Денешынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік-ұстаздық бақылау
234.Денсаулық жағдайын бағалау, дене даму деңгейі, жыныстық пісіп-жетілу
А.Ағымдық тексеруге
В.Лездік тексеруге
С.Бірінші және әржылдық терең дәрігерлік тексеруге +
D.Қосымша дәрігерлік тексеруге
235.Спортшының жылдық машықтану циклінде ағзада пайда болатын кумулятивті өзгерістерді анықтау
А.Ағымдық бақылау
В.Лездік бақылау
С.Кезеңдік бақылау +
D.Қосымша бақылау
236.Екі сағаттан кейін машықтану үрдісі аяқталғанда ағзаның негізгі жүйелеріндегі қызметтік өзгерістерді бақылау
А.Қосымша
В.Кезеңдік
С.Ағымдық
D.Лездік +
237.Новакки тестісінде ЖСЖ(жүрек соғу жиілігі) тіркелеме?
А.Жұмыстың соңғы секундтарында қуаттылықтың әр деңгейінде
В.Жұмыстың соңғы секундтарында қуаттылықтың соңғы деңгейінде
С.Қайта қалпына келу кезеңінде +
D.Тіркелмейді
238.Лүпілдік артериальді қысым жанама белгісі болып табылады
А.Тәждік қанайналымның
В.Жүректің соғу көлемінің +
C.Сол жақ қарыншаның соңғы диастолалық көлемі
D.Қайта қалпына келу кезеңінде
239.Дене жүктемесіне жүрек қан тамырлар жүйесінің ең қолайсыз реакция түрі
А.Дистония
В.Гипертония
С.Гипотония +
D.Гипотермия
240.Дене жүктемесіне реакцияның сапалы көрсеткіші жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік жақсы жағдайында нешеге тең?
А.0,5-1 +
В.0,1-0,2
С.0-ден төмен
D.2-3,5
241.Қызметтік жағдайды бағалау үшін көбінесе дененің орналасу кейпін өзгертуге қызметтік сынамалар қолданылады
А.Орталық нерв жүйесінің
В.Вегетативті нерв жүйесінің +
C.Cыртқы тыныс алу жүйесінің
D.Ас қорыту жүйесінің
242.Статикалық жүктемеге жүрек қан тамырлар жүйесінің қалыпты реакциясы кезінде жүрек соғу көлемімен жүрек соғу жиілігі
А.Жоғарлайды +
В.Өзгермейді
С.Төмендейді
D.Аз өзгереді
243.Циклдік спорт түрлерінің өкілдерінде R-R арақашықтығының өзгергіштігі ағзаның жақсы қызметтік жағдайында қандай болмақ?
А.0-0,1 c.
B.0,2-0,5 c. +
C.0,6-0,8 c.
D.0,9-1,0 c.
244.Ересек спортшыға ағымдағы тексеру өткізгенде лимфоциттердің концентрациясы 37 %, бұл бейімделу фазасының бар екендігін көрсетеді
А.Машықтануда
В.Тыныштық жағдайында +
С.Белсенділігі жоғарлағанда
D.Созылмалы стресс кезінде
245.Кернеулігі жоғары дене жүктемесінен кейін лактаттың қаннан шығарылуы қанша сағатқа созылады?
А.24 сағат
В.12 сағат
С.6 сағат
D.90-120 минут +
246.Жүктеменің максимальді қуаттылығы кезінде қанның РН-ы қаншаны құрайды?
А.7,0-7,15
В.7,42-7,30
С.7,30-7,20 +
D.7,50-7,65
247.Кетле индексі бойынша (1 см бойға келетін салмақ гр) ең қолайлысы ерлерге
А.540
В.451-539
С.400 +
D.300-319
248.Әйелдерге ең қолайлы салмақ Кетле индексі бойынша (1 см бойға келетін салмақ граммен)
А.540
В.416-450
С.390 +
D.200-299
249.Көкірек қуысының пропорционалды даму индексі Эрисман бойынша
А.+1,5 см
В.+2,8 см
С.+5,8 см +
D.+6,9 см
250.Салыстырмалы аяқтың ұзындығы Пирке (Бедузи) индексі бойынша пропорциональды дамуы қанша болуы керек?
А.50-60 %
В.70-80 %
С.87-92 % +
D.95-100 %
251.Пинье индексі бойынша «жақсы»- деген қаншаға тең болады?
А. >10
В.10-20 +
С.21-25
D.26-35
252.Мезосоматик-көлемдік деңгейдің қай соматикалық типіне жатады?
А.0,2-0,386
В.0,387-0,466
С.0,467-0,564 +
D.0,565-0,568
253.Макросоматик-көлемдік деңгейдің қай соматикалық типіне жатады?
А.0,386-0,466
B.0,467-0,564
C.0,565-0,568
D.0,568-0,800 +
254.Тері-май бүрлерінің –микрокорпуленция-өлшемдеріне жататыны
А.0,201- ден аз
B.0,202-0,432 +
C.0,433-0,568
D.0,569-0,799
255.Тері-май бүрлерінің-макрокорпуленция-өлшемдеріне жататыны
A.0,202-0,432
B.0,433-0,568
C.0,569-0,799 +
D.0,800-ден жоғары
256.Сүйек құрамының микроост түріне жататыны
А.0,201-ден аз
B.0,202-0,432 +
C.0,433-0,568
D.0,569-0,799
257.Сүйек құрамының мезоост түріне жататыны
A.0,202-0,432
B.0,433-0,568 +
C.0,569-0,799
D.0,800-ден жоғары
258.Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың кезеңдігі жылына қанша рет болады?
А.Бір
В.Екі
С.Үш
D.Төрт +
259.Есту анализаторына қатысы бар спорт түрлері
А.Мәнерлеп сырғанау,гимнастика, фристайл, бобслей
В.Ату спорты, бес сайыс
С.Биатлон, бокс +
D.Ауыр атлетика
260.Тепе-теңдікке (вестибулярлы анализатор) қатысы бар спорт түрлері
А.Ату спорты, биатлон, бес сайыс, бокс
В.Мәнерлеп сырғанау, гимнастика, суға секіру, шана спорты +
С.Спорттың ойын түрлері, ату спорты, биатлон, бес сайыс
D.Бокс, ауыр атлетика
261.Спортшылардың нерв-бұлшық ет аппаратының қызметтік мүмкіншілігі-
нің жақсы көрсеткіштері (кернеу тонусы миотонмен)
А.80-100
B.120-130
C.140-150 +
D.5-15
262.Бұлшық ет жиырылуының максимальді жиілігі (минутына)
А.130-190
B.80-100
C.300-350 +
D.56-66
263.Спортшыларда нерв-бұлшық ет аппаратының реобазасы (Вт)
А.20-40
B.50-60
C.5-15 +
D.70-80
264.Cпортшыларда нерв-бұлшық ет аппаратының хронаксиясы (мс)
А.0,08-0,15
B.0,8-0,15
C.0,02-0,07 +
D.0,20-0,70
265.Спортшы шаңғышылардың жүректерінің орташа көлемі телерентгено- графия деректері бойынша (абсалютті көрсеткіші, мл)
A.970±28
B.1125±30
C.790±24
D.1073±42 +
266.Баскетболшылардың жүректерінің абсалютті орташа көлемі телерентгенография деректері бойынша, мл
A.1073±42
B.760±11
C.1125±30 +
D.770±25
267.Cпортшы күресшілердің жүректерінің абсалютті орташа көлемі телерент-
генография деректері бойынша, мл
A.970±28
B.1125±30
C.953±24 +
D.790±24
268.PWC170 көрсеткішінің дене жұмыс қабілеттілігінің төмен болғандағы мәні (кгм/мин * кг)
А.15-16
B.17-18
C.14-тен аз +
D.19-20
269.PWC170 көрсеткішінің дене жұмыс қабілеттілігі жоғары болса, мәні қандай болмақ (кгм/мин * кг)
А.15-16
B.17-18
C.19-20
D.21-22 +
270.PWC170 көрсеткішінің дене жұмыс қабілеттілігі орташа болған жағдайда мәні қанша (кгм/мин * кг) болмақ?
А.15-16
B.17-18 +
C.19-20
D.21-22
271.Ациклдік спорт түрлері өкілдерінде Гарвард степ-тест индексінің нашар көрсеткіші қаншаға тең болар еді?
А.61-70
B.71-80
C.81-90
D.61- ден аз +
272.Ациклдік спорт түрлері өкілдерінде Гарвард степ-тест индексінің орташа көрсеткіші қаншаға ең болар еді?
А.61-70
B.71-80 +
C.81-90
D.91-100
273.Ациклдік спорт түрлері өкілдерінде Гарвард степ-тест индексінің жақсы көрсеткіші қаншаға тең болады?
А.61-70
B.71-80
C.81-90
D.91-100 +
274.Дендері сау, бірақ жаттықпаған адамдарда Гарвард степ-тест индексінің орташадан төмен нәтижелері қандай болмақ?
А.56-дан аз
В.56-65 +
C.66-70
D.71-80
275.Дендері сау, бірақ жаттықпаған адамдарда Гарвард степ-тест индексінің орташадан жоғары көрсеткіші қандай болар еді?
А.56-65
B.66-70
C.71-80 +
D.81-90
276.Дендері сау, бірақ жаттықпаған адамдарда Гарвард степ-тест индексінің өте жақсы көрсеткіші нешеге тең болар еді?
А.56-65
B.66-70
C.81-90
D.90-нан жоғары +
277.Жоғары дәрежелі спортшы-шаңғышыларда оттегіні максимальді тұтыну саны (мл/кг мин) нешеге тең болады?
А.67
B.76
C.83 +
D.78
278.Жоғары дәрежелі жеңіл атлетика спортшыларында ( 800-1500 м ) оттегіні максимальді тұтыну саны (мл/кг мин) нешеге тең болар еді?
А.83
B.78
C.76 +
D.68
279.Жоғары дәрежелі жүзу спортшыларында оттегіні максимальді тұтыну саны (мл/кг мин) қаншаны құрар еді?
А.78
B.67 +
C.77
D.68
280.Жоғары дәрежелі конькиші-әйелдерде максимальді оттегіні тұтыну саны (мл/кг мин) қанша болар еді?
А.50
B.56
C.54 +
D.63
281.Тредмилде тест өткізу кезінде дене жүктемесінің бағдарламасы бойынша айталық 100 ватт қуаттылық, қай жүктеме баспалдағына тең болар еді?
А.І
В.ІІ
С.ІІІ +
D.IY
282.IY-ші жүктеме баспалдағы (тредмилде) қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?
А.4,0 км/сағ
B.5,6 км/сағ
C.6,8 км/сағ +
D.8,0 км/сағ
283.Ағымдағы бақылау былай іске асуы мүмкін
А.Күнде таңертең (ашқарынға, екі машық жаттығулары бар) +
В.Шаршаудың сыртқы белгілерін
С.Дене салмағын
D.Қанның қышқыл-сілтілік жағдайын
284.Ағымдағы бақылау
А.Жұмасына бір рет-демалыстан кейін +
B.Жаттығудан кейі 2 сағат\өткеннен кейін
С.Сыртқы тыныс алудың қызметтік жағдайын
D.Несептің құрамын
285.Ортостатикалық сынаманың 1-ші минуттағы нәтижелерін бағалау негіздері: өте жақсы (ЖСЖ, соқ/мин)
А. -2-ден -5-ке дейін
В.0-ден +10-ға дейін +
C.+11-ден +16-ға дейін
D.+17-ден +22-ге дейін
286.Ортостатикалық сынаманың 1-ші минуттағы нәтижелері жақсы болған жағдайда (ЖСЖ, соқ/мин)
А.0-ден +10-ға дейін
В.+11-ден +16-ға дейін +
C.+17-ден +22-ге дейін
D.+22-ден жоғары
287.Ортостатикалық сынаманың 1-ші минуттағы нәтижелері қанағатсыз болса (ЖСЖ, соқ/мин)
А.0-ден +10-ға дейін
В.+11-ден +16-ға дейін
С.+17-ден +22-ге дейін
D.+22-ден жоғары +
288.Нормотоникалық реакция түрі
А.ЖСЖ жүктемеге адекватты емес өсуі
В.ЖСЖ күрт өсуімен
С.ЖСЖ өсуі адекватты қарқынмен және жұмыстың орындалу ұзақтығымен +
D.ЖСЖ қайта қалпына келуінің ұзаруымен
289.Гипертоникалық реакция түрі
А.Артериальды лүпіл қысымның адекватты жоғарлауы
В.ЖСЖ мен АҚ көрсеткіштерінің қайта қалпына келуі жәй +
C.АҚ жағынан маңызды өзгерістердің жоқтығы
D.ЖСЖ мен АҚ көрсеткіштерінің тез қалпына келуі
290.Флэктің күштену сынамасы бойынша жақсы көрсеткіш нешеге тең
А.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 1-2 соққы
В.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 3-4 соққы +
C.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 5-7 соққы
D.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 7 соққыдан жоғары
291.Флэктің күштену сынамасы бойынша өте нашар көрсеткіші нешеге тең
А.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 1-2 соққы
В.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 3-4 cоққы
С.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 5-7 соққы
D.Лүпілдің жиілігінің өсуі 5 секундта – 7 соққыдан жоғары +
292.Ақ қан көрсеткіштерінің стресстің созылмалы реакциясына лимфоциттер мен сегмент ядролық нейтрофильдердің пайыздық көрсеткіштері
А.26% және 60% +
B.26-32% және 55-60%
C.33-38% және 50-54%
D.39-45% және 44-49%
293.Ақ қан көрсеткіштерінің машықтану реакциясы кезіндегі өзгерістері (лимфоциттер мен сегмент ядролық нейтрофильдердің %% көрсеткіштері)
А.26% және 60%
B.26-32% және 55-60% +
C.33-38% және 50-54%
D.39-45% және 44-49%
294.Ақ қан көрсеткіштерінің жоғары белсенділік реакциясы кезіндегі өзгерістері (лимфоциттер мен сегмент ядролық нейтрофильдердің %% көрсеткіштері)
А.26% және 60%
B.26-32% және 55-60%
C.33-38% және 50-54%
D.39-45% және 44-49% +
295.Өкпенің тіршілік сиымдылығындағы (ӨТС) өзгерістердің жедел орташа жүктемеден кейінгі бағалау негіздері
А.ӨТС-тің 100-300 мл төмендеуі +
B.ӨТС-тің 300-450 мл төмендеуі
С.ӨТС-тің 450-700 мл төмендеуі
D.ӨТС-тің 700 мл-ден төмендеуі
296.Қан сарысуындағы мочевинаның жедел орташа жүктемеден кейінгі бағалау негіздері
А.< 1 ммоль/литр
В.1-2,5 ммоль/л +
С.> 2,5 ммоль/л
D.5 ммоль/л –ден аз
Сауықтыру денешынықтыруын дәрігерлік қамсыздандыру
297. «Контрэкс-2» жүйесі бойынша он бір көрсеткіш кіреді (жасы, салмағы, АҚ, лүпіл тыныштықта, иілгіштік, жылдамдық, динамикалық күш, төзімділік жылдамдығы, төзімділіктің жылдамдық-күші, жалпы төзімділік, лүпілдің қайта қалпына келуі) және баллмен есептеледі-орташасы қанша болар еді?
А. 50-ден төмен
В.51-90 балл
С.91-160 балл +
D.161-250 балл
298. «Контрэкс-1» жүйесінде сегіз көрсеткіш бар, соның орташадан жоғары баллы қанша болмақ?
А.>90
B.91-120
C.121-170
D.171-200 +
299.20-29 жастағы ерлердің орташадан жоғары жұмыс қабілеттілігі PWCaF сынамасы бойынша көрсеткіші қанша болмақ?
А.700-849
B.850-1149
С.1150-1299 +
D.>1300
300.20-29 жастағы әйелдердің жоғары жұмыс қабілеттілігі PWCaF сынамасы бойынша көрсеткіш нешеге тең болады?
А.450-549
B.550-749
C.750-849
D.>850 +
301.Ағзаның жүрек қан тамырлар, тыныс алу және басқа жүйелердің қызметтік көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған-қай кестеге жатады?
А.Қозғалу
В.Машықтану
С.Жалпы дене дайындық +
D.Аурудан кейін қайта қалпына келу
302.Ағзаның қор мүмкіншіліктерін ұзақ уақыт сақтауға бағытталған кесте
А.Аурудан кейін қайта қалпына келу
В.Машықтану
С.Жалпы дене дайындық
D.Спорттық ұзақ өмір сүру +
303.60-жастан асқан адамдарға спортпен шұғылдануға рұқсат қағазы жылына қанша рет беріледі?
А.Жылына бір рет
В.Әрбір тоқсан сайын
С.Айына бір рет +
D.Жарты жылда бір рет
304.Семіздікпен ауыратын адамдарға спортттық сауықтыру сабақтарында рұқсат етілмейді
А.Жүгіру +
В.Жүзу
С.Шаңғымен жүру
D.Ескек есу
305.Лүпілдің максимальді мүмкіншілік деңгейін сақтап сауықтыру денешынықтыру сабақтарын тиімді өткізгенде, ол құрайды
А.10-20%
B.40-80% +
C.90-100%
D.110-120%
306.Лүпілдің максимальді мүмкіншілігін қай формула бойынша есептейді?
А.220- жасы
В.220-0,5 жасы
С.(220-жасы) * 0,87
D.(220- жасы) – ЖСЖ(тыныштықта) +
307.Жұмасына екі реттік сабақ (спорттық сауықтыру) тиімді
А.Оттегіні максимальді тұтыну мәндері салыстырмалы бастапқыдан жоғарыларда
В.Оттегіні максимальді тұтыну мәндері салыстырмалы бастапқыдан тө-мендерде +
С.Өкпенің тіршілік сиымдылығы төмендерде
D.Өкпенің тіршілік сиымдылығы жоғарыларда
308.Қолды жаттықтыру үшін қолданылатын жүктемеде аяқ жаттығуларының қанша пайыздық жүктемесін құрауы қажет
А.30
B.50 +
C.80
D.100
309.Егер құрлықта жұмысты орындағанда ЖСЖ 170 соқ/мин құраса, онда суда ол тең жағдайда қанша болуы тиіс?
А.180 соқ/мин
В.155 соқ/мин +
C.130 соқ/мин
D.100 соқ/мин
310.Қарт адамдарға азғантай көлбеу жазықтықпен жүру жылдамдығы қандай болуы ұсынылады?
А.20-29 адым/мин
В.30-80 адым/мин +
C.81-99 адым/мин
D.100-120 адым/мин
311.Дене жүктемесін азайту көрсетілген болса, ең бірінші кезекте:
А.Олардың қарқындылығын азайту, көлемін сақтау +
B.Әрбір сабақ сайын көлемін азайту, қарқындылығын сақтау
С.Жұмада сабақ санын азайту
D.Жұмада сабақ санын көбейту, қарқындылығын азайту
Спортшылардың дене жұмыс қабілеттілігін жоғарлату мен қайта қалпына келтірудің негізгі амалдары
312.Cпортшылардың кардиореспираторық жүйесін қалыпқа келтіру үшін физиотерапевтикалық процедуралар
А.Хлоридті натрий ванналары
В.Сулы және құрғақ көмірқышқыл ванналары +
C.Иодты және бромды ванналар
D.Өте жоғары жиіліктегі электромагнит өрісі
313.Спортшылардың нерв-бұлшық ет аппаратын қалыпқа келтіру үшін терапевтикалық процедуралар
А.Хлоридті натрий ванналары +
B.Мойын аймағына өте жоғары жиіліктегі электромагнит өрісі
С.Қылқан жапырақты ванналар
D.Ультракүлгін сәулелермен әсер ету
314.Спортшылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіру үшін терапевти-калық процедуралар
А.Аралас скипидар мен иодты және бромды ванналар
В.Көбірек қызмет атқаратын бұлшық еттер тобына синусоидальді нобайыланған электр токтары
C.10-20 Гц импульс жиілігімен электр ұйқысы +
D.Бүйректер тұсына өте жоғары жиілікті электромагниттік өріспен әсер ету
315.Спортшылардың иммундық жүйесін қалыпқа келтіру үшін терапевтика-лық процедуралар
А.Сулы және құрғақ көмірқышқыл ванналары
В.Хлоридті натрий ванналары
С.Иодты және бромды ванналары
D.Ультракүлгін сәулелермен әсер ету +
316.Құрамына 10 дәрумен кіреді (А,Е,В1, В2, B6,P,C,PP, және екі қышқыл) ол қандай дәрумен?
А.Комплевит
В.Глутамевит +
C.Квадевит
D.Дуовит
317.Құрастырылған препарат, 11дәрумен, фитин, метионин, глутамин ж.б.
А.Глутамевит
В.Компливит
С.Квадевит +
D.Триовит
318.Құрамында 11 дәрумен (А,Д3, E,C, B1, B2, B6, B12, т.б.) және 8 минерал кіреді
А.Солмевит
В.Дуовит +
C.Триовит
D.Пленил
319.Спорттық медицинада қолданылатын препараттар, дәрумендер тобына жататыны: макро және микроэлементтері бар
А.Витогепат, сирепар
В.Супрадин, лопревит, олиговит +
C.Эссенциале, липостабил
D.Фосфотиамин, бенфотиамин, кокарбоксилаза
320.Фосфорлы эфир, сіңіріліп белсенді коферментке (кокарбоксилаза) айналады
А.Бенфотиамин
В.Фосфотиамин +
C.Пантогам
D.Пикамилон
321.Тыныштандыратын иісі бар өсімдік препараттары
А.Сарымсақ
В.Алоэ
С.Киікшөп +
D.Қарағай
Спортпен шұғылданғанда тірек-қимыл аппаратының созылмалы және
арнайы аурулары
322.Төмендегі аталғандардың бәрі миогелоздың айқындалу себебі болып табылады, тек:
А.Бұлшық еттің ауруы
В.Бұлшық еттің босауының мүмкінсіздігі
С.Бұлшық еттегі тығыз ауру түйіндері
D.Бұлшық еттің семуі +
323.Бұлшық еттің қатты құрысып қалу кезінде:
А.Мұз салу
В.Құрысып қалған бұлшық еттерді қолмен ұстап сипау қажет
C.Құрысуы кеткеннен кейін массаж бен жылу қою керек +
D.Құрысып болғаннан кейін, ол жерді бекітіп жоғары көтеріп қою керек
324.Паратенонит – бұл:
А.Байлам аппаратының кернеуінің созылмалы ауруы
В.Сіңір қынабының созылмалы ауруы +
C.Сіңірдің сүйекке бекитін жерінің созылмалы ауруы
D.Бұлшық еттің семуі
325.Спортшыларда сүйек ұлпасының сынған жерлерінің созылмалы ауруларының жазылуы қанша уақыт алады?
А.1-2 жұма
В.1,5-2 ай
С.1,5-2 жыл +
D.5-6 жыл
326.Қай бұлшық еттің үзілуі кезінде спортшы аяқтың ұшына тұра алмайды?
А.Балтыр бұлшық еті
В.Ахилл сіңірі +
С.Санның төрт басты бұлшық еті
D.Санның келтіретін бұлшық еттері
327. «Жәшіктің алға суырлуы» симптомы қандай жарақат алғанда байқалады
А.Тізе буынының алдыңғы айқасқан сіңірлер байламы +
B.Тізе буынының артқы айқасқан сіңірлер байламы
С.Тізе буынының сыртқы жанама сіңірлер байламы
D.Тізе тобығының сіңірлер байламы
328.Cпортшы әйелдерде шаршаудан жиі кездесетін сынықтар неге байланысты?
А.Салмақтың өте жоғары болуынан +
В.Салмақтың тым төмен болуынан
С.Етеккір циклінің бұзылуынан
D.Дұрыс тамақтанбағаннан
329.Үлкен жіліншік бүйір байламының созылуы неден пайда болады?
А.Байламның аса жазылуынан (разгибании)
В.Тізені сыртқы жағынан соққанда +
C.Тізені ішкі жағынан соққанда
D.Тізенің сыртқа қарай жылжуы
330.Тізе тобығының сіңір тендиниті кезінде ауырсыну байқалады
А.Тізе тобығының астында +
В.Тізе тобығының үстінде
С.Тізенің ішкі жағы
D.Тізенің сыртқы жағы
331.Бір жерін соғып алғанда сол күні төменде аталған майлар мен гельдің қайсысы пайдаланылады?
А.Финалгон
В.Троксевазин +
C.Никофлекс
D.Мепазин
332.Аяқ тобықтары сынғанда неше күнен кейін сабаққа кірісуге болады?
А.10-20
B.30-40
C.45-60 +
D.65-90
333.Сирақ сүйектері сынғанда неше күнен кейін сабаққа кірісуге болады?
А.20-30
B.45-60
C.70-85
D.90-120 +
334.Ортан жілік сынғанда неше күннен кейін сабаққа кірісуге болады?
А.1-2 ай
В.3-4 ай
С.6-8 ай +
D.10-12 ай
335.Бұғана сынғанда неше күннен кейін сабаққа кірісуге болады?
А.10-25
B.30-60 +
C.70-90
D.100-120
336.Тоқпан жілік сынғанда неше күннен кейін сабаққа кірісуге болады?
А.10-30
B.40-80
C.60-90 +
D.100-120
337.Блек сүйектері сынғанда неше күннен кейін сабаққа баруға болады?
А.10-35
B.45-60 +
C.70-90
D.100-120
Спортшылардағы аурулар мен жарақаттар
338.Кенеттен, дене жүктемесі кезінде бел тұсында қатты ауру байқалады
А.Люмбаго +
B.Люмбалгия
С.Люмбаишиалгия
D.Цервикалгия
339.Көбінесе дене жүктемесінен кейін арқа тұсында ауру байқалады
А.Люмбаго
В.Люмбалгия +
С.Люмбаишиалгия
D.Цервикобрахиалгия
340.Мойын аймағында рефлекторлы синдром пайда болуы мүмкін
А.Цервикалгия +
B.Цервикобрахиалгия
С.Люмбалгия
D.Люмбаго
341.Бронхитпен ауырған спортшы жазылып шыққаннан кейін қайта жаттығуға неше жұмадан кейін кірісуге болады?
А.3
B.4
C.5
D.6 +
342.Пневмониямен (өкпенің қабынуы) ауырған спортшы жазылып шыққаннан кейін қайта жаттығуға қашан кіріседі?
А.1 айдан кейін
В.2 айдан кейін +
С.3 айдан кейін
D.4 айдан кейін
343.Бронхоспазм (бронхтың түйілуі) сырқатының ауырлық деңгейінің жеңіл түрі
А.10-25% төмендейді +
B.25-35% төмендейді
C.35-50% төмендейді
D.50% > төмендейді
344.Ол ауру тез басталып, оң жақ қабырға асты қатты ауырып таралады
А.Жедел холецистит +
B.Созылмалы холецистит
С.Бронхит
D.Перитонит
345.Cозылмалы гепатитпен ауырған спортшылар
А.Спортпен шұғылдануға мүлдем болмайды +
B.Бір жылдан кейін спортпен шұғылдануға болады
С.Бес жылдан кейін спортпен шұғылдануға болады
D.Он жылдан кейін спортпен шұғылдануға болады
346.Қаңқаның жйелілік ауруы, көлем бірілігінде сүйек массасы кемиді және сүйек ұлпасының мкроархитектоникасы бұзылады
А.Артрит
В.Артроз
С.Остеопороз +
D.Остеохондроз
347.Буындардың дегенеративті дистрофиялық аурулары
А.Артрит
В.Артроз +
C.Остеопороз
D.Остеохондроз
348.Қатты таңдайдың бадамша бездерінің созылмалы қабынуы
А.Гайморит
В.Лабиринтит
С.Лимфаденит
D.Тонзиллит +
349.Тамырлар қабырғасының биохимиялық және биофизикалық бұзылуынан
А.Ревматизм
В.Атеросклероз +
C.Миокард инфарктісі
D.Стенокардия
350.Жүректің өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, ауырсыну байқалмайды
А.Астматикалық нұсқа
В.Ангинозды нұсқа
С.Аритмиялық нұсқа +
D.Абдоминальды нұсқа
351.Инсульттің ең ауыр түрі-миға қан құйылу
А.Ишемия инсульті
В.Ми тамырларының тромбозы
С.Геморрагия инсульті +
D.Гипертоникалық дағдарыс
352.Жарақаттан кейін бірнеше сағатқа дейін естен тану, құсу байқалады
А.Бас мидың жеңіл жарақаты
В.Бас мидың орташа жарақаты +
С.Бас мидың ауыр жарақаты
D.Бас мидың шайқалуы
353.Төменгі жақтан қатты соққанда тепе-теңдік аппаратының шайқалуы, бас айналу
А.Нокаут
В.Грогги +
C.Нокдаун
D.Контузия
354.Есін сақтап қалады, бағдарды жоғалтады, координациясы бұзылады
А.Нокаут
В.Грогги
С.Нокдаун +
D.Окклюзия
355.Қандағы гемоглобиннің санының азаюымен сипатталады
А.Аденоидтар
В.Баспа
С.Қан аздылық +
D.Артрит
356.Қарынның шырышты қабатының қабынуы
А.Бронхит
В.Гайморит
С.Гастрит +
D.Гемоторакс
357.Буын қуысында қанның жиналып қалуы
А.Артроз
В.Атеросклероз
С.Гемартроз +
D.Гепатит
Спорт медицинасындағы шұғыл жағдайлар
358. «Мидың бірінші дәрежелі шайқалуы» қай уақыттарда қойылады?
А.Амнезия
В.Есінен шатасуы +
C.Есінен тануы
D.Талу
359.Қайталанған «жеңіл» ми шайқалуы қауіпті болуы мүмкін, одан
А.Қанның бір жерде азаюынан мидың шайқалуы
В.Мидың қанды ісігі
С.Мидың қатты диффузды ісінуі +
D.Есінен тануы
360.Ми-сауыты жарақатын алғаннан кейін ең бірінші кезеңде қайсысын өткізген жөн
А.Электроэнцефалография
В.Реовазоэнцефалография
С.Эхоэнцефалография +
D.Электромиография
361.Cубдуральді қан ісігі (гематома) кезіндегі шағымдану
А.Жарақат алғаннан кейін әрқашанда бірер сағаттан кейін
В.Жарақат алғаннан кейін әрқашанда бірер күннен кейін
С.Жарақат алғаннан кейін бірнеше айдан кейін +
D.Жарақат алғаннан кейін бірнеше жылдан кейін
362.Cпортшының ми-сауыты жарақатын алғанда мойын бөлігі зақымданған-
да не істеу керек?
А.Оны қатты жазықтыққа жатқызу қажет +
В.Қатты жазықтыққа жатқызып, аяғын көтеріп қою керек
С.Есін жиғызуға тырысу керек
D. Басына ыстық басу керек
363.Спортшы талып қалғанда не істеу керек?
А.Оны тұрғызып қою керек
В.Оның қолын көтеріп қою қажет
С.Нашатыр спиртін иіскету керек +
D.Оны қатты тақтайға жатқызу керек
364.Сафардың реанимация жүйесі бойынша шаралардың өткізу кезегі
А.1.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 2.Өкпені жасанды желдету; 3.Қанайналымын жасанды жолмен сүйемелдеу +
B.1.Қанайналымын жасанды жолмен сүйемелдеу; 2.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 3.Өкпені жасанды желдету.
С.1.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 2.Қанайналымын жасанды жолмен сүйемелдеу; 3.Өкпені жасанды желдету.
D.1.Өкпені жасанды желдету; 2.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 3.Қанайналымын жасанды жолмен сүйемелдеу.
365.Гипогликемиялық жағдай төмендегі аталған белгілерімен сипатталады, тек:
А.Тері жамылғысы ылғалды
В.Көз алмасының тонусы жоғары
С.Бұлшық еттер қатайған
D.Тері жамылғысы құрғақ +
366.Анафилактикалық шок (естен тану) кезінде жедел жәрдем ретінде қолданылатын негізгі фармакологиялық дәрі-дәрмектер
А.Атропин
В.Адреналин +
C.Кордиамин
D.Анальгин
367.Несептің бөлінуінің мүлдем тоқтауы
А.Аневризма
В.Анемия
С.Анурия +
D.Аномалия
368.Мүшелердің жаңа ұлпа элементтерінің дамуының тоқтауы
А.Абсцесс
В.Антисептика
С.Анурия
D.Аплазия +
369.Бүйеннің соқыр ішегінің қабынуы
А.Аневризма
В.Абсцесс
С.Аппендицит +
D.Аплазия
370.Бір немесе бірнеше буындардың ауруы
А.Аденоидтар
В.Аневризма
С.Артралгия +
D.Аритмия
371.Жүректің барлық бөлімдерінің қызметінің тоқтауы
А.Остеоартроз
В.Асептика
С.Асистолия +
D.Артрит
372.Мүшенің туа табиғи тесігінің немесе саңылауының болмауы
А.Атрофия
В.Атеросклероз
С.Атрезия +
D.Ангина
373.Шәует бауының вена қан тамырларының кеңеюі мен ұзаруы
А.Васкулит
В.Варикоцеле +
C.Дерматит
D.Гангрена
374.Қарын мен аш ішектің шырышты қабатының қабынуы
А.Гайморит
В.Гастрит
С.Гастроэнтерит +
D.Гемартроз
375.Плевра қуысында қанның жиналып қалуы
А.Гангрена
В.Гастродуоденит
С.Геморрой
D.Гемоторакс +
376.Алыстан көргіштік
А.Герпес
В.Гинекомастия
С.Гиперметропия +
D.Гиперплазия
377.Етеккір қызметінің бұзылуы
А.Диарея
В.Дисбактериоз
С.Дискоз
D.Дисменорея +
378.Өт пен қуықта тастардың жиналуы (құрылуы)
А.Дисплазия
В.Инфантилизм
С.Калькулез +
D.Киста
379.Жұлынның қабынуы
А.Мастит
В.Менингит
С.Миелит +
D.Миозит
380.Бүйректерге тас жиналу ауруы
А.Нефрит
В.Нефроз
С.Нефролитиаз +
D.Нефроптоз
381.Бөлінетін несептің мөлшерінің азаюы
А.Панкреатит
В.Ринит
С.Олигурия +
D.Отит
382.Бөлінетін несептің мөлшерінің көбеюі
А.Перитонит
В.Пневмония
С.Полиурия +
D.Олигурия
383.Ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы
А.Склероз
В.Спондилез
С.Стеноз
D.Стоматит +
384.Вена қан тамырларының қабынуы
А.Тонзиллит
В.Тромбофлебит
С.Флебит +
D.Фронтит
385.Өт жолдарының қабынуы
А.Фурункул
В.Холецистит
С.Холангит +
D.Цистит
Достарыңызбен бөлісу: |