Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 45сағат СӨЖ 45 сағат


Пән бойынша тапсырмалардың орындалу және тапсыру кестесі



бет2/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#13117
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Пән бойынша тапсырмалардың орындалу және тапсыру кестесі







п/п

Жұмыс түрі

Тапсыр-маның мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу ұзақтылығы

Балы

Бақы-лау форма-сы

1

СОӨЖ орындалуы

Теориялық дайындығын тексеру

Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии –М.: Просвещение 1983.

Апта

2

Ауыз-ша сұрау немесе конспекті

2

СӨЖ тапсырмалары

Өзбетімен жұмысты тексеру

Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии –М.: Просвещение 1983.

Зверев И.Д., Мягкова А Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.



Апта

1

Ауыз-ша сұрау немесе конспекті

3

Бақылау жұмысы

Оқылған материалдар-дың теориялық тұрғысынан тексеру

Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии –М.: Просвещение 1983.

Апта

2

Вариант бойын-ша жазба жұмыс-тар

5

Глосса-рия

Студенттердің ұғымдарды қабылдауын күшейту

Зверев И.Д., Мягкова А Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.


6,14 Апта

4

Ауыз-ша сұрау



5. Дәрістік кешен:

1 дәріс



Тақырып: «Биология және экологияны оқытудағы инновациялық технология»

пәніне кіріспе.

1. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым.

2. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі ғылыми негізі.

Дәріс мақсаты:Биологияны және экологияны оқытудағы әдістеменің орны туралы түсінік беру. Әдістеме –педагогикалық ғылым бағыты екендігіне тоқталу.

Ұғымдар: әдістеме,әдіс,тәсіл.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым.

Биологияны оқыту әдістемесі- мектеп пәндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Әдістеме педагогикалық ғылым.Сондықтанда оның мақсат, міндеті жалпы білім берумен тәрбиелеуге бағытталған. Биологияны оқыту әдістемесі түрлі әдістерді мұғалімге меңгертудің нәтижесінде оларды оқушыларға нақты биологиялық білім беруге және осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. әдістеме пән оқулығының мазмұның әдістер тәрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Әдістеме биологияны не үшін оқыту керек, қалай оқыту керек және неге тәрбиелеу керек деген сұқраққа жауап береді. Биологияны оқыту әдістемесінің өзіндік пән ретінде ерекшеленеді. Мұнда нақты обьектілер (өсімдіктер, жануарлар, адам) және тірі табиғат және оның дамуы қарастырылады. Сондықтан сабақты ұйымдастыруға ерекше түрлер үйге тапсырма, кластан тыс жұмыс және көрнекіліктер, сарамандық жұмыстар қажет. Биология курсын оқыту үшін дұрыс толық жабдықталған кабинет, тірі аймақ бұрышы қажет. Биология қоршаған ортаны толық білуге, қорғауға, ауыл шаруашылығының ғылыми негізгі жалпы және еңбек гигиенасының ролін беруге мүмкіндік беріп өмірге дайындайды. Тірі табиғат обьектілерін бақылау және оны салыстыру, аңықтау оқушылардың ой- өрісін дамытады. Зертханалық, сарамандық оқу- тәжіребесін аймақты, үйірмеде тірі табиғат бұрышы. Оқушылардың жұмыстануы олардың танымдық қызығушылығын ұйымдастыру дағдысын еңбек мәдениетін арттырады.



2. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі ғылыми негізі.

Биологияны оқыту әдістемесі- биология ғылымымен байланысты. Мектеп биология курсын оқыту үшін мұғалімнен биология теориясын білімді практикалық дағдыны табиғатта өсімдіктермен жануарларды тану және оны аңықтай алу, оларды өсіру эксперемент жүргізе білуді сұрайды. Биология ғылымымен мектептің биология пәнінің мақсаттары әртүрлі. Биология ғылымының мақсаты: табиғаты зерттеу нәтижесінде тану, ал биологиялық пәннің мақсаты: осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми фактілермен жабдықтарды оқушыларға беру. Биологияны оқыту әдістемесі агрономия, медицина, психология, педагогикамен тығыз байланысты.

