Солтүстік Қазақстан ЕТД. Ерте темір дәуірінде Жайық-Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптаса бастады.
Ұлыбай-Тасмола мәдениеті өз дамуында үш хронологиялық кезеңнен өткен. Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІІ-ҮІІғғ., екінші кезең-б.з.б. ҮІ-Үғғ., үшінші кезең-б.з.б. ІҮ-ІІғғ. қамтиды. Осы кезеңдердің ішінде ескерткіштері көп зерттелгені-бірінші кезең.
Сақтар заманының алғашқы кезеңінен бұл өңірде жақсы зерттелгендері мынандай обалар: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл ескерткіштерден садақ жебелері, жалпақ пышақтар, сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды.
Екінші кезеңге жататын жерлеу ескерткіштеріне Сарғара, Бектеңіз, Ақшиат обалары жатады. Бұл обаларға тән заттар мыналар:үш қырлы, ұнғылы жебе ұшы, сабының сағасында алқымы бар пышақтар, мүйіз тәріздес, алқымында көбелекке ұқсаған ойығы бар қанжарлар, сыртында ұстайтын тұтқасы бар қола айналар.
Үшінші хронологиялық кезеңді қамтитын ескерткіштерге Бірлік-6, Бағанаты, Өрнек обалар кешені, Бөркі, Ақтау қоныстары жатады. Бұл кезеңде кездесетін жебелер бұрынғыдай емес, темірден жасалған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің үлкендерінің диаметрі?
2. Орталық Қазақстанның дәуіріне тән ескерткіштер тобы?
Достарыңызбен бөлісу: |