137
«Жер жаннаты Жетісу» деп аталатын суы мол, шөбі шүйгін, қысы жұмсақ
болатын Орталық Азиядағы аса берекелі өңір болып табылады.
XIX ғасырдың атақты ғалымдары Семен Тянь-Шанский, Мушкетов,
кейінірек Сапожников және тағыда басқа Жетісу деген географиялық атаудың
негізін осы арадан ағып өтетін жеті өзенмен – Ыстықкөлге құятын Таң және
Жырғылан, Сырдарияға (Телікөл) құятын Шу, Балхашқа құятын – Іле, Ақсу.
Лепсі, Қаратал және Аякөзбен байланыстырды. Бірақ бұл жетеу емес, сегіз өзен
болып шығады. Жалпы, ғалымдар арасында пікірталасқа арқау болған жеті өзен
аты әлі күнге толық шешімін тапқан жоқ. Дегенмен, біздің байқауымызша жеті
деген атау дәлме – дәл мағынасын жоғалтып, көптеген ұғымда айтылса керек.
Сонда «Жетісу» деген атау өзендерге, бұлақтарға толы өлке деген тұжырым
жасауға болады.[1]
Негізгі бөлім
Жетісу өлкесі тұрғындарының көп бөлігін құраған ұлы жүздің ресейге
қосылуы ХІХ ғаырдың басынан жылдамдай түсті. Ал аталған ғасырдың орта
шенінен бастап патша үкіметі Қазақстанның оңтүстік облыстарын және Орта
Азияны жаулап алуда біршама табыстарға қол жеткізді. Экономикалық жағынан
маңызды
орын алатын, әрі маңызды сауда жолдарына орналасқан
Жетісу
өлкесіне өзінің ықпалын күшейту үшін патша үкіметі бұл жерге әскери
бекіністер сала бастады. Сонымен қатар басып алған жерлерді басқаруда түрлі
реформалар мен заңдар шығарды. Қазақтардың мекендеп отырған шұрайлы
жерлерін тартып алып, өздерінің отаршылдық мүддесіндегі ерекше әлеуметтік
топ – казактарға бөліп берді.
Белгілі зерттеуші Н.Е. Бекмаханова патша үкіметінің Қазақстан мен
Қырғызстанға қоныс аудару саясатын кезеңдерге бөліп қарап,
реформаларға
дейінгі кезеңді бірінші кезекте өлкені казак әскерлерінің отарлауына жағдайлар
жасалды деп көрсетеді.[2] Тарихымыздан белгілі 867 жылы 11 шілдеде «Жетісу
және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережені» бекітілді. Бұл
ережеге сәйкес Жетісу облысы орталығы Ташкент қаласы болып табылатын
Түркістан генерал-губернаторлығына қарады.
1867 жылғы ережеге сәйкес мұсылман дін басыларының праволарына шек
қойылды. Діни істер Орынбор діни жиналысы қарауынан алынып, азаматтық
әкімшілікке берілді. Мешіттер, мектептер және медреселер салуға бақылау
орнатылды. Әрбір
болыста сайланып қойылатын, әскери губернатор бекітіп,
босатып отыратын бір ғана молда болуына рұқсат етілді. «Ережеге» сәйкес әрбір
уездік қалада «ұлтына карамастан» ортақ бір мектеп ашу көзделді. Қазақ
балаларына казак станицаларындағы немесе Орыс қоныс аударушыларының
деревняларындағы мектептеріне «тегін немесе шамалы ақы төлеп» оқуға (олар
рұксат еткен жағдайда) түсу хақы берілді.
Ресей империясының үстемдігі Жетісу өңіріне орнасымен онда орыс
тұрғындарына арналған оқу орындары ашылып, қызмет ете бастады. Жетісу
өңірінде ең алғашқы орыс оқу орны казактар қоныстанған Сергиополь
138
станицасында 1852 жылы құрылғанды.[3] Отаршыл әкімшіл жүйенің
қолдауымен Жетісуда ашылған орыс оқу орындары приход училищелері,
станицалық жәке поселкелік мектептер бой көтерді. Сонымен бірге уақыт өте
келе орыс-түзем мектептері, гимназиялар пайда болды. 1867 жылы Жетісу
көлемінде Верныйда
екі кластық приход училищесі, алты станицалық мектеп
және бір поселкелік мектеп болды. Олар кіші Алматы, Сепгиополь, Үржар,
Лепсі, София, Қапал станицалары және Надеждин поселкесі.[3]
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы білім беру жүйесінде ресми билік
орындарына қарамайтын шіркеулік мектептер болды. Мұндай мектептердің
басты мақсаты орыс тұрғындарының білім алуына және олардың православиелік
рухта тәрбиеленуіне қолғабыс ету болатын. Бұндай шіркеулік мектептерге 1867–
1868
жылғы реформалардан кейін Дала, Орынбор және Түркістан генерал-
губернаторлық тарындағы епархиялар себепкер болды. Епархиялар мұндай
шіркеулік мектептердің миссионерлік саясатты нәтижелі жүргізуге елеулі ықпал
ететінін ескерді. Шіркеулік мектептер қазақ балаларын орыстандыруға,
шоқындыруға бейім тұрды. 1894 жылы қазақ жеріндегі шіркеулік мектептердің
саны Орал облысында 37-ге жетті. Оларда 879 оқушы оқыды. ХІХ ғасырдың
соңына қарай дәл осындай мектептердің саны Торғай облысында – 9, Жетісу
облысында – 10 болды[4].
Қазақ даласында генерал-губернаторлықтар құрылғаннан кейін, облыстағы
оқу орындарын басқару жергілікті әкімшіліктер қолына берілген болатын. Бірақ
жергілікті әкімшілік дұрыс бақылау жүргізе
алмағандықтан ағарту
мәселелерімен генерал-губернатордың өзіне тікелей айналысуға тура келді. Жыл
өткен сайын Жетісу облысында орыс оқу орындарының саны артты. Алайда
мектептердің жағдайы бірден керемет болып кетті дей алмаймыз. Оқу ісінің
дұрыс жолға түсуіне көптеген мәселелер қол байлау болды. Бұл ретте өлкелік
әскери губернаторлар бұл жағдайларға тікелей әсер етіп, көңіл бөлді. Солардың
бірі Жетісу облыстық әскери-губернатор Колпаковский. Ол облыстағы орыс
мектептерінің оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру жолдарын қарастырды.
Бұл бағдарлама 1871 жылы әзірленіп, Колпаковскийдің қол қоюымен бекітілді.
Бағдарлама бойынша оқушылар бастауыш мектепте үш жыл кемінде діни ілім,
орыс тілі, арифметика, таза жазу секілді пәндерді оқып, меңгеруі тиіс болды[3].
Сонымен бірге бұл мектептердің қаржылық жағдайын шешу үшін, жергілікті
халықтан, облыстағы әр үйден 1878-1879 жылдары 25 тиыннан, ал 1880-1883
жылдары 40 тиыннан алым жиналды.[3]
Жетісу жерінде «Орыс-түзем» мектептерінің ашылуы орталықтағы
үкіметтің орыстандыру саясатымен үндесіп, соны жүзеге
асыру шаралары
ретінде көрініс берді. «Орыс-түзем» мектептері мен училищелері жергілікті орыс
емес ұлттардың балалары үшін арнайы ашылған оқу орындары болатын.
Түркістан өлкесінде мұндай мектептер 1885 жылдан бері қарай ашыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: