Сценарий медицинской симуляции



бет17/50
Дата08.02.2022
өлшемі406,37 Kb.
#123502
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
Ситуациялық-есептер (1)

Сіз әйелдер кеңес орнының учаскелік дәрігерісіз. Сізге қабылдауға 32 жастағы науқас жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қою ірімшік тәрізді бөлінділердің, күйдіру сезімінің, сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы қышыну сезімдерінің мазалауына шағымданып келді.


Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



Қадамдар №

Қадамдарды бағалау критерийлері

Уақыт (сек)

Балл бойынша бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындаған жоқ

1.

Амандасқаннан кейін науқасты устелге шақырыңыз, анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарын анықтаңыз, шағымдардың пайда болу себептерін, олардың даму жағдайларын нақтылауға бағытталған қосымша сұрақтар қою арқылы аурудың негізгі симптомдарын бөліңіз.

180

10

5

0

3.

Анамнез жинап болғаннан кейін қағазда жазылған объективті зерттеу мәліметтерін қарап, алдын ала диагноз қойып, оны науқасқа дәлелдеп беріңіз.

60

20

10

0

4.

Науқасқа қандай анализдер тапсыру керектігін және олардың не үшін керектігін түсіндіріп беріңіз.

15

10

5

0

5.

Сұрастыру және қарап тексеру кезінде науқастың физикалық және эмоционалды қолайлы жағдайда отыруына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге қағазда көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялап, науқасқа түсіндіріңіз.

40

10

5

0

7.

Қорытынды диагнозды науқасқа мазмұндап және дәлелдеп беріңіз.

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргізіп, оларды негізді жойып, науқасқа түсіндіріңіз.

120

10

5

0

9.

Науқасты жүргізудің ары қарайғы тактикасын негізді әрі дұрыс анықтап, науқасты ауру, оның асқынулары және емдеу варианттары жөнінде дұрыс ақпараттандырыңыз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0

Емтихан тапсырушыға қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы қанағаттандырарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте, көзге көрінетін шырышты қабаттары таза. АҚ 120/80 мм с.б.б. Пульсі 72 рет минутына. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Cor: тондары ашық, ырғақты. Тілі таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауру сезімінсіз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Соғу белгісі екі жақтан да теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.
Гинекологиялық статусы:
Қарау: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес. Уретра, парауретральные жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Қынаптың бүйір қабырғаларында ақ түсті жабынды, ірімшік тәрізді консистенциялы, қиыншылықпен алынатын аймақтар анықталады, бөлінділер – көп мөлшерде, ірімшік тәрізді.
PV: Жатыр мойны конус тәрізді. Өзегі жабық. Жатыр дұрыс қалыпта, мөлшерлері қалыпты, тығыз, қозғалмалы. Жатыр қосалқылары екі жақтан да пальпацияланбайды. Күмбездері терең, бос.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет