Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет11/18
Дата25.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#8108
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Дәріс №21


Тақырыптың атауы: Кимек қағанаты.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге кимектердің оғыздармен, қыпшақтармен қақтығыстары, кимектер қағанатының құлауына әкелген саяси себептер жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы. 2. Кимектер қағанатының құлауы.

Қимақ билеушілері жүргізген жаулаушылық жорықтар сәтті болып отырды. Тоғыз оғыздардың біраз жерін тартып алды, олардың Шығыс Түркістандағы қалаларынан мол олжамен оралды. Қимақ қағаны Енисейдегі қырғыздар еліне де шабуыл жасады. Сонымен қатар қимақтар жеріне де қару асынған көршілес тайпалар жие келіп тұрды.

ҮІІІ-ІХғғ. қимақ тайпалары орта Ертістен Жоңғар қақпаларына дейнгі аумаққа берік орнығып, батыста Оңтүстік Оралға және Сырдария өңіріне дейін жылжып өрісін кеңейте түсті. Хғ. басында қимақ мемлекетінің шекарасы тұрақтана бастады. Қимақтарға Бұлғариядан, Орта Азиядан оғыз, қарлұқ, тоғыз оғыз және қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. Ұлы Жібек жолынан Ертістегі қимақ қағанының ордасы орналасқан Қимақияға(Имақия) апаратын керуен жолының бір тармағы пайда болды.

Қимақ қағанаты ХІғ. басында құлады. Оның себебі: одақтағы қыпшақ хандары күшейіп дара билікке ұмтыла бастауынан және Орталық Азиядағы көшпелі тайпалар арасында қақтығыстар жиелеп жат жерлік тайпалардың қоныс аударып келе бастауынан еді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кимектердің оғыздармен қарым-қатынасы?

2. Кимек қағанатының құлауына әсер еткен саяси-экономикалық факторлар?

3. Кимек қағанаты қашан құлады?


Дәріс №22

Тақырыптың атауы: Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 ж.ж.)

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қарлұқтар орнына келген Қарахан мемлекетінің территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы, өкімет ұйымы жөніде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Қарахан мемлекетінің құрылуы. 2. Саманилер мемлекетін жаулап алу. 3. Саяси құрылысы. Өкімет ұйымы. 4. Әулеттік соғыстар және мемлекеттің ыдырауы.

Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында Х-ХІғғ. Жетісуды жайлаған қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарды. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғра хан(915-955жж.) болды, ол 942ж. Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғары қағанмын деп жариялайды.

Хғ. аяғында қарахандықтар Саманилер иелігі мен Бұхарды жаулап алды. Солтүстіктегі қарахандықтармен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік-шығыста қарахандықтар иелігі Балхаш және Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар ұйғырлармен шектесіп жатты. Қарахандықтар батысқа қарайғы жолында селжұқтардың және Хорезм шахының қарсылығына тап болды.

Х-ХІІғғ. қарахандықтар иелігі батыстағы Мауереннахрдан шығыстағы Қашғарға дейін созылып жатты.

Қарахандықтар мемлекеті көптеген жер үлестеріне бөлінді. Үлесті жер шекаралары өзгеріссіз болды, ал билеушілерінің құқығы шексіз болғаны сонша, олар тіпті өз атынан теңге шығарып отырды.

ХІғ. 30жж. мемлекет екіге бөлінді. Батыс хандық Мауереннахрды қоса Ходжентке дейінгі жерде орнады. Астанасы Бұхар қаласы болды. Шығыс хандығына Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кірді. Астанасы Баласағұн қаласы болып белгіленді.

ХІғ. Батыс және шығыс хандықтардың арасындағы шекара Сырдария өзені бойымен өтті. 1089ж. қарахандықтар селжұқ сұлтаны Мәлік шахқа вассалдық тәуелділікке түсіп қалды. 1102ж. Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейіл Мауереннахрға шабуыл жасады. Ол Амударияға дейінгі жерді түгел өзіне қаратып, селжұқтардан Термезді тартып алуға тырысты, алайда жеңіліс тауып, қолға түсті де, қазаға ұшырады.

ХІІғ. бірінші жартысында саны көп халық қарақытайлар әуелі Жетісуды, кейіннен Шығыс қарахандықтардың барлық иелігін жаулап алып, Батыс хандығына қауіп төндірді. 1141ж. қарахан-селжұқтардың әскері қирай жеңіліп, екі хандық билігі де қарақытайлардың қолына көшті.

Қарахандықтардың дініне және қоғамдық құрылысына келер блсақ, 960ж. қарахандықтарда ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Мемлекеттік - әкімшілік төмендегілердің жоғарғы шенділеріне бағынуы жүйесі бойынша құрылды.

Хандар өз туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданнан немесе қала халқынан салық жинау құқысын сыйлады, бұған дейін бұл салықтар мемлекет пайдасына жыйналып келген болатын. Бұл артықшылық ихта деп аталды, ал оны иемденуші ихтадар деген ат алды.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қарахан әулетінің негізін салушы?

2. Саманилер мемлекеті қашан және қай территорияда өмір сүрген мемлекет?

3. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген тайпалар?

4. Қарахан мемлекеті қашан батыс және шығыс болып бөлінеді?

5.Қарахандарда мемлекеттік дін ислам діні болып кімнің тұсында және қашан қабылданды?



  1. Қарахандарда салық жинаушының лауазымы қандай?

  2. Қарахандардың екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына қашан көшті?


Дәріс №23

Тақырыптың атауы:Қарақытайлар мемлекеті.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік өңірлеріне қидандардың жорықтары, Елұй Дашының мемлекеттің негізін қалаудағы рөлі, мемлекет басқарудағы ерекшеліктер туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қидандар, олардың Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстанға жорықтары. 2. Жетісуда қарақытайлар мемлекетінің орнауы. Елұй Дашы. 3. Қарқытай мемлекетінің басқару құрылымының ерекшеліктері.

Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына қидандар б.з.б. ІҮғ. жазба деректерінде монғол тілдес тайпа деп аталатын Орталық Азиядағы тайпа басты рөл атқарады. Олар Қытайдың солтүстігінде, Маньчжурия мен Уссури өлкесі аумағында өмір сүрген. 924ж. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі кең-байтақ өлке қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына қарады. Қидандардың билеуші әулеті Солтүстік Қытайда тұрды.

1125ж. жауларының шабуылынан Ляо империясы құлады. Қидандар қолбасшы Елұй Дашының басшылығымен Еміл өзенінің жағасына қашып барып, сол жерде қала тұрғызады. Жетісудағы билікті қолына алып, жергілікті түркі тілдес халықпен араласа бастаған қидандар осы кезден бастап қарақытайлар деп аталып кетеді.

1128ж. қарахандықтар әулетінің Баласағұндағы билеушісі өздерімен жауласып отырған қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күресте қарақытайлармен одақ жасасты. Елұй Дашы Баласағұнға енген соң оның қарахандық билеушісін құлатып, Жетісуда өз мемлекетін орнатты. Содан кейін жаулаушылық жорықтар жасап. өз мемлекетінің шекарасын шығыста Енисейге, батыста Таласқа дейін кеңейтеді. Бұдан кейін қарақытайлар қаңлыларды бағындырып, Шығыс Түркістанды да өздеріне қосып алады. 1137ж. олар Мауереннахрдың билеушісі Махмуд ханды, ал 1141ж. селжұқ-қарахандықтар әскерін жеңеді. Сөйтіп, қарақытайлар Бұхарды және бүкіл орталық Мауереннахрды бағындырып, Хорезм шахын жылына 3 мың динар алтын алым-салық төлеп тұруға міндеттеді.

Қарақытайлар мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласы болды. Басшысы горхан атағын иеленді. Мемлекетте түтін басына салық салу жүйесі жұмыс істеді, әрбір үйден бір динардан жиналды.

1208ж. монғолдардан ығыстырылған наймандар Күшілік ханның басшылығымен Жетісуға ауып келеді. Ол елдегі алауыздықты пайдаланып 1211ж. қарақытайлар билеушісін құлатып, Жетісудағы билікті түгелдей тартып алады. Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Қарақытай мемлекеті қай жылдар аралығында өмір сүрді?

    2. Қарақытай мемлекетінің құрылуында басты роль атқарған қандай тайпалар?

    3. Қарақытай мемлекетінің негізін қалаушы қолбасшы кім?

    4. Қарақытай мемлекетіндегі басшының орталығы?

    5. Қарақытайлар дегеніміз кімдер?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет