СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Ұлттық сананы қалыптастырудағы халықтық педагогиканың маңызы



бет2/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,86 Mb.
#32267
1   2   3   4   5   6
1.2 Ұлттық сананы қалыптастырудағы халықтық педагогиканың маңызы
Халықтық педагогика – белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Халықтық педагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрініс.

Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық (түп-тұқияндық) ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына «этнос» түбірі қолданылады. Қазақ халық педагогикасының негізгі ұғымы - әдеп [77].

Қазақ халық педагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.

Н.Дәулетов халықтық тәрбиені белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесі деп түсінеді [78.142 ]. Академик Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасына қарағанда халық педагогикасы әлдеқайда біртекті. Халық педагогикасымен халық тәрбиесінің арасында, тәрбиелеу өрісіндегі идея мен шындықтың арасында педагогикалық ой мен педагогикалық практиканың арасында тікелей бір мағыналы сәйкестік жоқ [79.41].

Осыдан келіп шығатын қортынды «Халық тәрбиесі – бұл педагогикалық практика, тәрбиелеу өрісіндегі өмір, шындық, ал халық педагогикасы – бұл халық білімінде жүзеге асқан идея, педагогикалық ой» [80.97] .

Ал, «халық педагогикасымен» қатар «этнопедагогика» дейтін де ұғым бар. Осы екеуінің арақатынасы қандай бұлар синоним ұғымдар ма, әлде қайсысы білім қайсысы ғылым, әлде басқаша ма деген сауалдар туындайды.

Еліміздің белгілі педагог – ғалымы Қ.Жарықбаев академик
Г.Н. Волковтың осы екі ұғымының ара жігін анықтап көрсеткен ойларын қостайды [81.102].

Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностың отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі ғылыми жүйеге нақты түспеген, атаулары мен принциптері анықталмаған ілім білімдерінің қарапайым саласы [82.29].

Қ.Жарықбаевтың пікірінше «халық педагогикасы» - бұл тәлім-тәрбиелік ғылымының алғашқы баспалдағы, ол тәрбие туралы ілім-білімдердің, ой-пікірлердің жиынтығы [83.62].

Ол жеке өз алдына ғылым бола алмайды, өйткені оның өрісі тар, әрі теориялық астары жоқтың қасы, ол қарапайым тәжірибенің деңгейінде тұрған феномен. Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың жеке бір саласы, мұның өзіндік ғылыми атаулары, белгілі принциптері бар.

Қ.Жарықбаев «халық педагогикасы» ұғымының синонимдеріне «халықтық тәрбие», «халық тәлімі», «қазақ тағылымы», «ұлттық тәлім-тәрбие» т.б. осы тәріздес ұғымдарды салыстырып пайдалануға қарсы. Оның пікірінше «халық педагогикасын» жоғарыда келтірген ұғымдардың баламасы деу қате. Бұларда өзіндік мағынасы бар. «Тәрбие» ұғымының қолданылу аясы «тәлім», «тағылым» ұғымдарынан әлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тәрбие кең мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мән—мағынасы бар түрлі сипаттағы ұғымдар [84.29].

Қ.Жарықбаев «халық педагогикасы» деп оңды-солды айта да, жаза да бермей «этнопедагогика» ұғымына қарай бой ұрғанды абзал деп есептейді [85.36].

Енді педагогикалық әдебиетте «халық педагогикасы» «этнопедагогика» ұғымына қандай анықтама берілгенін қарастырайық.

Халық педагогикасына академик А.Э. Измайлов мынадай анықтама береді: «Халық педагогикасы – ұрпақтан ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатырған халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесі жемісінің жинақталып және іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматының, дағдылардың жиынтығы» [86.73].

Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзіндік көрінісін беріп отыр.

Ал, халық педагогикасын зерттеуде орасан зор үлес қосқан ғалым-педагог Г.Н. Волков халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама береді: «Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында, ырымдарында, балалардың ойындары мен ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұ әдетте, ауызша таралады. Халық педагогиаксы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсатының, міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-құралдарының, тәсілдерінің жиынтығы мен өзара байланысы» [87.208].

«Халық педагогикасы» ұғымымен бірге «этнопедагогика» ұғымы да бар. Бұл ұғымды педагогикалық әдебиетке ең бірінші болып академик Г.Н. Волков енгізді. «Этнопедагогика – халықтың жасөспірім тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Сөйтіп, егер педагогикасы тәжірибеге және оны баяндауға қатысты болса, ал этнопедагогика теориялық ойлаудың, ғылымның өрісіне қатынасты болады» [88.211].

Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын зерттеген Қ.Жарықбаев «этнопедагогиканы» ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде таныса, С.Қалиев «халық педагогикасы» деп сол халықтардың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелердің жиынтығын айтады.

К.Қожахметова «этникалық» деген ұғымды тәрбиелеу және оқыту саласында дәстүр, тіл этникалық сана-сезім ерекшелігінде материалданған, этноерекшеліктерге, белгілерге зейін қою деп есептейді [89.15].

Қазақ «этникалық педагогикасы» дегенде қазақ этносының нақты этноерекшелік жағдайының өмір сүруіне тарихи қалыптасқан, қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігін зерттейтін саланы түсінеді. Келесі тарауда қазақ этнопедагогикасының мәселесі қарастырылады.

- Педагогикалық әдебиетте халық педагогикасының ерекшеліктері айқындалған;

- Халық педагогикасы ғылыми педагогикадан бұрын ежелгі дәстүрде қалыптасып халықпен бірге жанасып келеді;

- Ертеде қалыптасқан сөз шеберлігі бәрінен бұрын халықтың көркемөнер шығармаларында - ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде іске асқан;

- Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ерекшеліктері мен заңдылықтарының қалыптасуына ықпал жасаған.

- Халық педагогикасы бүгінгі күні ғылыми зерттеудің тек қана объектісі емес, сонымен қатар ол педагогикалық теорияны, әсіресе, отбасындағы тәрбиенің дамуына әсері зор.

- Халық педагогикасының негізін халықтық аңғырт – реалистік, стихиялық-материалистік философияның көзқарастары қалайды. Халық көзқарасында атейзм элементтерінің бар екені соның дәлелі.

- Ортаның тәрбиеге ықпалы туралы халықтың өз көзқарасы болған, ол тұқымқуалаушылыққа сенбеген.

- Халық балалардың психологиялық ерекшеліктерін өте жақсы зерттеп білген.

- Халық педагогикасында нақты заңдар мен жүйеленген білім, ғылыми ұғымдар жоқ. Халық даналығының терминологиясында жергілікті диалектілер, ырым-жоралар таңба болып қалған.

- Халық педагогикасының шығармашылық негізі – оның ұжымдылығы: фольклор, халықтық тәрбие туралы нақыл сөздері жеке адамның емес бүкіл халықтың ұжымдық шығармашылығы;

- Өнермен, тәжірибемен тығыз байланысты;

- Қоғам педагогикалық мәдениетінің ең асылын өзіне сіңірген:үлкенді сыйлау, қонақжайлық, кішіпейілділік, т.б.

- Рухани мәдениеттің басқа салаларындағыдай халық педагогикасы өзі де әсерленуге және өзі ықпал жасауға бейім.

- Халықтың көптеген шығармаларында ұлттық шекарадан аттап интернационалдық сипат алып кетті [90.13].

Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады.

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас ұрпақты ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсідерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптастыруда халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

Әрине, жастар бойында ұлттық сана қалыптастыруда тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.

Ұлттық сана қалыптастыруда маңызды роль атқаратын халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін, ұлттық құндылықтарын дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келді.

Ұлттық сананы қалыптастырудың үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өміоде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп – ұлттық сананы қалыптастырудың өзекті арқауы десе де болғандай [91.245].

Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар төл мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде «әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп қамту керек» деген талапты жүзеге асру әбден қажет.

Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын алал бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін этнография, этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология, шығыстану, этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Сол себепті халық педагогикасының бұлақ бастауы – көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты басты назарға алынады. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың түрлері мен категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында тәрбиелік ой – сана көне наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны ғылым тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы) белгісі деп атаймыз. Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің синкреттік белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар: идеологиялық және жанрлық синкретизм. (92.14)

Мұның алғашқысы тәрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай, рулық – тайпалық деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне ұғымдардан бөлініп, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым, кәде, жол-жоралғы т.б. жанрлық салаларға жіктеле бастағанын байқатады.

Халық педагогикасы арқылы ұлттық сана қалыптастыруда маңызды орын алатын, әрине, имандылық тәрбиесі.

Имандылық тәрбиесі – бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-құлыққа айналып, адам баасының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Имандылық тәрбиесі жеке адам бойындағы қасиеттердің жиынтығы деп атап кеттік. Әрине, жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік, оны жан-тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.

Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр – қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің «нұсқауынсыз» еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы, қыз ұзату, үйлену тойлары толысып жаңарды да, ал «әмеңгерлік», «атастыру» салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.

Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаған сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор [93.174].

Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын алал бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін этнография, этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология, шығыстану, этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Сол себепті халық педагогикасының бұлақ бастауы – көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты басты назарға алынады. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың түрлері мен категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында тәрбиелік ой – сана көне наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны ғылым тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы) белгісі деп атаймыз. Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің синкреттік белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар: идеологиялық және жанрлық синкретизм.

Мұның алғашқысы тәрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай, рулық – тайпалық деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне ұғымдардан бөлініп, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым, кәде, жол-жоралғы т.б. жанрлық салаларға жіктеле бастағанын байқатады.

Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. (Кесте-3).

Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар [94.22].

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық санасын қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, жастардың санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.



Кесте – 3. Этнопедагогиканың ұлттық сана қалыптастырудағы ортақ құралдары


Салт Дәстүр Ғұрып




Тәрбие

Асар


Айып

Бастаңғы


Жарапазан

Көрісу


Қазан шегелеу

Қонақасы


Құйрық-бауыр

Төс


Қызойнақ

Ұйқы ашар

Сәлем беру

Сүйінші


Сүндеттеу

Селт еткізер

Той

Тоқым қағар




Білім

Айт


Айырылысар

Әмеңгерлік

Байлау

Енші беру



Ерулік беру

Жарапазан

Жиенқұрлық

Көрімдік


Қалау

Наурыз


Сал-серілік

Садақа беру

Сауын алу

Тәбәрік


Той


Тәрбие

Алтыбақан

Араша түсу

Бәйге


Бесікке салу

Белдесу


Сірне

Жолдасу


Қара шаңырақ

Қонақ кәде

Құн

Құрсақ шашу



Қыз қуу

Қынаменде

Саумалдық алу

Сырғалы


Сонар

Тұсау кесер



Білім

Асату


Айттық

Аманат


Базарлық

Байғазы


Беташар

Жұмалық


Жылу

Итаяқ


Көңіл сұрау

Қалау


Қалың мал

Құда түсу

Наурыз көже

Той бастар




Тәрбие

Айдар


Ауыз басар

Барымта


Бесікке салу

Босаға майлау

Дауыс қылу

Әдет


Ит көйлек

Кекіл қою

Көз қысу

Куйеу аяқ

Қалжа

Қарғыс


Қыз танысу

Тұлым қою

Ырым

Некеқияр








Білім

Ант


Ат қою

Ауыз тию

Бауырына салу

Жар-жар


Жеті ата

Зекет беру

Түс жору

Қорықтық құю

Құран ұстау

Арқан тарту

Сауға

Тасаттық


Көңіл айту

Аманат



Тәрбие


Екеуі егіз

Білім

Қазақ – салт-дәстүрлерге өте бай халық. Олардың жас ұрпақты жан-жақты азамат, шынайы ұлттық тұлға етіп өсіруде тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық әсері зор. Ғалымдарымыз ұлттық-салт-дәстүрлердің адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қоюда.

Ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар – ұлттық тұлғаның ұлттық өзіндік санасының дамуындағы рөлін, оның тәжірибелік сипатын көрсететін, адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтитын, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін білімнің жүйесі [95.258].

Қазақ халқының қоғамдық қарым-қатынастары белгілі әдет-ғұрыптар бойынша реттеліп отырған. Ата-бабаларымыз өздерінің достығын қыз алысып, қыз берісіп, құда болу арқылы нығайтатын болған. Оны «Қыз бала – дәнекер» деген әдемі әрі сыпайы ұғыммен түсіндірген. Құда түсу дәстүрінің өзі адамдар арасында құда болудағы қабылдау ерекшеліктерін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға, оның талаптарын дұрыс сақтауға негізделеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармалырының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым – Шоқан Уәлиханов.

Қазақтың жас ұрпақтары өзінің тілін, туған елін, кіндік қаны тамған жерін, тарихын, салт-дәстүрін, дінін ата-бабаларымыздың сара жолы арқылы танып-біліп, адам болады.

Біз – үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз де талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз... Бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз бен әжелеріміз де мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен бізді баулып жатыр, баули береді де.

Тірлік етуші жан тәжірибе жияды, оны топтап жинақтайды, саралап түйіндейді, оны қорытындылайды. Осы қазынасын орайы келсе, өзшелерге таратады, игілігіне асырады.

Қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлердің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазаққа өте ыстық, әрі қасиетті болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқы аңыз-әңгімелерінде, өлең-жырларында өзінің өмір сүретін табиғат ортасының сұлулығы мен әсемдігін творчествалық шығармашылыққа арқау еткен.

Бұрын қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның мәдениетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған. Әдебиет, былайша айтқанда көркем сөз өнері қазақ халқының өмірінде жоғары бағаланып, рухани мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі сөз болды.

Қазақта ертеректе жазу-сызу онша дамымай, адамдардың көбі сауатсыз болған кезде көпшілік арасында ауыз әдебиеті кең тараған болатын. Ауыз әдебиетінің ішінде, әсіресе фольклор, поэзия айрықша орын алды, және аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер де жоғары дамыды.

Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде өте жақсы дамыған ұлттық өнер болатын. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты. Себебі өнер халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды.

Әрине, өнердің түрі өте көп, соның ішінде күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде – ағаштан, теріден істелінген ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т.б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты – сөз өнері, сәулет өнері, күй өнері, сән өнері, бейнелеу өнері сияқты өнердің басқа да түрлері өте көп [96.264].

Ертеде қазақтар өзінің ұлттық табиғи өмір салтымен өмір сүргенде осы айтылған өнер туындылары күнделікті тұрмыста қолданыста болып, дамып жетіліп отырған болатын. Бірақ та соңынан қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы Ресейдің бодандығында болып, өмір салтына өзгерістер енгеннен кейін қазақтың төл ұлттық қол өнері басқа рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, қазір көбі ұмыт бола бастады,.

Ұлттың рухани мәдениетін дамытуда музыка өнерінің алатын орны ерекше. Себебі музыка халық өмірінің әр кезеңінің тыныс-тіршілігінен хабар береді. Халық ән-күйдің әуен-сазы арқылы өзінің күнделікті өмір салтын, тарихи уақиғаларды келесі ұрпаққа осы өнер арқылы жеткізіп отырған.

Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді.

Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстаным жатыр[97].

Қазақ халық педагогикасында ұлттық сананың маңызды бір бөлігін ұлттық қадір құрайды. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым. Яғни, адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне әсер етеді. Бұл — дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.

Ұлттың мақтаныш сезімі де халықтық педагогикада жиі ұшырасатын ұғымдардың бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады. Бұлар — шет жұрттықтармен кездесіп-танысқанда тілге тиек болатын нәрселер. Өзгелер сияқты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтанып айтатындары аз емес.

Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас құрауышы есебінде қарастырылады.

Қазақ халқында ұлттық сананы қалыптастыратын факторларға мыналарды жатқызады:


  • халықтың басынан өткерген тарихы;

  • ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;

  • төлтума мәдениеті;

  • ақпарат алмасу тілі;

  • салттары мен дәстүрлері;

  • түрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары;

  • діні;

  • әлеуметтік-демографиялық жағдайы [98].

Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес бұл ұғымдар да халықтың санасына әбден орныққан болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.

Қазақи сана өз ғұмырнамасында әлемдік тәжірибе жинақтаған, мойындаған озық тәжірибелер кеңістігіне, сондақ-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар арнасына жеке үлесін қосып отырды. Ол көріністердің халық тұрмысында нақты қажеттілікке жаралуы тәлім-тәрбие құралының негізгі қағидаларына байланысты болмақ. Қазақ дүниесіндегі адамзат перзенті үшін үлгі боларлық құндылықтардың бірі – халықтың қонақжайлылық қасиеті деуімізге болады. Қонақжайлылық – ұлттық тәрбиенің айнасы іспеттес. Қазақтың қонақты күту мәдениеті тым ежелден қалыптасқан. Қазақтар үйге келген бөтен адамды «құдайы қонақ» деп қабылдаған, ол дәстүрді жақсы ырымға жорыған. Сол себеппен өмір мәйегіндегі басқа дүниелер тәрбиенің көмегі арқылы жүргізіліп өзінің қағидасын қалыптастырады.

Кісілік ұғымы – ұлттық тәрбиенің негізгі қағидасына жатады. Кісілік қасиеттің жарқын көрінісі – адам мен адамды достастыру, адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре-сезе білу және дәріптеу болмақ. Жарық дүниемен қоштасқан адамды қазақтар ешқашан жамандамай «жақсы кісі еді» деп, әділ айтқан. Онда айтпағымыз: қандай адам болса да, оның бойында бір жақсы қасиет бар, яғни ол кісіліктің белгісі екені рас болып шығады. Қазақтардың бойындағы көп қасиеттердің бірі – бауырмашылдық. Бір қария 13жастағы бала биге бата бергенде «.. балам – арқаң нардай жауыр болсын, кеудең толған бауыр болсын», - деп айтқанда, Бала би: «.. Ата – арқаң жауыр болсын дегеніңіз – елдің жүгі ауыр, оны нағыз ер көтереді», ал «кеудең толы бауыр болсын дегеніңіз – жүз бен руға бөлінген азғантай қазақты бөле бермей, барлығын бауыр ретінде кеудеңе бас», - дегеніңіз шығар деп, жауап берген екен [99.185].

Халық тұрмысындағы аға, іні, қарындас арасындағы туыстық қарым-қатынас ағайын-туыс тарапынан әрдайым ескеріліп, реттеліп отырған. Бұл тәлімдік дүние отбасы һәм әулет дәстүрі ретінде ақсақалдар алқасының қатысуымен қоғамдық өмірде педагогикалық рөл атқарып отырған. Олардың негізгі көріністерінің бірі: жаңадан тұрмыс құрған екі жасқа енші бөліп беру, асар жасап үй (там)салу, әке-шешенің парызын өтеу, іні-қарындасқа көмектесу, ағайынның басына іс түскенде көмек көрсету т.б. дәстүр-талаптар жатады.

Өскелең ұрпағын еңбекшіл болуға баулуды мақсат еткен халық тағылымы – шынайы этнотәлімдік қағида. Еңбек әрекетінің адамзат өркениетінің эволюциялық даму заңдылықтарының бірден-бір қозғаушы күші болғаны белгілі. Қазақ қауымының мал шаруашылығының дамуы мен қалыптасуына әлемдік деңгейде ерекше үлес қосуымен бірге, мал атаулысын «төрт түлік - қазына» деп санап, оны ән мен жырға, батырлық эпостаға қоса білуі – шын мәнісінде табиғат пен адам арасындағы тылсым гармониялық байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.

Ұлттық сананы қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ұлттық тәлім-тәрбие десек, оның негізгі қағидалары:

- ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу, айтқан сөзді тыңдау, адамгершіл, шыншыл және байсалды болу;

- өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу;

- ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері;

- қонақжайлылық, сыпайылық, мейірбандылық, әдет-ғұрыптарды қастерлеу, үлкен адамдарды сыйлау, бата-тілектерді дәріптеу;

- парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу, қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу;

- тыйым сөздер мен ырымдарды сақтау және қастерлеу;

- тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі;

- денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- үлкенді өнеге тұту, кішіге ізет көрсету, ұлттық қазыналарды қастерлеу, өсиеттер мен аманаттарға назар аудару [100.12].

Халықтық құндылықтардың адам жандүниесінің ішкі рухани қазынасы екенін сезген қазақи сана, өскелең ұрпағының бойына аталмыш ұлы сезімдерді сіңіруді басты мақсат еткені – ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларына жатады. Ал бұл өз кезегінде ұлттық сананы қалыптастырады.

Қазақ халқы өмір сүріп отырған орта мал-егін шаруашылығын негізгі кәсіптің көзіне айналдыруымен бірге ұлттық өнер түрлерін (ән-күй, шешендік өнер, айтыс, қолөнер бұйымдарын жасау, кілем тоқу, өрнек тоқу, би өнері, эпостарды насихаттау, жыр жазу, ән шығару т.б.) жас ұрпақтың үйренуіне, таратуына, этнофилософиялық мән-мағынасын түсінуге және қастерлеуге баулып отырған.

Халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәлімдік-танымдық әрекеті ұлттық тәрбие түрлерін қалыптастырады. Тәрбие түрлері мен ата таным ерекшеліктерінің әлемдік классикалық педагогикағылымдары атап көрсеткен тәрбие теориясы мен білім тарихына байланысты педагогикалық технология тәжірибелер қағидаларымен ұштасқаны – халық педагогикасының қоғамдық құбылыс екенін байқатады. Мысалы, 1970 жылдары классикалық педагогика жүйесінде жиі айтыла бастаған «экологиялық білім мен тәрбие» проблемалары, оған дейін халық тұрмысында табиғатты қорғау мен тануға бағытталған тыйым сөздер, мақал- мәтелдер мен тағылымдық ой-пікірлерде айтылғаны белгілі. Қазақ дүниетанымындағы «көкті жұлма», «айға қарап қолыңды шошайтпа» немесе «бұлақ көрсең көзін аш» деген этноэкологиялық тағылымдар қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарын терең тануға деген халықтың эмпирикалық білімі мен тәлім-тәрбие беру ісінде қоршаған орта һәм табиғат дүниесін қорғау мен танып-білудің тамаша үлгісін (дәстүрін) жасай білген [101.41].

Ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидалық ғибраттарын ұлттық дүниетаным, ұлттық сана тұрғысынан тарату аталған ой-тұжырымдармен шектелмеуі тиіс. Осы айтылғандармен қатар қазақ халқына тән батырлық, намысшылдық, ұлтжандылық, имандылық, ілкімділік, дәнекерлілік, көпшілділік, қанағатшылық, тәубашылдылық, төзімшілділік сияқты асыл қасиеттердің ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызын одан ары зерделей түскеніміз абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет