1.Жалпыевропалық нұсқа: PWC170 = W3 – W2 : f3 - f2 x (170 – f3) + W3.
2. В.Л.Карпман модификациясы: PWC170 = W1 + (W2 – W1) x 170 – f : f2 – f1.
3.Л.И.Абросимова модификациясы: PWC170 = W : f1 – f0 x (170 – f0).
Бұндағы W – жүктеменің қуаты кгм/мин, f – жүрек соғу жиілігі (f0 – тыныштықтағы жүрек соғу жиілігі).
Новакки тестісі. Ол былай орындалады, сыналушы велоэргометрде бастапқы қуаты 1 Вт/кг жұмыс орындайды. Әрбір екі минут сайын жүктеменің қуаты 1 Вт/кг өседі және әбден сыналушы қарсы болғанша орындалады.
Бағалау негізі:Егер де сыналушы педальді айналдыруды 10- шы минутта доғарған болса, 5 – ші қуат дәрежесінің 2 – минутында, онда ол 5 Вт/кг сәйкес келеді, кестемен салыстырсақ онда жалпы жұмыс қабілеттілігі жоғары деңгейде екені белгілі.
Новакки тестісінің нәтижесін бағалау
Жүктеменің қуаты, Вт/кг
|
Қуаттың соңғы сатысындағы жұмыс уақыты, мин
|
Тестілеу нәтижесін бағалау
|
Жаттықпағандар
|
2
|
1
|
Төменгі жұмыс қабілеттілік
|
3
|
1
|
Қанағаттанарлық
|
3
|
2
|
Қалыпты жұмыс қабілеттілік
|
Спортшылар
|
4
|
1
|
Қанағаттанарлық
|
4
|
2
|
Жақсы жұмыс қабілеттілік
|
5
|
1-2
|
Жоғары жұмыс қабілеттілік
|
6
|
1
|
_Өте жоғары жұмыс қабілеттілік
|
|
|
|
Тексеру сұрақтары: Телерентгенография нені зерттейді? Эхокардиографиямен қандай жүйені зерттеуге болады? Төзімділікті дамытуда жалпы ациклдік спорт түрлерінің маңызы андай? Өкпенің тіршілік сиымдылығы деген не? Ол немен өлшенеді? Максимальді желдету деген не? Оны қалай табуға болады. Қажетті өкпенің тіршілік сиымдылығы деген не? Шынайы ӨТС дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?
Әдебиеттер тізімі:1.А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
15.Тақырыптың аты:Денешынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау
Мақсаты: Ағымдағы және жедел дәрігерлік –ұстаздық бақылаумен танысу. Әртүрлі спорт мамандықтарына байланысты дәрігерлік –ұстаздық бақылауды өткізуді үйрену. Жедел және ағымдағы бақылауды ұйымдастыру негіздері. Орталық нерв жүйесіндегі қызметтік жағдайдың көрсеткіштерімен танысу.
Тірек сөздер: Ағымдағы бақылау, жедел бақылау, орталық нерв жүйесінің ағымдағы және жедел бақылау түрлері, морфологиялық және биохимиялық қан құрамы, несеп құрамы, шаршаудың сыртқы белгілері, қышқыл-сілтілік қан құрамы, «өзінсезіну», «белсенділік», «көңіл –күй», Спилберг тестісі.
Негізгі сұрақтар:
Ағымдағы және жедел дәрігерлік –ұстаздық бақылау (әртүрлі спорттық мамандықтарына байланысты)
Вегетативті нерв жүйесінің функционалды жағдайының ағымдық және жедел көрсеткіштері
ОНЖ функционалдық жағдайының ағымдық және жедел көрсеткіштері
Қысқаша мазмұны:
1. Ағымдағы бақылауың негізгі мақсаты мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтік жағдайын жүктемеден кейінгі өзгерістердің дәрежесін анықтау болып табылады.
Ағымдағы бақылаудың іске асуы:
Күнде таңертең (ашқарынға, таңертеңгі тамаққа дейін; егер екі жаттығу болатын болса – таңертең және екінші жаттығудың алдында);
Жұмасына үш рет (біріншісі – демалыс күнінен кейін, екіншісі - өте ауыр жаттығудан кейін келесі күні, және үшіншісі – орташа жаттығудан кейін келесі күні);
Жұмасына бір рет – демалыс күнінен кейін.
Ағымдағы бақылау өткізгенде міндетті түрде кейбір қызметтік жағдайларды бағалайды:
- орталық нерв жүйесінің;
- вегетативті нерв жүйесінің;
- жүрек – қан тамырлар жүйесінің;
- тірек – қимыл аппаратының.
Жүктеме орындағанда әсіресе төзімділікті дамыту үшін қосымша тексереді:
Морфологиялық және биохимиялық қан құрамы (қанның жалпы талдамасы және қан сұйықтығындағы мочевинаның мөлшерін;
Несептің құрамын;
2 – нұсқада - күніне екі жаттығу, екінші жаттығудың алдында бақылау:
Қанның биохимиялық құрамы: сұйықтықтағы лактаттың мөлшері;
Қанның қышқыл – сілтілік құрамы.
Жедел бақылаудың негізгі мақсаты жаттығу кезінде және екі сағат одан кейін ағза жүйелерінің қызметтік жағдайында болған лездік өзгерістерді бағалау.
Тікелей жаттығу үрдісі кезінде (орындалатын жүктеменің ерекшелігіне байланысты емес) талдайды:
Шаршағандықтың сыртқы белгілерін;
ЖСЖ динамикасын;
өте сирек – қанның биохимиялық құрамын.
Төзімділікті дамытуға бағытталған жүктемелерді орындағанда:
дененің массасын;
жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік жүйесін (ЖСЖ, АҚ, ЭКГ);
сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік жағдайын (ӨТС);
қанның морфологиялық құрамын;
қанның биохимиялық құрамын (қан сұйықтығындағы лактат пен мочевинаның мөлшері);
қанның қышқылды – сілтілік жағдайы;
несептің құрамы.
Жылдамдық – күш жүктемесін орындаған кезде:
нерв – бұлшық ет аппаратының қызметтік жағдайы;
қанның биохимиялық құрамы (қан сұйықтығындағы креатинфосфаттың мөлшері).
Күрделі координациялық жүктемелер орындаған кезде:
нерв – бұлшық ет аппаратының қызметтік жағдайы;
талдауыштардың таңдап алынған түріне байланысты жүктемелерде максимальді қатысатындардың қызметтік жағдайы.
2.Спортшыларда вегетативті нерв жүйесінің қызметтік жағдайының ағымдық жіне жедел жеңіл, қолайлы белгілерін пайдаланылады:
вегетативті нерв жүйесінің қызметтік жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне сипаттама беру;
тері – вегетативті рефлекстер;
арнайы индекстер (Кардюдің вегетативті индексі);
арнайы қызметтік сынамалардың нәтижелерін (мыс. Ортостатикалық) қолдану.
Вегетативті нерв жүйесінің қызметтік жағдайына клиникалық сипаттама
Симптомдар мен көрсеткіштері
|
Симпатикалық реакциялар
|
Парасимпатикалық реакциялар
|
Терінің түсі
|
Бозарған
|
Гиперемияға жақын
|
Тамырлар суреті бар
|
Онша емес
|
Күшейген, цианоз
|
Майлылығы
|
қалыпты
|
Жоғары деңгейде
|
Құрғақтығы
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Тер бөліну
|
Азайған (егер тер қою болса, онда көбейген)
|
Күшейген (тер сұйық)
|
Дермографизм
|
Аққызыл, ақшыл
|
Қарқынды - қызыл
|
Терінің температурасы
|
Төмендеген
|
Жоғарлаған
|
Пигменттелуі
|
Жоғарлаған
|
Төмендеген
|
Дене қызуы
|
Жоғарлаған
|
Төмендеген
|
Суықты көтеру
|
Қанағаттанарлық
|
Нашар
|
Ыстықты көтеру
|
Нашар, тыншуды көтермейді
|
Қанағаттанарлық
|
Дене массасы
|
Жүдеуге бейімірек
|
Өсуіне бейімірек
|
Тәбеті
|
Жоғары
|
Төмен
|
Көздің қарашығы
|
Кеңейген
|
Қалыпты
|
Көз саңылауы
|
Кеңейген
|
Қалыпты
|
Лүпіл
|
Тұрақты тахикардия
|
Брадикардия
|
АҚ (систолалық және диастолалық)
|
Жоғарлаған
|
Төмендеген немесе қалыпты
|
ЭКГ
|
Синустық тахикардия
|
Синустық брадикардия
|
Бас айналу
|
Тән емес
|
Жиі
|
Тыныс жиілігі
|
Қалыпты немесе жиілен.
|
Жәй, терең
|
Сілекей құрамы
|
Қою
|
Сұйық
|
Қарынның сөлінің қышқылдығы
|
Қалыпты немесе төмендеген
|
Жоғарлаған
|
Ішектер қозғалысы (моторикасы)
|
Атоникалық іш қату, қозғалуы нашар
|
Дискинезия, түйілуден іш қату, іш өту
|
Несеп шығару
|
Полиурия, несеп ақшыл
|
Үзілді – кесілді келу
|
Аллергиялық реакциялар(ісіну, қышу)
|
Мүлдем жоқ
|
Байқалуы мүмкін
|
Темперамент
|
Қозушылығы жоғары
|
Солғын, енжар
|
Ұйқы
|
Ұзақ емес, нашар
|
Ұйқышылық
|
Жұмысқабілеттілік
|
Жоғары
|
Төмен
|
Эритроциттер саны
|
Көбейген
|
Азайған
|
Лейкоциттер саны
|
Көбейген
|
Азайған
|
Қандағы қант мөлшері
|
Жоғары, қалыпты
|
Төмен (гипогликемия)
|
Ортостатикалық сынама
|
Лүпіл салыс.тездетілген.
|
Лүпіл салыс.азайтылған
|
Клиностатикалық сынам
|
Лүпіл жайлау соғады
|
Лүпіл тездетілген
|
Ашнер сынамасы
|
Қалыпты, лүпіл парадок
сальді тездетілген
|
Лүпіл кәдімгідей жай
соғады
|
Либидо
|
Жоғары
|
Қалыпты
|
Эрекция
|
Қалыпты
|
Күшейген
|
3.ОНЖ функционалдық жағдайының ағымдық және жедел көрсеткіштері
Тері – вегетативті рефлекстерге кіретіндері:
жергілікті дермографизм; (тері капиллярларының реакциясы терінің қызаруы сызықша түрінде); (ақ дермографизм вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің өте жоғары қозғыштығы); (қызыл дермографизм қалыпты құбылыс болып қаралады);
ақ дақ симптомы; (симпатикалық бөлімінің өте жоғары қозғыштығын көрсетеді: егер саусақпен теріні қысса (басса) І және ІІ қол саусақтарының аралығын және барынша ұзақ сақталады (қалыпты жағдайда саусақпен 3 секунд басса 2-3 секундтан кейін жойылады).
пиломоторлық рефлекстер.(«қаз» тері рефлексі – шымшу немесе салқынмен әсер етсе, әсіресе иық үсті немесе мойын терілерін тітіркендірсе); егер «қаз» тері рефлексі емізікке дейін және одан да төмен болса, онда вегетатитвті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің тонусы жоғары.
Вегетативті Кардю индексін формула бойынша есептейді:
ВИ = ( 1 – АҚд / ЖСЖ ) х 100. (д – диастолалық қысым). ВИ мәні
± 15 , онда симпатикалық және парасимпатикалық әсерлері тепе теңдікті сақтайды. Егер ВИ 16 – дан 30 – ға дейін болса, онда, симпатикотония. Ал егерде, -16 – дан – 30 – ға дейін болса, онда парасимпатикотония.
Ортостатикалық сынаманың 1 – минуттағы нәтижелерін бағалау негіздері
Бағасы
|
ЖСЖ, соқ/мин динамикасы
|
Өте жақсы
|
0 – ден + 10 –ға дейін
|
Жақсы
|
+11 –ден +16- дейін
|
Қанағаттанарлық
|
+17 – ден +22 –дейін
|
Қанағатсыз
|
+22 – ден жоғары
|
Қанағатсыз
|
- 2 ден - 5 –ке дейін
|
Достарыңызбен бөлісу: |