Әдістеменің дамуы мұғалімнің жеке тәжірибесінің нәтижесінде алынған әдістемелік нұсқаулар зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта шашыраңқы болған жаратылыстың жалпы әдістемесінен жеке әдістемелер бөліп шығып, өзіңше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, бір жүйе келтірудің нәтижесінде әдістеменің негізін қалайды. Әдістеме оқушыларды дұрыс оқуға және оқыту уақытын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін практикада тексерілген ғылыми теорины ұсынады. Әдістеме оқытудың мақсатын тануға және тәрбиелеуге көмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының негізін білмей сабақты жүйелі береді деу өте қиын.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі қандай ғылым жүйесіне жатады.

  2. Әдістеменің міндеттерін сипаттап бер.

  3. Оқыту әдістемесі қандай ғылым саласымен байланысты.

  4. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі алдына қандай мақсат қойған.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2дәріс

Тақырып: Жалпы білім беретін мектептерде биология және экология пәндерінің мазмұны мен ерекшеліктері.

1.Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі.

2.Оқу материалының ғылымилығы.

3.Биологиялық цикілдегі пәндердің ерекшелігі мен сабақтастығы.



Дәріс мақсаты: Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі және ерекшелігі мен сабақтастығы туралы түсініктерді қалыптастыру.Оқу материалының құндылығы бағытында әңгімелесу.

Ұғымдар:гистология,цитология,эмбриология,биотехнология.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі.

Қазіргі кездегі биология ғылымына табиғат және оны зерттеу әдістер туралы білім тән. Биология ғылымынан басқа да жаратылыстану ғылымының арасында байланыс бар. Кең аумақты ғылыми ақпараттардан мектеп пәніне тек білімділік, тәрбиелік мәні бар. Құнды оқу материалдары алынады. Соған байланысты мектептік биология пәні биология ғылымының әртүрлі саласын қысқартып бермейді, жүйеленген, өнделген материалдар жиынтығын ұсынады. Мектептегі биологияның мазмұны әртүрлі ғылыми фактілер, ұғымдар, заңдылықтар, терминдерден тұрады. Бұларды оқушылардың білуі тиіс. Әрбір адам қоршаған ортаны, тірі табиғатты өсімдіктермен жануарларды өзінің жеке ағзасының құрлысын, атқаратын қызметін тарихи және жеке дамуын өсімдіктер мен жануалардың табиғаттағы ауыл шаруашылығы маңызын білу қажет. Бұларды түсіну табиғатқа саналы түрде қарау іскерлік пен еңбек дағдыларын үйрену үшін керек. Жалпы биология курсы оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сәйкес теориялық түсінік береді. 1-4 кластарда дүниетану бөлімі, 5 класта жаратылыстану бөлімі алғашқы биология пәніне бастама.

2. Оқу материалының ғылымилығы

19 ғасырдың бірінші жартысында мектепте жаратылыстану пәндері өсімдік, жануарлардың морфологиясы, систематикасы қарастырылады. Ал екінші жартысында ұлы оқымысты Чарлиз Дарвиннің органикалық дүниенің даму тарихы негіздерін мектепте оқытып, осы кезден бастап, өсімдіктермен жануарлардың құрлысын қарастырды. 30-40 жылдары морфология, систематикалық материалдар көптеп берілді. 50 жылдары мофология систематикалық материалдар ықшамдалып, агротехникалық, зоотехникалық, генетика ғылымдары енгізілді. Ч.Дарвин жасуша ілімін енгізді. 1965 жылдары совет әдістемешілер мұғалімдері орта мектептегі биология курсын қарастырып, жаңа бағдарлама қарастырды. Оқу материалының ғылымилығы оның мазмұны қатаң тексерілген және ғылыми фактілермен бекітілген. Оқу материалы оқушыларды менгеру, ақыл-ой өрісінің дамуы үшін жеңілдетіледі. Оқу материалының мазмұны оқушыны баланы қызықтыратын логикалық ойландыратын қорытынды жасауға практикалық тапсырмаларды орындауға үйретуі керек. Кейбір жағдайда ғылыми материалдар оқушылырдың қабылдауына өте қиын болады. Бірақ орта білім беру мектеп жүйелеріне өте қажет. Мұндай жағдайда әдістеме міндетті түрде әдіс тәсілдерді табу керек. Мектеп биологиясын оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың дайындығына мән беріп, соған қарай әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалануға болады.



3. Биологиялық цикл пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы.

Биологияның алғашқы бөлімі өсімдік түрлері туралы білім беру мақсатында жүргізіледі. өсімдік курсының мазмұны алуан түрлі элеметтен тұрады. Морфология, анатомия, физиология, систематика, география, өсімдік филогенетикасынан, палеоботаника, микробиология, агрономиядан тұрады. Бұл білімде өсімдіктің табиғаттағы халық шаруашылығындағы рөлін өсімдікті пайдалану, оны өндіру туралы білуге өте қажет. Ол бағдарлама өсімдіктің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге қарай қарастырылған. 6 класта негізгі бақылау жай тәжірибелер оқушыларға өсімдіктің біртұтастығын түсінуге мүмкіндік береді. өсімдіктің адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы, табиғаттағы маңызды тақырыбы ботаникаға ғылым ретінде қысқаша сипаттама береді. Бұдан соң оқушылар өсімдік және оның мүшелерімен танысады. Бастапқы мерзімінде өсімдік оның мүшелерімен, жеміс тұқыммен танысып, оны пайдалануға мүмкіндік бар. Ол жасуша туралы оқуда оның тіршілік қызметіне мән береді. Одан кейін ұлпалар қарастырылады. Бағдарлама бойынша келесі тақырыптар өсімдіктің мүшелері тамыр, жапырақ, сабақ оның макроскопиялық және микроскопиялық атқаратын қызметі, құрлысы. Сабақ тақырыбынан кейін өсімдіктің вегетативті көбеюі туралы түсіндіріледі. Себебі, вегетативті көбеюдің түрлері жер асты, жер үсті өркен, бүршік, сабақ, жапырақ, тамыр арқылы жүреді. Сондықтан осы мүшелердің құрлысымен алдын-ала таныстыру қажет. өсімдіктің тұқыммен көбеюі гүл тақырыбында қарастырылады, соңғы тақырып өсімдік біртұтас организм қорытындыланып бекітіледі.



Негізгі кесте: Биологиялық цикілдегі оқу пәндері жүйесінің сызбанұсқасы.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Биологиялық цикілдегі оқу пәндеріне қандай пәндерді топтайсың.

2. Оқу материалының мазмұны қандай болу керек.

3. Биологиялық цикілдегі пәндердің жүйесі қалай құрылған.



Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

3 дәріс

Тақырып:Биология және экология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері.

1. Биологияны және экологияны оқытудағы тәрбие жүйесі

2. Ғылыми дүние тануды тәрбиелеу.

3. Патриоттық тәрбие.



Дәріс мақсаты: Биология және экология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарындағы тәрбие және оның түрлерімен танысу,маңызына тоқталу

Ұғымдар:этикалық.эстетикалық,патриоттық,жыныс тәрбиесі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Биологияны және экологияны оқытудағы тәрбие жүйесі

Биологияның мазмұны және әдістері оқушыларды жан жақты тәрбиелейді. Биосфераға қатынас, өзіндік ойлау және дамуы т.б. теортя мен практиканы ұштастырады, еңбек мәдениетін және білімді жұмыста пайдалануға дағдыландырады табиғат пен қарым қатынаста отанға деген махаббат сезімін оятуға эстетикалық тәрбие, ұжымда өзін ұстауға, табиғатты қорғауға этикалық мінез-құлық. Тәрбие білім берумен байланысты өте күрделі үлкен шеберлікті қажет етеді. Тәрбие тек өзінің оқу материалдарын есте сақтаумен ғана шектелмейді. Тәрбие жоспарлы тек сабақта емес барлық оқу жұмыстарында белгілі бір жүйені керек етеді. Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Ол мұғалімнің біліктілігін талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз оқушылардың пәннен алған білімінің сеніміне айналуы,ал сенім одан әріжүйелі көзқарасқа қалыптасады. Сенім әрбір жеке тұлғаның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасында әдетінде жүріс тұрысында және іс әрекетінде айқындалады. Тәрбие элементінін бір бірімен байланысы әлемдік көзқарасты тәрбиелеу оқушылардың дербес ойлау қабілетінің дамуымен қоршаған әлеміне дұрыс көз қарасымен тығыз байланыста болуы , ойлауды, тәрбиелеуді практикада қолдану және эстетикамен байланысы эстетикалық тәрбие, табиғатқа, еңбекке және тұрмысқа әрекетті қатынаста болатын таным мен этикаға байланысты этикалық тәрбие, әлемдік көзқарас ұжымдарын танымдық қызметпен еңбек табиғатындығы және отбасындағы іс-әрекетпен байланысты әрбір тәрбие элементі түсініктер жүиелілігі мен әдістермен жүзеге асады.

2. Ғылыми дүниетанымды тәрбиелеу

Дүниетану адамның дүниеге көзқарасын өзара қарым қатынасын сипаттайтын жүйе. Әлеиге көзқарас әрбір жеке тұлғаның өмірлік бағдарламаларын, мұраты мен сенімін, ынтасы мен құндылығын анықтаудың нәтижесінде адамның тәртібінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Дүниетанымның теориялық негізі философия. Философиялы білім жүйесі 4 топтан тұрады. Болмыс туралы ұғым, практика туралы ұғым, таным туралы қғым және рухани бастаулар туралы ұғым. Жеке адамның көзқарасы оның өзін өзі танудың ең алғашқы кезіне басталады. Жеке тұлғаның даму барысында энперизмдік түсініктер теориялық түсініктерге ауысады. Мектепте өтілетін әр бір пән оқушыларға белгілі бір жүйелі білім ептілік және дағды беріп, олардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.



3. Патриоттық тәрбие

Бұл тәрбие- сабақта және кластан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихы мен өз елінің және басқа да елдердің көрнекті ғалымдардың ғылыми қызметі мен ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымға қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын қорғаудағы үлесі тағыда басқа үлкен мәнісі бар. Мысалы, 6-7 класс жас натуралиасттермен жұмыс табиғатты сүю.

1. туған өлкенің табиғатын қорғау: а) емен, сирек аңдар, өсімдіктер, табиғи ескерткіштер, б) ұсақ балықтар, с) жасыл патруль, д) туған өлкені көгалдандыру.

2. туған өлкенің табиғатын байыту: а) аңдарды жерсіндіру, б) өсімдік өсіру, в)көгалдандыру.

3. туған өлкенің табиғатын зерттеу: а) экскурсия (жылдың әр мезгілінде), б) мағлұматтар жинау (туған өлке бойынша), в) өлкетану, музей саябағы (мектептік өлкетену музейін құру).

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Білім берудегі тәрбиенің маңызы.

2.Биологиялық тәрбие дегеніміз не.

3.Экологиялық тәрбие дегеніміз не.

4. Патриоттық тәрбие дегеніміз не.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

4 дәріс

Тақырып: Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы.

1. Ұғымның даму теориясы

2. Биологиялық және экологиялық ұғым.

3. Ұғымның даму әдістемесі.



Дәріс мақсаты: Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы туралы баяндай отырып,олар

дың белгілі бір жүйемен дамуының әдістемесіне тоқталу.Сабақта ұғымды қалыптастырудың кейбір түрлерін айту.



Ұғымдар:жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,ағза.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Ұғымның даму теориясы.

Оқытудың мақсаты оқушыларға жүйелі, саналы, нақты білім беру. Оқушылардың ойлауын дұрыс ұйымдастыру оқытудың ең маңызды шешуші жағдайы және білімнің ең жоғарғы сапасы. Білім ұғымнан тұрады. Ғылым негізінде қалыптасып құбылыстар мен заттардың белгілері туралы процестер және олардың өзара байланысы туралы ұғым адамға әлемді тануға көмектеседі. Ұғыммен адам ойлайды. Ой шынайы өмірді көрсетеді, білімсіздікті білімге апарады. Ұғымды алғаш сезінеді, сезінуден қабылдау туындайды, одан елестетеді. Ол әрмен қорытындыға жалғасады. Одан ұғым қалыптасады, мұғалім әрбір курста негізгі ұғымдарды көрсетіп бұл ұғымдарды әр түрлі материалдармен түрліше байланыстырып оқушылармен қайталап отырған жөн.Биология –ұғымдар жүйесіне толы пән. Барлық ұғымдар жүйесі ғылымның негізіне сүйенеді. Сондықтан мектеп биологиясының ұғымдары негізінен морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, экологиялық, систематикалық, филогенетикалық, цитологиялық, генетикалық, эмбриологиялық және агрономиялық болып келеді. Тәнтануда гигиеналық, медециналық ұғымдар да бар. Ұғымдар жай, күрделі, арнайы және жалпы биологиялық болып бөлінеді. Әрбір ұғым біртіндеп дамып күрделенеді.Жай ұғым-бұл бастапқы ұғымдар, білімнің бір элементі. Ол келесі жай ұғыммен бірігіп күрделі ұғым түзеді. Арнайы ұғым-ол тек бір курс көлемінде дамитын ұғым. Локальді ұғым-ол тек бір тақырыпта не бір сабақта ғана дамиды.



2. Биологиялық және экологиялық ұғым.

Білік биологиялық біліммен байланысты арнайы ұғымда анықталады өсімдік, жануар, адам туралы курстарда білік біріктіріліп келесі топқа бөлінеді:

Морфология бойынша: мүшелер формасын анықтау және талдау; систематика бойынша-өсімдіктермен жануарларды анықтау және салыстыру. Анатомия бойынша-лупа, микроскоппен жұмыс. Препарат дайындау. Физиология бойынша-тіршілік процестерін бақылау. Экология бойынша-ағзаның бейімделу түрлерін экологиялық білімін табу.Іскерлік біліктіліктің дамуы біртіндеп жүреді, жайдан күрделіге қарай оқушылар бірінші сабақта өсімдік мүшелерін анықтауды үйренсе келесі тұқымдарды даражарнақты, қос жарнақты айыра біледі, кейіннен анықтамалық кестені пайдалана отырып жапырақ формаларын анықтайды. Түйнек тамыр, сабақ, пиязшықты айыра алады. Бұл морфологиялық анықтаусыз систематикалық анықтауға көшуге болмайды. Морфологиялық ұғым және біліктілік систематикалық ұғыммен біліктілікке жалғасады. Экологиялық біліктілік бақылау тірі материалды жинау, табиғатқа топ серуенге шығу жазғы тапсырма орындаумен шектеледі. Анатомиялық біліктілік –микроскоппен жұмыс жасай білу препарат дайындау, мүшелерді манау, ағзаны сою және т.б.оқушылар натуралистік ұғымдармен дағды білікті сабақта өз бетімен жұмыстана эксперименттік жұмыс орындарда топ серуенді сабақтан тыс жұмыста тірі табиғат бұрышта оқу тәжірибелік аймақтағы жұмыста үйретеді. Бұл жұмыстар биологиялық ұғыммен өте тығыз байланысты сараман жұмыста бекітіледі.

3. Ұғымның даму әдістемесі.

Бір тақырыпта немесе сабақтағы ұғым әрмен дамымай байланыспай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалім ұғымының әрмен дамуына үлкен шеберлікпен жұмыстануы керек. Мұғалім ұғымның бір тақырыптан келесі тақырыпқа, бір курстан келесі курсқа қалай өтетінін білуі қажет. Ең маңызды қай кезде ұғым басталады және қортындыланады мұғалім соны білуі керек. Алғаш ұғымды шешуде табиғи объектінің маңызы зор. Табиғи көрнекіліктер мен қатар сурет, кесте қолданылады. Ұғымдардын дамуы оқушының ойының да мұнсыз жүзеге аспайды. Ал ойлау проблемадан, сұрақтан туындайды. Мұғалім оқушыға тақырып бастамастан проблемалық сұрақ қоюы өте тиімді. Мұғалім таырып ішіндегі негізгі дегендерді қарастырады. Сабақта пән аралық байланыс үлкен рөл атқарады. Оқушылар өз білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйренуі керек. Сабақ ұғымның дамуын үлкен сұрақ қоюдың өзінше мәні бар. Әсіресе сұрақтың қарапайымнан күрделіге қарай өтуі ойдың дамуын жоғарылатады. Осыған байланысты сұрақ деңгейі жоғарылай беру керек. Ойлаудың төменгі деңгейі үшін:

1. жай сұрақтар керек. Екінші деңгейі талдау беру; 2. Түсіндіру сұрақтары-бұл мәтіндегі негізгі идеялардың арасындағы байланысты көрсететін сұрақтар фактілермен оқиғаның арасын ажырататын сұрақтар; 3. Салыстырмалы сұрақтар; 4. Жаңа ақпаратты қолдану сұрақтары-өмірмен байланыстыра сұрақ қою; 5. Талдау сұрақтары; 6. Синтез сұрақтары.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1.Ұғымдардың білімді қалыптастырудағы маңызы.

2.Биологиялық ұғымдарға сипаттама бер.

3.Экологиялық ұғымдарға сипаттама бер.

4.Ұымның түрлерін жіктеп айтып бер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

5 дәріс

Тақырып: Биология және экологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері.

1. «Оқыту әдісі» ұғымы.

2. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық.

Дәріс мақсаты: . «Оқыту әдісі»туралы түсінік беру.Оқыту әдістерінің түрлеріне тоқталу және олардың сабақтағы орнын анықтауға үйрету.

Ұғымдар:оқыту әдісі, «сөздік», «көрнекілік», «сарамандық».

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.«Оқыту әдісі» ұғымы.

Оқушылардың жас ерекшілігіне және тақырып мазмұнына байланысты оқушыға сабақ беру әдісін таңдау жоғары сапалы білім негізін салады. Бұндай әдістер ұғым және дағды дамуына, дұрыс білім алуға және тәрбиеге мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ беру әдісін орындап, қолдана білуі тиіс. Онсыз алға қойған мақсатына жете алмайды. Ол үшін мұғалім оқу материалын пәннің мазмұнына сәйкестендіріп, әрі оқыту әдісін дұрыс таңдау тиіс.«Оқыту әдісі» дегеніміз оқытушының оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері, яғни мұғалімнің білімді беріп, сол бір мезгілде оқушының білімді қабылдауы.

Бұл анықтамада әдіс екі жақты ұғымды қамтып тұр. Білімді беруші мұғалім және білімді алушы, қабылдаушылар оқушылар. Бұл арадағы байланыс білім көзіне тікелей байланысты. Білімнің көзі оқу процесіндегі оқу материалының мазмұнымен анықталады. Практикада биологияны оқытуда әртүрлі әдістерді қолданамыз. Сонда оқыту ұстаздың білім беру әдістерінен тұрса, ал екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау қабілеттіктер жиытығынан тұрады. Оқыту әдісін барлығын көптеген белгілері бойынша біріктіріп жинақтауға болады. Білім көзі, мұғалімнің іс-әрекеті, оқу процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Осы үш белгі бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан осы үш белгіні бөліп қарастырмай, әдістерді классификациялауда негіз ретінде аламыз.

2.Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық.

Сабақ беру әдістері ертеден бері қалыптасқан әдістегі ең басты мақсат оқушыға білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар негізінен:үшке бөлінеді.

1.Сөздік әдіс.

2.Көрнекілік әдіс.

3.Практикалық әдіс.

1.Сөздік әдіс-әңгімелеу,әңгімелесу,баяндау,түсіндіру,дәріс сияқты түрлерге бөлінеді.

2.Көрнекілік әдіс-сабақ түсіндіру барысында дидактикалық құралдарды,үлестірме материалдарды,сызба нұсқалар,таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі.

3.Практикалық әдіс-зертханалық жұмыс барысында тірі немесе өлі обектьілерді қолдана отырып,демонстрациялау және тәжірбиені қою нәтижесін демонстрациялау.



Негізгі кесте мазмұны

Әдістер


Практикалық


Көрнекілік

Сөз

Оқулықпен жұмыс

Техниканы қолдану әдісі

Эксперимент бақылау объектіні тану және аңықтау


Демонстраия,

иллюстрация,

бақылау

Әңгіме түсіндіру

әңгімелесу дәріс


Оқу зерттеу жеңілшағу

қарау рефераттау,

компьютерлеу,

мазмұндау

Техниканың құралдар арқылы жаттығу, көру, бақылау қорытынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет