді қайырымды қоғамға бастайтын күш ретінде 
санайды. Әл-Фараби «адамдардың тәнін емдейтін дәрігер бүкіл дененің 
құрылысы мен оған керекті дүниелерді жақсы білгені сияқты қала (мемлекет) 
басшысы да оның тұрғындарын сол деңгейде білуі» керектігін айтып тамаша 
салыстырма береді [3, 190-191 бб.].
Өз кезегінде әл-Фараби ойлары жалпы түрік халықтарының арғы тарихы 
мен рухани әлемімен тарихи сабақтастық тапқан. Мысалы, Күлтегін тасындағы 
мәтін: «Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде Қара Жер жаратылғанда, екеуінің 
арасында (ортасында) адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам 
Бұмын-қаған, Істемі қаған (таққа) отырған» -деп басталады [4, 264 б.]. Одан ары 
түркіні бұзар қытайдың «тәтті сөзі» мен «сыйға берілетін асыл тастары» екенін 
айта келе, оларға алданбай елдікті ойлап іс қылуға шақырады. «Түрік халқының 
ұмытшақтығын» сынай келе, осы тасты жаздырғанын да тасқа қашаған. Тек 
бірлік ғана елдік мұратқа жеткізетінін тасқа қашайды. Ал Тоныкөк 
жазбаларында: 1 «
Білге (дана) Тоныкөк (Тұй-ұқұқ) мен өзім Табғач елінде 
қылындым (туылдым). (Ол заманда) түрік халқы Табғачқа қараушы еді». 2 
«Түрік халқының қағаны жоқ еді. Табғачтан бөлініп, қағанды болды. Қағанынан 
айырылып, Табғачқа және бағынды. Тәңірі былай деген-ді: қаған бердім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет