СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Жастардың бойындағы ұлттық санаға кереғар құбылыстар



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,86 Mb.
#32267
1   2   3   4   5   6

1.3 Жастардың бойындағы ұлттық санаға кереғар құбылыстар

Жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру қаншалықты маңызды болса, қоғамда сол ұлттық санаға кереғар құбылыстардың белең алуы да соншалықты алаңдатуда. Ұлттық санаға кереғар құбылыстар деп – нашақорлық, алкогольді ішімдіктерді үнемі пайдалану, шылым шегу, жезөкшелік, т.б. атап өтуге болады. Олардың бірнешеуіне кеңінен тоқталсақ.

Нашақорлық. Нашалар (грек тілінде – кісенделу деген түсінікті білдіреді) - бұлар синтетикалық немесе табиғи заттар түрінде алынады, олар көбінесе жүйке жүйесіне әсер етіп, көңілдену, жаныңа жақсы сезім ұялатқандай, барлығыда жақсы болып кеткендей өтірік сезімге бөлейді. Жақсы тыныққандай немесе тыныштығыңды арттырып қозу жағдайын тудырады. Кейбір нашалар иллюзия мен галлюцинацияны тудырады, бұл дегеніміз құлағыңа бір дауыстар естіліп немесе көз алдыңа бір бейнелер көрінгендей қалыпқа түсу. Үлкен мөлшердегі наша адамды мас етп, құлағын бітеп, нашалық ұйқыға душар етумен қатар жеңіл түрде улайды.

Опиаттар – бұл нашалар, адамды тыныштандыратын және барлық сезімді тежейтін әсер етеді. Бұл дәрілер морфинге ұқсас құрамдары бар синтетикалық немесе табиғи заттар тобына жатады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Барлық апиын тектес нашалық заттар мактан алынады. Опиаттар зат алмасу процесімен әрекеттескеннен кейін күшті психикалық және физикалық бағынышты болып қалу жағдайын тудырады. Соңында адамның денесін улап, нашақорлық ауруға душар етеді.

Қалақай заттары (каннабиноидтар): марихуана, гашиш. Қалақай заттарын қолданда адам оған тәуелді болып қалады. Қалақайды тартқан кезде адам қанағаттанбайды да тағы тартуға мәжбүр болады. Сондықтан тез арада қалақайды тартудан «кайф» болмаған соң, қосымша арақ ішеді немесе одан да күштірек нашаны қолданады. Қалақай заттарын қолдану бронхит, эмфизема, өкпе қатерлі ісігін тудырады. Иммунитет төмендеп, дұрыс жүре алмайтын болады. Уақыт өткен сайын мінез-құлқы өзгереді, есте сақтау қабілеті төмендейді, көңіл бөлуді жоғалтып, сонымен қатар зеректіктен айырылады.

Амфетаминдер – бұл нашалардың қоздыру әсері бар. Бұл заттарды эфедрин қоспасы бар дәрілерден алады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Бұл заттарды жасөспірім кезде қолдану өте қауіпті, себебі психиканы бұзу әсері тез және терең болады.

Экстаздар – бұл синтетикалық нашалар-стимуляторлар тобының жалпы атауы. Кейбір экстаздар галлюциналық құбылыс тудырады. Жанурларға жасалынған тәжірибеде, азғана мөлшерде қолданылған экстаздар, мидағы көңіл-күйді қадағалайтын серотонин жасайтын жасушаны өлтіріп жіберетінін анықтаған. Бұл заттарды түнгі клубтар мен дискотекаларда таратады. Сондықтан тез үйреніп кетеді. Экстаздарды қолдну физикалық және жүйкелік ауруларға шалдықтырады. Ұзақ уақыт қолданса ішкі дене мүшелері мен ағзаларды аздырады да келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады.

Галлюциногендер. Бұған: ЛСД – синтетикалық наша, түссіз ұнтақ, иісі жоқ немесе түссіз сұйықтық; псилоцин және псилоцибин - галлюциногендік қасиеті бар нашалық заттар жатады. Дұрыс жүруі бұзылады. Өзін-өзі қадағалауды жоғалтады. Бас мида қайта қалпына келтіруге болмайтын өзгерістер пайда болады. Писхикасы бұзылады да адамдық қалыптан мүлде айырылады. ЛСД-ны бір рет қолданудың өзі де келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады да бас мида қайтадан емдеп жазуға болмайтын өзгеру пайда болады.

Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі [102].

Темекі тарту. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.

Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.

Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ә никотин тамшысынан, ал ит Ң никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса-ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.

Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.

Никотиннің залалсыздандырылуының көп мөлшері бауырда, сонымен қатар бүйрек пен өкпеде болады. Никотин және оның өнімдері шылымды шеккеннен кейін несеппен 10-15 сағат бойына бөлінеді.

Темекі түтінінің қауіпті қоспасы ысты газ болып есептеледі. Ол, шылым шегушінің жүрек ишемиялық ауруының дамуының ең басты себебі. Ысты газ біртіндеп уақыт өткен сайын адам дене мүшесіндегі оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Ысты газ оттегіне қарағанда 250 есе жеңіл гемоглабинмен байланысқа түсіп, оттегіні гемоглобиннен ығыстырып тастайды. Бұл ауруды гипоксия деп атайды.

Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.

Осы, жуық араға дейін никотин темекінің нөмір бірінші улы заты деп саналып келген болса, қазіргі күні бірінші орында темекінің радиоизотоптары болатындығы анықталды. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар:

1. Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады.

2. Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.

3. Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады.

4. Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.

5. 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.

6. Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.

7. Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.

8. 70 жыл бойы адамның 2575 млн. рет жүрегі соғады. Ал, темекі шеккеннен кейін жүректің соғуы жиілейді де жұмыс істеуі жылдамдайды.

Егерде адам күніне 20 сигар тартса оның жүрегі 10 сағат бойына жүрегі жиілеген соғумен жұмыс істейді. Сондықтан, оның жүрегі 70 жылдық 2575 соғуды әрине одан қысқа уақытта соғып бітіреді. Сондықтан да темекі тартқан адамның өмірі қысқа болады.

Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.

Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен. Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс болатын көрінеді.

Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған.

Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында никотиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.

Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару үшін зорланады, адамның қан қысымы артады. Миға баратын қан азаяды. Ми өз деңгейіндегі жұмыс істемейді, қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адренамен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді. Тамырлар жиырылады, жүрек бұрынғы қызметін ауырсынады, қан қысымы жоғарылайды. қол, аяқ тамырлары тартылып, қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы қайтады.

Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді, бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай. Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін, қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі - көміртегі. Көміртегі - автокөліктердің тетігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да белгілі бір мөлшерде денеге кіреді [103].

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.

Адамдар бір Аллаға ғана құлшылық жасауға бұйырылған және Оның тыйым салған нәрселерінен сақтануға тиіс еді, бірақ, оған қарамастан, осы күнәлі істі жалғастырушыларды жоғарыдағы мәліметтің селт еткізбейтіні түсініксіз болып отыр.

Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады [104.41].

Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді [105.210].

Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Жүз пайыз нәтижеге қол жеткізетін тәсіл – «иман терапиясы» [106.296-299].

Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді. Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:

1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.

2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.

5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).

6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.

7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.

8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.

10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.

11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. т.б.

12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды [107.93-95].

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан, улана қоймайды.

Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.

Шылымқорлар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құлықсызданады. Тәбеті тартпайды. Ұйқысы қашады [108.152].

Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған құмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - ораза ұстайтын қасиетті рамадан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылмауына ешбір себеп жоқ. Кейбіреулер темекіні біртіндеп қою тәжірибесін ұсынады. Негізінен, мұның нәтижесін көргендер көп.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында біржола, ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпаудың да маңызы зор. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Бұл сізге бір рухани күш береді, сол сәтте темекіні ойлаудан тияды.

Темекіні тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, организміңізді көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісі айығып, тісіңіз тазаланады, рақат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әртүрлі тағам түрлерінің соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз. Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Кіріс жағынан да пайдаңыз бар. Темекіге жұмсаған ақша қалтаңызда қалады.

Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тездеп құтылуды ойлайтыны анық. Сондықтан, қазірден бастап қоғамымызбен бірлесе отырып, темекіге қарсы күрес жүргізіп, темекінің зияндылығын түсіндіру қажет, Ол үшін мынадай шараларды қолдануымыз керек:

1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу;

2. Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу;

3. Кәмелетке толмағандарға темекі сатуға тыйым салу;

4. Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі

шеккізбеулеріне әртүрлі шаралар қолдану;

5. Оқу орындарында балаларға салауатты өмір салты туралы сабағын енгізіп, темекінің зиянын айқын ашып айту.

Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде біздерге жүктелген үлкен міндет. Сол үшін барлық азаматтар дені сау ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек!

Темекі шегудің зияны әйелдер үшін көбірек сезіледі, себебі, текті жалғастыру сияқты әйел организмінің негізгі функциясын бұзады. Медициналық статистикаға жүгінсек, дәл осы темекі шегу жолдастың қыртыстануы, жыныстық қабықтардың мерзімінен бұрын үзілуі, ерте және кеш токсикоздар,түсіктер, мерзімінен бұрын туу, сияқты аурулардың себебі болады, сондай-ақ өлі туу тәуекелділігі 20-30 % -ға артады.

Бұдан басқа, темекі шегудің болашақ ана денсаулығына анық тигізер әсері бар, себебі анасының никотинімен уланған баланың салмағы, темекі шекпейтіндерге қарағанда, орташа есеппен алғанда 30-40%-ға аз болады. Ауыру көрсеткіштерін талдауларға қарасақ, темекі пайдаланбайтын отбасыларында балалар аз ауырады, олардың организмі әдеттегі ауруларға төзімдірек келеді.

Мынаны ерекше атап өтуге болады, әйелдердің жұмыртқа клеткалары ұзақ өмір сүреді, 10 жылдан 30 жылға дейін. Негізінен алғанда, канцерогендерді жинақтаушы болып табылады. Бұл жағдайда іштегі нәрестенің дамуына Ро210 барынша әсер етеді. Жай улы және аса белсенді зат болып, полоний дәл сол жұмыртқа клеткаларында жиналады, және сол мутагенді қасиеттерінің арқасында(жартылай ыдырау мерзімі 200 жыл) токсикалық зат ретінде зияннан басқа, мутация тудырады әсіресе бала біту мен оның дамуы кезінде.

Дәл сол Ро210 келешекте баланың дене ауытқушылығына және кем-тар болып қалуына басты себепкер болады, себебі темекі шегетін әйел өзінде үнемі әрекет үстіндегі реакторды алып жүргендей.

Еркектердің темекі шегуінде де жыныстық саланы қамтитын бірқатар ерекшеліктер бар. Түтікше ауруларын тудыра отырып, темекі шегу белсіздік дамуының ең басты себептерінің бірі болып табылады. Бұл аурумен ауыру тәуекелділігі екі есеге артады. Бұнымен іс бітпейді, себебі никотин қанға түскеннен кейін қозғалмалы сперматозоидтардың санын азайтады. Оның сандық көрсеткіші былай болады:

- күніне 10-30 сигарет кезінде - 40%-ға;

- күніне 40 сигареттен артық кезде - 46%-ға;

- темекі шегу уақыты 10 жыл кезде - 31%-ға;

- темекі шегу уақыты 10 жылдан артық кезде - 64%-ға;

Бұл сандарды талдай отырып, сау еркектің спермасында қозғалмалы сперматозоидтардың үлесі 60-70%. Ал 30-40%-ға төмендегенде бала біту мүмкіндігі жоқ десе де болады. Және, темекі шегу, әсіресе ұзақ шегу еркектің белсіздігіне әкеп соғады.

Алайда,еркектің жыныстық клеткалары, сперматозоидтары қалыпты жыныстық өмір кезінде орташа есеппен үш айда жаңарады. Осының арқасында, темекі шегуді тастағандар үшін қайтадан қалпына келу процесі бес жыл уақыт алады. Бұл уақыт ішінде қозғалмалы сперматозоид пайызы 50%-ға, ал олардың қозғалғыштығы 47%-ға дейін көбейеді. Яғни, табиғи жаңарудың арқасында,барлық жыныстық функцияларды қайта қалыпқа келтіруге болады.

Сонымен, темекі шегудің жыныстық салаға ықпалын қорытындыласақ, бұл жерден біз әйелдердің мускулдануын және еркектердің феминизмін айқын байқаймыз. Тек, еркектердің толық дерлік сауығып кету мүмкіншілігі бар да, әйелдер өздерінің денсаулығын түзеген күнде, іштегі баланы полониймен жарақаттау ықтималдылығын барлық уақытта сақтайды деуге
болады [109].

Алкоголизм. Ұлы физиолог, академик И.П.Павлов былай деген еді: «Алкоголды қуану немесе көңіл көтеру үшін ішкенімен, ол адамзатты қуантудан көрі, оған, керісінше үлкен қасірет әкеледі» [110.45].

Алкоголді үнемі ішіп жүрсе мастық пайда болады, біртіндеп, уақыт өте келе одан арғы ауыр сырқат – «алқаштықты» тудырады.

Әсіресе емшек емізетін және аяғы ауыр әйел адамдар үшін өте қауіпті, себебі ананың сүті немесе кіндік қаны арқылы құрсақтағы нәрестеге немесе балаға алкоголь түседі де баланың дене мүшелерінің дұрыс және қалыпты жағдайда өсіп жетілуіне мүмкіндік бермейді.

Акоголдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден ақ белгілі болған. Ерте ғасырыдағы Рим заңдарында 30 жасқа дейінгі жас адамдарға алкоголді ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі, бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу табиғи құбылысының қарқынды жүретін уақытты. Ресей жеріндегі ертеден келе жатқан құжаттарда да жаңадан отау тіккен жастарға да арақ ішуге рұқсат берілмеген. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туылған әлсіз балаларды «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» - деп кекесінді атаумен атау қалыптасқан.

Баланың дене мүшесі қалыптасып келе жатқан кезде алкоголдік у-ды қолдану біртіндеп фикикалық және психикалық бұзылуларға алып келеді. Егерде алкоголді аз мөлшерде болса да ылғи ішіп жүретін болса дене мүшесіндегі бұзылу құбылыстары тереңдей түседі де созылмалы, ауыр ауруларға душар етеді. Құрсақта бала өсіп жатқан кезде ішкен арақтың салдары: ең алдымен нәрестенің дұрыс өспеуіне, балалар өлімінің көбеюіне, туа біткен ақаулармен туылуына себеп болады.

Егер де, әйел адам емшек емізіп жүрген кезде арақ ішетін болса, баласының жүйкесі мен психикасы дұрыс дамымай, ас-қорыту, бауыр, бүйрек, жүрек-қантамыр аруларына шалдығып, ақыл-есінің жақсы қалыптасуын тежейді.

Арақты тоқтаусыз ішіп, созылмалы маскүнемдікке душар болған ата-аналардың туған балардың денсаулығына қандай зиянын тигізетіндігін көптеген дәрігерлер өз зерттеулері арқылы дәлелдеді. Француз дәрігері Доньсе 10 алқаш отбасының 57 балаларына зерттеу жүргізгенде: олардың 25 бала сәби кездерінде өліп қалған, 5 бала тырысқақ ауруымен ауырған, 5-інде ауыр ми ісіктері болған, 12 бала есі-дұрыс емес болып өссе, қалған 10 бала ғана салыстырмалы түрде ғана денсаулығы дұрыс дамығандығын анықтаған.

Бір швейцарлық педиатр мынандай қызық оқиғаны суреттеп жазған. Оны, 6 айлық баланы тексеріп-көріп беруге шақырады. Балада, аптаның белгілі күндерінде, емшек сүтін бергеннен кейін, тырысқақтар пайда болады екен. Тырысқақтар: дүйсенбі және бейсенбі күндері болып тұрған. Басқа күндері ондай тырысқақ болмаған. Баланы денсаулығы дұрыс деген бір әйел адам емшек сүтімен тамақтандырады екен. Бұл әйел адам аптаның екі күнінде демалыс алады екен де (сәрсенбі және жексенбі), сол күндері ол арақ ішкенді ұнататын көрінеді. Келесі күні өзін саумын деп сезінгенмен, денесіндегі кешегі ішкен алкоголь емшек сүтімен нәрестеге беріліп отырған. Баланы сол әйелдің емізуі тоқтатылуы мен-ақ оның тырысқағы да тоқтаған.

Көп жағдайларда балаларды арақ ішуге, жолдастары мен жасы үлкендер баулыйды. Атап айтқанда, балаға арақты көбінесе емдік шара ретінде береді. Бұның, әрине қате екендігін ескере бермейді.

Осы күнге дейін қате қалыптасқан түсініктен арыла алмай келеміз: арақ беру арқылы оның ұйқысын тыныштандырамыз, тәбетін ашамыз немесе салмағы қосылады- деген. Медицина ғылымы арақты «ем үшін қолдану» баланың денсаулығына өте зиянды әсер ететінін айтып та, жазып та жатыр, дегенмен де нәтиже, әзірше жоқ.

1915 жылы Пироговтық съезде орыс дәрігерлері былай деген: «...адамның денесінде арақтың зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ, барлық дене мүшеге арақ у-лы әсерін тигізеді» [111.94].

Арақ ішуге әдеттену ерте ме кешпе мейлі, әйтеуір алқаштық ауруға душар етпей қоймайды. «Өзеннің көзі бұлақтан, ал алқаштық ауру алғашқы стақаннан басталады» деген мәтел бекер айтылмаған.

Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.

Ішімдікке дағдылану – алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.

Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен [112].

Ішімдік ішуден алдыңғы орындарға іліккен елімізде әр адам басына шаққанда, орташа 31 литр сыра, 12 литр арақтан келеді екен. Арақ ішу жағынан проценттік көрсеткіш бойынша тіпті Ресейді де басып озыппыз. Әрі ең сорақысы сол, бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді. Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана, жергілікті наркодиспансерлерде ем қабылдаушы маскүнемдердің саны 10 есеге артқан. Тағы бір тың дерек, өкініштісі, ішімдік ішуден қаракөз жасөпірімдер де әке-шешелерінен қалысар емес [113].

Жезөкшелік. Жезөкшелік ежелден келе жатқан кәсіп болғанымен, ежелгі қазақ қоғамында жезөкшелік құбылысы болған емес, қазақтың ескі әдет-ғұрып заңдары жезөкшелікке жол бермеген.

Жезөкшелік құбылысы біздің еліміздің өміріне өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ене бастады, қазір бұл қауіпті құбылыс елімізде етек алды.

Жезөкшелік дегеніміз жеке тұлғаның сыйақы алып, басқа адаммен бейберекет жыныстық қатынаста болуын айтамыз. Жалпы жезөкшелікпен әйелдер айналысады, ал қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай жезөкшелікпен ер адамдардың да ақы алып айналысатыны көрініс алып отыр. Мысалы, ағылшын заңдылықтарында жезөкшелік деп әйелдердің өз денесін нақты төлем алу мақсатымен тәртіпсіз азғындыққа салуы немесе ұсынуы белгіленген; Болгарияда — адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу; АҚШ-та — сыйақы үшін жыныстық қатынасқа түсу, ал Чехословакияда өмір сүру үшін еңбектен жалтарып пайда табу ретінде қарастырылады. Осы айтылған барлық түсініктер әрекеттің адамгершілікке қарсы жақтарын, пайдақорлықпен байланысты жақтарын ашып отыр.

Жезөкшелік — өте қауіпті құбылыс. Ол ең алдымен қоғамдық адамгершілікті аяққа таптайды, қалыптасқан отбасының рухани құндылықтарын аяққа басады. Арсыздықты, дөрекілікті, ұятсыздықты, есепқорлықты дәріптеп, адалдық, сүйіспеншілік, махаббат, сенім, отбасына деген құрметті сезімдерді жоққа шығарады.

Жезөкше төсек ақысы үшін не бір сұмдық, қауіпті іс-әрекеттерге дайын тұрады.

Жезөкшелер дін мен ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптап, халықтың ұлттық намысын, туыстарының арнамысын қорлап, беделін түсіреді.

Венерологиялық, одан да басқа жұқпалы аурулардың таратушысы да жезөкшелер екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ол маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен тығыз байланысты, яғни жезөкшелікпен айналысушылардың басым көпшілігі осы аталған кәсіппен қоса айналысады.

Жезөкшеліктің тағы бір қоғамға қауіптілігі сол - олардың басым көпшілігі жасанды түсік тастайды, заңсыз аборт жасайды, әкесіз, некесіз туған жас нәрестелерін қараусыз тастап кетеді, ал қыз балаларын өз кәсібіне баулитын жезөкшелер де пайда бола бастады.

Жезөкшелікпен айналысатындар қоғамға пайдалы еңбектен жалтарып, жеңіл табыс табу үшін арамтамақтық кәсіпке үйренеді, олар адамгершілік қасиеттерді жоғалтып, құлдырауға ұшырап, моральдық ауытқушылыққа тап болады.

Көріп тұрып, үндемеуге дәтіңіз шыдамайды. Себебі, олар қазір түнді былай қойып, күндіздің өзінде көше бойында, аялдамаларда тұратынды шығарды. Ер жеткен ұлдарымызға да құрық салып, оларды да азғырып, тұзаққа түсіруден тайынбайтын болды. Ал, көзі қарауытқан еркексымақтар ұры иттей сумаңдап, көше бойында немесе аялдамада қол көтеріп, такси тосып тұрған бойжеткен қыздарымызға «жұмыс істейсің бе?» деп сұрақты төтесінен қояды. Көзіміздің ағы мен қарасындай болған ұл-қызымыздың намысына тиетін осындай оқиғалар күн өткен сайын жиілеп барады [114].

Жезөкше... Құлаққа жағымсыз, адам жаны жиренетін бұл сөзге бүгінде қазақтың еті үйреніп кетті. Көше бикештері түнде ғана емес, күндіз де жүздерін жасырмастан, тәндерін саудаға салуда. Бұл мамандық ұлт, дін таңдамайды. Ақшасын төлегеннің нәпсісінің күңіне айналады. Тән мен жанда қадыр қалмағанын құрғақ сөзбен бүркемелеуге тырысады. Кезінде дін мен ділге, салт-дәстүрге айналған қазақ қыздарының кейбірі бүгінде ар-намысты ысырып қойып, ойнақ салып жүргендердің қуыршағына айналған. Олар «жеңгетай» атты көше қадағалаушысының саусағына байланған жіпке матаулы...

Адамның адамшылығын кетіріп, өміріне қауіп төндіретін ұлттық санаға кереғар құбылыстардың - тұтас ұлттарды да жойып жібере алатыны ұлттық сананы қалыптастырудың қаншалықты маңызды екендігін дәлелі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет