Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
Марапаттаулары
2004 жылғы 35 теңгелікСәкен Сейфуллинге арналған Қазақстан пошта маркасы(Михель, 485)
Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).
Естелік
С. Сейфуллин есімімен Қарағанды облысында С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыда драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген.
2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды.
С. Сейфуллин аты Астанадағы Қазақ агротехникалық университетке берілген.
Сәкен және Абай
20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.
«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.
«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты, Оқуға құмар қылды талай жасты, Құмар болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.
«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызға - жел сөз - соққан салқын, Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.
Абайдың 1909 жылы өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл көзі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абайақындығына тәнті болып, өлең арнағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқан ақ таңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете көп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді.
«Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды жүгін артар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар», - деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан өріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек. Кенбай да Абай рухын насихаттаулардың ірісі болғаны рас. Тайыр Жомартбаевтың, қазақтың тұңғыш публицист қызы Нәзипа Құлжанованың Абайға арнаған өлеңдері мен сүбелі ойлары Қазақ газетінде жарияланды «Уақ» деген бүркеншік атпен 1914 жылы жазған автор сол ойларды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жабықтырмайтын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр маржанын айта келіп: «Сөзі рас, сөзі таза, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ, жабыспайтын. Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ, Бағалап мынау не деп пар ұстайтын... Есіл ер бұл заманда болмайды-ау деп, Қазақта қабырға жоқ қабыспайтын...» - деуі Абайдың қоғам алдындағы беделі мен салмағын айқын танытады. Осы ойларды Сұлтанмахмұт «пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлыққа ашық тұрады марқұм Абай өлеңдері» деп тұжырымдауы ақынның аузынан әлдеқалай шығып кеткен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға арналған өлеңдердің, оның ішінде Сәкен жырының қай-қайсысы болмасын, сөз маржанын қомақты ой-пікірмен әрлендіре түсіп, көркемдікті әлеуметтік менімен ажарланғанда ғана жұрт жүрегіне жол табатынын көрсетті. Және сол кезде қолына қалам алғандардың жалпақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа керекті ой-пікір айтып, сана-сезіміне жеткізе алатыны, солай болуға тиіс екендігі эстетика, таным-біліктің сүбелі талабы болып қалыптасты. Осы жөнінде қазақтың қоғамдық ойының көгінде жарық жұлдыз бола білген Міржақып Дулатұлының мына мойындауының мәні зор. Қазақ зиялыларында орыс, араб, парсы сөздерін араластырып жазу машығы күшті болған тұста, яғни «1908 жылы «Оян қазақты» жазып жүргенімде, әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда Абай кітабы Һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» оқығанымда өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» (266-6.) дегені ана тілінің қуатын сарқа пайдалану қажеттігін ұғынғандығын көрсетеді. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, әдеби тілін қалыптастырды дегеннің нақты дәлелін осындай «мойындаудан көріп», бүкіл қазақ әдебиетінің ендігі беталысы таза ана тілінің байлығын игеруде екенін анық аңғарамыз. Абайды оқығандардың да, Абайдың шапағаты тиіп, ақындық сапарға шыққандардың да қазақ тілінің лексикалық қорын сарқа пайдалануға, әрі бейнелі, әрі түсінікті шығарма беруді машыққа айналдыруға ұмтылыстары ұлы Абайдың ұстаздық бейнесін танытады. Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың өлең өрнегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шыңдаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына "Қытай қорғанын" соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бұл мәселені көбіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада.
Абай қазақтық өңге бейімделген силлабикалық өлеңіне тониканың үлгі-өрнектерін білдірмей қосып отырды. Бұл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абай диірменінің құдіреті сондай - ол қандай жаңа түр-үлгісі болсын, жаңа мақам-ырғақ болсын ұнтақтап өз ыңғайына бағындырған уақытта шектен шыққан ұнның қай түрі болса да қазақ диірменінен, таным-түсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бәрі бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықтырғыш. Оның үстіне өрнек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дәстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмей, тұмылдырықталған тайлақтай Абайдың соңынан ере бересің.
Оқушысы мен тыңдаушысын ақындықтың ұлы құдіретімен құлатып, жақтас етіп алған Абай өлеңінің жаңашылдығына алғаш назар аударған адам Ахмет Байтұрсынұлы. Өзінің «Қазақтың бас ақыны» деген атақты мақаласын жазды. Абайдан басталған реформаторлық рух қазақ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік, сөз құдіретін асқақтата беру жағында айрықша көп болса, сыртқы түр арқылы, екпінді ырғақ арқылы тоникалық өлеңге іш тарту машығы Сәкенде мейлінше анық байқалады. Абай рухының Сәкенге айрықша дарыған тұсы осы. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен тартынуды білмеген, осылай жасау қажет деп ұққан болатын. Бұл жолда тамаша табысқа жетіп жатқанын да көреміз, орынсыз ожарланғанда омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған өлең ернектері Абаймен деңгейлес болмағанмен, реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас болғандығын анық аңғарамыз. Абай ағартушы-демократтық бағытқа берілгенде ескі арна арқылы барамын, жетемін деген жоқ. Сондықтан ол бұрынғы дәстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. Есмағамбет Ысмайылов, 3ейін Шашкин, Сәбит Мұқанов тұжырымдауынша, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі. Ол идеялық жағынан да, түр жағынан да бірін-бірі толықтырып, Абай кемеңгерлігін аспандата беруге жағдай жасады. Осы рух көзі келгенде, уақыты туғанда кеңес әдебиетінің бастаушысы болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер жыл жылмағай болып оп-оңай өте салмайды. Ол ойға да ниетке де, өлеңге де өзінің табын салып, өз өрнегіне талай жаңалықтар әкеледі. Осы процесс Секен шығармаларында алабөтен болғандықтан, ол да ұлы жаңашыл болып есептеледі. Абаймен рухтас еткен өлең өрнегіне келсек, онда Сәкеннің атақты «Советстанының» түрін алдымен ауызға алу қажет. Өйткені ол - Сәкеннің ілгерінді-кейінді ізденістерінің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі. Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэма жаңа дәуіруде соны сипат ала бастады. Көбіне сюжетсіз жырланатын өмір шындығы, дидактикалық әуен Абайдан кейінгі көркемдік даму барысында уақыт дүмпуімен эпикалық көлемге қол созды. Осының нәтижесінде кәсіпқой поэзияның бейне жасау бағыты өрістей түсті. Әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, Сәкен Сайфуллин өлеңдерінде өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.
Ақырды асау - жаңғырды дала,
Тулады, орғыды асау
Дүбірлеп күңіренді дала...
Көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп, қатты айғайлап ән салдым. Әніме қосылды кең дала, аққулы, қазды шалқар көл, қамысты, құрақты көк өзен, - қосылды бері шуласып, қосылды бәрі шаттанып» деген асқақ романтика жаңа өмірдің айбынды асаулығын аңғартқандай. Сондықтан Асау тұлпар образды төңкерістің аумалы-төкпелі заманын бейнелеуге сай болды. Бұл бораздада біріне-бірі сабақтасып, іштей қабысып жатқан екі жай бар. Бірі - тұлпар, қазақ әдебиетінде ерекше қастерленген бейне. Демек, оның дәстүрлік сипаты қалың. Сәкен Асау тұлпарды бейнелегенде қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрді пайдалану арқылы және өмірге ұмтылғандарға әсер ету мақсатын кездеді. Сондықтан да халық Асау тұлпарды жатсынбай қабылдады. Екіншіден, Сәкен баяндауында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны, көздеген мақсаты, мінез-құлығы, іс-әрекеті мүлде жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясына Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, жаңашылдық әуелінде ескі дәстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ержетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың бейне болды.
Сәкен 20-жылдардың орта шенінде дәуір ыңғайына қарай Қара айғырға - отарбаға көше бастады. Қазақ поэзиясының дәстүрлі 11, 7 және аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы айқын естіліп жатуы және жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық әкелді. Жаңалықты формалистік жаттығуларға айналдырмай, кезең идеяларын, мақсат-мұраттарын нанымды жырлаудың амалы етті. Жаңа өлшем жаңа түрді қажетсінді. Сәкен поэзиясында дәстүрлі өрнектермен қатар Абай өлеңдерінің үлгісі жиі кездесіп отырғанына қарамастан, тоникалық белгілерге іш тарту басым болды. Ал мұның өзі, яғни буын ұйқастығынан туатын ырғақтың екінші қатарға көшіріліп, негізгі айтар ой екпіндік ырғақпен жырлануы қазақ поэзиясына сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге соны белгілердің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Секен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады. Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор көбіне жеделдікті, екпінділікті, езгеріс-құбылысты 11 буынды қара өлеңмен беруге болмайтындығын түсініп, көбіне жыр үлгісіне бой ұрып отырады. Ойды төгіп-төгіп, бастырмалатып айту замана рухына сай келетінін анық ұғады.
«Ақырды асау, жаңғырды дала...», - деген сияқты әр қимылды тездете түсуге мүмкіндік беретін мақалды көп қолданды. Сондықтан да кейбір өлең шумақтары бұрынғы дәстүрлік санынан кейде артып, кейде жетпей жатып-ақ логикалық ойды түйіндейді. Сонда екпіндік нышан басым көрінеді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы әндік, әуендік, саз ырғағына бейімделгендіктен екпіндік принцип көбіне тақпақтай түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады.
«Зырла, экспресс, ұш, зырла! Жұлдыздай-ақ құлдырла! Аямай жүгір бәрің де!...» - деген өлеңнің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы жол өзгешелігінен табылып отырады.
«Егер мінсе - шыдасын! Қорқақтар мейлі жыласын, Шыдамаса құласын! Аямай сілте барыңды...»- деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құрылысының шет жағасы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пайда болады Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың екпіндік ырғағын енгізу талабы Сәкен поэзиясында ерте басталған. 1915 жылы қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің әр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (А,), 4-5 жолы (-6, Кб) бір ұйқаспен, 3-6 жолдар кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделуі, ал ақырғы жолы 2-жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес.
Бұл өлең өрнегіндегі әуен мен ұйқас, бунақ пен ырғақ ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі әрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқастарын аракідік сақтап отырады. Бәрі де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіресе «Үлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта, өркендете келіп «Советстан» түрін жасады. Абайдың да, Маяковскийдің де шығармашылық ықпалы Сәкенге тигені рас, алайда Абайдың «Сегіз аяғы» қазақ поэзиясында қандай жаңалық болса, «Советстан» да- сондай жаңа ернек. Өлең шумағы алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір езгеріс, жаңалық болмаса жол санында, үйқаста мән аз болар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан тұрады. Силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоника белгілері де бірсыдырғы байқалады.
1, 2 және 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нәшпенен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек, екпіндік талап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) қажет болып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар әр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экспрессиясын күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-әрекет өзінен езі пайда болады.
«Советстандағы» осы өлең өрнегіне дауыс екпіні ортақ қазық болып, әрқилы лептердің бәрін езіне бағындырады, адуынды тірлікті жаңа леппен жырлауға мүмкіндік беретін өрнекке айналады. Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сәкен дәл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі - «Советстан» поэмасы. Октябрь революциясының дауылы қазақтың даласында тудырған бұл тамаша тау сол әдемі қалпында мәңгілік сақталуына сеніміміз берік» деген болатын С. Мұқанов. Сонымен «Советстан» қазақтың силлабик. өлең жүйесіне тоник. белгілерді молынан енгізуге болатындығын әбден дәлелдеген туынды болды. Сәкен елеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашып беру сияқты ізденістерге ерік берді. Өзінің сылқым сылдыры, ойнақы өрнегімен «Сыр сандық» дүниеге келді. «Сыр саңдықты ашып қара (8), Ашып қара, сырласқым (7) Сым пернені басып қара (8), Басып қара, жырласын...» (7) Өлеңді дөңгеленді ернектеу де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс ұйқаспен жазылуы да елеңнің инверсиясын күшейтіп, динамикасын ойнақы еткен. Сәкеннің мәнді ізденістері осындай сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер ете кеп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы өлеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.
Абай мен Сәкенді өнер өрісінен іздеген уақытта ғана олардың бауырлас, рухтас екендігі осы жаңашылдық саласында айқындала түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқарасы, Абай туралы ойлары кедергі бола алмайды, өйткені жаңашылдық рух белгілі бір көзқарастан емес, көркемдік тәжірибеден, санаға білінбей сіңген үлгі-өрнектерден бастау алады. Сондықтан сөзі бір жақта, ішкі таным-білігі бір жақта жүретін «шығармашылық қайшылықтар» өзінің диалектика. бірлігін жоғалтпайды, қайта осындай ұлы тұлғалар арқылы бадырайып көрінеді. Сәкенді идеялық тұрғыдан алшақтатқысы келетіндер Абайдың ұлы жаңашылдығының бесігінде Сәкен тербеліп ескендігін кере, түсіне бермейді. Кейбіреулер Абай мен Сәкен заманының өзгешелігін ескере қоймайды да екеуін бір уақытты кеңістіктен қарап, ой-пікір алшақтығын тауып алуға тырбанады. Абай заманы - қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бодандыққа әбден мойын ұсынған кезі. Сондықтан да осы қорлықтан қутылар жолды Шоқан, Ыбырай, Абайлар ағартушылық идеясынан іздестірді, соған сеңді. Ал Сәкен сахнаға шыққан дәуірдің ерекшелігі мүлдем басқа. 1905жылғы революцияның күресшіл рухы бара-бара азаттық, теңдік ұранына, төңкеріс заманына, азамат соғысының ылаңына ұласты. Кедейді жарылқаймыз, дүниенің тұтқасы - еңбек, оның иесі - бейнетқорлар болады, бай-кедей болмайды деген идеяның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған имандай сенуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі соры болғандығын енді ашық айтуымыз керек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тапсырмасын бұлжытпай орындады.
Жаңаша өмір басқаша арнамен өркендейді деп түсіңді, сол жолға аянбай, алаңдамай, жалтақтамай қызмет ету ер азаматтың парызы, міндеті деп білді- Осыған ылайықты ой айтты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайындағы ой-пікірлері айтыс мақаладан басталды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» журналының 1-санында Сәкеннің «Асау тұлпар»жинағына сын жазып, Абайдың ойып түсер өлеңін эпиграф етті. Нәзірге қайтарған жауабында «Абайдың бүл қағидасы ез заманында Құнанбайдың тұқымы тәрізді қара қазақты билеген жуан атаның балаларының қолынан орыс патшасының уездік әкімдері билікті алып, әр елге «болыстық» деген, «волостной старшина» деген дәрежелі қызметті орнатып, оған қазақтың «аталы», «атасызына» қарамай, әркімді «шарға түсіп», таласып болыс болатын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнанбай тұқымының билігіне «атасыз», кешегі «тебінгісі тесік» жамандар біраз жал біткен соң таласа бастаған». Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнанбайлардың аяғынан ала бастаған «ата сыздарға», кешегі «тебінгісі тесіктерге» айтқан сөзі: «таласпа жаным-ай қолыңнан келмеске, боларсың бақадай көптессең егеске...». Әрине, Абайға айтуға ылайықты-ақ! Қанша тыраштанғанмен «Жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндайлар» Абайға, Құнанбайға қайдан жетсін! Абайдың бүл мақалын 1917ж. большевиктерге қарсы адамдар айтқан. Бүл мақалға қарсы болсақ та, біз де бүл «бісмилланы» мысал қылып алып көрейік», - дегенде Абайдың ата-тегі басым айтылады да, ұлы ақынның шығармашылығына сөз тигізбегендігін көреміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлелдеу үшін «Түркістандағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолына «қазақша үйрен» деп Абайдың өлең кітаптарын берген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмилласы» сол Абай кітабынан. «Ал Абайдың ғашықтық тақырыбында Һәм әйелді өлең қылған сөздерін аралап, теріп алған кісіге Абайдың өзендерінің іш індетіпті бізден аулақ, тіпті сорақы кеткен жерлері бар. Абайды да Нәзір жақтырмауға керек еді ғой» деп, Абайдың бес өлеңінен үзінді («Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің махаббат лирикаларын түсінбей сез еткен сыншыға Абай өлеңдерін көлденең тартады. «Абайдың езімен билікке таласа бастаған кешегі темен атаның баласын кекетіп, мысал қылып келтірген елеңдерін «бісмилла» орнына ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағынасын неге сұрап алмады екен?» деп көркемдік таным мәселесіне ойысады. Сез арасында «бүлікшіл» Абайдың төбесі көрініп қалатыны рас. Тарттық көзқарастың ызғары алыстан сезіледі.
Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі - сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер өте көп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы елеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.
Абай мен Сәкенді өнер ерісуінен іздеген уақытта ғана олардың бауырлас, рухтас екендігі осы жаңашылдық саласында айқындала түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқарасы, Абай туралы ойлары кедергі бола алмайды, өйткені жаңашылдық рух белгілі бір көзқарастан емес, көркемдік тәжірибеден, санаға білінбей сіңген үлгі-өрнектерден бастау алады. Сондықтан сөзі бір жақта, ішкі таным-білігі бір жақта жүретін «шығармашылық қайшылықтар» өзінің диалектика. бірлігін жоғалтпайды, қайта осындай ұлы тұлғалар арқылы бадырайып көрінеді. Сәкенді идеялық тұрғыдан алшақтатқысы келетіндер Абайдың ұлы жаңашылдығының бесігінде Сәкен тербеліп ескендігін көре, түсіне бермейді. КейбіреулерАбай мен Сәкен заманының өзгешелігін ескере қоймайды да екеуін бір уақытты кеңістіктен қарап, ой-пікір алшақтығын тауып алуға тырбанады. Абай заманы - қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бодандыққа әбден мойын ұсынған кезі. Соңдықтан даусы қорлықтан құтылар жолды Шоқан, Ыбырай, Абайлар ағартушылық идеясынан іздестірді, соған сенді. Ал Сәкен сахнаға шыққан дәуірдің ерекшелігі мүлдем басқа. 1905жылғы революцияның күресшіл рухы бара-бара азаттық, теңдік ұранына, төңкеріс заманына, азамат соғысының ылаңына ұласты. Кедейді жарылқаймыз, дүниенің тұтқасы - еңбек, оның иесі - бейнетқорлар болады, бай-кедей болмайды деген идеяның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған имандай сенуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі соры болғандығын енді ашық айтуымыз керек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тапсырмасын бұлжытпай ораңдады.
Жаңаша өмір басқаша арнамен өркендейді деп түсіңді, сол жолға аянбай, алаңдамай, жалтақтамай қызмет ету ер азаматтың парызы, міндеті деп білді. Осыған ылайықты ой айтты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайындағы ой-пікірлері айтыс мақаладан басталды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» журналының 1-санында Сәкеннің «Асау тұлпар»жинағына сын жазып, Абайдың ойып түсер өлеңін эпиграф етті. Нәзірге қайтарған жауабында «Абайдың бүл қағидасы өз заманында Құнанбайдың тұқымы тәрізді қара қазақты билеген жуан атаның балаларының қолынан орыс патшасының уездік әкімдері билікті алып, әр елге «болыстық» деген, «волостной старшина» деген дәрежелі қызметті орнатып, оған қазақтың «аталы», «атасызына» қарамай, әркімді «шарға түсіп», таласып болыс болатын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнанбай тұқымының билігіне «атасыз», кешегі «тебінгісі тесік» жамандар біраз жал біткен соң таласа бастаған».
Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнанбайлардың аяғынан ала бастаған «атасыздарға», кешегі «тебінгісі тесіктерге» айтқан сөзі: «таласпа жаным-ай қолыңнан келмеске, боларсың бақадай көптессең егеске...». Әрине, Абайға айтуға ылайықты-ақ! Қанша тыраштанғанмен «Жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндайлар» Абайға, Құнанбайға қайдан жетсін! Абайдың бүл мақалын 1917ж. большевиктерге қарсы адамдар айтқан. Бүл мақалға қарсы болсақ та, біз де бүл «бісмилланы» мысал қылып алып көрейік», - дегенде Абайдың ата-тегі басым айтылады да, ұлы ақынның шығармашылығына сөз тигізбегендігін кереміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлелдеу үшін «Түркістандағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолына «қазақша үйрен» деп Абайдың өлең кітаптарын берген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмәлласы» сол Абай кітабынан. «Ал Абайдың ғашықтық тақырыбында Һәм әйелді өлең қылған сездерін аралап, теріп алған кісіге Абайдың өлеңдерінің ішінде тіпті бізден аулақ, тінтті сорақы кеткен жерлері бар. Абайды да Нәзір жақтырмауға керек еді ғой» деп, Абайдың бес өлеңінен үзінді («Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің махаббат лирикаларын түсінбей сез еткен сыншыға Абай елеңдерін көлденең тартады. «Абайдың өзімен билікке таласа бастаған кешегі темен атаның баласын кекетіп, мысал қылып келтірген елеңдерін «бісмәлла» орнына ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағынасын неге сұрап алмады екен?» деп көркемдік таным мәселесіне ойысады. Сез арасында «бүлікшіл» Абайдың төбесі көрініп қалатыны рас. Таптық көзқарастың ызғары алыстан сезіледі.
Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі - сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың көркемдік таным-білігіне соқпауы, оның ішінде Абайға аялдамауы мүмкін емес. Тегінде шаруа басты болып жүрген Сәкен бұл еңбекті қағазға түсіре алмағандықтан ауызекі айтумен ғана шектелген сияқты. 1924 жылдың басында Сәкен Орынбордағы қазақ жастарының орталық клубында қазақ әдебиетінің тарихы туралы лекция оқыды. «Еңбекші қазақ» газетінде 19 ақпан күні сол лекцияны тыңдаған Сәбит Төңкеріс ұлы «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген атпен естіп- білгенін езінде баяндап берді. «Сәкен жолдастың оқыған лекциясының қысқаша қорытындысы алынды. Ұзартып жазса Сәкен жолдастың баяндамасы кеп сез болатын еді. Бірақ газет беті тар болғандықтан қысқаша түрін ғана жазып отырмыз. Сондықтан мұны оқушылар Сәкен баяндамасының дәмі деп ұғуы керек» деп ескертпе жасады. «Ақ жол» газетінде Темірбай деген кісі «Қазақ әдебиетінің тарихынан» деген мақала жазып, Сәкенге жаппаған пәле қалдырмады. Соған Ғабит Мүсірепов «Қисық сынға әділ тере» атты мақаламен («Еңбекші қазақ», 1924, N° 183) жауап берді.
Сәкен әдебиет тарихын әріден бастаған. «Ел қазағының арасына жазба әдебиет таратқан Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына кең таралған Қожахмет Иассауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соның сезіне еліктеп кеткен» деген ойды айтып, соңғы кезде араб-парсы, татар, өзбек, орыс сөздерімен қазақ тілін шұбарлап жүргендерге тоқталады. Сәкеннің ез ойы болсын, не хабарлаушының түсінігі болсын, әйтеуір «Қазақ әдебиеті 1900 жылдан бері шыққан. 1905 жылдың жұмыскер қозғалысынан кейін ұлт сезімі туа бастап, қазақ ақындары тіл түзеу деген пікірді жарыққа шығарған. Бірақ сол әдебиеттің азған уақытында бірен-саран елеңін таза қазақ тілімен жазғандар болды. Мәселен, Абай, Абайдың ол әдебиетті туғызған екендігіне дәлел болатын жұмыс емес. Себебі Абай арғы жағында таза қазақ тілімен сез жазушылардың жолын мықтап қалған, басталған жолдың иесі ғана. Абайдың қазақ әдебиетінің ағасы деушілік қате» деген пікір жазылған. Мұны Сәкен айтты ма, жоқ па, бірақ Төңкеріс ұлы Сәбит езіміз білетін Сәбит Мұқанов болса (бұл кезде Сәбең «Еңбекші қазаққа» қатысып, Сәкен үйінде Ғабит екеуі бірге жатып жүрген кезі), онда 1923 ж. «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында Абайға қырын қарайтыны белгілі болатын. Сондағы ойдың салқыны бар екені даусыз. Мүмкін, ондай пікірден Сәкен де аулақ болмаған шығар, өйткені Абайды қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырды дегенге дау айтпаса да, қазақ әдебиетінің атасы, негізін салушы дегендерге қосыла қойған кезі шамалы. Оның үстіне Сәкенді 1922-1924 ж. сынаушылардың қай-қайсысы болмасын, әсіресе Темірбай, Сәкеннің таптық позициясын тарихтан хабарсыздар мен байланыстырып, тарихи жетесіздер қатарына қосып жібермекке жан салған болатын. Сондай қаңқу сездерді Сәкеннің «қасарысып, принципшілдікке салынуына» себепші болғанын да естен шығармайық. Мәдени, әсіресе әдеби мұраны игеру саласында жіберген қате-кемшіліктер, артық-кем пікірлер 20-30 жылдарда кімде болса да кеп болғандығын санаттан шығарып тастауға тағы болмайды. Соның ішінде Абай туралы ой-пікірлердің кереғар болғандығы әмбеге аян.
20-жылдардағы қалың айтыс-тартыста кебіртек әңгіме болған бір сала - оқып-үйрену мәселесі. Алаш оқығандары кебіне кеп Абай мен Мағжанды ақын-жазушыларға ұстаз, үлгі мектебі ретінде әдейі ұшындыра керсетіп келді, жазды. Идея дұрыс болғанымен, басыбайлы шәкірт болуды қаламағандар аз емес. С. Мұқанов айтыс екпінімен «ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті езінен езі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» (Өсу жолдарымыз. -А., 1960, 50-б.)деген қате тұжырым жасап, сынның астында қалған болатын. Осы әңгіменің бір шеті Сәкенге де тиіп жатты. Смағүл Садуақасов «Ұлт театры туралы» мақалаларын 1926 ж. жеке кітап етіп шығарғанда Сәкен оған пікір айтты, сез арасында «Смағүлдің «Секен жазғандарын түзете берсін» деген ақылын рахмет айтып қарсы аламын. Бірақ бір алмайтын жерім, Смағүлдің «сез шеберлігін Абай мен Мағжаннан үйрен» деген ақылын тұтас ала алмаймын.
Үйренуден қашпаймын. Бірақ дұрыс үйретушілерден үйренеміз деймін. Абайды былай қоя тұрайын. Әрине, кей ретте Абайдан үйрену дұрыс» деп табады да, Мағжанға келгенде ерін мойнынан алып тулайды. Өйткені оның орыс оқытушылары Бат. Европаға қашып кеткенінің үстіне «Мағжан «шебер сөздің» молдасы болса, Бөкейханов пен Шоқаев шебер саясаттың молдалары ғой... Осылай болған соң, бұлардың медресесінен мен сірә оқи алмайтын шығармын» деуін психол. жағынан түсінуге әбден болады. Жалпы түсінігінде оқып-үйренуден безбейтіндігі анық байқалып, Мағжанға мұрит болуды ақындық намысы қаламағандығын анық көреміз. Сәкен еш уақытта өз ойын бүркемелеп айтқан пенде емес. Бәрі де ашық, анық. Оның күштілігі де, осалдығы да осында.
1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әдебиеті туралы» деген мақаласы шықты. Оның «Қазақ әдебиеті қалай туып, қалай өсіп, кімнен үлгі алып келеді» деген тарауында 1924 ж. жасаған баяндамасының алыс жаңғырығы жүр. Әсіресе «1905 жылғы төңкеріс дүмпуімен қазақ әдебиеті аздап болса да ұлтшылдық рухымен өсе бастады. Үлгісі енді мүлде ноғай мен орыс әдебиеті болды» деп білді де, «Орысқа алдымен жанасқан қазақтың билері, ақсүйек дінділері болғандықтан, орыс әдебиетінен, ең алдымен, Абай тәрізділер нұсқа алған. Қазіргі қазақ әдебиетінің үлгісі - орыстікі» деп шорт кеседі. Әрине, бүл пікірді бірден қабылдай қою қиын, алайда, әдебиетінің кәсіпкерлік жолға шығуын айтып отырса, онда бұл тұжырымға тарихи сабақтастықты ескеріп, ойлана қараудың артықтығы бола қоймас. Ал Абайдың айналып өтуге болмайтын үлкен тұлға екені осыдан да анық көрінеді.
