аурудан қүлан-таза айығады. Содан бастап өмірінің соңына
дейін шіркеулер мен қайырымдық қорларына жэрдемдесіп
тұрған. Сөйткен Рокфеллер ұзак өмір сүріп, 92 жасын-
да қайтыс болды. Жалғыз өзі қайырымдылыққа жүздеген
миллион доллар жұмсап, әлемдегі ең жомарт филантроп
ретінде тарихта қалды. Соның өзінде ақшасы таусылған
жоқ.
Тағы
сол Брайан Трейси айтады, “Әлемнің ең мықты
бизнесмендері ең жиі айтатын сөз: “Мен сізге қалай көмек-
тесе алам?”. Кейде расында да сенің қалай көмектесе ала-
тыныңды айтар. Ал көп жағдайда адамдар көмегіңнен бас
тартады. Бірақ саналы жэне бейсаналы түрде сенің көмек
қолын үсынғаныңды ұмытпайды”.
Қысқасы,
өзгеге көмектесуің
таза эгоистік перспекти-
вадан да ақталады. Біріншіден, сен өзіңді жақсы сезініп,
моральдық қанағат аласың. Екіншіден, бұл сен мүқтаж кез-
де басқалардың көмегіне сенуіңе негіз болады. Қазақ үшін
көрінген бұрышта “мен сізге қалай көмектесе алам?” деп
жүгіріп жүрудің өзі жасандылық сияқты көрінуі мүмкін.
Белгілі банктің сол үраны тіпті күлкіге айналып кеткенін
білесіздер. Біз эмоциясын ашық айтпайтын халықпыз.
Бірақ көмегің керек болған сәтті өзің де білесің, сезесің.
Сонда тартынып қалма.
Сен жомарт болған сайын, дүние
де мэрт болады. Мэрттік мәрттікпен қайтады.
Алайда бұл, қолыңдағының бэрін шашып тастауың ке
рек дегенді білдірмейді. Грузиннің Пиросмани деген су-
ретшісі еске түседі. Өте талантты адам болған, бір кезде
қолына кішігірім дәулет бітіп, дүкен де ұстайды.
Бірақ
жүрегі жұмсақ бейшара, адамдарға көмектесемін деп та-
уарының бэрін қарызға таратып, ақыры тақыр жерде қа-
лады.
Халықтың жағдайы қиын еді, ол ешкімге де барып,
244
ЕКІНШІ БОЛМА
“қарызды қайтар” деп айта алмады. Ал күндердің күнінде:
“Не керек, бәрін алыңдар” деп дүкенінің есігін ашты да,
өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ пен
бір бөлке нан үшін көрінген жерде сурет салып, қор бо-
лып өтті. Жертөледегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір сүрді.
Жақсы адам болғаны оны құтқара алған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: