Сейдуллаева Атиркул Пазилхановна ОҚО. Мақтарал ауданы Атамекен а/ә Талапты елді мекені. Мектебі: №39 «Мырзашөл» жом кмм



Дата27.12.2016
өлшемі192,5 Kb.
#5964



Сейдуллаева Атиркул Пазилхановна

ОҚО. Мақтарал ауданы Атамекен а/ә

Талапты елді мекені.

Мектебі: №39 «Мырзашөл» жом.кмм.

Пәні: Ана тілі.

Сыныбы: 1-сынып.

Мерзімі: 8.04.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. «Бала Шоқан » С.Бегалин.

Сабақтың мақсаты: Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді анықтау, оларға қарсы мәндес сөздерді табу, күнделікті қолданатын заттарды оның сынын білдіретін сөздермен қатыстырып сөйлем құрату . Мәтінді қатесіз оқуға дағдылану, Шоқанның балалық шағымен танысу, автордың не айтқысы келгенін білу.

Сабақтың нәтижесі: Қандай ? сұрағына жауап беретін сөздерді анықтай алады, қарсы мәндес сөздерді таба біледі, күнделікті қолданатын заттарды оның сынын білдіретін сөздермен қатыстырып сөйлем құрай алады. Мәтінді қатесіз оқи алады. Шоқанның балалық шағымен танысады, мәтінге сұрақ қоя отырып автордың не айтқысы келгенін түсінеді, түиінді ой түйе біледі. .



Негізгі идеялар: Сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетіне қозғау салатын тапсырмалар беру,сұраққа жауап беру дағдыларын қалыптастыру,өзін-өзін бағалауды үйрену.

Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері,топтастыру стратегиясы, «Ішіне-сыртына» стратегиясы, «Блум » таксономиясы,«Бағдаршам » әдісі,диалогтік оқыту.


Уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресурстар,көрнекі құралдар.

3мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. «Ш ын жүректен » сергіту сәтін өту.

Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтады


Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.


Жүректің макеті.

7 мин


Үй тапсырмасын пысықтау.

Топтастыру

-Күніміз ашық болсын!

-Жеріміз кең болсын!

-Ауамыз таза болсын!

-Суымыз тұнық болсын!

«Үй тапсырмасын сұрауда сәйкестендіру» әдісін қолданамын.

Сұрақтары:1.Ыбырай кім? 2. Қазақ әдебиетіне қандай үлес қосты? 3.Білім туралы мақалды көрсет? т.с.с.



«Күн», «Жер», «Ауа», «Су» тобы болып топтасады.Сынып ережесін құрады.

Әр топ мүшелері сұрақтарды сәйкестендіруде уақытты тиімді пайдаланады.



Оқушылар

топтасудың және сынып ережесін құрудың әдісімен танысады.

Үй тапсырмасын еске түсіреді және уақытпен жұмыс жасауды үйренеді.


суреттер

Кестелер, үлестірмелі тапсырмалар.



15 мин

Жаңа сабақ. Слайд арқылы қарсы мәндес сын есімдерге мысал келтіру. Жаттығумен жұмыс жүргізу. «Ішіне-сыртына» стратегиясы арқылы қандай?сұрағына жауап беретін сөздерді анықтау. Шоқан жайлы жинаған деректерін тыңдау. Интербелсенді тақтадан Шоқан туралы сюжеттер көрсету. Мәтінді алдымен топта оқып танысу,мазмұнынын талдау, Шоқан мен Сотников арасындағы әңгімені диалог арқылы оқу.

Тапсырмалардың дұрыс орындалуына орай бір-бірін өзара бағалайды. Кестенің ішіндегі сөздердің арасынан қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді кестенің сыртына жазады. Шоқан жайлы сюжетпен танысады, мәтінді топта оқиды, сұрақ қояды, талдайды,диалог арқылы оқиды.

Өзара бағалау әдісін дұрыс қолдана біледі. Топта талқылайды,талдайды, өзара бір шешімге келеді.Бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Топпен диалогта өз ойын ашады,түиінді ой түие біледі.

АКТ. Слайд көрсету.

Ішкі және сыртқы шеңбер сызылған плакат



3мин

«Сергіту сәті» интербелсенді тақтадан ырғақты әуен арқылы жасату.


Ырғаққа ілесіп қыймыл қозғалыстарды қайталайды.

Көңілдері көтеріліп сабаққа белсенділігі артады.

А.К.Т.

8мин

Жаңа сабақты пысықтау. Блум таксономиясы.

Білу: Әңгіме кімдер жайлы? Түсіну: Шоқан неге еліктеді? Автор не айтқысы келді? Қолдану:Білім беру үшін не істеу керек? Талдау: Шоқан өскенде кім болды деп ойлайсың? Бағалау:Сен не істер едің?



Бір-бірін тыңдайды, оқушы сұраққа жауап береді, ойланады, хабарлайды, белсенділігі артады.

Жауаптардан қорытынды шығара біледі, автордың негізгі ойын айқындайды.

Ғаламтор мәліметтері.

4 мин

Бағалау «Бағдаршам »әдісі арқылы. «Табыс ағашын» отырғызу.

Стикер арқылы бағаларын ағашқа іледі.

Жасыл алма:Маған сабақ ұнады.Сары алма:Менде сұрақ бар.Қызыл алма:Сабақ маған түсініксіз.



Сыни қозқарас арқылы бағалауды үйренеді.

Плакаттар,стикерлер.

5мин

Үй тапсырмасын беру. Мәтінді түсініп оқу. «Кім болам?»тақырыбында әңгіме жазу.Жиынтық бағаны шығару.

Тыңдайды,күнделіктеріне жазады. Жиынтық бағаны қойғызады.

Өз білімінің деңгейін түсінеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет