Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің



бет42/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің

кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен кәсіподақта кемінде 5 жыл жұмыс жасаған, кәсіподақ қозғалысының бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғау жұмысына белсенді қатысқан кәсіподақ қызметкерлерімен кәсіподақ белсенділері марапатталады.

  2. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы қаулыны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті қабылдайды.

  3. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының

Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынукезінде Атқару комитетіне төмендегі құжаттардың түпнұсқалары беріледі:

- марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, кәсіподақ органындағы жұмысы, жұмыс жасайтын ұйымының толық атауын көрсете отырып, қызметкерді марапаттауға ұсыну негіздері көрсетілген кәсіподақ органының қаулысы.

Қаулыға облыстық, аумақтық, Астана, Алматы қалалары кәсіподақ ұйымының басшысы қол қойып, мөрмен бекітіледі;

- марапаттауға ұсынылатын тұлғаға қысқаша мінездеме.

4. Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төрағасы, оның орынбасары немесе облыстық, аумақтық, Астана, Алматы қалалары кәсіподақ ұйымының басшысы тапсырады.

5. Жаңа айрықша еңбектері үшін Құрмет грамотасымен марапатталған қызметкерлер қайтадан марапаттауға өткен марапаттаудан кейін кемінде екі жыл өткесін ұсынылады.

6. Құрмет грамотасының телнұсқасы жоғалған орнына берілмейді.
***
Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлерінің кәсіподағы

Атқару комитетінің

2014 жылғы 14-қарашадағы № 1 7-т.



қаулысымен бекітілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет