Семинар сабақтары 5 апта Жұмыс №1. Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесі


Жұмыс №3. In vitro жағдайында өсімдік меристемаларын жасанды қоректік ортаға отырғызу техникасы



бет3/5
Дата17.04.2023
өлшемі100 Kb.
#174740
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 2

Жұмыс №3. In vitro жағдайында өсімдік меристемаларын жасанды қоректік ортаға отырғызу техникасы.


Мақсаты: клондық микроқалемшелеу әдісінің негізінде стевияның көбейту коэффициентін жоғарылату.
Зерттеу объектісі: дала жағдайында өскен стевияның 10-15 см жақсы жетілген, жас сабақтары.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: 1 л стакан немесе колба, 10-50 мл стакандар, 1-5 мл пипеткалар, 25 мл межеленген пробиркалар, целиндрлер, шыны таяқшалар, Петри табақшалары, пинцет, скальпель, ине, мақта, алюминь фольгасы, қайшы, шпагат, крафт қағазы. Электр плитасы, рН –метр, магнит айналдырғышы, таразы, автоклав, ламинар боксы, ультракулгін сәулелі шам, спирт шамы, сіріңке. Тұздардың ерітінділері, мезоинозит, витаминдер, сахароза, агар, спирт, 0,1%-сулема ерітіндісі, Тwеn-60, б/ДН2О.
Әдістеме. Жұмыс орнын даыйндау, қажетті химиялық ыдыстарды, инструменттерді жиыстыру және оларды жуып тазалау. Жасанды қоректік ортаны дайындау.
Кесте. ½ Мурасиге Скуг ортасын дайындау нұсқасы



Компоненттер

Қоректік орта құрамына қосылатын мөлшері

1000 мл МС

1

Макроэлементтер ерітіндісі

25 мл

2

Микроэлементтер ерітіндісі

2,5 мл

3

Хелат-Fe –ерітіндісі

2,5 мл

4

б/ДН2О

400мл

5

Сахароза

30гр

6

Мезоинозит

100 мг

7

Витамин тиамин –HCl ( В1)

50 мл

8

Витамин пиридоксин –HCl ( В6)

10 мл

9

Витамин никотин қышқылы (РР)

20 мл



10

CaCl2

10 мл

11

б/ДН2О

300 мл

12

рН-5,8-ге теңестіріледі

13

Ерітіндіні электр плиткасында 60 С0 -деін жылыту

14

Агар

7,0 гр

15

Қоректік ортаның мөлшерін

1000 мл-ге жеткізу

Зерттеу объектісін детергент ерітінділерімен алдын ала залалсыздандырады. In vivo-жағдайында немесе in vitro-жағдайында өсірілген стевия өсімдігінің жас, екінші реттік сабақтарын залалсыздандырылған ортада қалемшелейді. Қос бүршігі бар микроқалмшелерді (15 мм) ½ Мурасиге Скуг ортасына отырғызып, температурасы 25±20С, ауаның ылғалдылығы 55-60 %, 16 сағаттық фотопериодтық жарық камерада өсіреді. Бақылау жұмысы күнделікті жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеп, ғылыми тұрғыда қорытындылар жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет