Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет150/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Бөрібаева Б., Мадьярова Г.А. Web-технологиялар-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 
2.
Дэвид Моррис Flash 8. Создание Web-сайтов. - M.: NT Press, 2006.
3.
Александр Левин: Интернет – это очень просто – СПб.: Питер, 2008.-128 с. 
4.
Федорчук А. Как создаются Web-сайты: краткий курс – СПб.: Питер, 2000.-224 с. 
5.
Гаевский А.Ю.Создание Web - страниц и Web - сайтов. Москва 2005. 
6.
Марина Дмитриева. «Java Script» – Санк – Петербург. «БХВ - Петербург» 2002г.
 


292 
ӘОЖ
ОРТА МЕКТЕПТЕ «ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ӨРІС»
ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ 
Жабақ Ғалымжан Нұрланұлы - 126-28 оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Рахашев Бақытғали Құрманәліұлы
- ф.м.ғ.к. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент 
Резюме 
Мақалада «Электромагниттік өріс» тақырыбын оқытудың ерекшеліктері
артықшылықтары мен оның элементтерін орта мектеп физика курсында оқыту 
мәселелері баяндалады. 
Жаңа технологиялар ғасыры білім саласына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Атап 
айтқанда оқыту жүйесін жетілдіру, оқытудың тиімділігін арттыру мен оны орта мектеп 
физика курсында қолдана алу мүмкіндіктері.
Физика — нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен 
зерттеледі, сондықтан басты назар физикалық заңдарды тұжырымдау мен 
оларды түсіндірудің математикалық аппаратты қолдануға аударылады. 
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын 
қалыптастыруға және оны дамытуға ықпал ететін болады және қоршаған орта 
туралы шындықты дұрыс талдауына көмектеседі.[1] 
Электромагниттік құбылыстар табиғатта кездесетін құбылыстардың 
ішінде ерекше орын алады. Электродинамика 
– электромагниттік 
құбылыстарды зерттейтін ғылым, ондағы барлық заңдылықтар Максвелл 
теориясына негізделген. Максвелл теңдеулері тәжірибе арқылы алынған 
заңдардың математикалық модельдері. Сондықтан, классикалық механикадағы 
Ньютон заңдары сыяқты Максвелл теориясының электродинамикада алатын 
орны ерекше зор. 
«Электродинамика» деген сөзді тікелей аударсақ, ол электр 
зарядтарының қозғалуын және өзара әсерлесуін зерттейтін ілім деуге болады. 
Мұндай анықтама электродинамиканың негізгі мазмұнын аша алмайды, оның 
басты мақсаты және негізгі мазмұны – электромагниттік өріс туралы, 
электромагниттік өрістің зарядтар және токтармен байланысы туралы ілім. 
Өріс туралы ұғым классикалық механикада да қолданылады, бірақ ол 
математикалық жеңілдік үшін формальды түрде енгізілген. 
Электродинамикадағы өріс табиғатта кездесетін материяның ерекше бір 
түрі. Электромагнит өрісінің энергиясы да, импульсы да бар, оларды алып 
жүретін өрістің өзі. Электромагниттік өріс алғаш зарядтардың қозғалуымен 
пайда болғанымен, олар өзін тудырған өріс көздерінен ажырап, кеңістікте 
электромагниттік толқын ретінде таралады. Мұндай тұжырымға келу үшін 
көптеген ғалымдардың (Кулон, Эрстед, Ампер, Био-Савара, Фарадей) еңбегі 
сіңді. Ағылшын ғалымы Дж. Максвеллдің электродинамика ғылымына қосқан 
үлесі өте зор десек артық болмас. Ол өз атымен аталған теңдеулер жүйесінің 
негізін қалаған ғалым.[2] 
Қазір электромагниттік өрістің материялық қасиеттері мен көріністерінің 
қалтқысыз дәлелденгеніне ешқандай күман жоқ. Г. Герц 1887 ж. тәжірибе 
жүзінде электромагниттік толқынның бар екенін байқады, П.Н. Лебедев 1901 ж. 
жарық қысымын өлшеу, 1960 ж. Р. Паунда мен Г. Ребки «жарықты өлшеу» 


293 
тәжірибесін жасады. Ал, электротехникалық, радиотехникалық және 
электрондық құралдар мен тетіктер электродинамика заңдылықтарына 
негізделгенін айтпаса да түсінікті. 
«Электромагниттік өріс» тақырыбын орта мектепте оқытудың 
мәселелеріне тоқталып кетсек:
Электромагниттік өрістің жалпы сипаттамасы қоғамда қолданылуы: 
Әр түрлі өнеркәсіп пен энергетиканың дамуына байланысты заманауи 
жағдайлардағы ғылыми-техникалық прогрессте электромагниттік сәулелену 
өзінің экологиялық және өнеркәсіптік маңыздылығы бойынша басқа қоршаған 
ортадағы факторларлар арасында алдыңғы қатарлардың бірінде тұр. Жалпы 
электромагниттік фон табиғи сәулелену көздерінен құралады: Жердің, 
атмосфераның электрлік және магниттік өрістерінен, күннің және галактиканың 
радиосәулеленуінен және жасанды (антропогенді) сәулелену көздерден: 
телевизия және радиостанция, электр беру желілері, электр тұрмыс 
техникалары және баскалар. Табиғи электромагниттік фонның деңгейі кей 
жағдайда антропогендік көздердің шығаратын электромагниттік сәулелердің 
деңгейінен бірнеше есе төмен болады. Ғарыштық, жер төңірегіндегі және 
биосфералық кеңістіктегі электромагниттік сәуленің жердегі өмір процесін 
жалғастыру үшін санаулы ғана мәні болады және оны биологиялық мөлшер 
(биологическая значимость) деп те атайды. 
Электромагниттік өріс деп отырғанымыз - бұл зарядталған бөлшектердің 
өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асатын, материяның ерекше формасы. Өзара 
байланысқан айнымалы электр өрісі және магнит өрісін көрсетеді. Электр Е 
және магнит Н өрістерінің өзара байланысы, ол біреуінің қандайда бір өзгерісі 
келесі өрісті тудырады: жылдам қозғалыстағы зарядтардан туған айнымалы 
электр өрісі, өз кезегінде іргелес кеңістікте жатқан айнымалы электр өрісін 
қоздыратын, көршілес кеңістіктегі айнымалы магнит өрісін туғызады тағы сол 
сияқты. Осылайша, электромагнит өрісі кеңістіктегі бір нүктеден екінші 
нүктеге электромагниттік толқын түрінде жайылады. Электромагнит өрісі 
вакуумде электр өрісі Е және магнит индукцмясы В кернеулігімен сипатталады. 
Электромагнит өрісі ортада екі қосымша мәнмен сипатталады: магнит өрісі Н 
кернеулігімен және электр индукциясымен D. Электромагнит өрісі 
компоненттерінің зарядтармен және токтармен байланысын Максвелл 
теңдеуінен көруге болады. 
Радиожиілік және аса жоғарғы жиілікті электромагниттік сәулелерді 
шығару көздері болып адам қажеттілігіне жасалған, әр түрлі сферадағы 
құрылғылар мен бұйымдар болып табылады. Осы негізгі құрылғылардың 
көбінде электромагниттік сәулеленудің физикалық қасиеттері қолданылады: 
кеңістікте жайылу және сыну, материалдарды қыздыру, заттармен өзара 
әрекеттесу және т.с.с., сонымен қатар электромагниттік сәулелерді кеңістікке
таратуға арналмаған, басқа да өзгеше жұмыстарды жасауға арналған, бірақ 
зиянды электромагниттік сәулелерді шығаратын құрылғылар да кездеседі. 
Радиожиілікті және аса жоғарғы жиілікті электромагниттік сәулелердің қасиеті 
болып байланыс саласындағы 2 шекараны кеңістікте жайылу және сыну 


294 
арқылы байланыстыру болып табылады (радио және телестанция, 
ретрансляторлар, радио және ұялы телефондар) және радиолокациялар (әр түрлі 
міндет атқаратын радтолокациенды жиынтықтар, навигациялық құрылғылар). 
Радиожиілік және аса жоғарғы жиілікті электромагниттік сәулелелендірудің 
мүмкіншілігін әр түрлі техникада материалдарды өңдеуде қолдану үшін әр 
түрлі материалдарды қыздыру, жартылай өткізгіштерді қыздыру үшін, 
синтетикалық материалдарды дәнекерлеуге, азық-түлік дайындауда (қысқа 
толқынды пеш), медицинада (физиотерапевттік қондырғылар) кеңінен 
қолданады. 
Қысқа толқынды пеш (немесе аса жоғары жиілікті пеш) микротолқынды 
немесе аса жоғары жиілікті сәулелену деп те аталатын электромагниттік 
сәулеленуді тамақты қыздыру үшін қолданады. Қысқа толқынды пештің жұмыс 
жасау жиілігі 2,45 ГГц-ті құрайды. Дәл осы жиіліктен көп адамдар қолқады. 
Бірақ заманауи қысқа толқынды пештерде электромагниттік сәулелерді жұмыс 
аумағынан сыртқа шығармайтындай етіп жасаған. Сонда да бұл 
электромагниттік сәулелерді пештен сыртқа шықпайды деп сеніммен айта 
алмаймыз. Әр түрлі жағдайларда электромагниттік сәулелердің бөлігі сыртқа 
шығады, әсіресе есігінің астыңғы оң жақ бөлігінен қарқынды шығатыны 
зерттелген.[3] 
Электромагниттік сәулелерді кеңістікте тудыра алатын техникалық 
құрылғылар электромагниттік сәулелерді тікелей шығару көздері болып 
саналады. Бұлар радиоаппараттарда антендік жүйелер, генераторлы лампалар
фидерлік тракттермен дұрыс жалғанбаған жерлер, генераторлық шкафтардың 
экрандалған аумақтары, электронды-визуальды құрылғылардағы ақпарат 
көрсету экрандары; материалдарды термоөңдеу қондырғыларында- жұмыс 
индукторлары 
және 
конденсаторлар, 
келістіруші 
(согласующие) 
трансформаторлар, конденсатордың батареялары, фидерлік желілерде 
экрандалған орындар. 
Радиолокационды станциялар ережеге сай айна тәрізді антеннамен 
құрылған және «оптикалық оське» бағытталған, сәуле түріндегі тарбағытталған 
сәулелену диаграммасы болады. Радиолокационды жүйе 500 МГц-тен 15 ГГц-
ке дейінгі жиілікте жұмыс жасайды, бірақ бөлек жүйелер 100 ГГц жиілікке 
дейін жұмыс жасай алады. Олардан шыққан электромагнитті сигнал басқа 
электромагнитті сигнал шығару көздерінен ерекше. Антенаның кеңістікте 
периодты түрде орын ауыстыруына байланысты кеңістіктегі үзілісті 
сәулеленуге әкеліп соғады. Сәулеленудің уақытша үзілістілігі радиолакатордың 
сәулеленуге циклдық жұмысына негізделген.[4] 
Ең қызығы, біздің қоршаған ортамызда көптеген магниттер бар екенінде. 
Пәтерлерде ондаған магниттерді кездестіруге болады: электробритваларда, 
динамиктерде, магнитофондарда, сағатпен, банктерде шеге және т. б. біз Өзіміз 
де магниттер: биотоки, ағымдағы бізде, туындауына ықпал етеді 
айналамыздағы қаларлық өрнек магнит күш сызықтарының. Жер, біз өмір 
сүріп, алып көк магнит. Күн, сары плазмалық шар, - магнит одан да орасан зор. 
Галактика және аймағында да болатыны анықталды. 


295 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1)
Махамбетов У.М. «Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу 
бағдарламасының ерекшеліктері / У.М.Махамбетов. – Текст: непосредственный // 
Молодой ученый. – 2020. - №9.1 (399.1). – С. 22-23. – URL: 
http://moluch.ru/archive/299/67926/ (дата обращения: 12.03.2022). 
2)
Жалпы физика курсы оқулығы/ Т. Бижігітов 
3)
Электроника, радиотехника және байланыс. -Алматы: Рауан, 2000. 
4)
Құлбекұлы М. Электр және магнетизмнің физикалық негіздері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет