Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет63/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   144
Дәріс №10

Тақырыптың атауы: Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Тасмола, Ұлыбай-Тасмола мәдениеттері, олардың тарихи шеңберлері, ескеркіштері, жерлеу ғұрпының, инвентарының ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Орталық Қазақстан. 2. Батыс және Солтүстік Қазақстан.

Орталық Қазақстан ЕТД. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Олардың үлкендерінің диаметрі 20 метрден, биіктігі бір жарым метрден асады. Көпшілік обалардың ені 6 метрден 13 метрге дейін, ал биіктігі 25 сантиметрден 1 метрге дейін болып келеді. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның осы дәуіріне тән ескерткіштерге “мұртты” обалар жатады.

Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Сондықтан да Орталық Қазақстанның осы ескерткішке ұқсас басқа да жерлеу орындары кейін тасмола мәдениеті деп аталды.

Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі-“мұртты” обалар екі жерлеу орнынан тұрады. Әдетте, бұл бір-бірінен 2-5 метр қашық жатқан тас пен топырақтан үйілген орташа обалар. Обалар не қатар, не бірінен кейін бірі тізбектеле орналасқан. Обалардан тура шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас доға тәрізді екі тас құрылыс тартылған. Тастан салынған “мұрт” сияқты құрылыстың ені 50 сантиметрден 2 метрге дейін, ал ұзындағы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады.

Орталық Қазақстанда “мұртты” обалардың төрт түрі кездеседі. Бірінші түрі-үлкендеу қорғанның шығыс жағынан тағы бір кішілеу қорған салынған обалар. Екінші түрінде –екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қараған бағытта қатар салынады. Содан соң екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынып, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.

Тасмола мәдениеті үш даму кезеңінен тұрады. Бірінші кезеңі б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ. қамтиды. Екінші кезеңі б.з.б. Ү-ІІІғғ., үшінші кезеңі б.з.б. ІІІ-Іғғ. аралыған қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет