Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер
Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру
Сабақтың жоспары: 1.Биологияға кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері және даму тарихы
2. Молекулярлы –генетикалық, клеткалық, ағзалық деңгейлерге анықтама беру және олардың ерекшеліктері
3. Түрлік-популяциялық, биогеоценотикалық, биосфералық деңгейлерге сипаттама және олардың айырмашылықтары
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме: Биологияға кіріспе пәні бүкіл тіршіліктің пайда болуы, құрылымы, қызметі және табиғатта тірі тіршіліктің таралуы, және де олардың шығу тегі және өлі табиғатпен өзара әрекеттерін зерттейді.
Молекулалық деңгей. Бұл - тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.
Жасушалық деңгей. Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады.
Ұлпалық деңгей.Шығу тегі, құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей - тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет.
Мүшелік деңгей. Көп жасушалы ағзаларда шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас ағза бола алмайды. құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, адам ағзасында ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б. мүшелер жүйесі болады.