психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;
психологиялық эксперименттік зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің өзгешеліктерін, психологиялық зерттеудің болжам ерекшеліктерін қарастыру;
психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын, экпериментатор мен сыналушылардың жеке басы мен эксперимент кезіндегі іс – әрекет туралы адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселелерді қарастыру;
Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарларды кейінгіжоспарларды корреляциялық жоспарларды, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды.
Идеалды эксперимент және реалды (шындықтағы) экспериментті, эксперименттің толық сәйкестігі арасындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар психологиялық өлшемдер туралы нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.
Ғылым адам іс – әрекетінің басқа салаларынан яғни мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады.
Зерттеу іс – әрекетінің нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеуден, анықтаудан, зерттеу құралдарын таңдаудан, нәтижеге негізделетін бағдардан тұрады.