Таптық көзқарастың салқыны Сәкенге Абай жөнінде сақтана айтуды, мүмкіндігінше, онша жанаса бермеуді ұсынған сияқты. Абайды сөзінің бісмәлласына айналдырар пиғыл Сәкенді революцияшыл белсенділікпен талай сөйлеген шығар деп те қалатын сияқты. Сондайлардың бірі езім болғанымды жасырмайын. Әуелі «Тар жол, тайғақ кешуді» сүзіп шықтым. Абайдың ақындығына байланысты бірде-бір ауыз сөз жоқ. Абайдың бап апары мен ағайын-туыс қандарының аты аталып, «Абай» журналының бұдан әрі шығу-шықпау жайынан басқа бөтен ауыз сез жоқ. Сондай-ақ «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен», «Әдебиет тап құралы», «Қазақ әдебиеті туралы хат» деген шығармаларында Абайдың жалпы рухы сезілгенмен, тікелей айтылған ой-пікір кездеспейді. «Қазақ әдебиеті» кітабында, Ақмолда, Ыбырай, Ақан сері, Шәкәрім жинақтарына жазған алғы- сөздерінде де Абайға тікелей бағышталған ештеңе жоқ. Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы съезінде де Абайға сықпапты. Осы «олқылықтарды» толтырған еңбек -1934-1935 ж. Өтебай Тұрманжанов екеуі 5-класқа арнап шығарған «Көркем әдебиет» оқу құралы десе де болғандай. Әуелі қазақ совет жазушыларын орыс, қырғыз, езбек, тәжік ақын-жазушыларымен таныстырып алғаннан кейін «XIX ғасырдың ақырындағы, XX ғасырдың басындағы қазақ ақындары» деген үшінші тарауда «Классик жазушылардың мәні», «Өткен өмірді түсіну үшін әдебиеттің мәні», «Ескі әдебиетті қалай оқу, білу керек» деген бөлімдерден кейін Абайға арнайы үлкен тарау берілті. Тарихи сабақтастықты сақтау туралы Маркс, Ленин пікірлеріне сүйене отырып «Өткендегі әдебиет мастерлері, көркем сездің көрнекті шебер ұсталары классиктеріміз Абай, Ақмолда, Қарашұлы Омар, Мәшһүр Жүсіп, Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт» деп әрқайсысына жеке-жеке белім арнаулары, әрине, беті оңға бұрылған әдебиет танудың алғашқы қарлығашы еді. Ең алдымен, тарих пен әдебиетінің ара жігін ажыратып, бірі - дәлелдей түсіндірсе, екіншісі - суреттеп кернететіндігін, яғни «Шортанбайдың «Зар заманын» оқысақ, билеуші таптың әкімшілігінен айырылып зарлағанын білесің. Абайдың сезін оқысаң, сары тонға оранып шолтаңдаған бай, байдың малын бағып, жыртық купенің ішінде бүрсеңдеген кедей кез алдыңа елестеп келеді» деген баяндауларда таптық танымның түтінін оңға бұра бастағанын байқаймыз. Абайға арнаған монограф. тараудың «Ақынның балалық шағы» белімін Кәкітай баяндауына негіздей өрбітсе, «Абайдың орыстың және басқа елдің жазушыларымен танысуын» арнайы әңгімелейді. «Кей аудармаларының көркемдігі ана ақындардың түп сездеріне кем болмағандығын» айта келіп, «Абайдың қартайғандағы арманын» - ғылым-білім мен ұрпақ қамына тәуелдейді. «Абайдың елеңі» деген белімде «іші алтын, сырты күміс - сез жақсысын» талап еткенін, жаңа эстетика. норма орнатқандығын айта келіп, Абай «қазақ әдебиетінде ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру біздің әдебиетіміздің міндеті» деген тұжырымға келеді, «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», жылдың төрт мезгіліне арналған елеңдерін оқушы ерсіне лайық баяндай талдап, ақындық шеберлігіне тоқталады. «Тіл ретінен Абайдың шығармалары кеп пайда береді. Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықтан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулап, көркем нақыстап, әдемі кестелеген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ернек болатын үздік шебер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абайдың ақындық шеберлігіне шаң жуытпаудың үстіне сол кездегі қызыл көздердің көңілін табу үшін «Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде Абайдың шығармаларының мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақынның үлгі-өнегесінен кез жазбауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұтуды жас ұрпаққа ұғындырады.
Дарынды дарынның танып, мойындауы әншейінді процесс емес. Л. Н. Толстойдың И. С. Тургенев пен У. Шекспирді, Ф. М. Достоевскийдің Толстойды жазушы деп танымауы сияқты жайлар әдебиет тарихында жиі кездеседі. Оның шет жағасы Абайдың Бұхар, Дулат, Шортанбайлар, Сәкеннің Мағжан жөніндегі лебіздерінен қылаң беретіндігі осыдан. Бұған дәуір идеологиясы араласып, таным-біліктің ұйқы-тұйқысын шығарып жатса, артық-кемді айтылған ой-пікірлерге түсіне қарау жөн болмақ. Айрықша желдете, ажарландыра айтпағанымен, Сәкеннің «қазақ ақындарының ішінде Абайдан елеңге шебері жоқ» деген түсінігі дәуірдің ұйтқи соққан дауылдарында өзгерген жоқ. Сондықтан Сәкеннің Абайға деген ұлы махаббаты жаңашылдық рухтан, реформаторлық ізденістен табылып, қазақ әдебиетіне олжа сұлуы тарихи сабақтастықтың құнарлығына дәлел болары сезсіз.[2][3]
Достарыңызбен бөлісу: |