Семинар сабақтары осөж сөж курс бойынша емтихан сұрақтары Тест тапсырмалары 10. Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы 1 глоссарий аффект-«жан толқуы»



бет4/7
Дата18.02.2018
өлшемі1,25 Mb.
#37917
1   2   3   4   5   6   7

Практикалық сабақ №9, 10, 11, 12

Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9,10, 11, 12
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Стилистика іліміне сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау

Білім беру түрлері (мамандық бойынша мәтін)

  • биологиялық;

  • математикалық;

  • дене тәрбиелік;

  • экономикалық;

  • филологиялық және т.б.

    • Доминантты мазмұнына байланысты

      • Теориялық

  • гуманитарлық;

  • жаратылыстану ғылымы;

      • Қолданбалы

  • гуманитарлық;

  • жаратылыстану ғылымы;

  • Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты

  • музыкалық;

  • көркемдік;

  • техникалық;

  • технологиялық;

  • педагогикалық;

  • медициналық және т.б.

  • Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы

  • Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда , т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі;

  • Білім беру бейімі

  • жалпы;

  • арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);

  • қосымша кәсіптік.

  • Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары

  • Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;

  • Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.

  • Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы , басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.

  • Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән.

  • Білім беру жүйе ретінде А.И. Субетто мен Н.А.Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады.

Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.

  • Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:

  • адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады;

  • әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі - білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады;

  • бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару механизмі қандай және басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау.

  • Білім беру процесс ретінде:

    • Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.

  • Білім берудің нәтижесі болып:

    • Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.

Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады
Грамматикалық тақырып.

СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Ғылыми стиль лексикасы

Ғылыми стиль - функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми ебектер жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы.Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис,рецензия т.б. жатады.

Ғылыми стильдің лкесикасындағы ерекшелік сөз тек өзінің мағынасында жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильбе жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стиьдің негізгі ерекшелігі - мұнда ой күрделеніп, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады.

Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.


Ғылыми мақала

Ғылыми мақала жазу үшін автор обьектісін жете білу керек. Мақала жан-жақты зерттеулердің немесе жасалған тәжірибелердің қорытындысын негізге ала отырып жазылады.

Мақала жазу үшін автор алдымен өзін толғандыратын яғни қызықтыратын тақырыпты таңдап алуы қажет. Содан соң сол тақырыпты ашу мақсатында зерттеулер мен тәжірибелер жасай отырып, осы мәселелер жайындағы ойларын,немесе жаңалықтарын ортаға салудың немесе көпшіліктің назарына ұсынудың мезгілі жеткен кезде ғана қолға алады.

Ғылыми мақалалар ғылымның әр саласының өз терминдерін, ұғымдарын сақтай отырып жазылады. Ғылыми мақалаларды екі түрге бөліп қарауға болады: ғылыми-көпшілік стиль /яғни жалпы жұртқа түсінікті/, таза ғылыми шағын стиль – тек қана белгілі ғылым саласындағы мамандарға арналған.

Мақаланың барлығы бірдей жаңалық әкелмегенімен, сол саладағы соны пікірлердің, жаңа пайымдаулар мен көзқарастардың болуын қажет етеді. Қалың жұртшылыққа арналған мақалаларда қорытындыны автор көбінесе, өзі шығармай оқырмандардың назарына ұсынумен шектелсе, ғылыми мақалаларда, қорытынды шығарарлықтай тұжырымды көбіне автордың /мақаланы жазушының/ өзі жасайды.
Публицистикалық стильдегі сөз қолданыстары
Публицистикалық стильдің хабарлама қызметі тілдің құрылымдық жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды. Олар - ұлттық тілдің сөз байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі мәдени коммуникацияның жоғары формасын құрайды.Автордың сөйлеу мәнері ерекше ритм, ырғақтық топ құрады, дыбыстарды дұрыс айту, орфоэпиялық нормаларды сақтау бірінші мақсат болғанымен, екінші дауысты көпшіліктің алдында айтуға жаттықтыру тәлімін игеру керек. Публицистикалық стиль қазақ тіл мәдениеті мен лингвостилистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді.Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Публицистикалық стильдің мақсаты саяси қоғамдық идеяларды үгіттеп насихаттау үшін газет, журнал, радио, теледидар арқылы

оқырмандардың сезіміне әсер ету.

Публицистикалық стильде тілдік құралдар іріктеліп қолданылады. Бұл стиль әдетте ауызша және жазбаша монолог түрінде жүзеге асады. Публицистикалық стиль публицистикалық мақала, очерк, баяндама, фельетон түрінде жазылады.



Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша) (мамандық бойынша мәтін)

Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);

Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.

Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.

Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.

Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Публицистикалық стильде сөйлеу мәдениеті

Публицистикалық стильдің (хабарлама сұқбат, проблемалық сұқбат) қызметтері
Жарнама, жарнама тілі

Жарнама – АҚШ индустриясының ірі салаларының бірі. 1991 жылы америка фирмалары өз өнімдерінің жарнамасы үшін $37.млн. доллардан артық қаржы бөліпті. Жарнама тұтынушыға арналатындықтан және тұтынушылар нарығында тәртібі туралы шешім қабылдауына әсерін тигізуге бағытталатындықтан, ол ұсынатын қызмет көрсетулер мен оны ұйымдастыру мәселелерімен кеңірек танысу пайдалы болады.


Жарнаманың құндылықтары. Жарнама негізінен тұтынушы мен экономиканың мүддесіне қызмет етеді. Бұлай деуге бірнеше себептер бар:

  • Ол тұтынушыларға баға, нарықтағы соңғы үлгідегі жаңартылған әрі жақсартылған жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді.

  • Жарнама жиі бағаның төмендеуіне әкеледі. Жарнама көпшілік нарығын құрып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бұл өндірушілерді өздерінің шығындарын азайтуға мәжбүр етеді. Осындай жағдай тұтынушыларға тиімді.


Жарнаманың қысқаша тарихы

Қазақтың мерзімді баспасөзі Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды дейді баспасөз зерттеушілері. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен ақын-жазушыларының шығармалары баспа жүзін көрді. Сөйтіп ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады. Газет пайда болған соң публицистиканың түрлі жанрлары да пайда болды, соның бірі жарнаманың өзі болды.



Жарнама өз мазмұнын ХІХ-ХХ ғасырдың өзгерістеріне байланысты өзгертіп отырды деуге болады. Мәселен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында мектептер салып, халықтың сауатын ашу саясаты жүріп жатты. Сол кездері де жаңа оқулықтар- кітаптар шыға бастағанда, газетте «Жаңа кітаптар» айдарында «Дала уалаяты» газетінде (1888—1902) мынадай жарнама жарық көрді: “Жаңада қазақтар туралы бір кітап шығып сатылып жүр. Сол кітапта Орал жағы қазақтарының шежіресі бар, онан соң қалай орыстармен араласқаны бар, «жазған Алекторов» деген. Сол кітапты білімді, ғылымды қазақтар алып оқыса пайдалы. Ата-бабасының қалай жүріп, қалай түзеле бастағанын біледі. Сол кітаптың қағазы аз, бағасы 35 тиын”.
Жарнама дегеніміз не?

Жарнама-франц. сөзі reclame сөзінен аударғанда- бұл кез келген формада, яғни заңды немесе заңды емес белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың кеңінен таратылған ақпараты.

Жарнама-


  • спектакль

  • концерт

  • лекция

  • көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар

  • ойын-сауықтар

туралы хабарландырудың бір түрі
Жарнама
(жариялануына қарай)

ақылы жанама



Газет бетін сатып Өнім ұсынушының

алып жарнамалау көпшілік қауым мен

БАҚ арасына болатын

жарнамалау

Тиімді тәсілдері- мектепте, қарттар үйінде және т.б. жерлерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы
Жарнаманың үш негізгі функциялары

1. Нарық базарында әйгілі болу

2. Фирманың беделін арттыру

3. Тығырыққа тіреген кезде өз беделін сақтап қалу


Жарнаманың түрлері:

  • жеке адамдарға керек хабарландыру

  • құлақтандыру

  • сақтандыру

  • құжаттандыру

Сақтандыру немесе құжаттандыру түрі:

Жекелеген адамның жоғалған, ұрланған құндылықтарын, құжаттарын жарнамалайды.



Құрылымдық жағынан жарнама:

  1. Суреттер арқылы безендірілетін

  2. Тек сөздерден тұратын




  • Жариялануына қарай: жанама

  • Түріне қарай: құлақтандыру

  • Құрылымдық жағына қарай: сурет арқылы безендірілген

    • Жариялануына қарай: ақылы

    • Түріне қарай: құлақтандыру, хабарландыру

    • Құрылымдық жағына қарай: сөздерден және суреттерден тұратын


Еліміздегі жарнамалау туралы заңдар мен ережелер

  • Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.




  • Заңнамада белгiленген тәртiппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафтық объектiлер болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мемориалдық және салт жораларының кешендерiнде, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң аумақтарында, ғибадат ету ғимараттарында, үйлер мен ғимараттарда жарнаманы орналастырған кездегi тыйым салулар, сондай-ақ жарнамалық ақпараттың мазмұнына байланысты шектеулер заңнамалық актілермен белгiленедi.




  • Бастапқы материалдар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыруға жер учаскесін, үйлердi, ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды пайдалану, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттары, абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi регламенттер, жарнама объектiсiнiң тұрған орны және мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi жөнiндегi басқа да көмекшi құжаттар немесе мәлiметтер бар құжаттар. Елді мекенге осы объектіні орналастырған кезде жарнама объектісінің үлгісіне (нысанына, түріне) және бастапқы материалдарға қажеттілігіне байланысты бастапқы материалдар жеке немесе жиынтық түрде ресімделуі мүмкін.

Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiсi – сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi орнатылған (бекiтiлген) үйлер мен ғимараттар, өзге де құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесі;

2) салынып жатқан объектiнiң паспорты – құрылыс салудың аумақтық ережелерiне сәйкес құрылыс алаңдарында орналасқан ақпараттық қалқан және тек осы объектiнiң паспорттық деректерi бар: объектiнiң кескiнi мен атауы; мердiгерлiк құрылыс ұйымының атауы; лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi; құрылыстың мерзiмi туралы мәлiметтер; құрылыс жетекшiсiнiң – жұмыс жасаушының тегi және аты-жөні;

3) өтiнiш берушi – берiлген елдi мекенде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға ниетi бар және Ережелермен белгiленген шарттарды қабылдауға дайын мүдделi жарнама берушi (жарнама жасаушы, жарнама таратушы не өзге де жарнама берушi сенiм бiлдiрген адам);

4) рұқсат беретiн құжаттама – өтiнiш берушiге жергілікті атқарушы органдар беретін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жөнiндегi оның ойын iске асыруға және жарнамалық ақпараттың таралуына құқық беретiн құжаттар.
Ресми іс-қағаз стилі

Ресми іс-қағаз стилі – кітаби стильдің бірі, ресми қарым-қатынастарда, іс-қағаздарда, яғни заңдарда, құжаттрада, актілерде, келісім-шарттарда, қаулыларда, ережелерде, қызмет қағаздарында және т.б. қолданылады.

Бұл стильдің мақсаты – мәліметті жеткізу, нұсқау беру. Ресми іс-қағаз стилі дәлдікпен, бірмәнділікпен, мәтін құрылысының стандарттандырылғанымен, мәтіннің міндетті түрде жазылатындығымен еркшелінеді.

Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, мінездеме, қолхат, хабарландыру, есеп, келіссөз, өтініш, бұйрық, жарлық, шағым т.б. жатады.



Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.

Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады.

Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Өтініш
Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады. Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады. Мынадай жағдайларда өтініш жазылады:

  • академиялық демалыс сұрау;

  • шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру;

  • жұмысқа қабылдау;

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек сұрау;

  • пәтер бөлу;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.



Үлгі

«Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан
Өтініш
Денсаулығыма байланысты жазғы емтихан сессиясын уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Денсаулығым туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.


15-наурыз, 2011 ж.


Түсініктеме
Түсіндірме қандай да бір оқиғаның, жеке адамдардың әрекеттерінің себептерін түсіндіретін құжат.
Үлгі «Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан

Түсініктеме

Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім, 2011 жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Орта Азия аймағындағы интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым.

Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
21.10.12 қолы

Өмірбаян
Мен, Қуанышбекова Айжан Нұржанқызы, 1994 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі.

Анам – Әлімжанова Жанна Тұрартайқызы, 1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі.

Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің алғаш есігін аштым. Аудандық информатика, математика, физика пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздарымын. Облыстық корреспонденттік «Дарын» олимпиадасына математика пәнінен қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Аудандық «Болашақ» жастар ұйымын басқардым. Мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін.

ЭЕМ бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер.
2-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі бойынша өтініш, түсініктеме, өмірбаян, жазыңыз.
Мінездеме

Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев, 1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған. Мамандығы: бағдарламашы, Интернет маманы.


2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы ашылған  (http://tor.kz,http://nur.kzhttp://al-islam.kz)  т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі. 2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.

Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.

2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет