Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет222/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1
Макарова Ю.Л. Гендерные особенности поведения участников подростковой буллинг-
структуры // Психология. Историко-критические обзоры и современные исследования. 2017. 
Т. 6. № 5А. С. 181-192. 
2
Маланцева О. «Буллинг» в школе. Что мы можем сделать? /О. Мальцева/ / Социальная 
педагогика. — 2007. — № 4. — С. 90–92. 
3
Мальцева, О. А. Профилактика жестокости и агрессивности в подростковой среде и способы 
ее преодоления / О. А. Мальцева // Тюменский государственный университет - 2009. - № 7. - С. 51-54. 
ӘОЖ 371.4 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН 
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Сарыева Оразгул Аседовна – 
1801-10ж тобының студенті
 
Ғылыми жетекші: Әбішева Ләззат Пірназарқызы 
– п.ғ.к., аға оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Summary 
This article discusses the features of socio-pedagogical work with primary school students 
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және 
өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім 
саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР 
Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және 
оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу 
барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі 
ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін 
нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп 
қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт 
беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-
бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, 
білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. 
Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» 
болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық 
сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенцияларының кең 
ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін 
береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере 
отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. 


469 
Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері 
мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары 
нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. 
Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. 
Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері 
қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, 
біріншіден, 
олардың 
материалдық, 
қарым-қатынастық, 
эмоционалдық 
қажеттіктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. 
Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық құштарлықтарын 
мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей 
отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай 
алады. 
Себебі 
ата-ана, 
мектеп-бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
қамқоршылары. 
Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. 
Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп 
жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен 
айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта 
болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара 
түсінішпеушілік пайда болады. 
Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық 
тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен 
айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте 
күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. 
Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына 
төмендегідей кезеңдерден өтеді: 
Біріншіден, мектеп өміріне кірігу. 
Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, 
ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. 
Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау. 
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш 
мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. 
Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс. 
Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар. 
1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке 
керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш 
отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық 
тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. 
Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол 
оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне 
алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді. 
2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-
қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім 
періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып 
оқушылары үшін ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек 


470 
соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға 
мұғалім ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш 
сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам 
болып көрінгені жөн. 
Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі 
тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені 
абзал. Бала мұғаліммнен қорықпауы керек. 
Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі- ол балалардың 
сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі 
бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық 
нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай дав балалар ұжымы жағдайы 
жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік 
қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым 
құрып, дұрыс тәрбие бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, 
балалрды жастайынан жаман жолға итермелейміз. 
Бірінші кемшілік- адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін 
педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы 
қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген.
Екінші кемшілік- ақыл ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. 
Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі 
туындайды. 
Үшінші кемшілік - адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. 
Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы 
болмайды. 
Төртінші 
кемшілік 

медициналық-педагогикалық. 
Баланың 
денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала 
тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін. 
Бесінші кемшілік-баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ 
болуы. Мұндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан 
еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды. 
Осы бес кемшілікті жою - балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда 
қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады. 
3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке 
барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты 
адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін. 
Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол 
ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа 
дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан 
қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда 
болады. 
Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен 
қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді 
де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны түсініп, біртіндеп 
сабаққа деген ықыласы төмендей береді. 


471 
Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл 
бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей 
жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді. 
4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге 
берген тапсыпмасын орындауда қиналуы. 
Зерттеуші ғалым-педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын 
үй жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады. 
Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай 
орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға 
деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт 
өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы 
басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана 
біліп, үй жұмысын орындау тек салтқа айналады. 
Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша 
балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады. 
Бірінші – ынтамен оқитындар. 
Екінші- жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін деген 
оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін. 
Үшінші – сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы. 
Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу- бастауыш сынып 
ұстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап 
отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп, 
бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін 
ұстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз. 
Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін, 
жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық 
пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте 
жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны ары қарай дамытқан жөн. 
Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік 
болуы керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі 
өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы 
орайда ол көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге 
оқытушы, ата-ана болып бірлесіп еңбектеніп, балаға көмектескені абзал. Осы 
орайда, бастауыш сыныпта жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі 
бағыттары мынадай: 
Бірінші бағыт- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін 
қалыптастыру. Сенім- күрделі. Ол – терең тиянақты ойланып айтылған 
идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін 
емес. Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. 
Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны 
әрі қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың 
қиындығына байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі 
бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмайды. 
Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет. 


472 
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі 
жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы 
- жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім 
жасыра алмайды. 
Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жұмыс істеуге 
икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде. 
Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының 
алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы, қорыта 
келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық 
шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты. 
Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек 
оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір 
сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге 
баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп 
тәрбиелеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет