Ескерту: 1. Бейімделу қабілетін бағалау үшін ТСЖ мен АҚ өзгеруіне сүйеніп жауап түрлерін сызуға болады
2. Бейімделу қабілетін ТСЖ мен қалыптасу көрсеткішін есептеп шығару арқылы да болжауға болады. Ол үшін әр орындалған жүктемеден кейін ТСЖ келесі тәртіппен анықтау қажет: жаттығу аяқталғаннан кейінгі алғашқы 10 cек /f1/, келесі 30-40 сек / f2/ және 60-70 сек / f3/ аралықтарында.
3. Кезекті ДҰБ әдісі ретінде қайталама сынаманың орнына PWC170 байқауын қолдануға болады.
Тексеру сұрақтары: Қайталама сынамалар деген қандай сынамалар? Арнайы жұмыс қабілетін қалай анықтауға болады?Қалыптасу кезеңі деген не? Жылдық дайындық кезеңіне лайықты болуды қалай түсіну керек? Спорттық көрсеткіші тұрақты, бірақ шаршағандық байқалуы мүмкін бе? Егер нәтижелері төмен не тұрақсыз болса, онда спортшының бейімделуі қандай?
№ 12. Зертханалық жұмыс
Тақырып: . Спорттық жаттығу процесіне сипаттама беру.
Мақсаты: Жүрек қан-тамырлар жүйесінің қызметін Гарвард степ-тест индексі (ГСТИ) арқылы анықтау.
Жабдықтар:Метроном, секундомер, отырғыштар.
Жұмыс барысы: Сыналушы 5 минут баспалдаққа шығуды орындайды (биіктігі ер адамдар үшін-0,5 метр, әйелдер үшін-0,43 м.). Шығу ырғағы 120 адым/мин. Метрономның
әрбір соғуына бір адым орындалады, яғни «бір» дегенде баспалдаққа бір аяғын қояды, «екі» дегенде, екінші аяқ қасына қойылады, «үш» дегенде бір аяқ баспалдақтан еденге қойылады, «төрт» дегенде екінші аяқ еденге қойылады.
Егер сыналушы уақытына жетпей шаршап қалса, онда тестіні орындауды доғарады да, жүктеменің аяқталу уақыты белгіленеді.
Ауыртпалықтан кейін сыналушының қайта қалпына келу уақытының 2-ші, 3-ші және 4-ші минутының алғашқы 30 секундында лүпіл есептеледі.
Индекс мына формула бойынша есептеледі: t . 100
ГСТИ = ---------------------- ; бұндағы t –
( f1 + f2 + f3 ) . 2
Баспалдаққа шығу уақыты сек., f1, f2, f3 – қайта қалпына келудің 2-ші, 3-ші, 4-ші минуттарының алғашқы 30 секундтағы лүпілдің саны.
Бағасы: ГСТИ кезінде = 55 - өте нашар; 56-64 – орташадан төмен; 65-79 – орташа; 80-89 –жақсы; 90-нан жоғары -өте жақсы.
Жұмысты толтыру үшін нұсқаулар: Бір топ студенттердің жүрек қан-тамырлар жүйесінің жағдайын анықтау. Спорттық мамандығына және шеберлігіне байланысты тәуелділігінің әртүрлілігін айқындау. Қорытынды жасау.
Тексеру хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.
Тексеру сұрақтары: Гарвард сынамасы нені зерттейді? Бұл сынаманың дененің машықтанған деңгейін анықтай ала ма? Бұл сынама мөлшерленген сынамаларға жата ма? Машықтану деңгейінің көрсеткіші болып табыла ма? Қандай формуламен машықтану деңгейін анықтайды?
№ 13. Зертханалық жұмыс:
Тақырып: . PWC170 және оттегіні максимальді тұтыну.
Мақсаты: Дене жұмыс қабілеттілігін PWC170 – сыны көмегімен анықтау.
Жабдықтар: Велоэргометр, секундомер.
Жұмыс барысы:Тексерілетін әрбір адам велоэргометрде 5 минуттан әртүрлі қуатты екі ауыртпалық орындайды. Жүктеме белгілі бір есеппен таңдап алынады, ЖСЖ бірінші ауыртпалықтан кейін 120-130 соқ/мин болуы қажет, ал екінші жүктемеден кейін ол 170- соқ/мин жақындауы тиіс. Әрбір ауыртпалықтың аяғында ЖСЖ (10 сек) анықталады. Содан кейін формула бойынша,
170 - f1
PWC170 = N1 + / N2 – N1 /. ---------------- дене жұмыс f2 - f1
қабілеттілігінің мәнін анықтайды, бұндағы f1 , f2 бір минуттағы жүрек соғу жиілігінің, бірінші және екінші жүктеме орындағаннан кейінгі көрсеткіштері. N1, N2 – бірінші және екінші ауыртпалық қуаттары.
Жұмысты толтыру үшін нұсқаулар: Берілген сынды бір топ студенттер әртүрлі спорт мамандықтарына байланысты өткізу керек. Спорттық мамандықтарына, шеберлік деңгейіне байланысты ерекшеліктерін айқындау. Қалыпты жағдайлармен салыстыру керек. Қорытынды жасау.
Тексеру хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.
Тексеру сұрақтары: PWC170 сынамасымен нені анықтауға болады? Неге 170 соқ/мин деген сандарды қайдан алған? Оттегінің қажеттілігі ең жоғарғы мәніне қай уақыттарда жетеді? Төзімділікті анықтауға PWC170 қандай қатысы бар?
№ 14. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Стандартты дене жүктемелеріне машықтану кезіндегі деңгейіне баға беру
Мақсаты: Дененің машықтану деңгейін Новакки сынамасы бойынша анықтау
Жабдықтар: Велоэргометр, секундомер, метроном, тексеру хаттамасы
Жұмыс барысы: Новакки сынамасында біртіндеп жоғарлайтын велоэргометрлік жүктемеде зерттелуші 2 минут ішінде ұстап тұра алатын жұмыстың жоғарғы қуатын анықтайды. Бұл сынама дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауымен машықтанған және машықтанбаған адамдарға кеңінен қолданылады.
1. Зерттелуші велоэргометрде 1 кг салмаққа 1 ваттық жүктемені орындайды. Әр 2 минут сайын 1вт/кг шаршағанға дейін жүктемені жоғарлатады. Осы уақытта ЖСЖ және оттегінің қажеттілігі жоғарғы дәрежесіне жетеді.
2. Жүктеменің жоғарғы қуаттылығы және оны ұстап тұру уақыты бойынша кестенің көмегімен дененің машықтану деңгейін анықтайды.
Новакки сынамасының нәтижесін бағалайтын кесте
Жүктемелер
қуаты (вт/кг)
|
Жұмыс уақыты
(мин)
|
Дене жұмыс қабілетін бағалау
|
3
|
2
|
Машықтанбаған адамның қалыпты жұмыс қабілеті
|
4
|
1
|
Спортшының қанағаттанарлық жұмыс қабілет
|
4
|
2
|
Спортшының жақсы жұмыс қабілеті
|
5
|
1-2
|
Спортшының жоғары жұмыс қабілеті
|
Тексеру хаттамасының үлгісі
1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.
Тексеру сұрақтары: Новакки сынамасы бойынша нені зерттеуге болады? БДДСҰ бұл сынаманы зерттеуге неге ұсынып отыр? Бір кг салмаққа қанша ватт қуаттылықпен жүктемені орындайды? Машықтанбаған адамның қалыпты жұмыс қабілеті нешеге тең болуы мүмкін? Спортшының жұмыс қабілеті жақсы болса оны қалай бағалауға болады? Спортшының жоғары жұмыс қабілетін қалай анықтауға болады?
№ 15. Зертханалық жұмыс
Тақырып: Аспаптармен зерттеу тәсілдері
Мақсаты: ЭКГ деректері бойынша жүректің қызметіне талдау жасау
Қажет құралдар: Электрокардиограф, ас тұзының 10% - дық ертіндісі, дәке немесе сүзгіш қағаз.
Жұмыс барысы: Тыныштықта және мөлшерленген ден ауыртпалығынан кейін (30 секундта 30 рет отырып тұру) стандартты түрлерімен электрокардиограмма жазып алу. ЭКГ –нің негізгі интервалдарының тістері мен ұзақтық вольтажын анықтау. Ырғақтың (жүрек соғу циклінің ұзақтығының айырмашылығы 0,1 – 0,15 сек – орташа, 0,16 – 0,30 сек. – айқындалған және 0,30 сек. жоғары шұғыл аритмия) жәнге де жүрек соғу жиіліктерін анықтау.
Жұмысты толтыру үшін берілетін нұсқаулар: функциональды сынаулардың алдында және соңынан жазылған электрокардиограммаларды жұмыс дәптеріне жапсырып, тістер мен интервалдарды белгілеу қажет. ЭКГ – нің жазып алынған тістері мен интервалдарын тыныштықтағы көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Алынған деректерді кестеге енгізіп, қорытынды жасау керек.
Тіркеу шарты
|
ЭКГ тістері, А-амплитудасы(мв), Ұ-ұзақтығы (сек), интервалдары (сек)
|
P
|
Q
|
R
|
S
|
T
|
PQ
|
QRS
|
QRST
|
ST
|
RR
|
|
А
|
Ұ
|
А
|
Ұ
|
А
|
Ұ
|
А
|
Ұ
|
А
|
Ұ
|
|
|
|
|
|
0,12 – 0,2
|
0,06 – 0,09
|
0,30 – 0,49
|
0 – 0,15
|
0,7 – 1,0
|
|
Адамның қалыпты ЭКГ-сі (Лакомкин бойынша)
|
0,05-0,25
|
0,04-0,1
|
0 - 02
|
Макс 0,03
|
0,3 – 1,6
|
Макс 0,03
|
0 -0,3
|
Макс 0,03
|
0,1 -0,6
|
Макс 0,25
|
Тыныштық тағы ЭКГ көрсеткіші
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауыртпа-лықтан кейін ЭКГ көрсеткіші
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тексеру сұрақтары: Жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысын тексеру үшін қандай аспаптар қолданылады? ЭКГ нені анықтауға болады? Амплитуда деген не? Оны қалай өлшейді? Интервал деген не ? Ол нені өлшейді? Ырғақтың қандай түрлері бар? Орташа және айқындалған жиіліктері нені білдіреді? Аритмия деген не?
8.ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңдар
Соққы толқыны, жарықтық сәулелену, өткір радиация және электромагниттік импульс нәтижесінде адам ағзасында қандай бұзылулар мен аурулар пайда болады?
Әскери қызметшілерді ядролық жарылыстың зақымдауларынан қорғау үшін жергілікті жерлердегі позициялары жабдықтауда командирлер қандай сақтық шараларын қарастырады?
Ашық жердегі ядролық жарылыс кезінде әскери қызметші қандай жеке бастың сақтау шараларын жасау керек?
Зардап шегушіге ішінара саитарлық көмек көрсету дегеніміз не және ол үшін не қажет?
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы қандай жағдайда қолданылады?
Тұмылдырық пен газтұмылдырық қандай жағдайда қолданылады?
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қолдана отырып жасалатын өзіндік көмек қандай жағдайда көрсетіледі?
Зардап шеккеннің қол-аяғын күшті қан кеткен кезде алғашқы дәрігерлік көмекті (АДК) қандай әдіспен көрсету қажет?
Зақымдалған жерде зардап шеккенге АДК көрсетудің ерекшелігі неде?
Уланудың және басқа да оқыс жағдайлардың негізгі себептерін атаңдар.
Адамдарды автокөлікпен тасығанда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
Шаруашылық жұмыстарын атқару кезінде әрбір әскери қызметші қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? Мысалы ағаш кесу, ару кезінде?
Улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
Күйген кезде АДК қандай кезектілікпен жасалады?
Әр түрлі деңгейдегі күйіктер қалай сипатталады?
Әр түрлі деңгейдегі күйіктен зардап шеккенге АДК көрсету кезінде қандай сақтық ережелерін қолданады?
Жалындап жанған киімді қалай өшіру керек?
Адамның өзі жалындап жанғанда өшіру немесе зардап шеккенге көмек көрсету кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
Киім жалындап жанғанда немесе күйік кезінде қандай қателіктерді жіберуге болмайды?
Дененің жабық жерлері күйгенде АДК көрсетудің ерекшеліктері қандай?
Адам суға батқан кезде ағзада болатын өзгерістерді атаңдар?
Тыныстау жолдарын судан тазартуды қандай әдістермен жүргізеді?
Электр тогынан зардап шеккенге көмек көрсету кезінде қандай әрекеттер жасау қажет?
Электр тогынан зардап шеккенге көмек көрсету кезінде қандай жеке бастың қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
Электр жарақатын алған адамға АДК көрсетудің мәні неде?
Жүрекке сырттан массаж жасау мен өкпеге жасанды желдету атқару жөнінде айтыңдар.
Қан кетуді тоқтатудың тәсілдері туралы айтыңдар.
Қан кеткенге жерге қысқыш таңғыштар қоюдың ерекшеліктері неде?
Иығы және саны жараланған адамға резина таңғышты қою арқылы қан тоқтатудың ерекшеліктері неде?
Қан кетуді тоқтату үшін қойылатын таңғыш қанша уақытқа қойылады?
Жараға таңғыш салғаннан кейін оны орап байлау міндетті ме?
Қол-аяқтың бүгілетін буынындағы қан кетуді тоқтатудың ерекшелігі неде?
Орама таңғышты салудың ерекшелігі неде?
Орама таңғышты бұрап салудың ерекшелігі неде?
Бастың қарақұсы жараланғанда таңғыш қалай салынады?
Мойын жараланған кезде қысқыш таңғыш қалай салынады?
Көз жараланғанда қойылатын таңғыштың ерекшелігі неде?
Шынтақ буынындағы жараға таңғыш салудың тәртібі қандай?
Бұғана жараланғанда таңғыш салудың тәртібі қандай?
Қолдың білезігі жараланғанда таңғыш салудың тәртібі қандай?
Ішті тесіп өткен жарақаттан АДК көрсетудің ерекшелігі қандай?
Иық буыны жараланғанда таңғыш салудың ерекшелігі неде?
Кеудені тесіп өткен жарақаттан АДК көрсетудің ерекшелігі қандай?
Жамбас буындары жараланған кезде таңғыштар қалай салынады?
Тізе буынына таңғыш салудың ерекшелігі неде?
Сынықтардың қандай түрлері болады, атаңдар.
Оқтан жараланған адамға АДК қандай болуы керек?
Қол басын иммобилизациялау қандай құралдармен жүргізіледі?
Омыртқа жотасы зақымданғанда тақтайша көмегімен иммобилизациялау қалай жүргізіледі?
9. ЕМТИХАНҒА ДАЯРЛАНУ (ТЕСТ) СҰРАҚТАРЫ
11. ГЛОССАРИЙ
Абазия-жүре алмау
Абдоминалгия-іштің ауруы
Абдукция- сыртқа, шетке бұру
Абсцесс- іріңдік
Адаптация- сыртқы қоршаған ортаға бейімделу
АИТВ- адамдағы иммунитет тапшылығының вирусы
Анемия-қан аздылық
Антигендер- уға немесе микробқа қарсы ағзада пайда болатын белоктық зат
Антиденелер- микроб уына, т.б. заттардың ағзаға енуіне қарсы пайда болатын зат
Аутоиммунизация- аурулы жердің антигенінің денеге сіңуіне байланысты басқа ауруды қабылдамауы
Ацикловир- дәрілік препарат
Бронхоскоп- бронхты көретін аспап
Бронхоскопия- бронх қуыстарын тексеру әдісі
Биттер- ИТСЖ ауруын таратушы болып есептелмейді
Вакциналар- жұқпалы аурудан алдын ала сақтану үшін егілетін әлсіз микроб, дәрі
Винбластин- химиялық ем
Виремия – вирусты бөліп алу тәсілі
Ганцикловир- цитомгаловирусты емдеуде қолданылатын препарат
Гематологиялық аурулар – қан аурулары (лимфопения, нейтропения, тромбопения)
Гепатит- бауырдың қабынуы
Герпес- ұшық
Герпес вирусы – цитомегаловирус пен жәй герпес вирусы (ауыз қуысынан көтен ішекке дейінгі жаралар)
Гипоксия –ұлпадағы ауаның жеткіліксідігі
Гомосексуализм- өз жынысына көңілі кетушілік
Госпитализация – ауруханаға салу, жатқызу
Дәрігерлік құпия – кейбірде ауруды қоршаған адамдардан сақтандыру амалдары
Дезинфекция- зарарсыздандыру
Демиелинизация – ИТСЖ кезінде соқырлыққа, афазияға, гемипарезге және атаксияға әкеледі
Депрессия – көңілсіз күй, жабығу
Диарея – ИТВ жұқтырғандарда іш өту
Дидезоксинуклеозидтер – тимидин, дезоксицитидин (гидроксил топтарын сутегі атомымен ауыстырғанда)
Дискомфорт- қолайсыздық, ыңғайсыздық
Дисфагия – жұта алмаушылық
Донорлық – қан берушілік, тапсырушылық
Зидовудин – ИТС жұқтырғандарға енгізетін дәрінің бірі
Изоспориаз (изоспороз) – протозойлық жұқпалы ауру
Иммунизация – иммунитеттену (егу арқылы аурудың алдын ала сақтану)
Иммунодефицит – иммунитет тапшылығы
Инкубациялық кезең – аурудың жасырын кезеңі
ИТС вирусын жұқтырғанға иммунды жауап – кейбір вакциналардың емдік қасиетінің болуы
Кандидоз (кандидомикоз)- тері аурулары (жыныс мүшесінің, көтенішектің айналасы)
Капоши саркомасы- қатерлі ісікті ауру- аяқ басында болады
Карцинома- қатерлі ісік (рак) – деген мағына береді (эпителий ұлпасында)
Кеңес беру (консультация) – әсіресе ИТС вирусына шалдыққандарға
Ко- тримоксазол – вена қан тамыры арқылы берілетін дәрі
Криптококк менингиті – саңырауқұлақтың түрі (мидың зақымдануы)
Криптоспоридиоз – қарапайымдылардың ауру тарататын түрлері
Лейкодистрофия – сирек кездесетін көп ошақты ауру: соқырлыққа, афазияға, атаксияға, гемипарезге әкеліп соғады
Лимфаденопатия – созылмалы жұқпалы ауру
Лимфокиндер – антигендермен жанасу кезінжде бөлінеді және өндіріледі (гормондар түрлері)
Лимфомалар - өте жоғары дәрежелі қатерлі ісіктер (В- жасушалы)
Лимфопения – қан сұйықтықтарының аурулары
Лимфоциттер- хелперлер мен индукторлар – вирустың ең негізгі нысанасы (Т- лимфоциттер)
Менингит – бас ауруы (құсу, жүрек айну, жарықтан қорқу, безгек, жүдеу)
Миелопатия (вакуольді) – қозғалу және сезу жүйелерінің жұмысының бұзылуы
Микобактериальді жұқпалы ауру – салдары онша емес, соңына қарай пайда болуы мүмкін
Мононуклеоз – ауру түрі (менингит, миелопатия, невропатия)
Невралгиялық құбылыстар – энцефалит, менингит, демиелинизация, ретинит, миелопатия ж.б.
Нейтропения – қан сұйықтықтарының аурулары
Оппортунистік жұқпалы аурулар- бәрімен келісушілік аурулар (Капоши саркомасы, пневмониялар ж.б.)
Пентамидин – изоэтионат – бұлшық етке енгізетін дәрі
Позитивтер – агентстволардың аты (ауру қою диагнозы)
Прогноз- кімде ИТС ауып кететінін болжау қиын
Проктит, проктоколит – көтен ішектің шырышты қабығының қабынуы
Протозойлық жұқпалы аурулар – қарапайымдылар мен құрттар арқылы жұғатын жұқпалы аурулар (криптоспоридиоз, изоспороз, стронгилоидоз, токсоплазмоз)
Профилактика – алдын алу
Психологиялық демеу – шоктан, қорқыныш пен үрейден ж.т.б.
Ретинит – көздің тор қабығының қабынуы
Ретровирустар – (қайта ауысу транскриптаза) ревертаза ферменті бар
Рецепторлар – вирус үшін (гликопротеин, СД4)
Рибаварин – in vitro ИТВ репликациясын басады
Себорей дерматиті – тері майының шамадан тыс артуы (әсіресе бет пен тері бөртпелері)
Сероконверсия – қанның сары суында болатын аурулар
Стоматологиялық көмек – ИТС – пен ауыратындарға бөлек қарау, көмек ету
Достарыңызбен бөлісу: |