Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет10/18
Дата25.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#8108
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Дәріс №18


Тақырыптың атауы: Оғыз мемлекеті.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге түркештер байлығы үшін болған оғыз-қарлұқ қақтығыстары, оғыздардың Сырдария мен Арал өңіріне, Еділ-Жайық мекеніне қоныстанып, дербес мемлекет құруы жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Түрік қағанатының құрамындағы оғыздар. 2. Этникалық және тайпалық құрамы. 3. Оғыздардың Жетісуда қарлұқтармен күресі. 4.Оғыздардың кангар-печенег бірлестігін күйретуі және Сырдария мен Арал өңірін, Еділ - Жайықты қоныстанып дербес мемлекет құруы.

ҮІІІғ. ортасында қарлұқтар мен түргештердің байлығына таласып жеңіліс тапқан оғыздар Жетісудан Шу өзенінің аңғары мен тау бөктеріне қарай қоныс аударды. ІХ ғасыр басында қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігіне соққы берген оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін басып алады, ІХ ғасыр аяғы хазарлармен бірлесіп печенегтермен соғысу нәтижесінде Жайық пен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты.

Этникалық құрамы: халаж, жағра, жарук, қарлұқ, имур, баяндур, қай тайпалары. М.Қашғаридің жазуынша(ХІғ.) жиырма төрт тайпа болған екі фратрияға бұзұқтар мен ұшықтарға бөлінген.

Х ғасырда Батыс Хазарияға дейінгі Солтүстік Каспий маңы, Орталық, Оңтүстік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм Оғыз даласы деп аталады. Х ғасыр астанасы Янгикент қаласы болған. 965 жылы Киев князы Святославпен бірге Еуропа мен Азияны жалғастыратын Еділ бойы, Маңғыстау, Үстірт арқылы өтетін сауда магистральдары үшін, жайылым үшін маңызды Дон және Қаратеңіз жазықтықтары үшін хазарларға қарсы одақ құрды. Хазар қағанатын талқандады. 985 жылы князь Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандайды. Х-ХІ ғғ. Әли хан кезінде шектен тыс алым-салықнаразы болған сюбашылар оғыз көтерілісі болады. Оның мұрагері Шахмәлік тұсында 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Екі жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза табады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Оғыздардың өмір сүрген уақыты?

2. Оғыз этникалық қоғамдастығына кірген қандай тайпалар?

3. Оғыздар екі әлеуметтік топқа бөлінді, қандай?

4. Оғыз мемлекетінің негізгі территориясы?

5. Оғыздар ІХғ. Аяғында хазарлармен бірігіп, кімдермен соғысу нәтижесінде Орал мен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты?


Дәріс №19

Тақырыптың атауы: Оғыз мемлекеті.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге 965ж., 985ж. болған оғыз-хазар, оғыз-Еділ бұлғарлары арасындағы қақтығыстар, оғыз мемлекетінің әлсіреуіне әкелген ішкі және сыртқы саяси факторлар жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Оғыз-хазар, оғыз-қыпшақ байланыстары. 2. Оғыз мемлекетінің әлсіреуі және құлауы.

ҮІІІғ. ортасында қарлұқтар мен түргештердің байлығына таласып жеңіліс тапқан оғыздар Жетісудан Шу өзенінің аңғары мен тау бөктеріне қарай қоныс аударды. ІХ ғасыр басында қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігіне соққы берген оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін басып алады, ІХ ғасыр аяғы хазарлармен бірлесіп печенегтермен соғысу нәтижесінде Жайық пен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты.

Этникалық құрамы: халаж, жағра, жарук, қарлұқ, имур, баяндур, қай тайпалары. М.Қашғаридің жазуынша(ХІғ.) жиырма төрт тайпа болған екі фратрияға бұзұқтар мен ұшықтарға бөлінген.

Х ғасырда Батыс Хазарияға дейінгі Солтүстік Каспий маңы, Орталық, Оңтүстік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм Оғыз даласы деп аталады. Х ғасыр астанасы Янгикент қаласы болған. 965 жылы Киев князы Святославпен бірге Еуропа мен Азияны жалғастыратын Еділ бойы, Маңғыстау, Үстірт арқылы өтетін сауда магистральдары үшін, жайылым үшін маңызды Дон және Қаратеңіз жазықтықтары үшін хазарларға қарсы одақ құрды. Хазар қағанатын талқандады. 985 жылы князь Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандайды. Х-ХІ ғғ. Әли хан кезінде шектен тыс алым-салықнаразы болған сюбашылар оғыз көтерілісі болады. Оның мұрагері Шахмәлік тұсында 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Екі жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза табады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. 965ж. оғыздар Хазар қағанатын талқандауда кімдермен одақтасты?

2. 985ж. оғыздар кімдермен бірігіп, кімдерге үлкен соққы берді?

3. Оғыздар көтерілісі кезіндегі жабғу болған кім?

4. Оғыз мемлекеті қандай себептерге байланысты әлсіреп құлады?
Дәріс №20

Тақырыптың атауы: Кимек қағанаты (IX-XI ғ.ғ. б.).

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Гардизи аңызына т.б. араб-парсы деректері негізінде кимектердің мекен еткен территориясы, этникалық құрамы, мемлекеттік ұйымы, қоғамдық құрылысы жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Араб-парсы деректері қимақтар жайында. 2. Кимектердің шығу тегі, территориялық орналасуы, тайпалық құрамы. 3. Қағанаттың құрылуы. Қоғамдық құрылысы.

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо ҮІІғ. басында Монғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. ҮІІ,. Ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударды. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін көзге түсе бастайды.

ҮІІІғ. ІІ жартысы-ХІғ. басында қимақ тайпалары үш бағытта:солтүстік-батыстағы Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыстағы Сырдария алабы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстік бағыттағы Солтүстік-Шығыс Жетісу шегіне қарай жылжиды. 766-840жж. аралығында қимақтар Батыс Алтайды, Тарбағатай мен Алакөл ойысы аумағын иемденіп, Шығыс Түркістанды жайлаған тоғыз оғыздар жерінің солтүстігіне таяп келді.

Қимақтар тегінің шығуы жайлы аңыз бірден-бір дерек-ХІғ. парсы тарихшысы Гардизидің еңбегінде сақталған. Бұл аңыз бойынша қимақтар татарлардан тарайды. Татарлардан қимақ тайпалар одағына енуі ІХғ. басталған. Қимақтар мен татарлардың этносаяси және мәдени байланыстары болған.

840ж. Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның құрамындағы тайпалардың біразы қимақ бірлестігіне қосылды. Осы кезде бірлестіктің құрамында эймур, имақ, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ және ажлар сияқты жеті тайпа болды. Қимақ тайпасының басшысы қарлұқ, оғыз, ұйғыр және т.б. түркі тілдес халықтардың билеушілері сияқты жабғу(ябғу) атағын иемденді. ІХғ. ІІ жартысында қимақ одағының 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі ықпалды қыпшақтар болды. ҮІІІғ. соңы-ХІғ. басына дейін олар Алтайдан Ертіске дейінгі, батыста Оңтүстік Орал таулары мен Еділ өзеніне дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты.

ІХғ. соңы-Хғ. басында Оңтүстік Орал тау бөктерінде және одан оңтүстікке қарай имақтарға туыстас құман тайпалары өмір сүрді. Олар негізінен Мұғалжар тауларында көшіп-қонып жүрді, астаналары да сол жерде болды. Олардың оң жақтағы көршілері оғыздар мен қимақтар болса, батысында-печенегтермен, солтүстік-батысында-бұлғарлармен, солтүстік-шығысында-қыпшақтармен шекаралас өмір сүрді.

Қимақ тайпаларының одағы аумақтық-әкімшілік қатынас принципінде құрылған. Одақта тайпалар бір-бірімен діни және тәуелділік байланыста болды.

Қимақ қағанаты құрылып, күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілердегі ең жоғарғы атақ-қаған атағын иемденді. Қимақ қағанының билігі шексіз болды. Ол тайпа ақсүйектерінен үлесті жер билеушілерін тағайындады. Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мұра боп қалып отырды.

Қағанатта тайпалардың үлесті жерге билік ету жүйесі қалыптасты. Бұл патриархаттық-феодалдық қатынастардың пайда болуынан туындаған еді. Үлесті жер билеушілері қимақ қағанына бағынды. Ал ірі тайпа бірлестіктерінің көсемдері өзінің көшпелі шаруашылығын нығайтуға, саяси жағдайын жақсартуға ұмтылды. Олардың кейбіреулері мемлекет басшылығын тартып алуға таласа алатын, жартылай тәуелсіз хан дәрежесіне дейін көтерілді.

Қимақ қоғамында әлеуметтік жіктелу болды. Деректерге қарағанда салық жинау жүйесі бойынша халық қолындағы алтыннан қағанға тиісті үлесін бөліп беріп, қалғанын қанағат тұтатын болған.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Гардизи аңызында кимектер кімдерден таратылады?

2. Кимек мемлекетінің орталығы қайда орналасқан?

3. Кимек конфедерациясына кірген тайпалар?

4. Кимек мемлекетінің құрылысы?

5. Кимек қоғамында әлеуметтік теңсіздік белгілері неден білінген?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет