М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Педагогикалық факультеттің деканы
п.ғ.д. профессор Т.Ә.Ботағариев
__________________________
қолы аты-жөні
«____»__________________2009 ж.
Педагогикалық факультет
Дене тәрбиесінің теория мен әдістемеге оқыту кафедрасы
050104 – мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«ӘСКЕРИ ДӘРІГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 4
Семестр- 8
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 cағат
Семинар сабағы - 15 cағат
Оқытушының жетекшілігімен
Студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 30 сағат
СӨЖ - ___30_____ сағат
Емтихан - 2 cағат
Барлығы - 90 сағат
Орал,2009 ж.
«Әскери дәрігерлік дайындық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) жоғарғы оқу орындарына арналған білім стандартына сай біртұтас типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы(лар Байтлесова НК, оқытушы___
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Дене тәрбиесінің теория мен әдістемеге оқыту кафедрасының отырысында талқыланған.
«_______» ______________________ 200___ж. №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент ______________ Испулова Роза Набиевна
( қолы ) (аты-жөні)
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы:
____________________ _________________________
(қолы) (аты-жөні)
1.«Әскери дәрігерлік дайындық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) жоғарғы оқу орындарына арналған білім стандартына сай біртұтас типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Байтлесова НК.- оқытушы
ДТ ТӘО кафедрасы
Достық 162, корп. 7
Тел.
Пән туралы деректер
«Әскери дәрігерлік дайындық»
Семестр 15 оқу жұмасынан және екі жұма емтихан сессиясынан тұрады. Жұмасына 1 несие 4 сағаттан тұрады, әрбір несие сағат жанасу сағатынан (дәріс), семинар және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен (ОЖСӨЖ) және студенттердің өздігінен жұмысы (СӨЖ) өткізіледі.
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
ОЖСӨЖ,СӨЖ сабақтары
|
Өткізу уақыты
|
Жанасу сағаты 1
(дәріс1)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ,СӨЖ
|
50+50 минут
|
Жанасу сағаты 2 (семинар сабағы)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ,СӨЖ
|
50+50 минут
|
Несие саны-2
Өткізілетін жері: № 7 корпусы, аудитория кесте бойынша
Оқу жоспарынан үзінді:
Курс
|
Семестр
|
Несие
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
2
|
3
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
|
2.3 CАБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӨТКІЗІЛУ КЕСТЕСІ
1 апта
Несие сағаты 1
Тақырып: Әскери дәрігерлік дайындыққа кіріспе
Дәрістің мазмұны:
Әскери дәрігерлік дайындықтың анықтамасы
Оның құрамдас бөліктері: дәрігерлік бақылау, жалпы патология
Әскери дәрігерлік дайындықтың мақсаттары мен міндеттері
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 360 б. 1-5 беттер.
Несие сағаты 1
Тақырып: Әскери дәрігерлік дайындықтың көлемінде атқарылатын негізгі жұмыстардың мазмұны
Семинар мазмұны:
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру негіздері
Кешенді дәрігерлік тексеру тәсілі
Дене тәрбиелеу мәдениетімен сол саладағы орны және маңызы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Дененің дамуы туралы ілім
«Дененің дамуы» деген ұғымға анықтама беру
Дененің дамуын сипаттайтын көрсеткіштер
СӨЖ
апта
Несие сағаты 2
Тақырып: Дененің дамуы туралы ілім
Дәрістің мазмұны:
Қалыптастырушы себеп шарттар
Дененің дамуының әр жас кезіндегі өзгерістері
Дененің дамуы денсаулықтың сандық көрсеткіштерінің бірі
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 6-9 беттер.
Несие сағаты 2
Тақырып: Дененің даму дәрежесі мен үйлесімділігін анықтау және бағалау әдістері
Семинар мазмұны:
Әртүрлі спорт түрлеріндегі дене бітімінің ерекшеліктері
Соматоскопия- сырттай көзбен бағдарлау, антропометриялық өлшемдер
Дене салмағының құрамын анықтау
ОЖСӨЖ мазмұны:
Антропометриялық стандарттар мен корреляция
Индекстер мен перцентильдік әдістер
Дененің сымбаты (мүсіні) оның ақаулары
апта
Несие сағаты 3
Тақырып: Дененің даму дәрежесін бағалаудың жеке әдістері
Дәрістің мазмұны:
Әртүрлі спорт түрлерінің сымбатқа әсері
Тірек-қимыл жүйесінің спортшыларға тән ерекшеліктері
Дене пішінінің түрлері, олардың тәжірибелік маңызы
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 10-15 беттер.
Несие сағаты 3
Тақырып: Жүйке жүйесінің қызметтік мүмкіншілігінің жаттығу барысында өзгеруі
Семинар мазмұны:
Ағзаның қызметтік дайындығын қалыптастырудағы жүйке жүйесінің маңызы
Неврологиялық сауалдың тәжірибелік маңызы
Жоғары жүйке қызметі түрлерінің жаттығу жүйелерін тиімді жоспарлау, жүргізу үшін маңыздылығы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Орталық жүйке жүйесінің қызметтік күйін тексеру әдістері
Электроэнцефалограия
Жүйке жүйесінің үйлестірушілік қызметі, оның жаттығу барысында өзгеуі
апта
Несие сағаты 4
Тақырып: Үйлестірушілік қызметінің бұзылуы (атаксия)-асыра машықтанудың белгісі
Дәрістің мазмұны:
Статикалық және динамикалық үйлесімділік, олардың көрсеткіштері
Ромберг сынамасы
«Саусақ-мұрын», «саусақ –саусақ» сынамалары
Треморография, стабилография
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 16-19 беттер.
Несие сағаты 4
Тақырып: Талдауыштар
Семинар мазмұны:
Талдауыштар (анализаторлар) сезімталдығының жүйелі жаттығу барысында өзгеруі
Сезгіштік (сенсорлық) жүйенің маңызы
Кіреберіс талдамасын тексеру әдістері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Үйлесімділік сынамалары
Айналмалы сынамалар (Яроцкий, Воячек т.б.)
Кіреберіс талдамасын жаттықтыру әдістері (ерікті, еріксіз, аралас)
апта
Несие сағаты 5
Тақырып: Қимыл талдамасының қызметтік күйін проприорецептивтік, кинестетикалық сезгіштік, теппинг тест арқылы бағалау
Дәрістің мазмұны:
Жақыннан көргіш жасөспірімдер мен спортшыларды жаттықтыру негіздері
Кейбір спорт түрлерінің есту талдамасына жағымсыз әсері, сақтану жолдары
Вегетативті жүйенің ағза қызметі күйін бағалаудағы маңызы
Әдебиет. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 20-24 беттер.
Несие сағаты 5
Тақырып: Вегетативтік сынамалар мен тітіркеністер (ортостатикалық, клиностатикалық) клиноортостатикалық сынамалар
Семинар мазмұны:
Ашнер байқауы, дермографизм т.б.
Ортостатикалық сынама өзін-өзі бақылау күнделігінің көрсеткіші
Жүйке бұлшық ет жүйесінің көрсеткіштері, оларды тексеру әдістері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Динамометрия, миотонометрия
Электромиография
Хронаксиметрия ж.т.б.
апта
Несие сағаты 6
Тақырып: Спортшылардың сыртқы тыныс жүйесінің ерекшеліктері
Дәрістің мазмұны:
Сыртқы тыныс жүйесінің оттегіні тасымалдаушы-кардиореспираторлық жүйедегі орны
Сыртқы тыныстың көрсеткіштері: ӨТС, минуттық тыныс көлемі және оның шегі (ТАШ)
Анықтау әдістері. Тыныс бұлшық еттерінің күшін анықтау әдістері
Әдебиет: Мұсафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 25-30 беттер.
Несие сағаты 6
Тақырып: Сыртқы тыныс жүйесінің ерекшеліктері
Семинар мазмұны:
Тікелей (пневмотонометрия) және жанама (пневмотахометрия), ЖӨТС
Сыртқы тыныс жүйесінің сынамалары (Розенталь, Шафрановский, Лебедев)
Оттегінің тапшылығына төзімділік. Штанге және Генче сынамалары
ОЖСӨЖ мазмұны:
Сыртқы тыныс жүйе көрсеткіштерінің көп жылдық жаттығу барысында қалыптасу заңдылығы, олардың спорт түріне сәйкестігі
Спирография, капнография
Оксигемометрия, оксигемография әдістері туралы түсінік
апта
Несие сағаты 7
Тақырып: Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері
Дәріс мазмұны:
Кардиореспираторлық жүйе туралы түсінік
Жүрек қантамырлар жүйесінің оттегін тасымалдаудағы маңызы
Физиологиялық «спортшы жүрегі», оның құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996 , 31-35 беттер.
Несие сағаты 7
Тақырып: Физиологиялық дилятация мен гипертрофия
Семинар мазмұны:
«Спортшы жүрегінің» қызметтік ерекшеліктерінің кардиодинамикалық және гемодинамикалық көрсеткіштері
Физиологиялық өзгерістердің сырқаттық түрлеріне айналу себептері
Сырқаттық «спортшы жүрегінің» көрсеткіштері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Тамыр соғу жиілігі мен артериялдық қан қысымы-жүрек қантамырлар жүйесінің негізгі қызметтік көрсеткіштері
Олардың физиологиялық және спорттық өзгерістері
Брадикардия, тахикардия, синустық аритмия, гипотония, гипертония т.б.
апта
Несие сағаты 8
Тақырып: Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері
Дәріс мазмұны:
Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру тексеру әдістері. Электрокардиография
Фонокардиография, Эхокардиография, Поликардиография
Ультрадыбыстық эхокардиография, телерентгенометрия әдістері туралы түсінік
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 36-40 беттер.
Несие сағаты 8
Тақырып: Оттегіні тұтыну шегі
Семинар мазмұны:
ОТШ- кардиореспираторлық жүйенің ортақ көрсеткіші
Қан, ішкі бездер, ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің ерекшеліктері
Спортшылардың қан құрамының тыныштық кезінде және жүйелі жаттығу барысында өзгеруі
ОЖСӨЖ мазмұны:
Спорттық анемия (қан аздылық)
Миогенді лейкоцитоз (қанның ақ түйіршіктерінің көбеюі)
Ішкі бездердің спортшы ағзасының жаттығуларға бейімделуін қамтамасыз етудегі маңызы
апта
Несие сағаты 9
Тақырып: Ішкі секреция бездер ауруларына сипаттама
Дәріс мазмұны:
Әртүрлі қарқынды жаттығулардың ас қорыту мүшелерінің қызметіне әсері
Зат аслмасуы- жұмыс қабілеттілігінің негізі
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Несеп құрамының спортшыларға тән ерекшеліктері, оларды бағалау негіздері
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 41-44 беттер.
Несие сағаты 9
Тақырып: Спорттық медицинадағы сынаулар
Семинар мазмұны:
Кибернетикадағы «қара қобди» негізін дәрігерлік сынауда қолдану
Сынаудың мақсаты. Сынамаларға қойылатын талаптар
Сынамаларды жіктеу және талдау
ОЖСӨЖ мазмұны:
Сынау нәтижесін бағалау
Жұмыс қабілеттілігінің сандық (эргометриялық( және сапалық (дәрігерлік) көрсеткіштері
Сынау нәтижесін жаттығу барысында пайдалану мүмкіншіліктері
апта
Несие сағаты 10
Тақырып: Барынша жоғары қарқынды сынамалар
Дәріс мазмұны:
Оттегіні тұтыну шегі (ОТШ)-аэробты жалпы жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші
ОТШ анықтаудың тура және жанама тәсілдері
Астранд номограммасы, Карпман және Добельн формулалары
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 45-49 беттер.
Несие сағаты 10
Тақырып: Субмаксимальді қарқынды сынамалар
Семинар мазмұны:
Новакки сынамасы. Жүргізу және бағалау тәсілі
РWC170 сынамасы. Жүргізу және бағалау тәсілі
РWC170 сынамасын велоэргометр, сатыға көтеріліп-түсу және арнайы жаттығулар арқылы жүргізу тәсілдері
ОЖСӨЖ мазмұны:
РWC170 көрсеткіші бойынша ОТШ анықтау
Гарвард сынамасы
Жүргізу және бағалау тәсілі
апта
Несие сағаты 11
Тақырып: Көк тамырлар (веналық) қан көлемін азайтуға негізделген сынамалар
Дәріс мазмұны:
Вальсальва, Бюргер сынамалары
Ортостатикалық сынама. Руффье-Диксон, Мартин, Летунов сынамалары
Дәрігерлік ұстаздық бақылау
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 50-54 беттер.
Несие сағаты 11
Тақырып: Дәрігерлік ұстаздық бақылау
Семинар мазмұны:
Мақсаты. Ұйымдастыру түрлері. Әдістері
Дәрігерлік ұстаздық бақылау барысында қолданылатын сынамалар (қосымша және қайталама сынамалар)
ДҰБ нәтижелерін жаттығудың шағын, орта және жылдық айналымдарында қолдану мүмкіншіліктері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Әр спорт түріндегі тікелей ДҰБ
Өзін-өзі бақылау күнделігі. Күнделікті ДҰБ жүргізудің бір әдісі
Арнайы жұмыс қабілеттілігін қайталама сынамалар арқылы анықтау
апта
Несие сағаты 12
Тақырып: Спорттық сайыстардағы дәрігерлік бақылау
Дәріс мазмұны:
Жарыс кезінде дәрігерлік көмектер мен жұмыстар
Дәрігердің құқығы мен міндеттері
Допинг туралы түсінік. Допинг түрлері
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 55-60 беттер.
Несие сағаты 12
Тақырып: Жарыс кезіндегі дәрігерлік көмектер мен жұмыстар
Семинар мазмұны:
Жаппай денешынықтыру саласындағы дәрігерлік бақылау
Денешынықтырудың дәрігерлік негізі
Дене тәрбиелеу мәдениетінің денсаулыққа әсері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Олардың ағзаға зиянды әсерлері
Допинг бақылау
Жыныстық бақылу
апта
Несие сағаты 13
Тақырып: Денешынықтырудың дәрігерлік негізі
Дәріс мазмұны:
Жаттығулардың ағзаға жалпы, жергілікті және аралас әсерлері
Дене тәрбиелеу мәдениеті-салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі
Қимыл-қозғалыс тапшылығы (гиподинамия, гипокинезия)-ауру қаупін тудырушы себеп шарттардың бірі
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 61-64 беттер.
Несие сағаты 13
Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыру жүйесіне дәрігерлік бақылау
Семинар мазмұны:
Дәрігерлік топтар. Орта және егде жастағы ададарды жаттықтыруды дәрігерлік бақылау
Балалар мен жасөспірімдер ағзасының құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері
Жас кезеңдері. Биологиялық жастың жасөспірім спортшыларды жаттықтырудағы мәні
ОЖСӨЖ мазмұны:
Жасөспірім спортшыларды жаттықтырудың дәрігерлік негіздері
Дәрігерлік бақылаудың ерекшеліктері
Мектеп оқушылары мен студенттерді дәрігерлік топтарға бөлу
апта
Несие сағаты 14
Тақырып: Спорттық жұмыс қабілетін қалыптастырудың дәрігерлік әдістері
Дәріс мазмұны:
Қалыптасу кезеңдері. Қалыптастыру жүйесі
Қалыптастырушы әдістердің жіктелуі
Қалыптастыру әдістерін қолданудың жалпы қағидалары
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 65-69 беттер.
Несие сағаты 14
Тақырып: Медициналық қалыптастырушы әдістер
Семинар мазмұны:
Гигиеналық, физикалық, дәрі-дәрмектік, фармакологиялық әдістері
Арнайы тамақтандыру негізі
Фармакологиялық қалыптастырушылар. Физикалық қалыптастыру әдістері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Жалпы патология негіздері. «Денсаулық», «ауру»-деген ұғымдардың анықтамалары
Сырқаттық әсерленіс, сырқаттық бағам, сырқаттық күй
Денсаулық- кешенді құрамдас ұғым
апта
Несие сағаты 15
Тақырып: Этиология, патогенез туралы түсінік
Дәріс мазмұны:
Соматикалық денсаулық, оның сандық көрсеткіштері
Тұқым қуалаушылық, реактивтік (ағзаның сыртқы және ішкі әсерлерге жауабы) және иммунитеттің (ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті) –ауру сырқаттардың алдын алу
Аурулар негізінде жататын өзгерістерге: қан айналымының бұзылуы, қабыну, атрофия, гипертрофия, дистрофия
Әдебиет: Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқулық). Алматы, 1996, 70-76 беттер.
Несие сағаты 15
Тақырып: Спорттық патология негіздері
Семинар мазмұны:
Спортшылар арасында кездесетін ауруларға қысқаша сипаттама
Спортшылардың ауру себептері. Ауру қаупін тудырушы себеп шарттар (жалпы, арнайы, қосымша)
Созылмалы қабыну ошақтары. Спорттық иммундық тапшылық.Спортшылардың кенеттен өлу себептері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Аурудан сақтандыру әрекеттері
Жүрек қантамырлар аурулары, олардың даму себептері. Қантасу, Қантөмендеу
Жүйке жүйесінің аурулары. Асыра шаршау, асыра машықтану, зорығу, шеткері жүйке жүйесінің аурулары.
2.5 Әдебиеттер тізімі:
Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина (оқу құралы). Алматы, 1992, 65 бет.
Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар). Алматы, 1994, 65 бет.
Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды здігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы, 1993, 50 бет.
Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Алматы, 1996, 360 бет.
Мұстафина Т.Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ., Жұмабекова А.А. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом. Алматы, 1990, 75 стр.
3.ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:
Бақылау жұмыстарының тақырыптары;
Орындалу уақыты;
Бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, рефераттар, баяндамалар ж.т.б.)
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Ауызша сабақ үстінде жауаптар
|
Тақырып бойынша
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
Әрбір апта сайын
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Ауызша немесе баяндама түрінде
|
2
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау (әр жмада екі тапсырмадан
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Дәріс пен семинар сабақтарына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша
|
Тақырып бойынша 1-4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
3
|
Cеминар сабақтарына арналған сұрақтар
|
Пән бойынша жалпы білімдерін тексеру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
5-6 және 12-13 апталар
|
Тапсырмалар саны бойынша 30 % бағаланады
|
Ауызша
|
4
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
Тест арқылы қалған (40%)
|
Компьтер арқылы тапсырылады
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |