Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет59/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Кіріспе 
Ағарту ісі – белгілі бір елдің, халықтың, мәдени-әлеуметтік, саяси-
экономикалық дамуы, өнеркәсіп кешенінің өсуі. Яғни, білім-ғылымның 
өркендеуі кез-келген халықтың көкірек көзі ашылып, өсіп-жетілуінің кепілі. Сан 
ғасырлық тарихы бар қазақ елі де білімнен, даналық сөздерден кенде болған 
емес. Аузы дуалы би-шешендеріміз, батыр-жырауларымыз елдік мәселерді 
шешіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқатып отырған. Алайда бір 
замандар болып, қазақ халқы отарлықтың езгісіне душар болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы түрлі оқиғаларға 
толы мәдени бір ерекше кезең. Олай дейтініміз Ресей империясы өздерінің 
отарлау жүйесін толығымен аяқтап, басып алынған аймақтарға түрлі әміршіл-
әкімшіл жүйе қолданды. Елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы 
үшін түрлі шаралар жүзеге асыруымен ерекшеленді. Сонымен қатар қазақ халқы 
үшін рухани ояну, өз азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрестің жаңа кезеңінің 
басталуы болды.
Біз тақырыпқа арқау етіп отырған Жетісу өлкесіндегі ағарту ісі сол өңірде 
орыс мектептерінің ашылуымен басталды. Патша үкіметі бұл оқу-ағарту арқылы 
тек белгілі бір деңгейде білім беріп, басты мақсаттары орыстандыру, сананы 
өзгертіп өз мемлекеттеріне қызмет ететін мамандар даярлау болды. Оқу-білім 
арқылы тіл мен дінді, әдет-ғұрыпты жоюға дейін барды. Өздерінің отарлау 
саясаттарын одан ары терең батырды. Ал бұл білім жетілдіру қазақ елі үшін 
ұлттық сананы ояту, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске шығуға бірден 
бір дәнекер болды. 
Патшалық Ресей Қазақстан жерінде тұратын халықтардың әлеуметтік өмірі, 
тұрмысы, экономикасы мен мәдениетін, дінін терең зерттеу мақсатында, қазақ 
даласында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін көптеген экспедициялар жіберді. 
Қазақтардың экономикасы мен шаруашылығы, тарихы мен этнографиясы
мәдениеті мен тұрмысы ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Сол арқылы 
көп еңбектер жазылды. Алайда олардың шындыққа жанасатын да, бұрмаланған 
кезеңдері де көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет