Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет58/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Мектеп басшысының көшбасшылық сапаларына сипаттама беріңіз.

  2. Мектеп басшысының көшбасшылығын дамытудың маңызы неде?

  3. Мектеп жағдайында көшбасшылықты дамыту жобалары қалай ұйымдастырылады?

  1. Педагогтарды ұжымның басты ресурстары ретінде дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштеріне талдау жасаңыз.

  2. Педагогтарды мектеп жағдайында кəсіби дамытудың əдістемелік мəні қандай?



Тақырып 3.1.2. Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары


UМақсаты: көшбасшылық, менеджменттегі көшбасшылық, білім беру саласы басшысының көшбасшылығын анықтау.
UНегізгі ұғымдар:U көшбасшы, көшбасшылық, мектеп басшысының
көшбасшылығы, менеджер моделі
ЖU оспары:

  1. Көшбасшылық жəне оның менеджмент жүйесінде алатын орны.

  2. Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары.

  3. Білім беру саласы менеджері қызметінің жүйелік-функционалды моделі.

Көшбасшылық жəне оның менеджмент жүйесінде алатын орны. Қазіргі қоғамның əлеуметтік-экономикалық, саяси, мəдени жаңғыруы ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттіктен жекелік, идеялық, жеке тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеуге ауысуда. Сондай-ақ қоғамда орын алып отырған түрлі əлеуметтік құбылыстар, келелі мəселелер осы мəселелерді шешуге қабілетті, қоғамдағы өзгерістерге қарамастан шығармашылықпен шешім қабылдайтын, идеялы көшбасшыларды талап етуде. Демокартиялық принциптер негізінде дамушы қоғамда көшбасшылық қоғамдық дамудың, əлеуметтік прогрестің тиімді құралына айналып отыр. Көшбасшылық қажеттілігі қоғамның барлық саласында орын алуда, соның бірі білім беру саласындағы көшбасшылық. Жалпы білім беру мазмұнындағы жаңарулар мұғалімдер мен білім алушылардан көшбасшылық сапаларды қажет етуде. Қазіргі жағдайда білім беру жүйесін басқарудың көшбасшылары жеке дамудың жоғары деңгейі мен ұйымдастыру қабілетіне ие болып қана емес, жаңа идеяларды ойлап табу, жаңа технологияларды жасап шығару, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша келу, ішкі мүмкіндіктерді ашу, адамдарға өзін дамытуларына ықпал ету, бағыттау қабілетіне де ие болуы тиіс. Сонымен көшбасшы деген кім?.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет